Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / "Ақан сері Қорамсаұлы «Сырымбет»,«Балқадиша» өлеңдері" (10-сынып)

"Ақан сері Қорамсаұлы «Сырымбет»,«Балқадиша» өлеңдері" (10-сынып)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ әдебиеті 10 сынып

Сабақтың тақырыбы : Ақан сері Қорамсаұлы«Сырымбет»,«Балқадиша» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: А)Білімділік: Оқушыларға Ақан серінің «Балқадиша», «Сырымбет» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу,Ақан серінің махаббат лирикасының өзіндік ерекшелігін айқындау;

Ә)Дамытушылық: Жеке тұлғаның өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге, алған білімдерін өз бетінше қолдануға, шығармашылықпен іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық белсенділігінің артуына жағдай жасау.

Б)Тәрбиелік: Ақан серінің бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алуға, нәзік сезімді,сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: зерттеу ,баяндау, сұрақ-жауап,мәтінмен жұмыс,сатылай кешенді талдау

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, «Бес ғасыр жырлайды»,С.Жүнісов «Ақан сері»

Пән аралық байланыс: География

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Ал, енді құрметті оқушылар 2 топқа бөлінелік. Қызғалдақ және бәйшешек гүлдерін таңдап,сол арқылы екі топқа бөлінеді.Шашылған әріптер арқылы топ атын құрастырады.(Сезім, іңкәр)

Ақан сері- ұлы тұлғаларымыздың бірі.Елі ерекше сыйлап,сері атандырған Ақан әнімен бүкіл Арқаны жырға бөлеп,халқына өмір үшін күрестің сырын шерткен.Оның өмірін Мағжан «ертегідей әдемі,сұлу өмір»,-десе,Ілияс атақты «Құлагер» поэмасында:

...Лермонтов болмағанмен,біздің Ақан

Кісі ме еді ақындықтан құр алақан,

Ортасын олқы көрген бұл да дара,

Имеген иттерге бас,сері дарқан,

Ә) «Қызығушылықты ояту » кезеңі.Өткен сабақты еске түсіру.Үй тапсырмасына Ақан серінің «Құлагер» өлеңіне планшет дайындап келіңдер деген тапсырма берілген болатын.

  1. « Ақан сері» есімін естігенде ойларына ең бірінші не түседі?

  2. Ақан серінің пырағы қай шығармаға арқау болды ?

3.Ақан сері Қорамсаұлының пырағы жайлы жазылған шығарманың авторы кім?

4. Неліктен Ақан сері үшін Құлагер өлімі ауыр қайғыға айналды?

5.Ақан сері мұрасын зерттеуші ғалымдар кімдер?

6.Сал-сері дегеніміз кімдер ? Олардың қандай айырмашылығы мен ұқсастығын білесіңдер?

акан серіBirzhan_sal_1.jpg

Сал

Сері























«Мағынаны тану» . Жаңа сабақ

Оқушылар Ақан серінің « Балқадиша», «Сырымбет» өлеңін электронды оқулықтан қарап, оқып,әнді тыңдайды.

Ең алдымен Ақан серінің «Балқадиша» әнін тыңдаңыздар.Тыңдау барысында «Балқадиша» әнінің мәтінін жинап, домбыраны құрастырыңдар.



Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша,

Бұралып белің нәзік тал,Қадиша.

Жиылған осы тойға қалың қыздың

Ішінде қара басың – хан Қадиша.

Дегенде Балқадиша,Балқадиша,

Боларсың біздің сөзге зар , Қадиша.

Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

Боларсың қандай жанға жар ,Қадиша

Баласы Ыбекеңнің,бал Қадиша,

Есілді өрлей біткен тал, Қадиша .

Жеңгеңіз қайтайық деп асығып тұр,

Рұқсат бізден сізге , бар Қадиша

Сонымен мына нұсқаны Ақантанушы ғалымдар дәлелдеген(Илья Жақанов,Тұрсынбек Кәкішев)

Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша,

Есілді өрлей біткен,шіркін-ай,тал Қадиша!

Сексен қыз серуенге шыққан кезде,

Ішінде қара басың,па шіркін,хан Қадиша!

«Балқадиша» өлеңін сатылай кешенді талдаңдар

  1. Тақырыбы--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  2. Идеясы-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  3. Шумақ--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  4. Тармақ-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  5. Бунақ--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  6. Буын саны---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  7. Ұйқас түрі----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  8. Әдеби теориялық ұғымы-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Түйін--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ақан серінің сүйіктісі Ақтоқтыға арнаған «Сырымбет» әнін тыңдаңыздар.Тыңдау барысында « Сырымбет» әнінің мәтінін жинап, домбыраны құрастырыңдар.

Аулым қонған Сырымбет саласына,

Ғашық болдым ақсұңқар баласына.

Бидайыққа лайық,қарағым-ай,

Бөктергіге жем болып барасың ба?



Ауылым қонған Сырымбет жел жағына,

Артық туған бала едің ел бағына.

Лашын құсқа лайық қарағым-ай,

Бөктергінің іліндің тырнағына.



Алтын қайық жарасар күймесімен,

Назым тартпас бұлбұл құс сүймесімен.

Қоскөл жаққа таныса киіп барған

Бешпентіңді бер қалқам түймесімен.



« Сырымбет »өлеңін сатылай кешенді талдау

1. Ақан сері Қорамсаұлы

2.« Сырымбет»

3 .Тақырыбы : Сүйіктісі Ақтоқтыға арнаған махаббат лирикасы

4.Идеясы: Сүйгенін аңсау

5.Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. - шумақ

6.Тармақ – өлеңнің әр жолы. -- тармақ

7.Бунақ – белгілі дауыс ырғағымен бөліну.

Ауылым// қонған Сырымбет// саласына,//

Ғашық болдым ақсұңқар баласына

8.Буын саны- сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты.

Бидайыққа лайық,қарағым-ай,

Бөктергіге жем болып барасың ба ? 10-11 буынды өлең

Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы ааба

9.Әдеби –теориялық ұғымдар

Теңеу

Эпитет Ақ сұңқар баласына,артық туған бала,алтын қайық, бұлбұл құс

Метафора Бөктергі, лашын

10.Өлеңнің негізгі түйіні.



Өлеңдегі таныс емес сөздерді табыңдар.

Назым тартпас бұлбұл құс сүймесімен (көңілім қалмас)

1-топқа.«Сырымбет » өлеңнің бірінші шумағын құрылысына талда.

Аулым қонған Сырымбет саласына,

Ғашық болдым ақсұңқар баласына.

Бидайыққа лайық,қарағым-ай,

Бөктергіге жем болып барасың ба?

2-топқа .«Сырымбет » өлеңін құрылысына талда

Ауылым қонған Сырымбет жел жағына,

Артық туған бала едің ел бағына.

Лашын құсқа лайық қарағым-ай,

Бөктергінің іліндің тырнағына.



Алтын қайық жарасар күймесімен,

Назым тартпас бұлбұл құс сүймесімен.

Қоскөл жаққа таныса киіп барған

Бешпентіңді бер қалқам түймесімен.

1-топқа. «Балқадиша» өлеңінің бірінші шумағын құрылысына талда.

Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша,

Бұралып белің нәзік тал,Қадиша.

Жиылған осы тойға қалың қыздың

Ішінде қара басың – хан Қадиша.

2-топқа. «Балқадиша» өлеңін құрылысына талда.

Дегенде Балқадиша,Балқадиша,

Боларсың біздің сөзге зар , Қадиша.

Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

Боларсың қандай жанға жар ,Қадиша

Баласы Ыбекеңнің,бал Қадиша,

Есілді өрлей біткен тал, Қадиша .

Жеңгеңіз қайтайық деп асығып тұр,

Рұқсат бізден сізге , бар Қадиша

1-топқа..Ұйқасын тап.

Аулым қонған Сырымбет жел ................................,

Артық туған бала едің ел ................................

2-топқа. Өлеңнің жалғасын тап.

Алтын қайық ..................,

Назым тартпас ......................

1-топқа. Өлең жолдарын толықтыр.

Дегенде Балқадиша,Балқадиша,

.............. сөзге зар , Қадиша.

Бұлаңдап ................. жүрген басың,

........................... жанға жар ,Қадиша

2-топқа. Ұйқасын тап.

Баласы Ыбекеңнің, ..............,

Есілді өрлей ......................... .

Жеңгеңіз қайтайық деп асығып тұр,

Рұқсат бізден ...................................

«Сырымбет», «Балқадиша» өлеңдерін көркемдік ерекшелігіне талдау жасаңдар.

1-топқа . Өлең жолдарында троптың қай түрі кездеседі ?

Аулым қонған Сырымбет саласына,

Ғашық болдым ақсұңқар баласына.

Бидайыққа лайық,қарағым-ай,

Бөктергіге жем болып барасың ба

2-топқа.Өлең жолдарындағы эпитеттерді тап?

Ауылым қонған Сырымбет жел жағына,

Артық туған бала едің ел бағына.

Лашын құсқа лайық қарағым-ай,

Бөктергінің іліндің тырнағына.



Алтын қайық жарасар күймесімен,

Назым тартпас бұлбұл құс сүймесімен.

Қоскөл жаққа таныса киіп барған

Бешпентіңді бер қалқам түймесімен.

1-топқа. Өлеңде кездесетін көркемдегіш сөздерді тап?

Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша,

Бұралып белің нәзік тал,Қадиша.

Жиылған осы тойға қалың қыздың

Ішінде қара басың – хан Қадиша.

2-топқа. Өлең жолдарында фигураның түрлерін және көркемдегіш сөздерді тап?

Дегенде Балқадиша,Балқадиша,

Боларсың біздің сөзге зар , Қадиша.

Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

Боларсың қандай жанға жар ,Қадиша

Баласы Ыбекеңнің,бал Қадиша,

Есілді өрлей біткен тал, Қадиша .

Жеңгеңіз қайтайық деп асығып тұр,

Рұқсат бізден сізге , бар Қадиша

«Ақан серіге арнау» (шығармашылық тапсырмалар арнау,ой-толғау,сурет)

Ақынның поэзия тілімен салған суретін: табиғат көрінісін, сұлу қыздың сипатын,жан тебіренісін, Сырымбет тауында ән салған ақынның нәзік сезімін өз түсінгендерің бойынша айтып,пікір көзқарастарыңды білдіріңдер.

Бекіту.

Ақан сері – жырына сусындаған әрбір жүректің төрінен орын алатын ұлы тұлға. Ол- бүгінгі жыр сүйер жанның сырласы, мұңдасы, ақылшысы.

1. Ақан сері ақын ретінде не қалдырды?

2. Ақан серінің қай өлеңі сіздің жүрегіңізге жақын? Себебін түсіндіріңдер?

3. Ақан серінің махаббатқа,сұлулыққа арналған өлеңдері

Қорытынды. Ақан серінің «Балқадиша», «Сырымбет» өлеңдері жас ұрпақты сұлулыққа,нәзік сезімге тәрбиелейді.

Кері байланыс

Бағалау. Оқушылардың білімі балдық жүйемен ашық журналға қойылады.

Топтың аты

Үй тапсырмасы

Мәнерлеп оқу

Өлеңді талдау

Ой толғау

Қорытынды

Бағасы


Сезім







Іңкәр







Үйге тапсырма: Ақан серінің «Балқадиша», «Сырымбет» өлеңдерін

жаттап,көркемдік ерекшелігіне талдау.


















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы : Ақан сері Қорамсаұлы«Сырымбет»,«Балқадиша» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: А)Білімділік: Оқушыларға Ақан серінің «Балқадиша», «Сырымбет» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу,Ақан серінің махаббат лирикасының өзіндік ерекшелігін айқындау;

Ә)Дамытушылық: Жеке тұлғаның өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге, алған білімдерін өз бетінше қолдануға, шығармашылықпен іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық белсенділігінің артуына жағдай жасау.

 

Б)Тәрбиелік: Ақан серінің бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алуға, нәзік сезімді,сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу. 

Автор
Дата добавления 02.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1450
Номер материала 470900
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх