Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Ақан Сері Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығы" (І а тобы)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Математика

"Ақан Сері Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығы" (І а тобы)

библиотека
материалов


Сабақ жоспары


Күні 10.12.2014ж Пәні: Қазақ әдебиеті тобы 1 «А». Сабақ № 41


Сабақтың тақырыбы: Ақан Сері Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақан Қорамсаұлының өмір жолы мен шығармаларына толық тоқталып,өлеңдері мен әндерінің мазмұнын ,идеясын, шығу тарихы мен тақырыбының ерекшелігін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын дамыту, тіл мәдениетін қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін, танымдық дағдыларын дамыту және ойлау қабілетін, ой белсен-ділігін,әсемділік,сезімталдыққа баулу.

Тәрбиелік: Атақты адамдар өмірінен үлгі алып,елінің саналы азаматы болуына тәрбиелеу.Ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, өнерге баулу. Қоғамдық идеялық көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ -жауап, топтық жұмыс, т.б

Пәнаралық, пәнішілік байланыс: Музыка

Сабақтың көрнекілгі: слайд, интерактивті тақта, оқулық, таратпа материалдар, т.б.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі-2 мин

II Үй тапсырмасын тексеру, қайталау-8 мин

III Жаңа сабақты түсіндіру-18 мин

IV Жаңа сабақты бекіту -12 мин

V Бағалау -3 мин

VI Үйге тапсырма беру-2 мин

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу

ә) Оқушыларды топқа бөлу

ә) Сабақ мақсаты туралы хабарлау.


II Үй тапсырмасын тексеру,қайталау

Өткен сабақта Біржан - айтыскер ақын деген тақырып болды. Ендеше мынандай сұрақтар қоямын.

1. Біржан сал Қожағұлұлының өмірі туралы не білесің? (Көкшетауда атасы Қожағұл ауылында Жөкей көлінің маңында 1834 жылы дүниеге келген)

2. Біржанға атасы Қожағұлдың тәрбиесі қалай әсер етті? Біржанның осыншама әсершіл, сезімтал, зерек болып өсуіне, біріншіден, көзі қарақты, көкірегі ояу, сөйлер сөзге шешен Қожағұл атасы ықпалы болған)

3. «Ләйлім шырақ» әнінің тарихы? (Ағаларының сөзді еститін жерге келуін күткен әнші Ләйлімге қарап, табанда ән шығарған)

4. «Ақтентек» әні кімге арналған? (байдың қызы Ажар атты қызды ұнатып ән шығарған)

5. «Жанбота» әнінің тақырыбы қандай? (Жанбота әні басында ми жоқ, өзінде ой жоқ, күлкішіл, кердең надан Азынабайдың поштабайдың қылығына арналған)

6. Жастарға қандай өсиет айтты? (өмір мағынасын жастық шағында түсіне біл, жақсының жанында жүр, содан үйрен, үлгісін өнеге тұт деген)

7. Біржан мен Сара айтысының көтерген тақырыбы не? (әлеуметтік теңсіздікті, әйел теңсіздігін көтерген саяси мәні бар туынды)

8. «Біржан-Сара» операсын жазған кім? (композитор М.Төлебаев)


III Жаңа сабақ түсіндіру.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы.

Сырымбет- биік адыр, қатар кезең,


Жарасып таудан құлап аққан өзен.


Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,


Көк орай, қайың мен тал- бәрі де әсем.


Мөп- мөлдір сынапқа ұқсап бұлақ аққан,


Маңында үш түрлі көл шалқып жатқан.


Топырағы бейне мақпал, егінге жай,


Шырайлы әдемі көл күлім қаққан


Бұл сұлу,көркем Көкшетаудың табиғаты. Бұл сұлу табиғат аясында біздің бүгінгі кейіпкеріміз Ақан сері Қорамсаұлы 1843 дүниеге келген. (Слайд Ақан) Дүниеге келіп қана қоймай,сол сұлулыққа өмір бойы ғашық болып өтті. XIX ғасырдың II ші жартысында қазақ халқының ұлттық мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан,сан қырлы өнер иесі-Ақан (Ақжігіт)сері Қорамсаұлы шын аты Ақжігіт. Ақынның өмірі,балалық,жастық шағы Көкшетауда өтеді.

Бала сүйкімді, алғыр болып өседі. Ауыл- аймағы, ата- анасы еркелетіп, Ақан деп атап кетеді.

Ақанның әкесі Қорамса дәулетті,елге сыйлы адам болған.Көп қыз баланың ортасында жалғыз ер бала Ақанды еркелетіп өсіреді.Жалғыз ұлының болашағынан зор үміт күткен әкесі Ақанды қаршадай кезінен-ақ ауыл молдасынан дәріс алуға береді.Сөйтіп,аз уақытта сауатын ашып,хат таныған зерделі бала шығыс әдебиеті мен шариғат жолдарын жақсы меңгереді.Өлең-жырға ерте әуестеніп,замандас-құрдастарына арнап өлең де шығаратын болады.Ойын-тойда ән салып, жұрт көзіне түсе бастайды.Он үш жасқа толғанда, елінен ұзап,Қызылжарға келеді.Онда Уәлиахун деген кісінің медресесіне түсіп,үш жыл оқиды.Мұсылманша өте сауатты Ақан қалада жүріп,орыс тілін де біршама үйреніп алады.

Он алты жасында еліне оралған Ақан ит жүгіртіп,құс салып,аңшылық,әншілік,серілік өнердің соңына түседі.Әкесі Қорамса да ұлының жолына бөгет болмайды.Шындығында, шаруаға онша қыры жоқ ұлының жайын жақсы түсінетін әкесі оны мал соңына салпақтатып қоюды қош көрмейді.

Сөйтіп жүргенде Ақанға сегіз ұлдың ортасында жалғыз өскен Бекбос байдың қызы Фатима сұлуға құда түседі.Амал не болашақ келіні Фатима науқасқа душар боп,Ақанның босағасына келмей жатып қайтыс болады.

Алғашқы отбасылық өмірден жолы болмаған Ақан жанына жолдас-жораларын ертіп,қолына домбыра,сырнай алып,ел аралап,сауық-сайран құрады.

Ақанның жүрген жерінде оның сырлы да сазды көркем үні ел назарын өзіне аударады. Ақынын аялай білетін дүйім жұрт оған енді сері деген атақ беріп, сый- құрметке бөлейді.

Ақан есімімен қашанда қосарлана айтылатын әйгілі Құлагерді ол Шөкетай деген кісіден бір ат,бір сиыр және жиырма бес сом ақшаға сатып алады.Ақан талантына тағзым ететін Әлібек деген досы өзінің жанына балаған Қараторғай атты қыран құсын қалтықсыз көңілмен сыйға тартады.Сайрат деген төреден Базаралы атты тазының бауырын жаңа көтерген күшігін алып,енді бір жақын жора-жолдасының Көкжендет деген болат топшылы қаршығасын қолына қондырады.Осылайша жолдасына жұғымды,халқына қадірлі сері Ақан-жүйрік ат,құмай тазы,қыран бүркітті жігіт сұлтанына айналады.

Жетпісінші жылдардың ортасында Ақан сері Кіші жүзді аралайды.Осы сапарында кейінде аты аңыз болған Ақтоқты аруға ғашық болады.Ал Ақтоқтының басы бос емес.Оны сол өңірдің атақты адамы Сүтемгеннің ұлы Шамұқанға атастырып қойған.Жүрегіне жүк түсірген қайғылы оқиғадан соң,соқа басы сұр бойдақ боп жүруді ар санаған Ақан сері көп ұзамай Шомайт қожаның Бәтима атты қызына үйленеді.Ақылына көркі сай Бәтима-Ақанға адал жар,үш бірдей ұл-қызының абзал анасы болады. «Жазмыштан озмыш жоқ»демекші,он шақты жыл отасқан соң Бәтима да ауырып,өмірден өтеді.

Ақанның одан кейін алған жары Ұрқия да Ақанмен не бары үш-ақ ай бірге отбасын құрып,шешек ауруынан қайтыс болады.Мұнан кейін іле шала сүйікті інісі де көз жұмады.Сөйтіп,үсті-үстіне жалған қайғы-қасірет нәзік жүректі ақын Ақанға ауыр соққы боп тиеді.

Ендігі жерде сүйген жар,сүйікті ініден айырылған қам көңілді,қайсар мінезді Ақан серінің бар қуанышы да,жұбанышы да жалғыз-Құлагер еді.Бірақ Құлагердің де ғұмыры келте екен.Ереймен етегінде қазақтың үш жүзінен арнайы кісілер шақырылған керей Сағынайға ұлан асыр ас беріліп,бұл асқа Ақан да келеді.Үш жүз жиырма үш ат шабатын ат жарыс бәйгесіне Ақан сері де өзінің Құлагерін қосып,бағын сынайды.Әйтсе де Ақанға әуелден тісін қайрап өштесіп жүрген бай балалары Батыраш,Қотыраштар тап осы бәйге жарыста топжарған Құлагердің түбіне жетіп тынады.Қарау пиғылмен қапысын тауып мерт етеді. «Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім» деп асқақтата жырлаған Құлагердің қазасы жалғыз ғана Ақанның трагедиясы емес, ел трагедиясына айналады. Құлагер өлімінің үстінде Ақан өзіне жасалған қиянат пен жауыздыққа қатты қорланады.

Шынымен өлгенің бе, Құлагерім,

Салбырап саптаяқтай төменгі ернің.

Баспа-бас қызға бермес жануарым,

Басылмас бір сөйлемей менің шерім.

Күнірене күйзелген ақынның жанайқайы іспетті зарлы да шерлі «Құлагер» атты өлеңі мен әнін шығарады. Құлагер өлімі қасіреттің ізі суымай жатып, небәрі екі үш ай ішінде Қараторғайынан қоса айырылады.

Ақанның Әлібек батырдан алған Қараторғай атты бүркіті әбден қартайып, ұшуын ұшқанымен, жерге қона алмай шырылдайды. «Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонды» демекші, қартайып, құйрығының қауырсыны түсіп, қона алмай құлап қалғанын көріп тұрған Ақан кезінде қасқыр алған қыран құсының қазіргі мүшкіл халіне жүрегі ауырады.

Қараторғай, ұщтың зорға-ай,

Бейшара, шырылдайсың жерге қонбай,-

деп,баласындай әлпештеп бүркітіне жан – жүрегі езіле аяныш сезімін білдіреді.

Ақан серінің өзге ақындардан өзгешелігі-табиғатпен тұтастығында. Ол қолындағы құсын, астындағы атын бейне бір туған баласындай өбектейді. Бір жолы Көкжендет атты қаршығасы ұшып кетіп, қайта оралмайды. Мәпелеп отырған құсынан айырылып қалу жүрегі нәзік ақынға ауыр соғады. Ақын қаршығасына арнап ән шығарады.

Соншама сор бейнетті арқалаған Ақан енді ел-жұртынан алыстап,мылқау баласын қасына ерткен бойы құла түз Қоскөлдегі қопа-қамысты мекен етеді.

Ақан серінің көптеген өлеңдерінің тақырыбы махаббат, сүйіспеншілік жайында. Ақан Ақтоқтыдай аруға арнап, «Ақ көйлек» өлеңін шығарады. Мұнда лирикалық кейіпкер сүйген сұлуын «ақ жамбыға», «қоңыр қазға», «аққу құсқа» теңейді:

Етегін ақ көйлектің алтындаған,

Ажарын ақ жамбыдай жалтылдаған.

Сексен қыз серуенге шықса дағы,

Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған.

Қамалып қанша дұспан келсе дағы,

Қалқажан айтар сөзден тартынбаған.

Болғанда сен аққу құс көлде жүзген,

Лашын құс не болады талпынбаған?

Ақан серінің «Ақтоқты», Алтыбасар», «Тер қатқан», Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр» т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетумен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді.

Сырымбет әнінің тарихы Серінің бозбала шақтағы алғашқы іңкәр көңілі құлаған ару – Сырымбет тауын мекендеген Жүсіп төренің қызы Жамал еді. Екі жастың ағайындығы жеті атаға жетпегендіктен, ата-баба салтын аттап кете алмайды да, бір-біріне деген құштарлықтарын тұншықтыруға мәжбүр болады. Жамал ұзатылған соң Ақан тұңғиық қайғысын құшақтап, қалың елдің ішінде жалғыз қалады. Жамал қыздың ұзатылатын тойына өз мінезді Ақан бармайды. Жүсіп төренің қонысы Сырымбет тауының бөктерінде, қыз аулының сыртында, ат үстінде жүріп Жамалға арнаған ең соңғы атақты әні «Сырымбетті» шырқайды.

Ақан сері бұл жырында сол кездегі Жамалдың ғана емес басқада жас қыздардың басына түскен жайды шырқаған, Олардың өз еркілерінен тыс тұрмысқа бергені жайлы, сол кездегі салт-дәстүрдің қиыншылығын, тағдырдың қаталдығын жырмен елге жеткізгісі келген. Оның «Балқадиша», «Үш тоты», «Сырымбет» сынды атақты ән -өлеңдері өз теңіне қосылуын аңсаған ақын жүрегінің тебіреніс-толғанысын білдіреді.

Әйгілі сері Ақан Қорамсаұлының «Балқадиша» әнін тыңдаған әрбір жан басты кейіпкер Қадиша қыздың тағдырына аяушылық білдіріп, ауыр күрсінетіні сөзсіз.

Ақанның сал-серілік құрып, ауыл-ауылдарды аралап жүрген кезі. Күндердің күнінде Ақан сері сол кездегі Ыбырай деген аты баршаға мәлім, танымал кісінің ауылына бас сұғып, шілдехана тойының үстінен түседі. Ауылға танымал серінің ат басын бұрғандығын естіген ауыл тұрғындары оған ілтипат білдіріп, қошемет көрсетеді. Алайда, төрде отырған Ақанның маңына ешкім отырмайды. Бұл ел аузында Ақан сері туралы алып-қашпа сөздердің кеңінен етек алған тұсы еді. Ақанның қиялға беріліп, жын-перілермен қатысы барын алға тартып, жас қыздар серіден үрейленген. Ақын да, қыздар да өздерін жайсыз сезініп, отырыстың берекесі қашқандай болады. Осы кезде Қадиша қыз «Сері-ағамның жанына мен отырайын» деп Ақанның жанына жайғасады. Мұны естіген Ақанның көңілі жай туып, іштей жібек мінезді бойжеткенге риза болады. Отырыс барысында әндер орындалып, зерделі әңгіме-аңыздар айтылады. Серінің жанында Қадишаның отырғанын оның ағалары естіген бойда, екі жеңгесін жіберіп, қызды алып шығуын тапсырады. Алайда, Қадиша орнынан қозғалмайды, Ақанның да оны жібергісі келмейді. Осы кезде таң атып, бойларында қимастық орнайды. Қадиша қайтуға жинала бастағанда, Ақан сері қолына домбырасын алып, екі ішекті қағып жіберіп әнді орындай бастайды. Бұл ұзақ толғау, үлкен жыр болды.

Әннің «Күйеуің сексен бесте шал, Қадиша» деген жолдарын алға тартып, кейбір аңыз деректер Қадиша, әу бастан, үлкен ақсақалға атастырылған деп айтылуда. Қадиша қыздың Ақанның жанында отырғанын естіген бойда, ақсақал «Қадишаны қайтарыңдар» деп бұйырған.

Алайда, Қадиша қыз үлкен кісіге емес, өз теңіне аттастырылып, кейіннен ұзатылған. Мұны естіген Ақан қоштасу сәтінде туған әнін әрі қарай жетілдірген. Бұл әннің соңғы өлең жолдары мынадай болған:

«Кекілін кер бестінің сылағаным,

Басынан Жыландының құлағаным.

Кетті деп Балқадиша естігенде,

Құшақтап құс жастықты жылағаным.

Тау болсаң, Жыландыдай биік тау бол,

Шапанға ширатпалы жібек бау бол.

Атадан артық туған Балқадиша,

Көргенше енді қайтіп, есен-сау бол»

Ән кейіпкері Қадиша Сүлеймен деген текті атаның баласымен бас қосып, үлкен әулеттің босағасын аттаған. Үш қыз және екі ұлдың анасы атанып, 1953 жылы өмірден өткен.

«Балқадиша» әнін кезінде аты аңызға айналған Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков орындаған. Кейін Қайрат Байбосынов, Рамазан Стамғазиев, Гауһар Әлімбекова, «Жігіттер» тобы сияқты әншілер өз репертуарларына қосқан.

  Ақан серінің қоғамды сипаттайтын өлеңдері де біршама.Ақын-өз заманының жыршысы,қоғамның бет пердесін ашып көрсетуші.Серінің де қоғам туралы толғағаны «Замаға қарап», «Халқым сенген», «Адамның біліміне ақыл серік», «Асыл мен жасық», «Достарыма», «Жақсы мен жаман»,«Өсиет өлең», «Заман адамы»сияқты әлеуметтік мәнді көтерген шығармалары бар.

Тауқыметі көп тірлік кешкен біртуар тұлға-Ақан сері Қорамсаұлы 1913жылы жетпіс жасында дүниеден өтті.

IV Жаңа сабақты бекіту

Ой толғау. Оқушы қиялына, фантазиясына ерік беру тәсілі.

Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды, гүлді, көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін – сол фантазия» деген болатын. Олай болса, оқушының шығармашылығымен ұштастырайық.


2 топқа плакат беремін сол 1-топ Ақан серінің өмірбаяны түсінгені бойынша өз ойларымен жазып, қорғайды

2-топ Ақан серінің шығармашылығы жайлы жазады.( 3 минут)

Қорғайды (2 минут)


Дәптермен жұмыс 1843ж.туған

Әнші Ақын

Сері

Домбырашы АҚАН Композитор

Жары Ұрқия

Талант иесі

Аты”Құлагер”

Құсы “Қараторғай” Тазысы “Базаралы”


Сүйгені Ақтоты Шын аты Ақжігіт

Кім көп біледі


1. Ақан серінің өмір сүрген жылдары?

1843-1913жж.

2. Ақанның жастық шағы өткен жер?

Көкшетау


3. Ақанға айттырған Фатима сұлу кімнің қызы?

Бекбос байдың


4. Ақанның құмай тазысының аты?

Базаралы


5. Ақанның қолы жетпеген ғашығы кім?

Ақтоқты


6. Ақан сері неше жасында қайтыс болды?

70 жасында


7. Ақан сері Құлагерді қанша сом ақшаға сатып алады?

25 сом


8. Ақан Уәлиахун медресесінде неше жыл оқиды?

3 жыл


9.Қызылжар қаласына неше жасында келеді?

13 жасында

10.Үш –ақ ай бірге отасқан жары.

Ұрқия

11.Құлагерді кімнен сатып алады?

Шөкетай

V. Үйге тапсырма: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығына реферат жазып келу.

Пайдаланылған әдебиеттер 1) Қазақ әдебиеті 10 кл. 2) Әдебиетті оқыту әдістемесі. 3) Дидактикалық материалдар

Сабақ жоспары


Күні ______________ Пәні: Қазақ әдебиеті тобы 1 «А,Б,В». Сабақ № 47


Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Спандияр Көбеевтің шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;

Дамытушылық: мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;.

Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, өнерге баулу. Қоғамдық идеялық көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, баяндау, талдау

Пәнаралық, пәнішілік байланыс: тарих

Сабақтың көрнекілгі: оқулық, таратпа материалдар, т.б.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі-2 мин

II Үй тапсырмасын тексеру, қайталау-8 мин

III Жаңа сабақты түсіндіру-18 мин

IV Жаңа сабақты бекіту -12 мин

V Бағалау -3 мин

VI Үйге тапсырма беру-2 мин

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу

ә) Сабақ мақсаты туралы хабарлау.


II Үй тапсырмасын тексеру,қайталау

Өткен сабақта Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал», «Маса» жинақтары деген тақырып болды. Ендеше мынандай сұрақтар қоямын.

1. Ахмет Байтұрсынов және алаш ұранды әдебиет өкілдерінің ұстанымы.

2.Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағына енген мысалдардың мазмұнына, аударылу тәсіліне талдау жасаңдар?

3. Өлеңдерінің идеялық мазмұны қандай?


III Жаңа сабақ түсіндіру.

Спандияр Көбеев 1878 жылдың 14 қазанында қазіргі Қостанай облысының Меңдіқар ауданында дүниеге келген. Ауылдық мектептен сауатын ашқан соң қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин ашқан соң қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин ашқан ауылдағы орыс мектебіне түсіп, сол кісінің қамқорлығымен білім алады. Бұл мектепті 1892 жылы тәмамдап, облыстық деңгейдегі орыс мектебіне түседі. Оны 1897 жылы бітіреді де Қостанай қаласындағы екі жылдық мектепте оқиды. Бұдан әрі екі жылдық педагогикалық курсқа түсіп, 1900 жылы бұл оқу орнын аяқтаған соң ауыл мектебінің мұғалімі болуға рұқсат алады.

1901 жылы Кішіқұм деген ауылдағы орысша мектепте мұғалім болады. 1903 жылы Қызылжар қаласының Нілді деген жеріндегі болыстық мектепке ауысады. Бұл жерде екі-үш жыл қызмет істейді. 1905 жылы Омбы қаласында бастауыш мектеп оқытушыларына арналып ашылған бір айлық ауыл шаруашылық курсына білімін толықтыру үшін жіберіледі. Курсты бітірген соң Қызылжар қаласындағы екі жылдық қазақ-орыс мектебіне оқытушы болып тағайындалады. Содан былай Спандияр Қызылжар, Қостанай жақтарында үздіксіз оқытушы болып қызмет істейді.

Спандияр Көбеев өзінің мұғалімдік қызметінің басынан мәдениет жаршысы бола біледі.

.


Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі.

А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь, А.П. Чехов, И.А. Крылов шығармаларын алыс ауылдағы ел Спандияр Көбеев, мұғалімнің әңгімелеп айтуынан естиді.

Көбеев ұстаздық жұмысы мен жазушылық қызметін тығыз байланыстыра жүргізді. Өзі оқытқан шәкірттерінің кластан тыс оқуына арнап орыс жазушысы И.А.Крылов мысалдарын аударып, көпшілікке ауызша айтып берген мысалдарын жинап, түзетіп, толықтырып, Қазан қаласынан «Үлгілі тәржімә» деген атпен жеке кітап етіп бастырды.

1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.

Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны – оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен. Спандияр Көбеев екі рет Ленин орденімен наградталған.

Өз дәуірінің прогресшіл талап-тілектеріне жауап беруге тырысқан, орыс мәдениетінің жаршысы бола білген және ұлттық әдебиетте тұңғыш роман жазған Спандияр Көбеевтің есімі ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихынан құрметті орын алады.

1910-1919 жылдары Қостанайдың Федоровка ауылында мұғалім болады.

С. Көбеев - өмірінің соңына дейін ұрпақ тәрбиелеп, бі-лім берумен айналысқан ұстаз.

1956 жылы дүние салды.


Шығармалары

Екі соқа: Әңгімелер мен мысалдар.

Қалың мал: Роман.

Құстың ұясы: Әңгімелер мен мысалдар.

Орындалған арман: Романдар мен мысалдар.

Көбеев С.Орындалған арман:Романдар мен мысалдар.

Таңдамалы шығармалары.

Торайғыров С., Адасқан өмір, Кедей, Жарқынбай, Кім жазықты, Қамар сұлу.


Кітаппен жұмыс: Спандияр Көбеевтің өлеңдерін мәнерлеп оқиды,құрылысына қарай талдайды


IV Жаңа сабақты бекіту

Тест тапсырмалары

1.Спандияр Көбеевтің орыс тіліндегі бір әңгіменің желісі бойынша жазған өлеңі.

А) «Жетімнің зары»

Ә) «Қайыршы»

Б) «Жетім»

В) «Патша сұраған бақалар»

Г) «Асыл шөп»


2. «...ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілеріне мазасыз қатты мінезді адам еді». Көп нүктенің орнына қай кейіпкерді қойған дұрыс?

А) Байғазы

Ә) Итбай

Б) Құрымбай

В) Тұрлығұл

Г) Серғазы


3. Ғайшаны айттыруға құдалыққа баратын кім?

А) Байғазы

Ә) Құрымбай

Б) Әбіш

В) Бірке

Г) Жүніс


4. «Спандияр Көбеев» атты көлемді сын-биографиялық очерктің авторы:

А) С.Қирабаев

Ә) Б.Кенжебаев

Б) Б.Сахариев

В) Ә.Дерсбісәлин

Г) І. Омаров


5. И.Крылов аударған «Ағаштың тамырлары мен жапырақтары» мысалында қандай мәселе тұспалданған?

А) Озбырлық

Ә) Өктемдік

Б) Әлеуметтік теңсіздік

В) Екі жүзділік

Г) Қулық


V. Үйге тапсырма: Спандияр Көбеевтің өмірбаянын оқып келу.


Пайдаланылған әдебиеттер 1) Қазақ әдебиеті 11 кл. 2) Әдебиетті оқыту әдістемесі. 3) Дидактикалық материалдар









Сабақ жоспары


Күні ______________ Пәні: Қазақ әдебиеті тобы 1 «А,Б,В». Сабақ № 48


Сабақтың тақырыбы: « Қалың мал » романы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушының роман туралы түсінігін молайту,ой жинақтау;

Дамытушылық: мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау ,топтастыру

Пәнаралық, пәнішілік байланыс: тарих

Сабақтың көрнекілгі: оқулық, таблицалар, суреттер, кубик

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі-2 мин

II Үй тапсырмасын тексеру, қайталау-8 мин

III Жаңа сабақты түсіндіру-18 мин

IV Жаңа сабақты бекіту -12 мин

V Бағалау -3 мин

VI Үйге тапсырма беру-2 мин

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу

ә) Сабақ мақсаты туралы хабарлау.

II Үй тапсырмасын тексеру,қайталау

Өткен сабақта Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығы деген тақырып болды. Ендеше мынандай сұрақтар қоямын.

1. Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихынан алар орны қандай?

2. «Үлгілі тәржімә» кітабының негізгі мазмұны мен идеясы туралы баянда С. Көбеевтің аудармаларының сипаты қандай?

3. Аллегория туралы түсініктерін қандай?

І Ұйымдастыру

ІІ Кіріспе сөз:

  1. Мұғалім сөзі

  2. Шығарманың құрылымын талдау:

А) Шығарманың басталуы;

Ә) Оқиғаның дамуы;

Б) Оқиғаның шиеленісуі;

В) Оқиғаның шарықтау шегі;

Г) Оқиғаның шешімі.

Оқушылар баяндайды, талдайды.

ІІІ Оқушыларға арнайы дәптерлер үлестіріледі. Әр оқушы тапсырмалармен жұмыс жүргізіп баяндайды.

Тапсырма. Қызығушылықты ояту

«Топтастыру стратегиясы»

Тапсырма

Тапсырма жауабын толтыр

әдіс-тәсіл

1) «Қалың мал» романына ұқсас қандай жыр, романдарды білесің?

hello_html_5d7e2309.gif

Өткен материалдарды еске түсіріп,қорытынды айту.






Семантикалық картаны толтыр.

Оқиға шешімі

Сүйген жар төркіндетіп келе жатып батырдан мерт болады.

Сүйген жарды қара күш иесі қанжар салып өлтірді.

Екі жас ат құйрығына байланып өлтірілді.

Боранды күні қыз өліп,қалтасынан хат табылды.

Сүйгенімен бақытты ғұмыр кешті.

шығармалар

Еңлік-Кебек






Қозы Көрпеш-Баян сұлу






Қалың мал






Қалқаман-Мамыр






Бақытсыз Жамал






Мағынаны ажырату. «Кубизм стратегиясы»

тапсырма

Әдіс-тәсіл

Тапсырма жауабын толтыр

А) Суреттеңіз

Образ жүйесін талда, басты кейіпкерді суреттеп беріңіз.

Ғайша, Қожаш, Итбай

Тұрлығұл



Ә) Салыстырыңыз. Венн диограммасын толтыр

hello_html_m7540c805.gifhello_html_198558fe.gifОртақ қасиеттері


hello_html_m31c551c0.gif




Б) Зерттеңіз.

Тест жұмысын белгілеңіз.


  1. «Қалың мал» шығармасы қандай үлгіде жазылған?

1. драма 2. проза 3. поэзия

2. «Е, Құдай! Менің де тілегімді беріп, байға қолымды жеткізетін күнің бар екен!»

1. Тұрлығұл 2. Итбай 3. Байғазы

3. «Қалың мал» романы қай жылы басылды?

1. 1910 ж. 2. 1909 ж. 3. 1973 ж.


В) Қолданыңыз. Мәтіннен алынған үзіндіні рөлде ойнап бер.

Г) табыңыз

Романда қолданылған мақал-мәтелді тап.

Мақал-мәтелді жазыңыз





Ғ)Талқылаңыз

Пікір айтыңыз

Пікір жазыңыз


  1. Ғайшаны Тұрлығұлға берген Итбай қылығына не дер едің,қандай баға бересің?

  2. Сен Итбай орнында болсаң, қандай шешім қабылдар едің?

  3. Ғайша тағдырына кім кінәлі.




Ойтолғаныс сатысы.

  1. Шығармадан алған әсерім (эссе жазу)

  2. Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

  3. Өлең шығару.

IV Жаңа сабақты бекіту

1. «Қалыңмал» романынан портреттер мен мінездеулерді тауып, сол бойынша талдау жасаңдар.

2. «Қалыңмал» романынан жазушы пайдаланған мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді тауып, айтып беріңдер.»Орындалмаған арман» романының мәні мен маңызы.


V. Үйге тапсырма: «Қалыңмал» романын оқып келу.


Пайдаланылған әдебиеттер 1) Қазақ әдебиеті 11 кл. 2) Әдебиетті оқыту әдістемесі. 3) Дидактикалық материалдар









































1. Біржан сал Қожағұлұлының өмірі туралы не білесің?

2. Біржанға атасы Қожағұлдың тәрбиесі қалай әсер етті?
















3. «Ләйлім шырақ» әнінің тарихы?

4. «Ақтентек» әні кімге арналған?

























5. «Жанбота» әнінің тақырыбы қандай?

6. Жастарға қандай өсиет айтты?


















7. Біржан мен Сара айтысының көтерген тақырыбы не

8. «Біржан-Сара» операсын жазған кім?










































1. Ақан серінің өмір сүрген жылдары?

А)1834-1897жж.

Ә)1843-1913жж.

Б)1841-1918жж.


2. Ақанның жастық шағы өткен жер?

А)Баянауыл

Ә)Қаратөбе

Б)Көкшетау


3. Ақанға айттырған Фатима сұлу кімнің қызы?

А)Бекбос байдың

Ә)Шомайт қожаның

Б)Сүтемгеннің



4. Ақанның құмай тазысының аты?

А)Қараторғай

Ә)Базаралы

Б)Көкжендет

5. Ақанның қолы жетпеген ғашығы кім?

А)Ұрқия

Ә)Бәтима

Б)Ақтоқты


6. Ақан сері неше жасында қайтыс болды?

А)63

Ә)73

Б)70


7. Ақан сері Құлагерді қанша сом ақшаға сатып алады?

А)35 сом

Ә)45 сом

Б)25 сом


8. Ақан Уәлиахун медресесінде неше жыл оқиды?

А)2

Ә)3

Б)4



9.Қызылжар қаласына неше жасында келеді?

а) 13 ә) 14 б) 12


10.Үш –ақ ай бірге отасқан жары.

а) Бәтима ә) Ұрқия б) Ақтоқты


11.Құлагерді кімнен сатып алады?

а) Шөкетай ә)Шөмше б)Сайрат



VIII. Үйге тапсырма: Ақан сері өмірі мен шығармашылығына реферат жазып келу.


Пайдаланылған әдебиеттер 1) Қазақ әдебиеті 10 кл. 2) Әдебиетті оқыту әдістемесі. 3) Дидактикалық материалдар









8. Білінер жер жақсысы қыс келгенде,

    Көрінер көлдің көркі құс келгенде,….қай өлеңнен үзінді?

а) «Қараторғай»      ә)«Жақсы мен жаман»       б) «Балқадиша»

9.Ақан қай жерде дүниеге келген?

а) Қоскөл            ә)Жөкей          б) Сандыбай

10. Құлагер қанша  аттың алдында жалғыз озып келді?

А) 240          ә)300            б)200

12. Әншінің талантына,орындаушылық шеберлігіне,әсем дауысына патша мұрагаріқандай сый-құрмет көрсетеді?

а) күміс медальмен марапаттайды    ә) алтын медальмен марапаттайды

б) қола медальмен марапаттайды.















































Ақан – сазгер. Ол өлеңге әуен, әнге әуез, термеге мақам, толғауға саз, жырға сарын, айтысына нақыш келтіре білген адам. Ақан шығармашылығын мына түрде көреміз. Лирикалық иірімдерге, тәлім- тәрбиелік тақырыптарға, заман тақырыбына арналады. (Слайд- өлеңдеріне арналған таблица) Таблица бойынша түсіндіру. Ақан Біржан сал секілді аса дарынды сазгерлігіне қоса өз дәуірінің бар болмыс- шындығын өлеңмен өрнектеген, сөз маржанын тере білген дарын иесі. Біржан ақын өз тұсында жеке- дара сал атанғаны тәрізді қазақ өнерпаздарының ішінде «сері» сөзі Ақан атына ғана қосылып айтылады. Ақанның атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі – Құлагері еді. (Слайд Құлагер)


Құлагер құнанында керім еді,


Нағашым сұрағанда беріп еді.


Ат қоса Ерейменге барғанымда


Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді – деп Ақан өзі жырлағандай, Қарауыл елінде Шөкітай деген кісіден 1 сиыр, 1 ат , жиырма бес сомға беріп алған Құлагері- осы ат (Слайд Құлагер1) Жүйрік атты таңдап жүріп сатып алу бар да, оны мәпелеп бағу, баптап, бәйгеге қосу тағы бар. Бұл жерде Ақанның екі қасиеті көрінеді. Біріншісі- тұлпарды сыртқы тұрпатына қарап дөп басып тани алатын сыншылығы да, екіншісі- баптап баға білетін атбегілігі. Ақанның атбегілік өнерін сахараға жайған бір оқиға мынау еді: Орта жүздің ішінде Алтай руы, Аққошқар атасынан тараған Сайдалының үлкен асы болады. Осы аста болатын бәйгеге қосу үшін Ақан Құлагерді баптайды. Үш жүз ат қосылған осы бәйгеден кейінгі маң- маң басқан жүрісінің ырғағына көңілі толып, сүйінген Ақан «Маңмаңгер» деген ән шығарды.





Ақан сері мұрасы



қазақ әдебиетінде театрда

бейнелеу өнерінде ән өнерінде кино әлемінде

Театр төрінде «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасы (Ғ.Мүсірепов) Қазақ әдебиетінде

 

поэзия проза драматургия

І.Жансүгіров С.Жүнісов классик жазушы

«Құлагер» поэмасы, «Ақан сері» Ғ.Мүсірепов

Ғ.Қайырбеков романы «Ақан сері – Ақтоқты»

«Ақан аға» т.б

 

Бейнелеу өнерінде 1960 – 70 жылдары Көкшетау қаласындағы Біржан сал мен Ақан сері

мүсіндерін белгілі мүсінші Төлеген Досмағанбетов қашаған.

Музыка өнерінде

Әндері

«Құлагер» «Сырымбет» «Маңмаңкер» «Балқадиша» «Ақ көйлек», «Қалқа бала», «Көкжендет», «Қараторғай», «Екі жирен»

Әнді орындаушылар: Жүсіпбек Елебеков, Мейірхан Адамбеков т.б

Ой толғау. Оқушы қиялына, фантазиясына ерік беру тәсілі.

Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды, гүлді, көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін – сол фантазия» деген болатын. Олай болса, оқушының шығармашылығымен ұштастырайық.


2 топқа плакат беремін сол 1-топ Ақан серінің өмірбаяны түсінгені бойынша өз ойларымен жазып, қорғайды

2-топ Ақан серінің шығармашылығы жайлы жазады.( 3 минут)

Қорғайды (4 минут)


І тапсырма. Түсініктеме күнделік стратегиясы бойынша берілген ақын өлеңдерін оқып, ұнаған үзіндіге пікір жазу

үзінді


пікір


(берілген өлеңнен үзінді оқу арқылы)



Менің пікірім

Ақын өлеңдерінде сол кездегі ел тізгінін ұстаған билеушілер,би-болыс, ауылнайлары, дүние жиған байлары,олардың шоқпарлары-бүтіндей бір топ жуандардың бейнесі жасалған. Ақын өз заманындағы бай, билерден түңіле отырып , жаңалықты жастардан күтеді,соларға сенім артады.





ІІ тапсырма.Шығармашылық жұмыс. Берілген шумақты толықтыр.

I топ

....................................... жақын жүрмін,

...................................... тасып жүрмін.

...................................... арқасында,

...................................... жүрмін.


II топ

Берілген шумақты толықтыр.

………………………………… қатар кезең,

……………………………….. аққан өзен.

……………………………….. көк шалғыны,

……………………………….. бәрі әсем.


Сәйкестендіру тесті


1843жылы қайтыс болды


13 жасқа толғанда сері деген атақ алады

1913жылы дүниеге келді


Ақтоқты атты қызға үйленеді


16 жасында Қызылжарға келеді


Бәтима атты қызға ғашық болады


Бекіту сұрақтары

1. Ақан серінің өмір сүрген жылдары?

2. Ақанның жастық шағы өткен жер?

3. Ақанға айттырған Фатима сұлу кімнің қызы?

4. Ақан сері Құлагерді қанша сом ақшаға сатып алады?

5. Ақан сері неше жасында қайтыс болды?

6. Ақан Уәлиахун медресесінде неше жыл оқиды?

7. Бір түгел екі жеңгең келіп отыр,

Рұқсат бізден сізге бар, кімге айтылады?

8. Ақанның құмай тазысының аты?

9. Ақанның қолы жетпеген ғашығы кім?

10. Ақан Уәлиахун медресесінде неше жыл оқиды?


Бүгінгі сабақта Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты талдай отырып, өлеңнің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәнін білдік. Мәнерлеп оқу дағдысын дамыта отыра өз ойымызды еркін жеткізуге қалыптастық.


V. Үйге тапсырма: Ақан сері «Құлагер» өлеңін жаттап келу.


Пайдаланылған әдебиеттер 1) Қазақ әдебиеті 10 кл. 2) Әдебиетті оқыту әдістемесі. 3) Дидактикалық материалдар
































ІІ тапсырма. Түсініктеме күнделік стратегиясы бойынша берілген ақын өлеңдерін оқып, ұнаған үзіндіге пікір жазу



Ақан Құлагерін мадақтап әнге қосып елге жайса, Құлагер де жүйріктігімен Ақанның атын елге жайды. Сондай оқиға тағы да Ерейменде болады. Керей Сағынайдың асына Ақан Құлагерді жасырып апарады. Елде Күреңбай деген ат сыншы бар екен, сол Ақанның тұлпарының ІІ тапсырма. Түсініктеме күнделік стратегиясы бойынша берілген ақын өлеңдерін оқып, ұнаған үзіндіге пікір жазубас бәйгені алатынын бірден таниды. Мұны естіген Батыраш, Қотыраш деген бай балалары іштарлық танытып, Құлагерге қастандық жасап, шоқпармен ұрып өлтіреді. Қырға шығып қарап тұрған Ақан Құлагерінің көрінбей кеткенінен бір жамандықтың болғанын сезеді. Алдынан іздеп шығады. Сөйтіп, мерт болған Құлагерінің үстінен түседі. Оны көріп азарланып, атақты «Құлагер» әнін дәл осы жерде шығарады.



От болып қалушы еді шапқан жерің,



Шаттанып тұрушы еді қосқан елің



Атығай, Қарауылға олжа салған,



Бота тірсек, қыз сағақ, сандалкерім?!- деп зарлайды.



(Слайд Құлагер әнін тыңдату)



ІІІ тапсырма. Ақан сері Қорамсаұлының



1.“Жақсы мен жаман” өлеңін оқып, мазмұнын ашу, ұнаған шумағына сатылай кешенді талдау жасау.



2.”Жақсысы” сөзіне математикалық тәсілмен мінездеме беру



Ақанның бойындағы тағы бір өнері- құсбегілік еді. Оның қаршыға мен асыл құсы қыран бүркіті болған.(Слайд Базаралы атты тазысы) Көл үстінде ұшқан қаз бен үйректі салған жерден қағып, түсіретін қаршығасының аты Көкжендет еді. Оны қолына қондырып алып, ауылды аралағанда нағыз серінің көрінісін беретін. Бірақ қайғысына қайғы қосылған Ақан тағы да одан айырылады. Желге қарсы ұшқан сол қаршығасы ұшты күйлі жоғалып кетеді. Ел аралап көп іздейді. Ақыры күдерін үзіп, «Көкжендет» деген ән шығарады. Қыран құсының аты Қараторғай болатын. Өзінің жан серігіндей болған бұл қыранын Әлібек деген батыр сыйға тартқан. Сол қараторғайы кәріліктен құйрығының қауырсыны сиреп, жерге еркін қона алмай қалған. Қараторғайы да өмірден өтеді. Сол Қараторғайға арнап «Қараторғай» әнін шығарады.(Әнін тыңдату)



ІV тапсырма. Шығармашылық жұмыс.



Берілген шумақты толықтыр.



………………………………… қатар кезең,



……………………………….. аққан өзен.



……………………………….. көк шалғыны,



……………………………….. бәрі әсем.



Ақанның атағы елге жайыла бастағанда әкесі Қорамса Бекбас деген адамның сегіз ұлының ішінде еркін өскен Фатима сұлуға құда түседі. Бірақ ол оң жақта отырғанда ауырып, Қорамсаға келін болып үлгірмей қайтыс болып кетеді.Ақан бойдақ жүруді ар санап, кейін Шомайт қожаның Фатима деген қызға үйленеді. Бұл Фатимадан бір ұл, екі қыз көреді. Алайда 10 шақты жыл өмір сүргеннен кейін ауырып қайтыс болады. Бірде Ақан Тінәлі деген кісінің айттырып қойған Ұрқия деген қызын алып қашады. Ұрқияда 3 айдан кейін төсек тартып, ауырып қайтыс болады. Бірінен соң бірі өліп, Ақанның басына түскен мұндай тағдыр тауқыметі ақын жүрегіне әсер етпей қоймайды. Десе де ел аралап жүріп Жүсіптің Жамал деген қызына ғашық болады. Ел қайғысы мен өз қайғысы қосыла келіп, Ақан жанын жегідей жейді.Отаршылық саясаттың зұлымдығы, жергілікті әкімдердің аярлығы, жағымсыз тоғышарлық мінездерді өз шығармаларына арқау еткен ел қайғысы, ал алған жарлары бірінен соң бірі өлгені, Құлагерінен, қаршығасы Көкжендетінен, бүркіті Қараторғайынан айрылған өз қайғысы Ақанның дертке ұшырауына, өмірден түңілуіне әкеліп соқтырады. Өмірінің соңында елден жырақ кетіп, оңаша өмір сүреді. Ақан жанын түсінбеген ел оны жынданды деп есептейді. Осылайша Ақан Біржан тағдырын басынан кешеді. Ауыр хал кешіп Біржан секілді 1913 жылы өмірден озады. Ақан туралы жазған ақын- жазушыларымыз әдебиетімізден ерекше орын алады. Солардың бірі І.Жансүгіров(Слайд І.Жансүгіров суреті) Ол «Тұсында сері болсын, пері болсын, ұнайды өмірімен Ақан маған..» деп бағалаған ол Ақан шығармашылығына орай «Құлагер» атты поэма жазды. Көкшетауда Құлагерге арналған ескерткіш орнатылған. (Слайд Құлагер Көкшетау ескерткіші)



Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған.



V тапсырма. Тест –сұқбат.



Ақанды ел неліктен сері атаған.

Мұса Байжан есіміне “жаяу”анықтауыш сөзінің қосылу себебі не?

Біржанның өзіне дейінгі ақындардан өзгешелігі неде ?

Ақанның орысша сауатты болғанына мысал келтір.

Біржанның “Жанбота” әні қалай шыққан?

Сал-серілер ауылға келгенде халық оларды қалай қарсы алған?

Құлагер,Қараторғай,Базаралы қай ақынға тиесілі?

VІ тапсырма















Ақан серінің қоғамды сипаттайтын өлеңдері де біршама.Ақын-өз заманының жыршысы,қоғамның бет пердесін ашып көрсетуші.Серінің де қоғам туралы толғағаны «Замаға қарап», «Халқым сенген», «Адамның біліміне ақыл серік», «Асыл мен жасық», «Достарыма», «Жақсы мен жаман»,«Өсиет өлең», «Заман адамы»сияқты әлеуметтік мәнді көтерген шығармалары бар.













Құлагер” өлеңін оқып, мазмұнын ашу,ұнаған шумағына сатылай кешенді талдау жасау

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Буын, бунақ, ұйқасқа талдау. ( дәптермен, тақтамен жұмыс)

...Менің атым / сұрасаң / Ақан серің, а

Ғазірет Ғали / дүлдүлі/ тұлпар керім. а

Дүниеде / оған жетер/ ат бар ма еді, б

Өлді ғой / мен қайтейін, / Құлагерім ...а

4 тармақты,3 бунақты, 11 буынды қара өлең ұйқасы.

«Құлагер» өлеңін сатылай кешенді түрде өлең құрылысына талдау.

...Құлагер, шешең – сұңқар, әкең – тұлпар,

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.

Сен өлсең орның басар көк бесті бар,

Болады құдай қосса, о да тұлпар...

Өлеңнің аты-

Тақырыбы –

шумақ саны-

Бунақ саны-

Буын саны-

Ұйқас түрі-

Тәрбиелік мәні-

Ақан өмірі мен Құлагер өлеңінде қандай қасиеттерді байқай алдық?

Достық, мейірімділік, қимастық,

Жауыздық,әділетсіздік, қызғаныш.

I топ – «Құлагер»





1. Бейнебаян «Балқадиша» әнін тыңдату.

2. Шағын пікірталас: - Әннің көтерген тақырыбы неде деп ойлайсың? Ән авторы кім?



























І. Жансүгіров. «Ақан  Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығы. «Құлагер» трагедиясы

 

Жұмахан Шыңтас Тілеулесұлы

І санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

 

 

 

 

Сабақтың мақсаты:

а/ білімділік: Ақан Қорамсаұлы туралы ойларын тереңдету, оның шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге  үйрету, ақынның “Құлагер”өлеңінің  мазмұнын меңгерту, кейіпкерлер  бейнесін талдау арқылы өлеңнің тақырыбын, идеясын,мәнін  ашу, ізденгіш қасиетін арттыру,

ә/ дамытушылық: Оқушылардың Ақан туралы білімдерін ұштастыру,жинақтау, топпен жұмыс негізінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорын қалыптастыру.

б/ тәрбиелілік: Ақынды сүйе білуге, оның өлеңдері арқылы табиғатты, елді, жерді қадірлеуге, сабақ барысында бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.оқушыны өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету, өлеңдегі кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға, сезімталдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қайталау, сын тұрғысынан ойлау сабағы.

Әдістері: Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, топтастыру.

Көрнекіліктері: компьютер, слайд ,Ақан сері шығармашылығына арналған кітап көрмесі, сабаққа қажетті материалдар, Ақынның портреті,интерактивтік тақта, бүктемелер, газет –журнал материалдары.

Пәнаралық байланыс: Тарих                  ХІХ ғ қазақ әдебиеті

                                          География          Қазақстан картасы

                                          Қазақ тілі            Мақал-мәтелдер, орыс тілінен енген сөздер, сөздік

                                          Ән- әуез              А.Қорамсаұлы «Балқадиша» әні.

                                          АШМ                  МТЗ-80 тракторы                                          

                                          Орыс тілі            Орыс тілінен енген сөздер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

ІІ Үй тапсырмасымен жұмыс.

 

Ақан сері  Қорамсаұлы.

Кіріспе: Ақан Серінің атын асқақтатқан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы таланты болса, екіншісі аты Ақан есімімен қатар аталатын атақты пырағы – Құлагер еді.  «Құлагер» - Ақан трагедиясының шырқау шыңы, күйзелісті көңіл күй лирикасы.Құлагердің даңқы үш жүзге тарайды. Ақанның атын алысқа  естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі- Құлагер еді. Бүгінгі Ақан Қорамсаұлының  «Құлагер» трагедиясы туралы не ойлайсыздар? Табиғаттың бізге берген таланты Ақаннан артық тағы қандай таланттарың бар?

1894 жылы мамырдың бесінде, Алматы облысы Ақсу ауданындадүниеге келген.1938 жылы қайтыс болған.                      

Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан.Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.

1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.

1922 жылы Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.

1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп;

1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын

ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң;

1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып;

1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.

19341937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде;

19331936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.

1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып;

1938 жылы ату жазасына кесілген.

1958 жылы ақталды.

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.

Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы - ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.

 

ІІІ. Қызығушылығын ояту.Жылқы,.(қазақ халқының  өміріне байланысы)

 

Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

І топ     «Топтастыру» әдісі. Ақан туралы не білдім?

 

 

 

ІІ топ  «Үш жақты күнделік» әдісі.  Ақан  өлеңдерінің шығу тарихы

Өлеңнің аты

Үзінді

Түйінді

 

 

 

 

ІІІ топ   «Эйлер шеңберін толтыру» әдісі. Ұқсас шығармаларды салыстыру.

Көмекші-нұсқау топ:  Сұрақтар дайындайды.

Ақан қандай тілдерді меңгерген?

«Сері» атын Ақанға кім берді?

Ақан серінің махаббат тақырыбындағы шығармалары

Серінің құмай тазы, бүркіт, қаршығасы туралы не білесіз?

Ақанның өнер жолға түскеніне қуанған кім және Ақанның әндеріне тоқталыңыз?

Ақан қай ғасырда өмір сүрген, оның замандастары туралы не білесіз?

 

ІҮ. Мағынаны тану

 

 

 

 

 

Суреттегі техника жайында жауап бере білеміз бе?

 

 

 

 

«Сандар сөйлейді» әдісі.

 

44жыл.1843ж.1894ж. 70жыл.1938ж.1913ж

 

Қорытынды:

Интервью әдісі:

 

 

Ғалым пікірі

Топтың пікірі

1.

 

 

2.

 

3.

«Ақан сері заманның озып туған, талай тамаша тарлан тұлғалардан асып биік тұрған,бірде күлісіп,бірде бүрісіп ғұмыр кешкен сал-серілердің падишасы» Серік Негимов.

«Тәңірдің берген бағына кім таласады?Ақан-ел сүйген, елмен туысқан ақын»,-деп Мұхтар Әуезов зор бағасын әні мен жырына берген екен.

«Ақан өзіне-өзі мәңгі жоғалмас ескерткіш соққан ұлы ақын,әнші, халқымның сал-серілік салтының озығын өзінің бөлек болмысымен биікке көтерген..асқақ тұлға»-дейді Сәкен Жүнісов.

 

 

Шығармада кездесетін мақал-мәтелдер

  • Аттың сыры иесіне мәлім.

  • Сағынайдың асына шаппағанда,

  • Атаңның басына шабасың ба?

  • Мал бітер басы есенге

  • Мұхаммед – Алланың досы

 

Орыс тілінен енген сөздер

  • Бұл күнде автом да бар, атым да бар, Бәйге алу самолеттей салтымда бар.

  • Пормыңа қараймын деп аңтарылып.

  • Алынған француздан англо-арап

  • Болғанда тілің майда, конфет балдай.

  • Государия секілді ерке қалқам, Ксениядай болсаңшы княгиня.

 

Түсіндірмелі сөздік

 Атсейіс – ат сыншысы

 Бақастық – бақталастық, қастандық

 Күшала – қасқыр алуға  дайындалған ет

 

Ойтолғаныс.

«Біліміңді байқап көр» /тест жұмысы/

1. Ақан өмір сүрген жылдары.

а) 1844-1913 ә) 1843-1913 б) 1843-1914

2. Аспанда ұшып жүрген сен ақ тұйғын,-

Екеуден үшке жеткен тілегіңіз,...қай өлеңінен үзінді?

а) «Қалқа бала» «Сырымбет» «Жақсы мен жаман»

3.Қызылжар қаласына неше жасында келеді?

а) 13 ә) 14 б) 12

4.Үш –ақ ай бірге отасқан жары.

а) Бәтима ә) Ұрқия б) Ақтоқты

5.Құлагерді кімнен сатып алады?

а) Шөкетай ә)Шөмше б)Сайрат

6. Ақанды Омбы қаласына ертіп барған төре.

а) Абай төре ә) Шыңғыс тере б) Шөже

7. «Айтамын замандасқа біраз кеңес»деген өлеңінде жігіт адамның неше түріне сипаттама берген.

а ) 13       ә) 14         б) 15

8. Білінер жер жақсысы қыс келгенде,

    Көрінер көлдің көркі құс келгенде,….қай өлеңнен үзінді?

а) «Қараторғай»      ә)«Жақсы мен жаман»       б) «Балқадиша»

9.Ақан қай жерде дүниеге келген?

а) Қоскөл            ә)Жөкей          б) Сандыбай

10. Құлагер қанша  аттың алдында жалғыз озып келді?

А) 240          ә)300            б)200

11. 3 жыл кімнің медресесінде оқиды?

а) Уәлиахун       ә) уәли  б) Бекбос

12. Әншінің талантына,орындаушылық шеберлігіне,әсем дауысына патша мұрагаріқандай сый-құрмет көрсетеді?

а) күміс медальмен марапаттайды    ә) алтын медальмен марапаттайды

б) қола медальмен марапаттайды.

Бағалау парағы:

 

Топ

Білім

ізденуі

Қолдану

Сөйлеу мәнері

Бағалау

Мұғалім

бағасы

І

 

 

 

 

 

 

ІІ

 

 

 

 

 

 

ІІІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: «Халқының ардақтысы-Ақан сері»тақырыбында ойтолғау жазып




















Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Буын, бунақ, ұйқасқа талдау. ( дәптермен, тақтамен жұмыс)

...Менің атым / сұрасаң / Ақан серің, а

Ғазірет Ғали / дүлдүлі/ тұлпар керім. а

Дүниеде / оған жетер/ ат бар ма еді, б

Өлді ғой / мен қайтейін, / Құлагерім ...а

4 тармақты,3 бунақты, 11 буынды қара өлең ұйқасы.

«Құлагер» өлеңін сатылай кешенді түрде өлең құрылысына талдау.

...Құлагер, шешең – сұңқар, әкең – тұлпар,

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.

Сен өлсең орның басар көк бесті бар,

Болады құдай қосса, о да тұлпар...

Авторы-

Тақырыбы –

Жанр түрі-

Идеясы-

шумақ саны-

Бунақ саны- буын-

Ұйқас түрі-

Әдеби теориялық ұғымдар-

Тәрбиелік мәні-

Ақан өмірі мен Құлагер өлеңінде қандай қасиеттерді байқай алдық?

Достық, мейірімділік, қимастық,

Жауыздық,әділетсіздік, қызғаныш.






Сұрақ

Жауап

1

«Бұл үйде …… бар ма,шықсын бері,»-деп хабар салады,жұрт жиналып қалады,осылайша екі ақынның айтысы да басталып кетеді.

Біржан салдың Сараға айтқаны

2

Қоскөлдегі қопа-қамысты мекен етеді.Ел арасында сан түрлі қауесет тарайды.

Ақан сері

3

Қыздарды мен не қылам қылаң-сылаң,

Қалайша ғашық отқа сабыр қылам?

Жаңартқан өмірімді қалқа бала,

Басы «жұм»,ортасы «мем»,аяғы «ләм».

 

 

Ақан серінің Жамалдың атын жұмбақтап айтқаны

 

VII.Тест жұмысы:

1. Ақан серінің өмір сүрген жылдары?

А)1834-1897жж.

Ә)1843-1913жж.

Б)1841-1918жж.

2. Ақанның жастық шағы өткен жер?

А)Баянауыл

Ә)Қаратөбе

Б)Көкшетау

3. Ақанға айттырған Фатима сұлу кімнің қызы?

А)Бекбос байдың

Ә)Шомайт қожаның

Б)Сүтемгеннің

4. Бір түгел екі жеңгең келіп отыр,

Рұқсат бізден сізге бар,……

А)Фатима

Ә)Ұрқия

Б)Қадиша

5. Ақанның құмай тазысының аты?

А)Қараторғай

Ә)Базаралы

Б)Көкжендет

6. Ақанның қолы жетпеген ғашығы кім?

А)Ұрқия

Ә)Бәтима

Б)Ақтоқты

7. «Ақан сері-Ақтоқты»пьесасының авторы?

А)С.Жүнісов

Ә)Ғ.Мүсірепов

Б)М.Әуезов

8. Ақан сері неше жасында қайтыс болды?

А)63

Ә)73

Б)70

9. Ақан сері Құлагерді қанша сом ақшаға сатып алады?

А)35 сом

Ә)45 сом

Б)25 сом

10. Ақан Уәлиахун медресесінде неше жыл оқиды?

А)2

Ә)3

Б)4

VIII. Үйге тапсырма: Ақан сері өмірі мен шығармашылығына реферат жазып келу.

IX. Қорытынды: Ақан кім? Ол туралы не білеміз?













Сабақтың тақырыбы: Ақан Сері. 11 сынып

Сабақ мақсаты:

1. Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, деңгейлік тапсырма арқылы оқушыларға жан-жақты білім беру.

2. Сөйлеу, материалды қабылдау қабілеттерін дамыту.

3. Өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекілік: портрет, ребус, магнитофон, кассета, кластер.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме? Бүгін сабақтың мақсатымыз мына жоспарды орындау.

Жоспар:

1. Тірек сөздерді табу.

2. Кластерді толтыру.

3. Кластер арқылы сөз тіркестрін, хабарлы, сұраулы сөйлем құрастыру.

4. Жаңа сөздермен жұмыс.

5. Мәтінді оқу,еркін аудару

6. Ребусты шешу.

7. Ребустың тапрсымасын орындау.

8.Үй тапсырмасын жазып алу.

9. Бағалау

10. Сабақты бекіту.

ІІ.Жаңа сабақ:

-Балалар, бүгін сабақта бір өнерлі, дарынды адаммен танысамыз. Онымен танысу үшін бізге негізгі тірек сөздер керек, сол сөздерді табу үшін мына сұрақтарға жауап беру керек.

-Ән айтатын адамды қалай атайды? (әнші)

-Өлең жазып шығаратын адамды қалай атайды? (ақын)

-Музыка жазатын адам? (композитор)

-Осымен, біздің негізгі тірек сөздеріміз табылды: ақын, әнші, композитор. Біздің дарынды адамымыз әрі ақын, әнші, әрі композитор болған. Осы сөздер арқылы кластер толтырайық.

І топ: Ол қандай адам болды деп ойлайсыңдар? 

(дарынды, атақты, тәрбиелі, қызық, әйгілі т.б)

ІІ топ: -Ол ақын, әнші, композитор болса, не істеген деп ойлайсыңдар?

(өлең жазды,ән айтты, ән шырқады, музыка жазды т.б.)

ІІІ топ: -Қанша өлең, ән, музыка шығарды деп ойлайсыңдар?

(мол, көптеген, сансыз, шексіз, бірсыпыра т.б.)

Мыhello_html_0.gifна кластерді толытырыңдар.


hello_html_0.gifhello_html_0.gifhello_html_0.gifhello_html_0.gifhello_html_0.gif
ақын әнші композитор

әhello_html_0.gifhello_html_0.gifhello_html_0.gifhello_html_0.gifйгілі дарынды ұлы 

әнhello_html_0.gifhello_html_0.gifhello_html_0.gif атты өлең жазды музыка шығарды

көп мол сансыз шексіз бірсыпыра

-Кластер арқылы сөз тіркесін, хабарлы, сұраулы сөйлем құрастырыңдар.

ІІІ деңгей: Ітоп. Сөз тіркесін құрастырыңдар

ІІ деңгей: ІІ топ. Хабарлы сөйлем құрастырыңдар

І деңгей: ІІІ топ. Сұраулы сөйлем құрастырыңдар.

-Осындай сырлы әні мен өткір сөзін сүйген халық оны «Сері» деп атаған.Ол кім деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс, бүгін Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығымен танысамыз.

-Мәтінді түсіну үшін жаңа сөздермен танысайық.

Жаңа сөздер:

жүйрік-быстроходный

сүйген қызы-любимая девушка

үйлене алмады-не мог женится

соққы-удар

басқаға ұзатты-выдали за другого

құмар болды-любил

-Осы сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

-Мәтін оқып,еркін аударыңдар.

Ақан Сері (Ақжігіт Қорамсаұлы)

( 1843-1913)

Дарынды әнші, композитор, әрі ақын Ақан Сері Көкшетау облысының Володаров ауданында Үлкен Қоскөлдің маңында дүниеге келген. Ол ауылда, содан кейін Қызылжарда оқыған. Ақан 17-18 жасында өлең жаза бастады. Оның өлеңдері мен әндері жастық, сұлулық, махаббат, жүйрік ат, табиғат туралы жазылған. Композитордың ән-өлеңдері сүйген қызы Ақтоқтыға арналған. Олар: «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар» т.б. Бірақ Ақан сүйікті Ақтоқтысына үйлене алмады. Қыздың әкесі оны басқаға ұзатты. Бұл-Ақанға үлкен соққы болды.

Ақан Сері жасынан жүйрік атқа құмар болған. Композитордың жан серігі-жүйрік аты Құлагер. Ол бәйгеге түскен. Бір бәгеде Құлагер мерт болды. Бұл оқиға композитор өмірінде екінші трагедия еді. Сонда Ақан «Құлагер» өлеңін шығарды. Ақан маңайына жас әнші-ақындарды жинаған. Өз мектебін ашқан .Серітері:әйгілі Балуан Шолақ, Жаяу Мұса , Естай ақын, Иман Жүсіп, Құлтума т.б.

-Мәтінге сұрақтар:

-Ақан сері кім?

-Ақан не істеген?

-Өлең мен әндері не туралы?

-Сүйген қызы кім?

-Жан досы қандай жануар еді?

-Ән шырқағанда қандай аспапта ойнады?

-Домбыра қай халықтың аспабы?

-Дұрыс, домбыра қазақ халқының ұлттық аспабы, домбыра үнін тыңдайық.

-Домбыра бөлшектері қалай аталатынын табу үшін, мынадай ребусты шешейік.

Ребус

-Домбыра бөлшектері құлақ, ішектер, мойын, тиек, шанақ.

ІІІ Бекіту:

ІІІ деңгей: І топ: Құлақтың тапсырмасы:

Сөйлем түрін анықтап, дефис қойылу себебін түсіндіріңдер.

ІІ деңгей: ІІ топ.Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңдер.

І деңгей: ІІІ топ. Тырнақша мен қос нүктенің қойылу себебін түсіндіріңдер.

Ақан 17-18 жасында өлең жаза бастады. Оның өлеңдері мен әндері жастық, сұлулық, махаббат, жүйрік ат, табиғат туралы жазылған. Композитордың ән-өлеңдері сүйген қызы Ақтоқтыға арналған. Олар: «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар» т.б.

ІІІ деңгей: І топ. Мойынның тапсырмасы:

Сұрақ-жауап құрастырыңдар.

ІІ деңгей: ІІ топ. Диалог құрастырыңдар.

І деңгей: ІІІ топ. Ақан Сері мен жан досын,сүйген қызын сипаттаңдар. 

ІІІ деңгей: І топ. Ішектің тапсырмасы:

«Дұрыс, бұрыс»

1. Ақан Сері Ақтоқтыға үйленді, олардың балалары болды.

2. «Ақ көйлек», «Аужар» өлеңдерін жүйрік атына арнады.

3. Ол ауыл молдасында оқыды.

4. Ақан Сері жасынан атқа құмар еді.

5. «Құлагер» өлеңін сүйген қызына арнады.

6. Ақан Сері өз мектебін ашқан.

ІІ деңгей: ІІ топ. Аудармасын сәйкес келтіріңдер.

1. Акан открыл школу.

2. С детства учился у муллы.

3. Он любил лошадей.

4. «Құлагер» посвятил своей девушке.

5. Они поженились,у них были дети.

6. «Ақ көйлек», «Аужар» песни посвятил своей лошади.

І деңгей: ІІІ топ. Дұрыс па әлде бұрыс па соны дәлелдеңдер.

Ү/т.

ІІІ деңгей: І топ. Ақан Серінің Ақтоқтымен танысуы туралы әңгімелеу.

ІІ деңгей: ІІ топ. Ақан Серінің мектебі туралы әңгіме құрастыру.

І деңгей: ІІІ топ. Ақан Сері мен Ақтоқты туралы бір оқиға ойластыру.

Бағалау.

Сабақ қорытындысы:

Енді шанақтың тапсырмасы: «Ыстық орындық» бір оқушыға бәрің бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қойыңдар.





















Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913) = 70 жас 
Сабақтың мақсаты: а) білімділік - Ақан сері Қорамсаұлының өнері туралы білу, оның 
бітім - болмысын, өмірдегі трагедиясын тану;
ә) тәрбиелік - қазақ халқының өнерімен таныстыру, халық өнерін 
бағалай білуге тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, тапқырлыққа 
тәрбиелеу.
б) дамытушылық - ізденуге, ой қорытуға, ойын жүйелі, шешен
тілмен жеткізе білуге жетелеу, оқушылардың танымдық деңгейін 
көтеру, ауызекі сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету, сын тұрғысынан
ойлау қабілеттерін дамыту; 
Сабақтың типі: Танымдық сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, топтастыру, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: Сабаққа қажетті плакаттар, компьютер, Ақан сері портреті, Ақан серінің шығармашылығына арналған кітап көрме, баспасөз материалдары, домбыра, ән және өнер туралы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ән - күй.
Күтілетін нәтиже: Нақыл сөздер.
Ақан сері - эстетикалық сезімі нәзік, сұлу, талғампаз, пирик ақын. Халқы ардақтаған Ақанның жан-жақты таланты мен оның еліне, Құлагеріне деген махаббаты негізінде оқушыларды адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелей отырып, көркемөнерді бағалай білуге баулуды, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру. 
Сабақтың эпиграфы: "Оның өнері - ертегідей әдемі, сұлу өмір". М.Жұмабаев.

hello_html_0.gif


























II. Топтастыру.
1. "Құлагер" тобы.
2. "Қараторғай" тобы

hello_html_0.gif


V. Бес жолды өлең 

hello_html_0.gif










Ақан сері Қорамсаұлы

Ақан сері Қорамсаұлы

Сабақтың тақырыбы: Ақан Қорамсаұлы

Сабақтың мақсаты: Білімділік – ақынның  адамгершілік ізгілік мәселесін көтерген,  достық, махаббат еркіндігін  аңсаған лирикаларын талдау,  лирикалық қаһарман бейнесін ашу;  дамытушылық – Ақан сері  өлеңдерін талдау, барысында сұлулыққа, әсемділікке лайық бейнелі сөз кестелерін табу оқушыны шығармашылыққа ізденіске баулу; тәрбиелік – оқушыны әдемілікке, әдептілікке   шынайы, мөлдір сезімді қастерлеуге, ізгілікке тәбиелеу.

hello_html_0.gif

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өзіндік  ізденіс  жұмыстары.

Сабақтың көрнекілігі: Ақан  сері  суреті, шығармашылық жинағы зерттеу еңбектер,  интерактивті  тақта. 

Сабақтың барысы:

I   Ұйымдастыру  кезеңі.

Сынып оқушыларын сабаққа бейімдеу, сабақтың өту тәртібімен таныстырып, назарын сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап.

III  Жаңа сабақ.

  1. Ақан шығармашылығы  –  рухани тазалықтың, әсемділіктің үлгісі.

  2. Ақан  – сезімі нәзік, толғампаз ақын.

  3. Ақынның махаббат лирикасындағы поэтикалық сөз бедері.

  4. Ойтолғау

Ақан сері – сегіз қырлы, бір сырлы, ұлы талант иесі. Ақынның шығармашылық өнері – тазалықтыңәсемділіктің көрінісі. Ол жай ғана ақын емес, әнші-ақын, өзі шығарған өлеңін өзі әнге салып, домбырада ойнап, өзі орындаған. Бұндай өнер иелері  қазақ  әдебиеті мен мәдениеті тарихында біздің ұлттық өнеріміздің мақтанышы  болған, сондықтан (Біржан, Ақан, Мұхит, Ыбырай, Жаяу Мұса, Естай т.б.) бұлар ақындық пен композиторлық жалын бастаушылары еді.

Ақан жас кезінен  ұғымтал, өте сирек болып өседі. Жасынан-ақ  ән-жырға әуес болып 16-17 жасында-ақ қолына  домбырасын алып, ән салып, өлең шығара бастайды.

Ақанның  махаббат  туралы  өлеңдері – лирикаға толы, сезімтал, шыншыл өлеңдер. Ол жастық, бозбалалық сезімді қызықтады, адал  достықты, махаббатты   ардақтады.  Оның махаббат  туралы  лирикалық  өлеңдеріндегі  кейіпкерлері  махаббатты  шын  құрметтеген  қазақтың  сұлулары  мен  арулары  еді

Ақынның  әсем ,  сазды  әндері  “Сырымбет” ,  “Үш  тоты” ,  “Мақпал” ,  “Балқадиша”,  қай-қайсысы  болса  да  сұлулықты  сүйген, соған табынған жанның  өмірдегі  бейнесі  еді.

Әйелі  төмен  етекті  санаған  заманда  оларды  осынша дәріптегенің  Ақанның махаббат  туралы  өлеңдерін  талдау  арқылы көз  жеткіземіз. Ақан сері 1843  жылдың қыркүйек айында дүниеге келген.

Міне, осындай  ел  қайғысы  мен  өз қайғысы  қосыла  келіп.  Ақан жанын жегідей жеп, жүрегі  сыздатады.  Өз  қайғысы  дейтініміз – алған  жарларының  бірінен кейін  бірі  қайтыс  болуы, сүйікті  аты  Құлагердің  мерт  болуы,  Базаралы  деген  тазысы,  Көкжендет деген қаршығасы,  Қараторы  атты  қыран  бүркітімен  айырылуы. Осылар  ақынның  дертке  ұшырауына,  өмірден  түңілуіне  әкеп  соғады.  Өмірдің  соңында  елден оқшауланып,  елсіз  тауда  жалғыз  күнелтеді.  Ақан жанын түсінбеген  қараңғы ел оны  “Жынданды”  есептейді. Осылайша  Ақанда  Біржан  сал  секілді  өмірінің  аяғында  трагедиялы  ауыр хал  кешіп, 1913 жылы дүниеден  өтеді.

Ақанның  жас  шағындағы  өлеңдерінің  басым  көпшілігі  адам  жанының нәзік  сезімдеріне,  көңіл-күй  иірімдерінің   әсері  мен  әдемілігіне  құралған. Ә  дегенде  ауызға  ілінетін – сүйіспеншілік, ғашықтық ынтызарлыққа  толы  өлеңдері.

IV  Қорытынды, бағалау.

Үйге:    поэмалардан  өздеріне  ұнағанын  жаттау келу.













Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:Ақан Сері Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығы. 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ақан Қорамсаұлының өмір жолы мен шығармаларына толық тоқталып,өлеңдері мен әндерінің мазмұнын ,идеясын, шығу тарихы мен тақырыбының ерекшелігін түсіндіру.

Дамытушылық:  Оқушының тіл байлығын дамыту, тіл мәдениетін қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін, танымдық дағдыларын дамыту және ойлау қабілетін, ой белсен-ділігін,әсемділік,сезімталдыққа баулу.

Тәрбиелік:  Атақты адамдар өмірінен үлгі алып,елінің саналы азаматы болуына тәрбиелеу.Ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, өнерге баулу. Қоғамдық идеялық көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, сұрақ -жауап, топтық жұмыс, т.б

Пәнаралық, пәнішілік байланыс: Музыка

Сабақтың көрнекілгі: слайд, интерактивті тақта,оқулық, таратпа материалдар,  т.б.

Сабақ  барысы: 

   I     Ұйымдастыру кезеңі-2 мин

   II   Үй тапсырмасын тексеру, қайталау-8 мин

   III  Жаңа сабақты  түсіндіру-18 мин

   IV   Жаңа  сабақты  бекіту -12 мин

   V   Бағалау -3 мин

   VI   Үйге тапсырма беру-2 мин

Автор
Дата добавления 08.02.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1945
Номер материала 373111
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх