Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Ағартушы ғалымдар. Білімдіден шыққан сөз
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Ағартушы ғалымдар. Білімдіден шыққан сөз

библиотека
материалов

Ағартушы ғалымдар. Білімдіден шыққан сөз.

Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын.Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.Қазақ әдебиетін жаңа арнаға түсірген Абай шығармашылығы көркем ойымыздың шырқау шыңы болды.Білімнің тұнығынан сусындаға Абай творчествосы ендігі жерде шын мәніндегі бүкілхалықтық сипатқа ие болды.Абай адамзат мәдениетіне үлкен үлес қосқан «әлемге ортақ» тұлғалардың бірі.

*****

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

*****

Пайда,залалды айыратұғын қуаттың аты ақыл....

*****

Адамның адамшылығы –ақыл,ғылым, жақсы ата,

Жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

*****

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек

*****

Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек,

Харекет қылмақ, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек





*****

Атымды адам қойған соң

Қайтіп надан болайын.

*****

Адам баласы ақыл,ғылым, ар,

Мінез деген нәрселермен озады.

*****

Баланың жақсысы –қызық, жаманы –күйік

*****

Еңбек етсен ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

******

Бақпен асқан патшадан,

Мимен асқан қара артық.

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық

*****

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

*****

Досыңа достық –қарыз іс

Дұшпаныңа әділ бол.

Асығыс- түбі өкініш,

Ойланып алмақ-сабыр бол

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Қазақ арасында халықтық мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізуші, көрнекті ағартышы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау ісіне зор үлес қосқан ақын ,жазушы. Қазақтың шешендік-тапқырлық, нақыл сөздерін алғаш жинап жариялаушы ғалымдардың бірі.

Халық даналығының балаларды тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбиелік мәнін дұрыс түсінген ағартушы оны кезінде қажетіне жарата білген.

*****

Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма-

Аймағың кетпес алдыңнан.

*****

Нәрсенің сыртына қызықпа,

Асылы ішінде болар

*****

Көңіліңді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.

*****

Малдәулеттің байлығы,

Бір жұтасың жоқ болар.

Оқымыстының байлығы,

Күннен –күнге көп болар.

*****

Сауысқанның тамағы ,

Шоқуменен табылған.

Өнер-білім бәрі ,де

Оқуменен табылған.

*****

Байлық –қанағат пен еңбекте.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)

Қазақ тілі білімінің атасы,көрнекті ғалым, дарынды аудармашы,ақын,ағартушы,жазушы,әдебиет зерттеуші,философ,қоғам қайраткері.Көптеген оқу құралдарының авторы,тұңғыш рет қапзақ тілінде әліппе, басқа да оқу құралдарын жазған.

Қарға мен құмыра

Қарға шөлдеп, су іздеп жүріп, далада су кұйылған құмыраны кездестіреді.Құмыраның суы олқы екен.Қарғаның мойны жетпейді. Қарға тастарды теріп, құмыршаға үсті-үстіне сала береді. Құмыраға тас салынған сайын су жоғары көтеріліп бетіне шығады. Қарға су ішіп сусынын қандырады. Түйіні: әр істің әдісін білу керек

Бақсы

Бір қазақтың ақшасы ұрланыпты. Кім алғанын біле алмай бақсыны шақырыпты.

Бақсы ауыл адамдарының бірін қалдырмай шыжғырыпты.Етіктерін шештіріп жалаң аяқ қойып айтыпты: -мен жынымды шақырамын. Ол жылан болып келіп ақшаны алған ұрының аяғын шағады. Сонан соң қобызын алып, сарнап-сарнап отырып: «Ал шақты» деген екен, ұры секіріп түсіпті.

Түйіні: Сезікті секірер.



Ақылды соқыр

Соқыр түнде үйіне келе жатты.Қолында ұстаған жарығы бар еді.

Біреу қасынан өтіп бара жатып: -Мне, ақымақ! Өзі соқыр, қолында –жарық. Соқырға жарықтың қажеті не?-депті

Соқыр ақымақ емес , жарықты алған себебі, өзін біреу қараңғыда қағып кетпес үшін еді. Түйіні: Өзгеге жарық қыл,өзіңе қақтықпас









Шәкәрім Құдайбердіұлы(1858-1931)

Шәкәрім Құдайбердіұлы- сол замандағы қазақ арасындағы ең ғұлама адамдардың бірі болған еді.Шәкәрімнің әкесі Абайдың туған ағасы.Әкесінен ерте айырылған ол абайдың тәрбиесінде өседі.Арнайы оқу орындарын бітірмегенмен Абайдың көмегімен және өз бетімен іздену барысында, көп нәтижеге жетеді.Түрік, араб, парсы және орыс тілдерін жетік білген.Екі рет Меккеге барып, «қажы» атанып, ел ішінде үлкен беделге ие болған адам.

*****

Ынсап , рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық-

Әуес болар алты шарт

*****

Адамның жақсы өмір сүруіне үш негіз сапа бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек

*****

Адамдық борышың

..Ғылымсыз адам айуан,

Не қылсаң да ғылым біл.

Ғылымға да керек жан,

Ақылсыз ғылым тұл...

Адамның ең асылы,

Қиянатсыз ақпейіл.

Ең зиянкес жасығы,

Тайғақ мінез, екі тіл.

...Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл

Талаптан да біліммен өнер үйрен

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл



Общая информация

Номер материала: ДБ-019331

Похожие материалы