Инфоурок Русский язык КонспектыАбай Кунанбаев

Абай Кунанбаев

Скачать материал

«Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері»Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды. Мақа­ла ұлы ақынның кайтыс болғанына жарты ғасыр толуына орай жазылған. Абайды тану жолындағы елу жыл ішінде басылым көрген ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңіл беле отырып, алдағы кезенде абайтану саласындағы ғылыми проблемаларды анықтауды мақсат еткен. Өйткені ақын қайтыс болғаннан кейінгі кезенде абайтану саласында жа­зылған әдеби-ғылыми еңбектер де молыға бастаған. Абай мұрасы жөніндегі тұңғыш библиографиялық көрсеткіш те осы тұста жарық керіп, онда мыңға жуық макала, зерттеу жүмыстары мен жекелеген кітаптар, арнау өлендер тақырыптық жуйемен топтастырылған. Мұхтар Әуезов осы мақаласында Абай мұрасының рухани нәр алған көздері туралы бұрынғы танымына кайта оралып, жаңа ой, соны пікірлер айтқан. Сол тұстағы саяси-әлеуметтіқ идеологиялық келеңсіз жағдайларға орай өз басында бо­лып еткен кейбір танымдық өзгерістердің себебін де жасырмай, КОКП Орталық Комитетінің космо­политизм туралы 1949 жылғы арнайы қаулысының талабына сәйкес Абайдың Шығысқа қатысын тек Орта Азия классиктерімен шектеп қараған. Өйткені орталықтың саяси ызғарынан сырт айналып, космополиттік айыптаудан бой тасалаудың ұрымтал бір тәсілі ретінде ертеде айтылған пікірінен шегінген. Мұхтар Әуезов Абайдың шығармашылық жолын «реформадан кейінгі дәуір шындығының тарихи жағдайлары анықтады» деген іргелі пікір ұсынады. Абайтану саласында жүргізілген келешек жұмыстарының нысанасын осы таным тұрғысынан сөз етіп, алдымен Абай мұрасының халықтығын зерт­теу мәселесіне айрықша мән берген. Екіншіден, Абай мен орыс әдебиеті туралы проблеманы орыс философиясына, мәдениетіне, публицистикасы мен эстетикасына катысты қарастырып, ақынның орыс достарының ықпалын асыра бағалаудан арылу жолын меңзейді. Үшіншіден, Абайдың исламиятқа қарым-қатысын зерттеу жолындағы ұстанар бағыт-бағдарын сын көзімен карай отырып зерттеуді алға қойған. төртіншіден, Абайдың шығысқа қарым-қатысы аз зерттелгендіктен, бұл салада нысанаға алынар мәселелердің молдығына назар аударған. Акырында, автордың ерекше мен бер­ген мәселесі Абайдың әдеби мектебі, бұл дәстүрдің қазақ әдебиетінде жалғастык тауып, даму жолында қандай мәселелерді қамту керек екеніне ден қойған.[1]

Күні:             Пәні: қазақ әдебиеті                    Сыныбы: 8а,в

Сабақтың тақырыбы:          Абай Құнанбайұлы  «Интернатта оқып жүр»

Сабақтың мақсаты. Оқушыларға Абайды жан-жақты таныту.

Білімділік: оқушылардың  білімдерін жүйелеу, жинақтау .

Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

Дамытушылық:  мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту.

Сабақтың түрі:     жаңа   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:           І.  Ұйымдастыру кезеңі:

     Оқушылармен амандасу,түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

  Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.                                   

1.      Майлықожа қай жылы дүниеге келген?

2.      Қандай толғауларын білесіңдер?

                                    ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

       Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

       Ұлы жазушы М.Әуезов Абай шығармашылығын алғаш зерттеп жүрген кезінде-ақ, былай деген екен: «Абайдың істеп кеткен қызметі-әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты».

Абай Құнанбайұлы-қазақ халқының ұлы ақыны,сазгер,философ,аудармашы,қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, үлкен ойшыл-ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері.

    Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы (бұрынғы Семей облысындағы) Шыңғыс тауында дүниеге келген. Әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткен.Құнанбайдың жеті баласы болған.Соның ішінде бала кезінен ерекше зеректігімен көзге түскені-Абай.Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам болыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолына тартып, Меккеге барған. Онда қажылыққа барған қазақтар үшін қонақ үй салдырған. Меккеден келген соң, ел басқаруды қойып, Қарқаралыда мешіт салдырып, мұсылманшылық жолын ұстаған.

 Бүгінгі сабағымызда танысатынымыз ақынның «Адамның кейбір кездері» өлеңі.Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінігін айту.

  Кітаппен жұмыс.  «Адамның кейбір кездері»   өлеңнің туу сәтін бейнелейтін сөздерді  дәптерлеріне жазғызу.

ІҮ. Білімді бекіту.

                                                 Аудармашы

Овал: Абай    кім?                           Сазгер                                           Ойшыл-ағартушы

                             Ақын                                           Философ

                                  Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы

Ү. Білімді қорыту. -  Өлең туар сәттегі ақынның іс-әрекеті қай сөздерде берілген?

                                 -  Айтар ойға әділет пен ақылдың қанша қатысы бар?

                                 -  Өлеңнің соңғы шумағы туралы ойларыңды ортаға салыңдар.

ҮІ. Білімді бағалау. Оқушылар біімдері бағаланады.

 ҮІІ. Үйге тапсырма. Ақын өмірін оқып,өлеңді жаттап келу.               Тексердім:

                         Күні: 04.12.             Пәні: қазақ әдебиеті                    Сыныбы: 8а,в

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы»

Сабақтың мақсаты. Оқушыларға Абайды жан-жақты таныту.

Білімділік: оқушылардың  білімдерін жүйелеу, жинақтау .

Тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

Дамытушылық:  мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту.

Сабақтың түрі:     жаңа   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті,шығармалары

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                           І.  Ұйымдастыру кезеңі:

                                а)  оқушылармен амандасу

                                ә)  журнал бойынша түгендеу, оқу құралдарын тексеру,

                                б)  оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.                                   

              -  Өлең туар сәттегі ақынның іс-әрекеті қай сөздерде берілген?

              -  Айтар ойға әділет пен ақылдың қанша қатысы бар?

              - Абай кім? Оның қандай еңбектерін білесіңдер?

                                    ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Әбіштуралы

        Әбдірахман (1869-1895)- Абайдың Ділдадан туған баласы. Абай Әбішті 1882 жылы Семей  қаласындағы уездік мектепке береді1886-1889 жылдары Түмен қаласындағы Александров реалды училищесінің 5,6,7- кластарын оқып бітіреді.1889-1892 жылдары Санк-Петербургте Михайлов артиллерия  училищесінде 3жыл оқып білім алады. Училищеге әуелі қатардағы юнкер дәрежесәнді түскен Әбдірахманға 1890 жылы унтер офицер,1892жылы портупер юнкер, сол жылы тамызда подпоручик деген атақ берілді.Әбіш учелищені өте жақсы деген бағамен бітіреді. 1892 жылы Ташкенттегі бекініс гарнизонының артиллериясына қызметке жіберіледі. Осы жылы елге демалуға келгенде Мағрипаға (Мағышқа) үйленеді. Мағыштан Рахила деген қызы болады.

     Өзінің ой- қиялына, әлеуметтік көзқарасына,ақындық шабытына рухани дем беріп,ақылшысы да,сырласы да бола білген Әбдірахманға Абай зор үміт артқан.

     Әбдірахман 1895 жылы 15 қарашада Ташкентте қайтыс болады да,сүйегі елге әкелініп, Ақмолаға жерленеді.

 Бүгінгі сабағымызда танысатынымыз ақынның  «Өлең-сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңі. Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінігін айту.

 ІҮ. Білімді бекіту.«Өлең-сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңге қандай анықтама берген? дәптерлеріне жазғызу.

  Ү. Білімді қорыту.

-  Өлеңнен ақынның тыңдаушыға арналған жолдарын табыңдар, қазіргі тыңдаушы туралы өз ойларыңды білдіріңдер.

- Ақын қаламының сынына кімдер іліккен?

ҮІ. Білімді бағалау. Оқушылар біімдері бағаланады.

 ҮІІ. Үйге тапсырма. Өлеңнен үзінді жаттап келу.            

                                                                                                                Тексердім:

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:          Абай Құнанбайұлының қара сөздері

Сабақтың мақсаты:

                                 а)  А.Құнанбайұлының  қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

                                   ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

                                   б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:     аралас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?

2.Ақынды  «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?

3.Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

        Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді.

          Абайдың 45 қара сөзі бар.   Жиырма тоғызыншы сөзінде қазақтың мақалдарының  іске татырлығы да бар,іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа,не адамшылыққа  жарамайтұғыны да бар -дей келе мақалдарға тоқталып өткен.

 Шығармашылық жұмыс:   Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып,салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.

      Мақал-мәтелдер

    Абайдың сыны

      Өз пікірің

Топпен  жұмыс:           «Ата-анадан тәтті жоқ» немесе «Періштені  алтын да жолдан тайдырмас» тақырыбына шағын пікірлесу жүргізеді.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қара сөзден қандай тағлым,үлгі,ақыл-нақыл алдыңдар?
  2. Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?
  3. Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:            А.Құнанбайұлының   Қара сөздерін   оқып келу.

                   Күні: 06.12.                                   Пәні: қазақ әдебиеті                      Сыныбы: 8а,в

           Сабақтың тақырыбы:          Абай Құнанбайұлының Он жетінші қара сөзі

    Сабақтың мақсаты:

 Білімділік:  ақынның қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау.

 Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

 Дамытушылық: мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:   жаңа  сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: ақын шығармалары

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          І.Ұйымдастыру кезеңі:

            Оқушылармен амандасу,тізім бойынша түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

                           Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

                                           ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Абай өлеңге қандай анықтама берген?

2.Абай ақындық пен өлеңге қандай талаптар қояды.?

3.Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?

                                    ІІІ. Жаңа сабақ      

     Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді.

          Абайдың 45 қара сөзі бар.   Он жетінші сөзінде Қайрат,Ақыл,Жүрек үшеуінің өнерлері туралы жазылған. Бұл үшеуі әрқайсысы өздерінің өнерлерін айтысып,таласып Ғылымға келіп жүгінгендері туралы жазылған қара сөз.Ғылым үшеуінің де сөзін тыңдап болып,айтыпты:

- Сен үшеуіңнің де айтқандарыңның бәрі рас.Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бар.

Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім,-депті.Осы үшеуің басыңды қос, бәрін Жүрекке билет,- деп ұқтырыпты Ғылым. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар,

табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол.Үшеуің ала болсаң мен Жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда,қалпыңды таза сақта,құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп

кітаптың айтқаны осы,-депті.

IV.Кітаппен жұмыс: Қайрат,Ақыл,Жүрек үшеуінің сөзін оқытып, мазмұнына талдату.

V.Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Қара сөзден қандай тағлым,үлгі алдыңдар?

2. Неліктен Ғылым олардың таласына төреші болды?

3. Ғылым қандай төрелік айтты?

      4. Сендер айтылған төрелікпен келісесіңдер ме?

      VI.Білімді бағалау:   Оқушылырдың білімдерін бағалау.

VII.Үйге тапсырма:    А.Құнанбайұлының   Қара сөздерін   оқып келу.

Үйге тапсырма:            А.Құнанбайұлының   Қара сөздерін   оқып келу

      VI.Білімді бағалау: Оқушылырдың білімдерін бағалау.

VII.Үйге тапсырма:    А.Құнанбайұлының   Қара сөздерін   оқып келу.

                                                                                                                                                 Тексердім:

                   Күні: 01.04                                 Пәні: Абайтану                      Сыныбы: 9

           Сабақтың тақырыбы:          Абай Құнанбайұлының Отызыншы қара сөзі

                              Отызыншы қара сөз

    Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір «қыр мақтан» деген бір мақтан бар, сол неге керек,неге жарайды? Ол ар,есті білмейді, намысты білмейді,кең толғау,үлкен ой жоқ,не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ,не адамығы жоқ, не ақылдығы,арлылығы жоқ.

     Мойнын бұрып қойып: «Өй,тәңірі-ай,қойшы әрі,кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр,ол менің қазаныма ас салып беріп

жүр ме,мен онан сауын сауып отырмын ба»-деп бұлғақтап, немесе: «аяғаным жаным ба? Өй,енесін ұрайын,өліп кетпей неге керек! Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де, көнгенім-ақ!Әйтеуір бір өлім бар ма?»- деп қалшылдайтұғын кісі көп қой.

    Өздерің көріп жүрсіңдер,осы айтқан сөз бойына лайық қазақ көрдіңдер ме? Өлімге шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ,өлімге шыдамаймын деген де қазақ көргенім жоқ, кеңірдегін ғана көрсетеді-ау «қиылып қала қалайын,»-деп.

    Егер осы сөз бойына лайық кісі көрінсе,ақылы жоқ болса да,қайратыменен-ақ кісі айдындыратұғын адам болғаны ғой! Егер шын айғайды көргенде,кірер жерін таба алмайтұғын дарақы жұртты осы сөзімен айдындырамын, «мына кәпірден кісі шошитұғын екен»дегізіп айдындырайын деп айтып отырған құр домбытпасы болып,босқа қоқиып отырса,соны не дейміз?

  Ай,құдай-ай! Жанға мырза қылатұғын,ердің жадағайда-ақ сертке тұрғыштығы , малға мырзалығы,дүниені бір тиын есеп көрмейтұғыны, жомарттығы- әр  түрлі белгісі бойында тұрмас па еді?

   «Ұялмас бетке талмас жақ береді»,-деп,көп былжыраған арсыз,ұятсыздың бірідағы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Абай Кунанбаев"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды. Мақа­ла ұлы ақынның кайтыс болғанына жарты ғасыр толуына орай жазылған. Абайды тану жолындағы елу жыл ішінде басылым көрген ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңіл беле отырып, алдағы кезенде абайтану саласындағы ғылыми проблемаларды анықтауды мақсат еткен. Өйткені ақын қайтыс болғаннан кейінгі кезенде абайтану саласында жа­зылған әдеби-ғылыми еңбектер де молыға бастаған. Абай мұрасы жөніндегі

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 1527
    • DOCX 95.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исмагулова Камила Нұржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исмагулова Камила Нұржановна
    Исмагулова Камила Нұржановна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1615
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Русский язык и литература")

Учитель русского языка и литературы

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 62 человека

Курс профессиональной переподготовки

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель родного языка (русского языка) и родной литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по русскому языку в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 227 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 767 человек

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе