Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Ағаш өңдеу және оның құрал- саймандары туралы түсінік

Ағаш өңдеу және оның құрал- саймандары туралы түсінік

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

5- сынып. Технология

Тақырыбы : Ағаш өңдеу және оның құрал- саймандары туралы түсінік

Мақсаты: 1. Ағаш өңдеу және оған қажетті құралдар туралы оқушыларға жан- жақты түсінік беру.

2. Ағаштың қасиеттері және ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру және ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Өз Отанының байлығын сүйе білуге , оны қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі : баяндау, сұрақ- жауап, көрнекілік әдісі

Пән аралық байланыс: дүниетану, сызу-сурет, бейнелеу өнері

Көрнекілігі: альбомдар, құрал- саймандар, ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы түрлерінің плакаттары


І. Ұйымдастыру кезеңі

а/ Сәлемдесу. Оқушылардың және бөлменің сабаққа даярлығын тексеру.

б/ Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ағаш материалдарының қасиеттері бойынша мини тест алу.


ІІІ. Білімді тексеру кезеңі.

  1. Ағаштың негізгі түрлерін ата.

  2. Ағаш материалдарының қандай қасиеттерін білесің?

  3. Жергілікті жерде өсетін ағаш түрлерін ата.

  4. Ағаштың құрылысын атап көрсет. \карточкамен жұмыс/

ІҮ. Мақсат қою


Ү. Жаңа сабақ

1. Ежелгі ата- бабаларымыз ағаш материалдарын қандай мақсатта пайдаланған ? /әңгіме жүргізу/

Алғашқы адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Мәселен, олар аң аулауға қажетті құрал- саймандар,аша таяқ, үшкір / ағаш найза, қада, жебе т.б.\ ағаштан жасады.

Бүгінде адамның тұрмысы өзгерді. Мәдениеттің дамуына байланысты адам ағаш материалын өңдеу тәсілдерін жетілдіре түсті. Шығаратын өнім түрлері де артты. Өндіріс процесінде уақыт талабына сай дамыды, демек тұрмыста техникада, құрылыста ағаш материалдарын пайдалану өңдеу технологиясы арта түсті.

Ағашты кәсіпорында өңдеу процестері:

  1. Ағаш діңін тілу.

  2. Дайындамалар тілу.

  3. Дайындамаларды кептіру.

  4. Дайындамаларды өлшемдерге келтіріп кесу.

  5. Сүргілеу.

Ағаш өңдеу жұмыстарына қажет құрал – саймандармен таныстыру.

  1. Ағашты кесіп өңдеу үшін араның әр түрін пайдаланады.Көлденең кесу үшін ара тісінің тік бұрышын , ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш тістісін пайдаланады.

  2. Ағаш бұйымдарының беті тегіс болу үшін оны сүргілейді.

Сүргінің түрлері және қызметтері:

а/ шерхебель – алғашқы өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

б/ сүргі – ағаш бетін тазалап өңдеу үшін пайдаланады.

в/ фуганок- жалпақ беттерді тазалап тегістеу үшін қажет.

3. Ағашты кесу үшін қол бұрғы кеңінен пайдаланады.

Ағашты көркемдеп өңдеу

Қазақ халқының үй жиһаздарын сандық , кебеже, жүк аяқ т.б. көркем еңбек туындысына жатқызуға болады. Көркемдеп өңдеу жұмысына бұтақсыз жұмсақ түрлерін пайдаланады. Ағашты көркемдеп өңдеуге арнайы құралдар пайдаланады.Олардың негізгі түрлері :

а/ тік жүзді қашау.

б/ ойық жүзді қашау

в/ ыңғыру

д/ ілмек жүзді қашау

г/ үшбұрышты ойық жүзді

е/ имек ойық жүзді

Ағаш табиғаттың тамаша туындысы. Оны пайдалану кезінде ысырап болмауын қадағалау керек. Табиғат байлығын бағалауға үйрету.

ҮІ Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

    1. Ағашты өңдеу туралы деңгейлік тапсырмалар беру.


ҮІІ. Бекіту

1.Көркемдік , сәндік үшін қолданылатын ою- өрнек түрлерін атату.

2. Ағашты қалай таңдаймыз?

.


ҮІІІ. Үйге тапсырма. Ағаш өңдеу және оның құрал- саймандары туралы түсінік. /оқуға/

Бағалау











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров147
Номер материала ДВ-458359
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх