Инфоурок / Технология / Рабочие программы / "Қағаздан қарапайым жаймалық жасау" сабақ жоспары
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Қағаздан қарапайым жаймалық жасау" сабақ жоспары

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Сабақ тақырыбы: Қағаздан қарапайым жаймалық жасау
Сабақ мақсаты:

А) білімділік: оқушыларға қағаздан гүл түрлерін жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың алған білімдерін өмірде өз бетінше қолдана білуін қадағалау және шығармашылық іскерліктерін арттыру
Б) тәрбиелік: оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаңа техникамен жұмыс,
Сөздік жұмыс: оригами, киригами, кусудама
Сабақ көрнекілігі: әр түрлі техникамен жасалған гүлдер (квиллинг, оригами), плакат, сұрақ жасырылған жапырақтар, слайдтар, кітапшалар, буклеттер, технологиялық карталар.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, өшіргіш, т. б
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, технология, өсімдіктану, т. б

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. оқушыларды түгендеу
2. сынып тазалығына назар аудару
3. қауіпсіздік ережелерін қайталау

ІІ. Өткен сабақты пысықтау
Өткен сабақты «
қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптармен» пысықтайық. Ол үшін қойылған сұрақтарға жауап берейік.
1.
Тігу жұмысы кезінде қолданылатын қандай аспаптар ,яғни қандай тігу құралдарын білесіз?
Ине,жіп,қайшы ,оймақ .т.б
Дизайн дегеніміз не?
2
.Дизайн дегеніміз кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты ойластырып, заман талабына сай жасау деген сөз.


Енді жаңа сабаққа көшейік

ІІІ. Жаңа сабақ:
Ата-бабамыз темірден түйін түйіп, жаңқаға жан бітірсе, шығыс Азия халқы қарапайым қағазды қалай пайдалану керектігін жақсы біледі, оның қыры мен сырын да жеткілікті меңгерген. Қағаз жайында, қағаздың кереметі жайында сөз қозғағанда, оның Еуропа жұртшылығына да жат дүние еместігін айта кеткен жөн. Өйткені қағаздың отаны саналатын Қытай – Азия елдерімен қатар алыста жатқан еуропалықтар да қарапайым қағазды қолөнерде таптырмас материал ретінде кеңінен қолданады.

Қытайлық азамат Цай Лунь қағазды ойлап тапқанда қандай үлкен жаңалық ашқанын, бәлкім, білмеген де болар?! Ол алғаш ағаштың ішкі бетінен алынған жаңқаны жұқалап, түрлі бейнелер салуға пайдаланыпты. Осылайша, қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды. Ал оның пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады.

VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп, қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының пілләсінен алса, бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырып, бамбук сабақтары, ағаш қабығы, кендір, шүберектен қағаз алу технологиясы қолға алынды. Ал жүз жыл өткенде жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан да асып түсті. Уақыт өте келе қағаз Азия елдерінен соң арабтарға, Батыс елдеріне жеткен.

Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі.

Қолөнердің квиллинг, киригами, оригами, скрапбукинг (ағыл. scrapbooking – «құрақкітап»), папье-маше (фр. papier mâché – шайналған қағаз), аппликация (лат. аpplication – жалғау, жабыстыру) сияқты және тағы басқа түрлері дәл осы қағазға байланысты. Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым қағаз.

Қағаздың қыр-сырын қанық білетіндердің қатары – қолөнердің квиллинг деген түрімен айналысатындар. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Шиыршықталған қағаздан әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою-өрнекті ғажап дүниелерді жасауға болады. Тек қиялыңызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны.

Біреулер шиыршықталған қағаздан алуан түрлі бұйымдар жасау орта ғасырларда Еуропа елдерінде дамыған десе, енді біреулер оны Таяу Шығыстан бастау алған дегенді алға тартады. Сондай-ақ бұл өнердің шыққан жері – Ежелгі Египет дейтіндер де кездеседі. Дегенмен, бұл айтылғандарға қарамастан, квиллингтің отаны негізінен Оңтүстік Корея саналады. Бүгінде бұл елде қағаздан түрлі бұйымдар жасаушылардың үлкен Ассоциациясы да жұмыс істейді.
Сондай-ақ шиыршықталған қағаздан жасалған әдемі гүлдер мен түрлі өрнектерді суреттер мен фотоальбомдарды сәндеуге кеңінен қолданады.

Жаймалық түрлерін мынадай материалдардан жасауға болады.
1. Түрлі түсті қағаздардан
2. Мата, былғары, жіптерден
3. Табиғи материалдар яғни кепкен өсімдіктер мен дәнді дақылдардан


2. Адасқан құралдар
Қалам ----------- біріктіреді
Қайшы -------------- өшіреді
Өшіргіш ------------ өлшейді
Желім --------------- жазады
Сызғыш --------------- қияды

Жұмысқа қойылатын талаптар:
1. жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау
Қағазды бүктеу арқылы, яғни оригами техникасы бойынша «құман астына коятын» жаймалық құрастырамыз.

Сергіту сәті
Қолымызды жаяйық,
Әдемі гүлге ұқсайық
Бір жабылып, ашылып,
Орнымызға қонайық.
2. Қағазды жіңішке етіп қиып орау арқылы яғни квиллинг техникасы бойынша «
жаймалық» жасаймыз.

3. «Адасқан әріптер» Ретсіз орналасқан әріптерден термин, мағыналы сөз құрау
Оригами -------------- имирога
Дизайн ------------------ йаздин
Флористика ----- фаткалроис
Апликация -------- аялкипаца
Коллаж ----------------- олжакл
квиллинг ------------ нигклвли

4. Қорытынды. Жаймалықты толық аяқтап, шеңбер құрып бір-бірімізге жақсы сөздер айтып жаймалықтарды сыйлаймыз.

5.Бағалау.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-120341

Похожие материалы