Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Қаһарман тұлға-Бауыржан Момышұлы

Қаһарман тұлға-Бауыржан Момышұлы


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2981745e.gifhello_html_m568b96a6.gifhello_html_m8bbee55.gifhello_html_7fcb89f3.gifhello_html_m37f539f.gifhello_html_5165b4fe.gifhello_html_mb419d65.gifСабақтың тақырыбы: Қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлы.

Сабақтың мақсаты:

1.Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұтыу.

2. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлік жолын, нақыл сөздерімен таныстыру.

3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдылыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі:

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, батырдың өмірін бейнелейтін слайдтар,

Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу, түгелдеу. Ән ұран орындау. Ұлы Отан соғысының арагерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алу.

Психологиялық дайындық.

Оқушыларды топтарға бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау: «Елбасына арнау» өз жандарынан өлең шығару.

Сабақтың барысы:

  1. Ой қозғау. «Соғыс» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді?

  2. Өмірдерек «Бала Бауыржаннан, Батыр Бауыржанға» дейін.

  3. Мәнерлеп оқу. Арнау. (ақындардың өлең жырлары)

  4. Б Момышұлы жастарды неден жиредіріп? не үндеген?

  5. Б Момышұлының еңбектерімен және нақыл сөздерімен танысу

  6. Б Момышұлының кісілік келбеті. Оқушыларға тапсырма

Мұғалім сөзі:

Ия, жеңісті сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап, жылдап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.

Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

2015 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толады. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 70 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Мысалы; Мәншүк Мәмбетова,Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов -

Көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған тұлға –Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас ол –жаужүрек батыр да, қолбасшы да, қаламгер. Әрине қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да аз болған жоқ. Бірақ олардың даңқы алты алаштан әрі асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды. Оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен мінезі естіген жұртты тегіс тәнтті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған ерекше қасиеті- оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кездеде ұлт мүдесін қаймықпай қорғауы. Екінші жағынан алғанда Бауыржан қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғалардың заңды жалғасы. «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде»- деп жырлар қазақ мен өлгенде, Ұрпақ атар сексенменен жүздігімді.

  1. Өмірдерек «Бала Бауыржаннан, Батыр Бауыржанға» дейін.

1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,

Мыңбұлақ ауданында дүниеге келген.

1921 жылы –Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.

1924ж- үшінші сыныпта Шымкенттің жетіжылдық метебіне ауыстырылады.

1928ж- мектепті үздік бағамен бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.

1928-1930ж- бастауыш мекепте мұғалім болып жұмыс жасайды.

1932ж-Қызыл Армия қатарына шақырылады. Қызыметін өтеп қайтқан соң Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс жасайды.

1936ж- Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді.

1939ж-әкесі Момыш қайтыс болады.

1941ж- соғыс басталғанда 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп, ерлігімен көзге түседі,.

1941-1945ж- Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк камандирі болады. Соғыстың соңғы жылдары осы дивизияны басқарады.

1942ж- «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады.

1944ж жараланғанына байланыста Алматы госпиталіне жіберіледі.

1950-1955ж әскери академияда сабақ береді.

1982ж 10 маусымда дүниеден озады.

1990ж Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.

Мәнерлеп оқу. Арнау. (ақындардың өлең жырлары)

Б Момышұлы жастарды неден жиредіріп? не үндеген?


Б Момышұлы жастарды



  1. Жирендірген



    1. Арсыздықтан

    2. Қорқақтықтан

    3. Жағымпаздықтан

    4. Жалғандықтан

    5. Қырсықтықтан

    6. Құлықсыздықтан

    7. Жауапсыздықтан

    8. Жігерсіздіктен

    9. Тұрақсыздықтан

    10. Көреалмастықтан

    11. Мәңгүрттіктен

    12. Қанағатсыздықтан

    13. Сатқындықтан

    14. Көрсеқызарлықтан

    15. Малшашпақтықтан.

    Үндеген



    1. Адамгершілікке

    2. Адалдыққа

    3. Батылдыққа

    4. Арлылыққа

    5. Борыштыққа

    6. Жауапкершілікке

    7. Қайраттылыққа

    8. Ерлікке

    9. Жариялылыққа

    10. Елжандылыққа

    11. Ұлттық мақтанышқа

    12. Табандылыққа

    13. Намысқойлылыққа

    14. Әділдікке

    15. Әдептілікке


















Нәтижесінде патриот тәрбиелеу


Б Момышұлының еңбектерімен және нақыл сөздерімен танысу

 Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп.Солардың бірегейін атасақ, „Қанмен жазылған кітап„ , „Ұшқан ұя „ , „ Москва үшін шайқас,, , „ Менің отбасым „ , „Майдандас достарым„ , „ генерал Панфилов„ , „ Төлеген Тоқтаров„ , „Адам қайраты„ , „Артымызда Москва„Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады.Оның  „Біздің отбасы, „Артымызда Москва„ , „Майдандағы кездесулер„ сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.

Б Момышұлына арналған естеліктер:

Қазақ тілінде Қ Сағындықов «Арпалыс»

Ә Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»

Қазақфильм киностудиясы «Ел басына күн туса» көркем фильмін түсірген.

Бауыржан Момышұлының қаламынан шыққан мақал мәтел нақыл сөздерге назар салсақ

-Ептілік пен батылдықты қосса айлакерлік шығады..

- Әскерсіз қолбасшы-қауқарсыз,

Басшысыз әскер — әлсіз.

- Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.

- Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

-Тәртіп -тән үшін, ынтымақ жан үшін керек.

-Тіртіпке бас иген құл болмайды.

-Елсіз ер болмайды

Ерсіз ел болмайды.

-Тізе бүгіп тірі жүргеннен

Тіке тұрып өлген артық

-Көре алмаған көз сорлы,

Айтылмаған сөз сорлы.

-Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше , шындықтың  уын ішіп өлген артық.

-Ердің туы -намыс.

-Сен жаудан қашсаң,өмір сенен қашады.

-Ерлік -елдің қасиеті, жүректілік -жігіттіктің қасиеті.

-Отан үшін тоқа түс – күймейсің.

-Опасызда Отан жоқ.

Б Момышұлының кісілік келбеті. Оқушыларға тапсырма

І топ ІІ топ ІІІ топ

Бала Бауыржан Жігіт Бауыржан Қаһарман Бауыржан



Оқушыларға тапсырма.

І топқа Нақыл сөздері. Мақал-мәтелдері

ІІ топқа Б Момышұлының өз қаламынан шыққан еңбектері.

ІІІ топқа Батыр Бауыржанға арнап жазылған еңбектер.


Б Момышұлына арналған слайдпен танысу.


hello_html_76cd6fa5.png


Сөз жұмбақ. Бауыржан

  1. Ұлы Отан соғысының ұшқыш батыры. Т Биглдинов

  2. Партизан жазушы. Қ Қайсенов

  3. Ұлы Отан соғысы қай айда басталды? Маусым

  4. Ақиқат пен аңыз романының авторы кім? Ә Нұршайықов

  5. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры? Р ақымжан

  6. Б Момышұлының туған жері? Жуалы

  7. Қазақтан шыққан ұшқыш қыз? Х.Доспанова

  8. Б Момышұлы шайқасқан дивизия Панфилов

Бауыржан Момышұлының игерген өнерлері көп.Атап өтсек:

*Құралайды көзге атқан мерген.

*Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен.

* Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен атбегілігімен аты шыққан.Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты туралы әңгіме көп.

* Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық тәжірибе көрсеткен.

*Б.Момышұлын әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады.

* Кітабы әлемге таралған жазушы..

* Көпшілікке белгісіздеу өнері -суретшілігі.

* Бильярд ойынының шебері.Сегіз шарды тоқпақтай торға тоғытқан сәттерін ескерсек, бүгінгінің ең мықты билярдшыларымен бәйгеге түсетіндей қабілет иесі.

*Сөзге шешен және тапқыр.

hello_html_5e9cf037.png

Қорытынды.

Бүгінгі тәрбие сабағымызда біз Бауыржан Момышұлын жан –жақты таныдық .Бауыржан Момышұлы өзі айтқандай «Есімі ел жүрегінде сақталған  ер ғана бақытты » дегендей оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады

























1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауданында дүниеге келген.

1921 жылы –Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.

1924ж- үшінші сыныпта Шымкенттің жетіжылдық метебіне ауыстырылады.

1928ж- мектепті үздік бағамен бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.




1928-1930ж- бастауыш мекепте мұғалім болып жұмыс жасайды.

1932ж-Қызыл Армия қатарына шақырылады. Қызыметін өтеп қайтқан соң Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс жасайды.

1936ж- Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді.

1939ж-әкесі Момыш қайтыс болады.

1941ж- соғыс басталғанда 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп, ерлігімен көзге түседі,.





1941-1945ж- Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк камандирі болады. Соғыстың соңғы жылдары осы дивизияны басқарады.

1942ж- «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады.

1944ж жараланғанына байланыста Алматы госпиталіне жіберіледі.

1950-1955ж әскери академияда сабақ береді.

1982ж 10 маусымда дүниеден озады.

1990ж Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.



Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі.

2014-2015 оқу жылы










Тақырыбы:

«Қаһарман тұлға

Бауыржан Момышұлы»


Ашық тәрбие сағаты

8 сынып






















Сынып жетекшісі: А Утегалиева






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлы.

Сабақтың мақсаты:

1.Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұтыу.

2. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлік жолын, нақыл сөздерімен таныстыру.

3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдылыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі:

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, батырдың өмірін бейнелейтін слайдтар,

Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу, түгелдеу. Ән ұран орындау. Ұлы Отан соғысының арагерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алу.

Психологиялық дайындық.

Оқушыларды топтарға бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау: «Елбасына арнау» өз жандарынан өлең шығару.

Сабақтың барысы:

  • 1.Ой қозғау. «Соғыс» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді?
  • 2.Өмірдерек «Бала Бауыржаннан, Батыр Бауыржанға» дейін.
  • 3.Мәнерлеп оқу. Арнау. (ақындардың өлең жырлары)
  • 4.Б Момышұлы жастарды неден жиредіріп? не үндеген?
  • 5.Б Момышұлының еңбектерімен және нақыл сөздерімен танысу
  • 6.Б Момышұлының кісілік келбеті. Оқушыларға тапсырма
Автор
Дата добавления 18.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров489
Номер материала 287108
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх