Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Абай Құнанбаев. «Қыс» өлеңі ( ашық сабақ) 5 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Абай Құнанбаев. «Қыс» өлеңі ( ашық сабақ) 5 сынып

библиотека
материалов

hello_html_16da7d51.gifhello_html_298e664f.gifhello_html_76e1edbe.gifhello_html_15c4e381.gifhello_html_30c469f1.gifhello_html_4a7c6af8.gifСабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Қыс» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі – оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет беру, ақынның табиғат лирикасымен таныстыру;

ә) дамытушылығы – оқушылардың сөйлеу, тыңдау мәдениетін, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру жәнеөлеңді құрылысына талдау дағдысын қалыптастыру;

б) тәрбиелігі – ұлы ақынның шығармаларынан үлгі-өнеге алу, өнерді құрметтеуге, әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Абай, Ыбырай суреттері, шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы, қар суреттері, кәмпиттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, сыныпты 3 топқа бөлемін (қардың суреттері арқылы бірдей суреттермен 3 топқа бөлу)

Жасыл түсті қарлар – «Жүрек» тобы

Көк түсті қарлар – «Күш» тобы

Қызыл түсті қарлар – «Қайрат» т обы


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



1245223057_new_ibrai-altinsarin













  1. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі не туралы?

  2. Еңбек етуден ерінген адам кедей болатынын, қайыр сұраудан арланбайтынын байқадыңдар ма?

  3. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?

  4. Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды? Мәтіннен тауып оқыңдар.


«Жылы орындық» стратегиясы арқылы шығарма жұмысын оқыту.


ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

Сабаққа кіріспестен бұрын оқушылардан бүгінгі ауа райы туралы пікірлерін білу.

- Оқушылар, әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшелігі болатыны белгілі. Яғни, жыл мезгіліне байланысты ауа райының құбылып, өзгеріп отыратынын сіздер жақсы білесіздер. Олай болса, қазақ жұлдызшыларының қыс мезгіліне қатысты ауа райын қалай болжағандығына назар аударайық. Айдың туу, тоғысу және аралық шағын байқап, бағамдай білген қазақ халқының көріпкелдері, жұлдызшылары қай кезде ауа райының қандай болатынын дәл тауып, айтып берген.

Қырбастың қызылы – желтоқсан айының басында болатын алғашқы аязды халқымыз осылай атайды.

Күннің таласуы – бұл мезгіл қаңтардың алғашқы күніне тұспа-тұс келеді. Осы кездері ауа райы өзгеріп, қар жауады. Боран болуы да мүмкін.

Қыс шілдесі – қаңтардың соңғы күндері. Осы кездері қыс күшіне еніп, сақылдаған сары аяздар орнайды. Қыстың осындай нағыз қақаған уақыты осылай аталады.


ІV. Жаңа сабақ

  1. «Қызығушылықты ояту» сәті

«Сиқырлы шаршы» стратегиясы арқылы суреттермен жұмыс жасатып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.


  1. «Түртіп алу» стратегиясы ( оқушылардың қолдарына Абай туралы жазылған деректі беріп, танысуға 5 минут беремін)

«Ү» – таң қалу

«-» - білмеймін

«+» - білемін

«?» - күдікті


Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шыққан руы – Тобықты. Үлкен атасы Өскенбай тобықтының атақты биі болып өткен. Өз әкесі Құнанбай көп заман тобықты болысына старшын боп келіп, бір уақыт Қарқаралы оқругіне аға сұлтан болады.

Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Смағұл атты балалары болған. Бұлардан Абай жас кезінде-ақ ерекшеленіп, ауыз әдебиетін, ертегі-аңыздарды, ескі әңгімелерді, жыр-қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан – жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар.

Ауыл молдасынан сауат ашқан Абай 10 жасында Семейге оқуға келеді. Басында Ғабул-Жаппар, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде үздік оқиды. Ол осында дін сабақтарымен бірге араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Фирдоуси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады. Оқуының соңында Абай мұсылманшамен бірге Семейдегі «Приходская школадан» үш ай орысша білім алады.

1888-1890 жылдары табиғаттың төрт мезгіліне арнаған «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым» өлеңдерін жазады.

1904 жылы 23 маусымда қайтыс болады. Сүйегі өз қыстауы Жидебайға қойылады.

Абай әдебиеттегі аударма жасаудың шебер үлгісін көрсеткен, жай мағынасын ғана аударумен шектелмеген. Алғаш Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударған. Абайдың 3 поэмасы («Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі») және 45 қара сөзі бар.


  1. «Колтырауын» ойыны

Әр топтан бір оқушыдан шығып, басына жылдың төрт мезгілінің бірі жазылған қағазды ұстайды. Қалған мүшелері қимыл іс-әрекеттері арқылы сөзді жасырып табуға көмектеседі. Үш топқа үш мезгілі жасырылып, бір мезгіл қалып қояды. Ол – қыс мезгілі. Қыс мезгілін біз Абай ақынның суреттеуі арқылы талдайтын боламыз.


  1. Өлеңмен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды.


Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.


Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.


Әуес көріп жүгірген жас балалар

Беті-қолы домбығып үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.


Қар тепкенге қажымас қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,

Құр жібер мына ант ұрған кәрі шалды.

  1. Сөздікпен жұмыс:

ұшпа – қар

шидем – сауыт

Қондыбай, Қанай – адам аттары


  1. Әдебиет теориясы

Кейіптеу – жансызды жанды бейне түрінде суреттеу

Тапсырма

І топ

Табиғат лирикасы туралы

ІІ топ

Қыстың жеке-жеке көріністерін дербес алып қарау

ІІІ топ

Өлеңді Ыбырайдың «Өзен» өлеңімен салыстыру


  1. Сергіту сәті

Қыс мезгіліне арналған видео көрсетіледі. Қандай көңіл-күйде болғандары сұралып, жауап алынады.

Ойын

Оқушылар, енді біздер ойын ойнаймыз. Аты – «Әдебиет салоны». Салон дегенді білеміз бе бәріміз, ол жерде адамдар әрленіп, боянып шығады. Сол сияқты қазір үш топ үш тармақтағы өлеңді әрлеп, әдемілендіріп өлең құрайсыңдар.

І топ: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

ІІ топ: Дем алысы – үскірік, аяз бен қар

ІІІ топ: Әуес көріп жүгірген жас балалар


V. Бекіту

Оқушылар сиқырлы сандыққа салынған конфеттің сыртында жазулы тұрған сұрақтарға жауап беруі керек


VІ. Қорытынды


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бүгінгі сабағымды аяқтаймын:

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

VІІ. Үйге тапсырма

«Қыс» өлеңін жаттау, «Қысқы ауыл» тақырыбына сурет салу


VІІІ. Бағалау


Автор
Дата добавления 17.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1374
Номер материала ДA-049477
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх