Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Абай Құнанбаев "Қыс" /сабақ жоспары/

Абай Құнанбаев "Қыс" /сабақ жоспары/


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай «Қыс»


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Қыс» тақырыбына байланысты алған білімдерін жинақтап, сөздік қорын байыту, сөздің фонетикалық талдауын, жуан, жіңішке буындарда


Дамытушылық: Тез ойлауға, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға қалыптастыру.


Тәрбиелік: Мемлекеттік тілде діни құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.


Сабақтың көрнекілігі: саяхат картасы, суреттер, фонетикалық таблица, ойыншықтар, автобус т.б.


Сабақтың түрі: саяхат сабақ


Сабақтың әдісі: ойын әдісі, автобус, саяхат, фонетикалық талдау, сөйлеу.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру.

Жұмбақ шешу:

Ат сабылып алыстан

Борандатып жетеді

Үш ай төрде қонақ боп

Аунап-қунап келеді.

(қыс)

Жұмбақтарды сол автобусқа отырып саяхатқа шығамыз.

ІІ. Сөздік жұмыс:

Бірінші аялдама: «Сөздік алқабы», «Қыс» тақырыпқа байланысты сөздерді мұғаліммен хормен қайталау.


ІІІ. Сұрақ-жауап жұмысы:

Автобус «Әңгімелеу төбесіне» келіп қалды.

Мұғалім сұраққа жауап беру:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс айлар қай айлар?

  • Бүгін ауа-райы қандай?

  • Қар жауып тұр ма?


ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

Мәнерлеп оқу. Түсінік айту.

Ү. Ішіне, сыртына ойыны.

Ішіне – етістіктерді жазу, сыртына сөз таптарын теріп жазу.

Мысалы:

Келіп қойды, маңызды

Алды, шайқалды, үсік шалды

Теріс айналды


Етістіктер: келіп қалды, маңызды, алды, шайқалды, үсік шалды, теріс айналды.

Сөз таптары:

Ақ киімді, денелі,

Ақ сақалды, соқыр, мылқау.

Ақ боранда, балалар, малшы

Беті қолы


ҮІ. Өзара сөйлесу:

Балалар автобус «Кім дүкеніне»

Қысқы киімдер туралы және боранды суреттеп сөз тіркестерін тауып айту.


Мысалы:

Қыста адамдар қандай киімдер киеді?

Қыста адамдар жылы киімдер киеді.

Ақын қысты қалай суреттеген?

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр, мылқау, түсі суық, бұлттай қасы екі көзі жауып тұр – деп суреттеген.

Балаларды қалай суреттеген?

«Балалар беті – қолы домбығып үсік шалды» - деп суреттеген.


ҮІІ. Мақал- мәтелдер, өлең алыстан қонаққа келдік. Бұл ауылдың тұрғындары қыс туралы мақал, өлең жақсы біледі екен. Білімді қалыптастыру, өз өнерімізді көрсетейік: «Қыс» тақырыбына мақал – мәтелдер айту және берілген тапсырмаларды орындау.

Мақал-мәтелдер

  1. Қылышын сүйретіп қыс келер

  2. Қыс азығын жаз жина

  3. Қыс арбаңды, жаз шыққанда сайла

  4. Қар-қара жердің көрпесі

  5. Қыс – қысаң, жаз-жазық

  6. Қыс – қысыларсың, жаз – жазыларсың


Жұмбақтар

Табанына байладым

Қыс таяғын айдадым

(шаңғы)


Қолы жоқ ұшады

Аяғы жоқ, желеді

Аузы жоқ, ұлиды.

(боран)


Құлағы мен көзі жоқ

Жоқ тіпті қол мен аяғы

Бірақ ғажап өнерпаз

Мәнерлеп ою салады

(аяз)


Жиылып жерге ақ мамық

Ғайып болды сол шақтақ

(шық)


Жаңа сөздер:

Мағанасы түсініксіз сөздерді дәптеріне жазып алу.


ҮІІІ. Соңғы аялдама: «Сурет салу»

Абай суреттеген қысты көз алдымызға келтіріп, оның суретін салу.


ІХ. Үй жұмысы:

«Қыс» жаттауы және қыс айларын жаттау.

(орысша, қазақша, ағылшынша)



Автор
Дата добавления 21.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров524
Номер материала ДВ-177316
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх