Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Абай Құнанбайұлы «Аттың сыны» өлеңі сабақ жоспары (5 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Абай Құнанбайұлы «Аттың сыны» өлеңі сабақ жоспары (5 класс)

библиотека
материалов

Хромтау ауданы Қопа орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Дуйсенгалиева Гулзира Амангалиевна

Сынып : 5

Пәні: Абайтану «Даналық әліппесі»

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Аттың сыны» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Өлеңнің негізгі идеясын түсіндіре отырып,ақынның өлең мазмұнын талдау ерекшелігін ұғындыру,әдебиет теориясы бойынша өлеңді құрылысына талдау.

2. Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік:Оқушыларды өнерлі болуға,білім туралы ойларын кеңейту.Жақсыны үйренуге,жаманнан жиренуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның өлеңдер жинағы,тақырыпқа байланысты суреттер,кітаптар көремесі

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу,түсіндіру, талдау-жинақтау,топтық-ұжымдық жұмыс,пікір айту,дәлелдеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Жаңа сабақ

Даналық ой


Абайды құрметтеуге бүкіл қазақ,оның ішінде көңілі жетік оқығандар борышты.Абайды бетке ұстасақ,білгішке ергіштік намысымызды көрсетеміз-бір,адамдық борышымызды атқарармыз-екі. (Ж. Аймауытов)


... Ибраһим мырза,қазақ ішінде Абай атайды. Сол кісі мұсылманша,әм орысша ғылымға жүйрік,әм адам алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек,дана кісі еді.

(Ш. Құдайбердіұлы)


Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз.

Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс. (Н.Ә.Назарбаев)


Кіріспе

Жылқы малының бүкіл қасиетін жүйріктігі мен қайраты,сұлулығы мен мінезі туралы толық көркем тілмен суреттеп берген Абай болатын.

Қазақтың дарқан даласында батырларымыздың мінсе-көлігі,жауға шапса-серігі,ашықса-азығы болған,шаршаса-жалын төсеген қазанаты,шапқанда шашасына шаң жұқтырмас тұлпарлары болғанын білеміз.

Сұрақ:

- Ақын Абай атамыз осындай қасиетті жануарға қандай сын айтқан екен?

- Өздерің оқыған «Батырлар жырындағы» тұлпарларды атап беріңдерші?

Мысалы:

Қобыланды- Тайбурыл

Кендебай- Керқұла

Ер Төстік - Шалқұйрық

(Үйге қосымша тапсырма ретінде мынадай сұрақтарға жауап іздеп келулеріне берген болатынмын.)

  1. Қазақ халқы малды неше түлікке бөлген?

  2. «Түлік» деген сөзге түсінік бер.

  3. Төрт түліктің пірлерін атап беріңдер.

  4. Осы аталғандардың ішінде қай түлікті ерекше қадірлеген? Оның себебі?

  5. Жылқының Отаны қай ел?

  6. Жылқының қандай тұқымдарын білесіңдер?

  7. Қай түрі қандай кәсіпке,шаруаға байланысты қолданылады?

  8. Жылқы төлдерінің атаулары

  9. Жылқы сүтінің атауы? Оның қасиеті?

  10. Жылқының дене мүшелерін ата?


Өлеңді талдау жұмысы:

  • Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқыңдар;

  • Өлең жолдарынан теңеулерді табыңдар

  • Өлең мазмұнын өз сөздеріңмен баяндап беріңдер

  • Байшұбар,Тайбурыл сипаттары мен Абайдың «Аттың сынындағы» тұлпарлардың өзара ұқсастығы ман айырмашылығын санамалап жазыңдар.


Ұқсастықтары:

«Аттың сыны»

Байшұбар,Тайбурыл

Айырмашылықтары:


Топтық жұмыс:


Қабілеті «Жоғары» оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар:

1-тапсырма: 1. Ақын сөзбен суреттеген аттың сынын өзің қалай сипаттап берер едің?Шамаң келгенше сөзбен сурет салуға талаптан.

2-тапсырма: Қазақ тілі сабағымен байланыстырып,өлеңнен сын есімдерді тауып жазыңдар.


Қабілеті «Жақсы» оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар:

1-тапсырма: «Аттың сыны» өлеңіндегі Абай тілінің сөздігін жаса.

2-тапсырма: Өлеңді қара сөзге айналдырып,шығарма жазуға тырыс.

Үлгі: Жүйрік аттың кекілі шоқпардай, «қамыс құлақ», «қоян жақ» болып келеді.



Қабілеті «Орташа» оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар:

1-тапсырма: Өлеңді оқып шығып, зат есім,сын есімдерді табыңдар.

2-тапсырма:Жылқы малы туралы мақал-мәтелдер жазыңдар


Сөзмаржан:

  • Сағақ-жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы

  • Жерсоғар-ат тұяғының арт жағындағы қатты жері,өкшелігі

  • Ашамайлы-аяқтарының арасы алшақ орналасқан-талтақ

  • Ашамай-атқа мініп жүре алмайтын жас балалар үшін жасалған арнаулы ер

  • Шідерлік-аттың сирағының шідер салатын жері

  • Шідер-атың алдыңғы екі аяғы мен артқы аяғын қосып салынатын тұсау


Сабақты бекіту: Тест тапсырмасы

1. Абай кедейдің аянышты өмірін баяндайтын өлеңін табыңыз.

А) Күз В) Жаз Г) Қыс

2. Абайдың туған жері

А) Ақмола облысы В) Жидебайда Г) Алматы облысында

3.Абайды әкесі неше жасында Семейге оқуға жібергенін анықтаңыз

А) 11 В) 12 Г) 13

4. «Жазғытұры» өлеңіндегі «жаңа бұлмен жадырап саудагерлер» деген жолдағы «бұл» сөзінің мағынасын табыңдар

А) ақша В) қару-жарақ Г) мата

5. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің композициясы қандай?

А) Іс-әрекетті беру В) мезгіл мен іс-әрекетті бастан аяқ ретімен бұлжытпай беру Г) Бір сарынды

6. Абайдың анасының есімі кім?

А) Ділдә В) Зере Г) Ұлжан

7. Абайды әлемге танытқан жазушы?

А) С. Мұқанов В) М.Әуезов Г) Ш.Құдайбердіұлы

8. Жақсы істерге асық,жаман істен аулақ болуға шақыратын өлеңі?

А) Ғылым таппай мақтанба В) Жасымда ғылым бар деп ескермедім Г) Интернатта оқып жүр

9. Абай өлеңдерін неше топқа бөліп қарастырамыз?

А) 5 В) 4 Г) 3

10. Сұлулық,қайрат,жуастық,жұмыр тұяқ-қандай өлеңінде кездеседі?

А) «Аттың сыны» В) «Төрт түлік» Г) «Жылқы малы туралы»

Бағалау

Үйге тапсырма:

  1. Аттың жүйріктігін әйгілейтін мүшелері:

  2. Сұлулығын көрсететін мүшелер:

  3. Жуастықтың белгісі: жазып келу



Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров363
Номер материала ДВ-529842
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх