Инфоурок Другое Конспекты"Қағаздан түймедағы гүлін жасау" ашық сабақ

"Қағаздан түймедағы гүлін жасау" ашық сабақ

Скачать материал

                             Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Сәндік өнер» үйірмесінің мұғалімі:

САҒЫНДЫКОВА КАМЧАТ МЕРЕКЕЕВНА

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Қағаздан түймедағы гүлін жасау


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:
           Оқушыларға  түймедағы гүлінің қағаздан  жасалу жолын

                              таныстыра отырып,  гүл туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындағандағы еріктілігін        

                                 дамыту .
Тәрбиелік:            Оқушыларды  ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке,тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі:  Аралас  сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету.
Сабақтық көрнекілігі: үлгі, гүл суреті, топтастыру әдісі.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, математика, тарих.

 

САБАҚТЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

         Оқушылармен сәлемдесу.

         Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алдырту.

         Сабаққа оқушылардың назарын аударту.

         Топқа түрлі -түсті қағаз арқылы бөліну

Шаттық шеңбері

Күнмен бірге тұрамыз ,                
Құспен бірге ән саламыз          

Қайырлы таң! Ашық күн!

Көңілді біз тұрамыз.                

ІІ.Үй тасырмасын тексеру

   

 

   «Ұяшық таңдау» ойыны арқылы 

 

 

 

 

 

 



1-ұяшық:
Қазақстанда  кірпінің қанша түрі мекендейді?  (3 түрі:  кәдімгі кірпі, құлақты кірпі және қара кірпі.)
2-ұяшық: Кірпінің тұрқы қанша см?, саламағы қанша ?(Тұрқы 13 – 27 см, салмағы 700 – 800 г.)
3-ұяшық:
Кірпінің немен қоректенеді? (Жәндіктермен, көлбақамен, жыланмен(улысымен де)
4-ұяшық:
Кірпі "шешен" атағын қалай алды? (Аңызына тоқталу керек)

5-ұяшық: Кірпінің қандай емдік қасиеті бар?

6-ұяшық:Кірпінің жасалу жолын көрсет

7-ұяшық: Жұмбақ:     Үсті толы ине
                                              Бірақта, іс тігіп, қадамайды түйме.Жауабы:(кірпі)

ІІІ. Оқушы білімін тексеру.

 

ребусты шешу

 

 

Картинки по запросу верблюдКартинки по запросу лисаКартинки по запросу курица рисунок                                     ,,,,          ,              ,,,     ,,                               ,                             ,,,,                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Картинки по запросу коза 


                      ,,,                          ,,,,,,      ,                                          ,,,,                                                

Картинки по запросу домбыра
Картинки по запросу арбуз
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Картинки по запросу ғарышкер суреті                                            ,,,,,,,     ,,,                                           ,

 

Картинки по запросу дыня
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


-Сонымен балалар, қандай сөз шықты?

-Түймедағы.

 

 

 

ІІІ.Жаңа сабақтың мақсаты

   Олай болса, бүгінгі сабағымызда түймедағы  гүлінің аңызы мен таныса отырып, қағаздан жасалу жолдарын  үйренеміз.

 

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

Түймедағы (лат. Matricaria) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер.

Қазақстанда Алтайда,Жетісу(Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларының көбінесе ашық жерлерінде өсетін 2 түрі: дәрілік түймедағы және кәдімгі түймедағы бар. Олардың биіктігі 10 – 35 см. Сабағы бұтақты. Жапырақтары қауырсын тәрізді үш қайтара тілімделген, кезектесіп орналасқан. Гүлі ақ, гүлтозаңы сары түсті, себет гүлшоғырына топталып, дара гүлдері сабақтың ұшында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Мамыр  шілде айларында гүлдеп, маусым  қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі  дәнек. Түймедағы гүлшоғырының құрамында эфир майы (0,5 – 0,12%), терпен, спирт, органикалық қышқылдар, дәрумендер, т.б. заттар бар. Түймедағы – дәрілік өсімдік, оны қабынғанға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерді тыныштандыратын дәрі ретінде және клизма жасауға қолданылады. Іш өткенде, ішек түйнегенде ішеді. Сондай-ақ оның антисептик қасиеті де бар. Парфюмерияда, шарапөндірісінде пайдаланылады, гүлінен сары түсті бояу алынады.

   Түймедақ - романтика, жастық шақтың белгісі болып саналады.

Қазіргі таңда түймедақты сыйлық ретінде ғана емес, оны кептіріп, ашытып, қайнатып дәрі-дәрмек ретінде де қолданады. Әсіресе, көптеген ауруларды емдеу үшін оның тұнбасы пайдаланылып келеді.

Егер асқазаныңыз мазалап жүрсе, түймедақтың тұнбасын әзірлеп ішіңіз. Ол үшін 2 ас қасық ұнтақталған түймедаққа 1 стақан ыстық су құйып, жарты сағат тұндыру керек. Тұнбаны жылы күйінде ашқарынға содан соң жатар алдында пайдаланған жөн. Жүйкеңіз сыр беріп жүрсе,түймедақ тұнбасы қосылған бу ваннасын қабылдаңыз.

Түймедақ гүлін өз бақшаңызда өсіргіңіз келсе, оның ұрығын жаздың соңғы айларында немесе күздің алғашқы айларында сепкеніңіз дұрыс.

 

  Түймедақ... Бір қарағанда қатардағы қарапайым гүл секілді. Сабақтары әдеттегідей, жапырақшалары да бірқалыпты, қысқасы гүл сияқты гүл... 

Түймедақтың бойынан сізге байқала бермейтін үміт, жылулық, шапағат, махаббат нұры есіп тұрады екен. Сөзіміз нанымды болу үшін түймедақ туралы ел аузындағы аңызды баяндап өткеніміз жөн болар.

 

http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/118194_prev_425.jpghttp://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/2684.jpgТүймедақ - шынайы махаббаттың нышаныТҮЙМЕДАҚ - ШЫНАЙЫ МАХАББАТТЫҢ НЫШАНЫ

 

 

 

 

  Баяғы өткен заманда бір-бірін қатты жақсы көретін бозабала мен бойжеткен өмір сүріпті. Жігіттің есімі – Роман болған деседі. Күндердің күнінде оның түсіне аса үлкен емес, ақ күлтелері бар, күн кейіптес қарапайым гүл енеді. Махаббат пен нәзіктік нұры гүлдің айналасынан кетпей тұрып алады. Осындай керемет көріністі көріп жатып, Роман оянып кетіп, атып тұрса, жастығының бас жағында түсіне енген гүл жатады. Аң-таң болған Роман гүлді сүйіктісіне сыйға тарту етеді. Оны көрген қызы Романнан да қатты таңырқайды да, гүлге жігіттің есімімен Ромашка деген ат қояды. Ерке қыз жігітке күн сайын осындай гүлді әкеліп беруін қалайтындығын жеткізеді.

Қызды жан-тәнімен сүйетін Роман мұны Түстер патшасына айтып барады. Патша көп ойланып, жас жігітке менің патшалығымда өмір бойы қызмет етуге қалсаң, қызыңа қалаған гүлін беремін дейді. Роман мұны қанша қаламаса да, сүйгені үшін тәуекелге барып, патша бұйрығына бағынады.

Сұлу қыз түстер әлемінен гүл әкелуге уәде берген ханзадасын ұзақ күтеді. Ол келмейді... Сағыныштан сарғайған қыз күн сайын жылаумен болады. Бір күні қыз әдетінше жылап жатып, басын көтереді де, терезеге қарайды. Тамаша! Көз алдында түймедақ гүлдері өсіп тұрған үлкен егістік алқабы тұр екен. Қыз өз сүйіктісінің тірі екендігін, бірақ ешақашан кездесе алмайтындықтарын түсінеді.

Содан бері адамзат баласы, әсіресе қыздар қауымы аталған гүлді қарапайымдылығы үшін, адал және шынайы махаббаттың нышаны болғандығы үшін жақсы көріп кетеді.

 

 

 

 

VІ. Жаңа сабақты түсіндіргенін сұрау.

         Сиқырлы сандар арқылы

Прямоугольник: скругленные углы: 1 Прямоугольник: скругленные углы: 2 Прямоугольник: скругленные углы: 6 Прямоугольник: скругленные углы: 7 Прямоугольник: скругленные углы: 8
 


           

      Т             Ү             Й             М           Е              Д              А              Қ

1. Түймедағы қандай   гүлдер тұқымдасына жатады?

2. Қазақстаның қай өңірлерінде өседі?

3. Түймедағы гүлінің қанша түрі бар және қалай  аталады?

4.Түймедағы гүлінің емдік қасиетін ата?

5. Түймедақ туралы ел аузындағы аңызды баяндап бер.

6. Түймедағы гүлінің жасалу жолын көрсет

7.Түймедақ гүлі қай айларда гүлдеп, қай айда жемісін береді?

8.  Жұмбақ .     Аппақ өңі тартымды,

                          Қасиетті гүлқашанғы

                          Халық одан әртүрлі
                          Дәрі-дәрмек жасайды. Шешуі: (Түймедақ)

Сарамандық жұмыс.

Жұмбақ жасыру

·       Қысқа таяқ діңі бар,

Картинки по запросу карандаш вектор          Шиырланған ізінде

          Сайрап тұрар тілі бар.        Жауабы:

 

Картинки по запросу қайшы            Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,

Матаның күнде жейді басын қыршып.

Матаның жеген сайын басын қыршып,

Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық.        Жауабы:

Картинки по запросу резинка стирательная
 


·       Тазалап ақ қағаз жүзін,

Картинки по запросу линейкаЖоқ етер қарындаш ізін.  Жауабы:

·       Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі.  Жауабы:

Қауіпсіздік ережесін пысықтау


1. Оқушылар еңбек сабағында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау; 
2. Пайдалы материалды үнемдеп ұстау. 
3. Сәнді бұйымдарды жасай білу. 
4. Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу. 
5. Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау. 
6. Есіңде болсын! 
7. Жасаған бұйымын әсем, әдемі болсын. 
8. Өз жұмысың таза, ұқыпты болсын. 
9. Ұшты нәрсенің, ұшын жоғары қаратып ұстама! Инені жастықшаға түйре. Қайшыны сабымен бер. 
10. Қолыңды сабындап жу.

11.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

12.Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

13.Қайшыны, желімді ашық тастама.

Картинки по запросу цветы из бумагиКартинки по запросу цветы из бумаги                Нұсқау картасы бойынша қағаздан түймедағы гүлін жасау

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.

 

VІІ. Бекіту.

        Топтастыру әдісі  арқылы

 

Картинки по запросу ромашка
 

 

 

 

 

 


Бағалау

 


VІІІ.  Үйге тапсырма:
             түймедағы гүлін жасап келу.

 

 

 

Өткізілетін күні: 15.11.2016ж.

 

Сабақтың тақырыбы:  Қағаздан қалампыр гүлін жасау


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:
           Оқушыларға  қалампыр  гүлінің қағаздан  жасалу жолын

                              таныстыра отырып,  гүл туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындағандағы еріктілігін        

                                 дамыту .
Тәрбиелік:            Оқушыларды  ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке,тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі:  Аралас  сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету.
Сабақтық көрнекілігі: үлгі, гүл суреті, семантикалық картасы
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, математика, тарих.

 

САБАҚТЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

         Оқушылармен сәлемдесу.

         Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алдырту.

         Сабаққа оқушылардың назарын аударту.

         Топқа түрлі -түсті қағаз арқылы І-ІІ топқа бөліну

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Прямоугольник: скругленные углы: 7Прямоугольник: скругленные углы: 6Прямоугольник: скругленные углы: 5Прямоугольник: скругленные углы: 4Прямоугольник: скругленные углы: 3Прямоугольник: скругленные углы: 2Прямоугольник: скругленные углы: 1Прямоугольник: скругленные углы: 8       Сиқырлы сандарды таңдау арқылы 

           

      Т             Ү             Й             М           Е              Д              А              Қ

1. Түймедағы қандай   гүлдер тұқымдасына жатады?

2. Қазақстаның қай өңірлерінде өседі?

3. Түймедағы гүлінің қанша түрі бар және қалай  аталады?

4.Түймедағы гүлінің емдік қасиетін ата?

5. Түймедақ туралы ел аузындағы аңызды баяндап бер.

6. Түймедағы гүлінің жасалу жолын көрсет

7.Түймедақ гүлі қай айларда гүлдеп, қай айда жемісін береді?

8.  Жұмбақ .     Аппақ өңі тартымды,

                          Қасиетті гүлқашанғы

                          Халық одан әртүрлі
                          Дәрі-дәрмек жасайды. Шешуі: (Түймедақ)


 

ІІІ. Оқушы білімін тексеру.

 

Сөзжұмбақты шешу

      Жұмбақтарды шешу арқылы

 

1.       Ағайынды бәрі, шықса- көк, түссе-сары.           Жауабы: (жапырақтар)

 

2.       Жіп-жіңішке денесі, ортасында денесі.              Жауабы: (қарындаш)

 

3.       Бөлінгенді табыстырып,

Біріктірсе қабыстырып,

Жымдастырған жігітте

Байқамасын түгін де                                              Жауабы: (желім)

 

4.       Екі басты айдаһар

Бәрін қырып жояды

Екі аяқпен жер тіреп

Қағазды жеп қояды                                               Жауабы: (Қайшы)

 

5.       Біліммен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.                                            Жауабы: (Мектеп)

 

6.       Үстінде есігі

Өзі орындық, әрі үстел

Оқушылар бесігі                                                   Жауабы: (Парта)

 

7.       Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындықтың өлшемі.                                           Жауабы :(Сызғыш)

 

8.       Жазу жазып жалықпаған,

Жаза, жаза жалықпаған.                                       Жауабы: (Бор)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


-Сонымен балалар, қандай сөз шықты?

-Қалампыр

 

ІІІ.Жаңа сабақтың мақсаты

   Олай болса, бүгінгі сабағымызда қалампыр  гүлінің аңызы мен таныса отырып, қағаздан жасалу жолдарын  үйренеміз.

 

Картинки по запросу гвоздикаhttp://www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1351765513.jpgКартинки по запросу қалампыр гүлінің суретіІV. Жаңа сабақты түсіндіру

Картинки по запросу қалампыр гүлінің суреті 

 

 

 

 


Қалампыр (Dianthus) — қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Солардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері — 80. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар.  Бұлардың биіктігі 15 – 50 см-дей, жапырағы таспа немесе қандауыр тәрізді болады. Қалампыр туысының өзіне тән ерекшелігі – бірігіп кеткен тостағанша жапырақшаларының түбі қабыршақтанып келіп, гүл жапыраққа жабысып тұрады. Көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті, хош иісті, дара гүлдері сабағы мен бұтағының басында жетіледі. Гүл жапырақшаларының шеті тілімденген не ара тісті ирек. Көбелектермен тозаңданады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Қытай, түрік, бақша, гренадин, Шабо қалампырлары Қазақстанның гүл өсіретін шаруашылықтарында әсемдік үшін өсіріледі. Ала қалампыр мен қытай қалампыры халықтық медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды.

Жанымызды жадыратып, қуаныш сыйлаудан шаршамайтын тіршілік иелері - гүлдер туралы әңгіме кімнің болсын көңіл-күйіне жақсы әсер етеді. Бүгінге дейін сіздермен олар туралы аз әңгіме қозғаған жоқпыз. Ендеше, қалыптасқан дәстүрміздің қаймағын бұзбастан гүлдер туралы баяндауды жалғастырамыз. Кезек қалампырға жетіпті...

Қалампырдың тарихы

Есте жоқ ерте заманда Диана атты құдай сәтсіз өткен аңшылық сапарынан көңіл-күйі түсіп, мазасызданып келе жатады. Кенет орман жиегінде сыбызғы тартып көңілді отырған бақташы қызға көзі түсіп кетеді. Ай десе аузы, күн десе көзі бар бойжеткенге зығырданы қайнаған Диана: «Сенің сыбызғыңның кесірінен маған олжа болуға тиіс қыр құстарының барлығы үркіп кетті, сондықтан сені жазалаймын!» деп айыптай бастайды. Ештеңеден хабары жоқ бақташы қыз кінәсі жоқтығын айтып ақталады, аяуын сұрап жалынып-жалбарынады. Алайда, көзін шел басқан Диана одан сайын ашуланады да қыздың екі көзін ойып алады.

Арада біраз уақыт өткен соң, ол өз-өзіне келеді де, өкініштің улы запыраны өзегін өртей бастайды. Бәрі де кеш еді... Сонда ол өз айыбын аздап болсын жуу үшін және бақташының есімін тарихта қалдырмақ болып, екі көзді жерге лақтырып жібереді. Сол сәтте көздердің орнына екі қалампыр гүлі өсіп шығады...

 

Осы оқиғадан орын алғаннан бері қалампыр - бейкүнәліліктің нышаны болып келеді екен.

Қалампырдың мәртебесі

Ежелгі Қытайда қалампырды хош иісі үшін қатты құрметтеген. Хан сарайына кіріп, ханмен кездескісі келген қарапайым халық қалампыр күлтесін шайнауы тиіс. Өйткені, күзетшілер олардың аузынан қалампыр иісінің шығып тұруын қадағалаған екен.

Францияда қалампырдың мәртебесі раушан гүлімен бірдей саналған және француздық сәнқой ханымдар қалампыр күлтелерімен көйлектерін, қалпақтарын сәндейтін болыпты.

 

Ағылшындықтар қалампырды У. Шекспирдің шығармалары арқылы танып, жақсы көріп кеткен екен.

Ал Испанияда қызыл қалампыр теріс күштер мен сәтсіздіктерден сақтайтын бойтұмар ретінде бағаланады. Жас қыздар әскерге аттанып жатқан сүйіктілеріне қалампыр гүлін береді. Себебі олар қалампыр бәле-жаладан сақтайды деп сенеді. Кейбір елдер қалампырды махаббаты нышаны санап, тек қана ғашық жандар сыйлайтын гүл ретінде танып, қадірлеп жатады.

Қалампырды гректер «Құдіретті гүл» дейді.

Хош иісті қалампыр

Ерекше әсем гүлдейді.

Шығыс халықтарында әр гүлдің белгілі өз мағынасы бар екен. Мысалы:

Ромашка (түймедақ) - романтика, жастық шақ.
Қалампыр - құмарлық.

Қалампыр гүлі — Еуропа елінен тараған. Олардың бір, екі, үш жылдық түрлері болады. Гүлдері ақ, қызғылт, күлгін. Қалампыр гүлі — ерлік пен өрлікті уағыздайтын гүл. Сондықтан оны көбіне ер азаматтарға сыйлап жатады.

Қалампыр.
Жайлауда жел тербесе, 
Иісіңе дала аңқыр. 
Бақшадан да мен неше, 
Көрдім сені Қалампыр.
Ежелден халық бұл гүлді, 
Жалқауларға қимайды. 
Қорғайтын елді, үлгілі,
Батырларға сыйлайды.
Қызыл, сары гүл көрдім,
Ағы да бар не түрлі,
Қалампыр гүл гүлдердің
Ардагері секілді. 

Француздар, испандықтар қалампыр гүлі мен бақытгүлін бақытсыздық белгісі деп санаса, ал бұл гүлдерді күншығыс елінің халықтары және италияндықтар, гректер, ағылшындар бақытгүлі деп қадірлеп, қастерлеген. Германияда қызыл раушан махаббат белгісі болып саналса, Латын Америкасында гүл қан түстес болғандықтан өлім гүлі деп санап, ақ раушанды қадірлеп, қастерлейді екен. Жақсылыққа гүл сыйлағанда гүл тақ санды болу керек, ал қабір басына апарған гүл жұп санды болуы қажет деп санайды халық

 Қалампыр. Ғалымдардың айтуынша, қалампырдың құрамында адам ағзасына аса пайдалы микроэлементтер бар екен. Қалампыр туралы алғашқы деректер Қытай, Үндістан, Египет қолжазбаларында кездеседі. Қолжазбадағы мәліметтер қалампырдың алғашында дәмдеуіш емес,дәрі-дәрмек ретінде қолданғандығын көрсетеді. Ет пісірер алдында қалампырдың бір-екі түйірін салып жіберсеңіз, етіңіз жұмсақ әрі дәмді болып піседі.

Прямоугольник: скругленные углы: 8Прямоугольник: скругленные углы: 7Прямоугольник: скругленные углы: 6Прямоугольник: скругленные углы: 5Прямоугольник: скругленные углы: 4Прямоугольник: скругленные углы: 1Прямоугольник: скругленные углы: 2Прямоугольник: скругленные углы: 3VІ. Жаңа сабақты түсіндіргенін сұрау.

           

           Қ                  А                  Л                   А                    М                    П                     Ы                   Р              

 

1. Қалампыр  қандай   гүлдер тұқымдасына жатады?

2. Қазақстаның қай өңірлерінде өседі?

3. Қалампыр гүлінің қанша түрі бар ?

4.Қалампыр гүлінің емдік қасиетін ата?

5.Қалампыр туралы ел аузындағы аңызды баяндап бер.

6. Қалампыр гүлінің жасалу жолын көрсет

7. .Қалампыр гүлі қай айларда гүлдеп, қай айда жемісін береді?

8.  Шығыс халықтарында қалампыр гүлінің  мағынасын  қалай атайды? 



Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесін пысықтау


1. Оқушылар еңбек сабағында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау; 
2. Пайдалы материалды үнемдеп ұстау. 
3. Сәнді бұйымдарды жасай білу. 
4. Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу. 
5. Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау. 
6. Есіңде болсын! 
7. Жасаған бұйымын әсем, әдемі болсын. 
8. Өз жұмысың таза, ұқыпты болсын. 
9. Ұшты нәрсенің, ұшын жоғары қаратып ұстама! Инені жастықшаға түйре. Қайшыны сабымен бер. 
10. Қолыңды сабындап жу.

11.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

12.Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

13.Қайшыны, желімді ашық тастама.

 

Картинки по запросу гвоздика из бумаги схема                        Нұсқау картасы бойынша қағаздан қалампыр гүлін жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

Балалар, бір сәт біз де гүл болып жайқалып тербелейікші.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші жайқалып.

VІІ. Бекіту.

        Венн диаграммасы арқылы

                                   Айырмашылығы          Ортақ қасиеті         Айырмашылығы

 

                                                Түймедағы                                               Қалампыр

 

 

 

 

 

 


Бағалау

 


VІІІ.  Үйге тапсырма:
             Қалампыр гүлін жасап келу

 

                                                        

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қағаздан түймедағы гүлін жасау" ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 982 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 5169
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джелдикбаева Гулжан Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 267216
    • Всего материалов: 90

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой