Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Ақан сері Қорамсаұлының өлеңдеріндергі заман мен заман адамының смпаты
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ақан сері Қорамсаұлының өлеңдеріндергі заман мен заман адамының смпаты

библиотека
материалов

Ақан сері шығармаларындағы заман мен заман адамының сипаты


Үй тапсырмасы – Ақан серініңң өмірі мен өмір сүрген қоғамның ерекшеліктері мен шығармашылығы – әдеби-мәдени мұрасы туралы оқушылардың жинаған мәліметтері мынандай кестеге түсірілді:


Ақан сері өмір сүрген қоғам сипаты

  • ХІХ ғасырда қазақ қоғамында, бір жағынан, Қоқан хандығының, екінші жағынан, Ресей патшалығының отарлау саясатының өріс алды.

  • Патша үкіметі қазақ елін басқарудың жаңа жүйесін қалыптастырды;

  • Қазақ елі өзін-өзі басқару құқынан айрылып, генерал –губернаторлық әкімшілік-басқару тәртібін орнату жобасын жүзеге асыра бастады.

  • Қазақ даласында капиталистік элементтер кең өріс ала бастады.

  • Жаңа қоғамдық қатынастар халыққа жайлы болмады, тұрмысы күннен-күнге нашарлай бастады, әсіресе, халықты есепсіз салық титықтатты.

  • Омбы, Орынбор, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларынан соң орыс отаршылары XIX ғасырда Жетісуға жетіп, 1854 жылы ежелгі Алматы кентінің орнына Верный бекінісін тұрғызды. Ал, бұдан бір жыл бұрын Орынбор жақтан генерал Перовский басқарған орыс әскері қоқандықтардан Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласын басып алған болатын.

  • Ресей отаршылары енді Талас, Шу аймағына, одан әрі Орта Азияға көз аларта бастады. Бұл кезде Қоқан зекетшілері Оңтүстік Қазақстанды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады.

  • 1863 жылы Ресей патшасы Александр I Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу үшін бас штабтың полковнигі Михаил Григорьевич Черняевты қолбасшы етіп тағайындады.

  • М. Г. Черняев 1864 жылы Омбы генерал губернаторы А. Дюгамельдің қарамағына жіберілді. Орыс дипломаттары қоқандықтарды әлсірете түсу үшін Бұхар әмірімен байланыс жасап, оны да ортақ жауына қарсы көктемде жорыққа шығуға итермелеген.

Ақан серінің өмірі

  • Ереймен жақта Сағынай деген атақты кісінің асына арнайы шақырылғанда, күндеушілері көп Ақан барғысы келмеген деседі. Бірақ ауыл-елдің беделді адамдарды кеу-кеулеп, Ақан Құлаге-рі арқылы тағы бір абырой алмақ болады. Бұл Құлагер үшін соңғы бәйге болып, қасіретпен аяқталады. Қастасқан жаулары Серінің атын өлтіріп, Ақанға қатты соққы береді.Соңғы жұбанышы, қызығы болып жүрген сәйгүлігінің бұл өлімі онсыз да қам көңіл Ақанды зар еңіретеді. Ол айтқан "Құлагер" әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.

Қазақтың ерке серісі, қазақ әндерінің шоқтығы биік өнер қайраткері, Арқаның асқақ әншісі Ақан серіге осы қайғы- қасірет ауыр тиіп, ақын 1931 жылы қайтыс болады.

  • Ереймен жақта Сағынай деген атақты кісінің асына арнайы шақырылғанда, күндеушілері көп Ақан барғысы келмеген деседі. Бірақ ауыл-елдің беделді адамдарды кеу-кеулеп, Ақан Құлаге-рі арқылы тағы бір абырой алмақ болады. Бұл Құлагер үшін соңғы бәйге болып, қасіретпен аяқталады. Қастасқан жаулары Серінің атын өлтіріп, Ақанға қатты соққы береді.Соңғы жұбанышы, қызығы болып жүрген сәйгүлігінің бұл өлімі онсыз да қам көңіл Ақанды зар еңіретеді. Ол айтқан "Құлагер" әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.

Қазақтың ерке серісі, қазақ әндерінің шоқтығы биік өнер қайраткері, Арқаның асқақ әншісі Ақан серіге осы қайғы- қасірет ауыр тиіп, ақын 1931 жылы қайтыс болады.

Ақан серінің әдеби-мәдени мұрасы

Ақан серінің әндері мен күйлерін алғаш нотаға түсіріп, жазып алғандар :

ХІХ ғ. ІІ жартысында қазақ әндерін жазып алуда С.Г: Рыбаков көп еңбек сіңірген. Ол 100- ден астам қазақ әндерін жинаған. Ақанның 40- тан астам әндері бар. Сол әндерді алғаш нотаға түсіріп, жазып алғандар :Александр Затаевич, Ахмет Жұбанов, Борис Ерзакович, Михаил Лалинов, Елу­ге жуық му­зыка­лық мұра­сы қазақ мәде­ни­етінің ал­тын қоры­на енді. Оның шығар­ма­ларын белгілі әншілер Әміре Қаша­убаев, Жүсіпбек Еле­беков, Ма­нар­бек Ер­жа­нов, Жәнібек Кәрме­нов, т. б. ел игілігіне ай­нал­дырды.

Қазақстан ком­по­зитор­ла­рының сим­фо­ни­ялық және опе­ралық шығар­ма­лары­на кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бас­та­ды.

Серінің өмірі мен тағды­ры ту­ралы Іли­яс Жансүгіров «Құла­гер» по­эма­сын, Ғабит Мүсіре­пов «Ақан сері – Ақтоқты» дра­масын, Сы­дық Мұха­мед­жа­нов «Ақан сері - Ақтақты» опе­расын, Сәкен Жүнісов «Е.Брусиловский "Жалбыр" операсына Ақан серінің "Құлагер", "Балқадиша" әндерін қолданса, Д.Мапуцин "Балқадиша" әнінің тақырыбына вариация жазған.

  • Дидактикалық сарындағы өлеңдері: «Заманға қарап айтқан сөз», «Жақсы мен жаман», «Адамның біліміне ақыл серік», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Жігіттерге». «Достарыма», «Әйелдер сипаты», «Асыл мен жасық»,

  • Аңшылық-саятшылық туралы ән-өлеңдері: «Мылтық пен мергеншілік»,, «Қараторғай», «Көкжендет»; «Маңмаңгер»

  • Махаббатты жырлайтын ән-өлеңдері: «Сырымбет», «Балқадиша», «Қалқа бала», «Гауһартас»,.

«», «Мақпал қыз», «Қыз сипаты», « Сүмбіл шаш», « Көңіл жыры», «Нұрила», «Ақшабақ» , «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Ақтоты», «Ақ көйлек», «Үш тоты құс», «Кербез сұлу», «Перизат», «Жамал қыз»,



ІІІ Ұжымдық жұмыс:

Зерттеу жұмыстарының нәтижесі мынандай кестеге түсірілді:


Зерттеу нәтижесінің кестесі


Тарихи кезең сипаты


  • 1868 жылдың 21 қазанында Александр ІІ патша Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқаруға байланысты «Уақытша ережені» бекіту туралы жарлыққа қол қойды.

  • «Уақытша ережені » қабылдаған кезден бастап Ақмола облысы 5 уезден тұрды. Олар: Омбы, Петропавл, Көкшетау, Атбасар, Ақмола уездері.

  • 1867-1868 жылдардағы реформа бүкіл Қазақ жерін қамтыды. Онда үш генерал – губернаторлық әкімшілік құрылды. Әрбір генерал – губернатолық болыстарға бөлінді.

  • Орынбор генерал – губернаторлығы – Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сібір генерал –губернаторлығы – Ақмола және Семей облыстарын, Түркістан генерал – губернаторлығы – Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды.

  • Әкімшілік бөлініс былай болды: әр облыс - уездерден, әр уезд – болыстардан, әр болыс ауылдан тұрды.

  • Облыстардың басына әскери губернаторлар тағайындалды. Оларды патша үкіметі өзі тағайындайды. Уезді уезд бастығы басқарды. Оны ресейлік шенеуніктер қатарынан әскери губернатордың өзі тағайындайды.

  • Әкімшілік басқарудың ең төменгі екі сатысында болыстар мен ауыл старшындары тұрды. Олар жергілікті ақсүйектерден іріктеліп алынды.

  • Қазақтың бүкіл аумағында бір тұтас «түтін салығы» енгізілді. Ол жыл сайын бір рет әр үй басынан ақшалай алынып тұрды. Салықтың көлемі 3 сом төңірегінде болды. Жеңілдіктер Айшуақовтар әулеті мен Кенесар ханның қолынан қаза тапқандардың жанұясына жасалынды.

  • 1885- 1893 ж.ж. аралығында ғана Ақмола облысында қазақтардан 251779 десятина жер тартып алынып, ер адамдар саны 10940 болатын 24 қоныс аудару учаскесін құрылды.

  • 1861 жылдары Ақмола облысында қазақ балаларын оқытуға арналған 14 қана мектеп болса, 70- жылдың соңында 2767 оқушысы бар 76 оқу орны болды: олардың ішінде 1 қазақ мектебі

( 27 оқушы), ер балалар оқитын 4 татар (231 оқушы) мектебі, қыздар оқитын 4 мектеп (44 оқушы) болды.

  • 1898 жылы Ақмола облысында мектеп жасындағы балалардың саны 61106 болса, олардың 88% мектепке тартылмай қалды.

  • Реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Бұл реформалар қазақ жерін Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті. Қазақтың кең байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне айналды.


Қоғам. Оқиға. Тұлға.








Мазмұн. Тақырып. Идея.

«Замана адамы» өлеңі

Мазмұны:

Ел басқарып отырған әкімдердің қарапайым халыққа жасаған қиянаты, өздерінің қалтасын толтыру үшін қандай да болса арамзалыққа дайын екендіктері екендіктерін, оларға ешқандай сенім артта алмайтындығы туралы.

Тақырыбы:

Ресей патшалығының отарлау саясаты тұсындағы ел тағдыры

Идеясы:

Қазақтың еркіндігін, ынтымақ – бірлігін аңсау


«Пара-пар крестьянға тең болмадық» өлеңі

Мазмұны: Ресейден көшіп келе жатқан орыс шаруаларына қазақтың жерін беріп, қазақтарды атамекенінен қудалау арқылы ақынының отарлау саясатына наразылығы

Тақырыбы: Ресей патшалығының қазақ жеріндегі отарлау сясаты туралы

Идеясы: Ресей патшалығының отарлау саясатын сынау, қазақтың қаймағы бұзылмаған дәуірін аңсау



«Балқадиша» өлеңі

Мазмұны:

Атағы жер жарған Ыбырай байдың ерке өскен қызы Қадишаның бойындағы асыл қасиеттерімен бірге, жас қыздың болашағынан алаңдаушылықты білдіру

Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

Боларсың қандай жанға жар , Қадиша ,- деген өлең жолдары соған айғақ.

Тақырыбы:

Қазақ қыздарының бас бостандығының болмауы туралы

Идеясы:

Қазақ қыздарының еркіндігін аңсау, өз теңіне қосылуды дәріптеу


«Құлагер» өлеңі

Мазмұны:

Өлеңнің мазмұнына Ереймен өңіріндегі атақты бай Сағынайдың асында дұшпандарының қолынан мерт болған Құлагер аттың бойындағы қасиеттерді жырлау арқылы ақынның қайғы қасіреті арқау болған.

Тақырыбы:

Құлагерінен айырылған Ақан серінің жан күйзелісі

Идеясы:

Ақынның қатігездікке қарсы ашу-ызасы мен ащы зарын таныту.


ІІ Ұжымдық жұмыс:

Зерделеу жұмыстарының нәтижесі мынандай кестеге түсірілді:


Зерделеу жұмыстарының кестесі

Тарихи деректер

Ақан серінің әсерлі, сазды әндері ( 40- тан астам) жүрекке жылы тиер, жан толқытар тамаша әуенде жазылған. Ақын өлеңдерінде тұрмыстық, қоғамдық өмірдің күрделі әлеуметтік проблемалары көрініс тауып, адамның ар – намысын аяққа басатын ескілік қалдықтарына және әлеуметтік теңсіздікке қарсылық шебер бейнеленеді.

( «Қазақстан тарихы» 3 том, «Атамұра» баспасы. Алматы, 2002 жыл.

Құлагер жай жетелеп жүргенде жүйрік атқа ұқсамайды екен, аяғын ілбіп қана маң – маң

Басып жүреді екен. Сол жүрісінің ырғағымен Ақан «Маңмңкер» атты тамаша ән шығарған. Бұл –жұмсақ, нәзік, кербез ән. Аздаған мұңы бар. Мүмкін, нәзік жүректі әнші күллі елдің атын шығарған сәйгүліктің жүрісі арқылы ерте қайтыс болған екі ғашығы Фатима, Ұрқиямен көңіл қоса алмағанына өкініш, мұңын білдірген шығар...

(Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы” 2006 жыл, 239- бет)

Соңғы жұбанышы , қызығы болып жүрген сәйгүлігінің өлімі онсыз да қам көңіл Ақанда зар еңіретеді. Ол айтқан «Құлагер» әнін осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады. Бұл оқиғаны дауылпаз ақын І. Жансүгіров «Құлагер » атты поэмасында бейнелеген.

Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы” 2006 жыл, 240- бет)


90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алады. «Жүсіп төреге», Орынбай, Нүркей тағы басқалармен айтысы толық сақталмаған. Толығырағы – Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан ел – жұртын тірек тұттады (Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын) , ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді. Ақан серінің елдің жер – судан, қоныстан айырылуын а наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді.


Тарихи маңызы


Әдеби дәйектер

Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы , алғыр бүркіт Ақанда болады. Қалың Қарауылдың, ойын – тойдың көркі Ақан сері болды. Біріне бедеу мінгізіп, біріне бүлде кигізіп дегендей 15- 20 жігітті өзі тәрбиелеп нөкер қылып отыр.

Жүргенде сол жігіттердің алдында қол бастайтындай оқшау отырады.

Біресе ақбоз атқа мініп , ақ киген,

Біресе қара атқа мініп қара киген.

Біресе топырға мініп күрең киген.

Басында бұлғақтаған үкі, қолында үкілі домбыра, аузында ән . Жігіттердің бәрі балуан, бәрі әнші. Бірақ Ақан серінің әні өзгеше. Даланы күңірентіп Ақан сері ән шырқаса, би билігін, кемпір өрмегін, сұлу кестесін қойып, таңырқап тыңдай қалады. (М. Жұмабаев. «Ақан сері» . Алматы . 1924 ж. 36- бет)

Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай – Қарауылдың болысы сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Ақын «Замана адамы» өлеңінде ел билеген әкімдерді «Бәрі баймен балғалас, сөзі бір боп,

Би, болыс, бара алмаймыз ауылнайға,»- деп ел әкімдерінің бір – бірімен сыбайластығын, олардан ешқандай қайыр жоқтығын шындықпен сынай жырлайды. Қонысынан айырылған елдің мұң – мұқтажын ақын халық атынан айтады.

1986 жыдың «Жұлдыз » журналының № 6 санында қазақ әндерінің зерттеушісі , жазушы сазгер Ілия Жақановтың Ақан серінің Құлагеріне қатысты мақаласы жарияланады. Бізге мәлім болғандай І. Жансүгіровтің «Құлагер » поэмасы Құлагерге қатысты тұңғыш жазылған әдеби де, тарихи да туынды болатын. Құлагердің ажалына себеп болған Батыраш деп жырланады.

Нән жуан менмен кеуде, намыс ері,

Суық қол Батыраштың жібергені, - деген өлең жолдарынан Батыраш байдың қастандығын айқын көреміз.

Бірақ Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» атты деректі очеркінде басқаша сипатталады. Очеркте жазылған деректерде Құлагерді Батыраш емес, Барақбайдың шабарманы Бөрібай өлтірді деп жазады. Мағжан бұл деректерді Ақанның көзін көрген Баялы Мырзаұлы, Қазы Самыратұлы, Қоқыш Шыңғысұлы, Ысмағұл Бозайұлы сынды сауатты адамдардың аузынан естіп, қағазға түсіргендігін айтады.

Әдеби маңызы


Ұжымдық жұмыс:

Зерттеу, Зерделеу жұмыстарының нәтижесі қорытындыланып, тұжырым жасалып, нәтижесі кестеге түсірілді:

Түйіндеу

Ақан сері – өмір шындығын терең жырлаған өз заманының асқақ ақыны. Оның ақындық мұрасы идеялық – тақырыптық жағынан 2 топқа бөлінеді. Алғашқысы жастық шақ, махаббат, аңшылық, саятшылық тақырыбы болса, екіншісі өзі өмір сүрген заманның ащы шындығын жырлаған шығармалары еді. Ақан сері – өзінің артында көптеген ән қалдырған аса талантты халық композитерлерінің бірі.. Оның ән шығармашылығы - жанрлық жағынан да, тақырыбы жағынан да ерекше назар аударатын асыл мұра. Өмірдегі сұлулық атаулының қандай түрі болса да өзінің жырлары мен әндерінде әдемі сезіммен суреттей білген. Поэзиялық шығармашылығында ғашықтық, ынтызарлық, махаббат лирикасы, әсіресе оның ән шығармашылығында өзгеше өріс табады. Ол небір нәзік сезім иірімдерін әсем әндерінің сыршыл сазымен, домбыраның сиқырлы үнімен жеткізген. «Сырымбет», «Шәмсі Қамар», «Мақпал», «Қаранар», «Ақ көйлек», «Ақтоты», «Іңкәр- ай», «Үш тоты», «Ақ саусақ», «Перизат», «Кепсер» әндері оның жастық шағында шығарған терең тебіреіністі лирикалық туындылары. «Еркем», «Көкшетаудың биігі», «Әйкөк», «Кеткенің бе, Ақтоты» әндерінде махаббат мұңын табиғат сұлулығымен шебер ұштатырса, «Көкжендет», «Қараторғай», «Маңмаңгер» сияқты әндерде аңшылық пен саятшылықты, алғыр қыранды, жел жетпес жүйрікті, тайпалған жорғаны сипаттап, көз алдыңа елестетеді. Оның ән шығармашалығында трагедиялық үн, қайғы – мұң сарын әкелген әндерінің бірі – «Құлагер» әні. Бұл шығарма мал ашуының ғана емес, жан күйзелісінің әні.

Тұжырымдау

Түйіндеу

Ақан серінің өзіндік шығармалары қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері С. Сейфуллиннің

«Көкшетау» поэмасының, І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасының, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы шығармашылық шабытының қайнар бұлағы болды.

Белгілі композитор Е. Брусиловский «Жалбыр» операсында «Құлагер» мен «Балқа-диша» әндерін пайдаланса, «Ер Тарғын» операсында «Алтыбасар» әні орындалды. Сыдық Мұхамеджановтың « Ақан сері - Ақтоқты» операсы сахнаға қойылды.


Ақан серінің заман мен заман адамы туралы өлеңдеріндегі

әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін таныту

Алаш әдебиеті



Ақан сері пен тарихтың өзара шығармаларындағы әдебиет үндестігі





hello_html_57aed7ff.gifhello_html_57aed7ff.gifhello_html_721f2484.gifhello_html_4d8a4004.gifhello_html_m74e5a4e5.gif

Ресейдің патшалығы өзінің Қазақстанды отарлау саясатын қарқынды дамытты.

Қазақ даласын орыстандыру саясатын қолға алды, орыс-қазақ мектептері көптеп ашылды.

1867-1868 жылдардағы реформа бүкіл қазақ жерін қамтыды. Онда үш генерал – губерна-торлық әкімшілік құрылды.

Қазақстан патша өкіметінің жаңа басқару жүйесіне өтті, елді патша үкіметі тағайында-ған орыс әкімдері басқара бастады.

Патша үкіметінің қолдауына сүйенген жергі-лікті ел билеуші болыстар мен ауылнайлар елге қиянат жасауын тоқтатпады.

Қазақтың өз ішінде бәсекелестік, бақталастық, парашылдық, ымырасыздық, билікке ұмтылу, ел қамынан өзінің жеке басының мүддесін жоғары қоюшылық дендеді.







Әкімдердің, би-болыстардың парақорлығын, байлардың өз құлқынын ғана ойлайтын арамза іс – әрекеттері ақынның «Заман адамы», «Заманға қарап айтқан сөз » («Заман туралы») өлеңдерінде сыналды.

«Пара-пар крестьянға тең болмадық» («Пәленің басы патшаның өзінде екен») өлеңінде патша өкіметі қазақтың жерін де, ма-лын да алып, шаш етегінен пайда тауып отыр-ғандығын, бірақ қазақ халқының басқалармен тең еместігін айта келіп, ақын өкімет алдына заңды тілектер қойды.

«Жүсіп төреге» өлеңінде кешегі төрелік дәуре-ні өтіп, қолынан билік кетсе де, төренің кезінде елге жасаған қиянаттарын, ғайбат сөздерін сынап, қиямет таразысын есіне салады.

Ақын «Құлагер» өлеңінде жүрегіне жазылмас жара салған әлсізге әлдінің қиянаты, бәсекелес-тік, бақталастық заманының ақиқатын ашады.







Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзі-мен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жы-рына қосады. «Сүйіндік», «Толғау», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады

hello_html_m65f2009.gifhello_html_m65f2009.gif





hello_html_m2538bd07.gifhello_html_m3113652f.gif



Тарихи деректер мен әдеби дәйектердің алаш қозғалысының мақсатын өзара үндестікте айқындауы

hello_html_1e33a325.gifhello_html_31373ecf.gif













hello_html_278bc76e.gifhello_html_54d7bed9.gif

Үндестік

ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы Ресей патшалығының отаршылдық, басқыншылық саясаты мен ел билеудегі жаңа реформасының шынайы көріністері Ақан сері шығармаларында айқын көрінді. Әділетсіздікке, орыстандыру саясатына, жөнсіз қиянатқа қарсы үн, батыл сын айтылды, өлеңі мен өнері арқылы күресті.













Краткое описание документа:

  Ақан сері Қорамсаұлының өлеңдеріндегі  ХІХ ғасырдағы заман мен заман адамының  сипаты туралы сабақ жоспары  әдебиет пен тарихтың үндестігін айқындап көрсететін "Сараптамалық технология" негізінде құрылған. сабақ барысында оқушылар өздерінің  зерттеулері, зерделеулері, түйіндемелерін тарих пен әдебиет пәні негізінде сипаттап, мәліметтер беріп отырады. Ақын өлеңдерінің заманға сипаттама бергендеріне тақырыбы, идеясы, мазмұны негізінде толық мәліметтер айтылып қана қоймай ақынның, зерттеушілердің пікірлерін, көзқарастарын айқындайды. Сабақ соңында әдебиет пен тарихтың үндестігін көрсетіп, түйін жасайды.

Общая информация

Номер материала: 572363

Похожие материалы