Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

8-сынып.

Нусипбев Жансерик Куантаевич

Қазақстан тарихы


Сабақтың тақырыбы: § 34. Абай Құнанбайұлының (1845-1904 ж.ж.)

өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: «Қазақ әдебиеті» пәнінен алған білімдерін негізге ала отырып, оқушыларды Абай Құнанбайұлының өмір жолы және қызметімен таныстыру. Ағартушының бүкіл ғұмырын туған халқының білім көкжиегін кеңейтуге арналған игілікті ісіне талдау жасау, оның ақын, философ, композитор, аудармашы, қоғам қайраткері ретіндегі шығармашылығы жайында жан-жақты мағлұмат беру.

2.Дамытушылық:

2.1.Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін есте сақтау қабілетін арттыру, Абай Құнанбаев жайында тың мағлұматтармен білімдерін толықтыру және алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.

2.2.Оқушырдың әдеби шығармалармен жұмыс істеу дағдасын қалыптастыру, автордың айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынуға үйрету;

3.Тәрбиелік:

3.1.Абай Құнанбаевтың шығармашылығының тарихи маңызы жайында жан-жақты әңгімелей отырып, оқушыларды әдебиет пен өнерді сүюге, рухани ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;

3.2.Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік идеясын оқушылардың бойына сіңіру


Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Көрнекілік: презентация, интерактивті тақта

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Болжамдалған нәтиже: оқушылар тақырыпты толық түсініп шығады, білімі артады, өзідігінен жұмыс жасайды, интерактивті әдістер арқылы тарихи санасы қалыптасады.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Жаңа сабақты бекіту

V. Сабақты қорытындылау және бағалау

VІ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқу құралын тексеріп түгелдеу

2.Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Ы.Алтынсаринның ағартушылық көзқарасының қалыптасуы.

  2. Педагогикалық қызметі

  3. Экономикалық көзқарасы

  4. Ғылыми және әдеби қызметі

  5. Қоғамдық саяси қызметі

  6. Халық ағарту саласының дамуындағы негізгі бағыттарды атаңдар.

  7. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру ісінің кемшілікері.

  8. Оқу-білім, ғылым туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтыңдар.


ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

1.1. Ақынның балалық шағы. Абай Құнабайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан (Семей) облысының Шыңғыстау өлкесінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибрагим. Руы Тобықты. Әкесі Құнанбай осы рудың басшысы, аға сұлтан болған. Абайдың зерек болып өсуіне шешесі Ұлжан мен әжесі Зеренің әсері мол болған. Абай кейіннен Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқып білім алады. Мұнда шығыстың ірі ғалымдары Фирдоуси, Низами, Науаи еңбектерімен танысады. Қалада болған кезінде орыс тілін шебер меңгереді. Көптеген орыс зиялыларымен танысып достасады. Бірақ Абайды әкесі Құнанбай ел билігіне араластыру үшін оқуын аяқтатпай ерте қайтарып алады.

1.2.Орыстың озық ойлы зиялыларымен қарым-қатынасы.

Семейде кездескен, кейінгі жылдары байланысы үзілмеген орыс зиялы қауымының өкілдері де Абайға жан-жақты ықпал етті. Ресей азаттық қозғалысының Семейде айдауда болған біраз өкілдері – Е.П.Михаэлис,А.В.Леонтьев, С.С. Гросс, Н.И.Долгополов, тағы басқалар оның ақындық шығар-ының демократиялық бағытта қалыптасуына себепші болды.

1.3. Абай – ақын, данышпан ойшыл. Оқушылар ұлы ақынның өмірі және шығармашылығымен жақсы таныс екені белгілі. Сондықтан сабақты әңгіме түрінде өткізген жөн. Абай есімі жер жүзі халықтары үшін Шекспир, Гете, Пушкин есемдерімен қатар тұр. Оның асыл сөздері тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды. Ақын таланты мен еңбегіне деген үлкен құрмет-1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен Абайдың туғанына 150 жыл толуының әлемдік деңгейде тойлануы болды. Бұл дүние жүзі халықтарының ұлы ақынға, оның мәңгі жасайтын шығармаларына бас июі еді.

1.4.Абай және халық ағарту ісі. Абай - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі. Абай өлеңдерінің әдебиетімізде алатын орны ерекше. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерімен жақын араласуы Абайдың прогрестік жолына үлкен әсер еткен. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде шебер сөйлете білді. Абай өз өлеңдері мен қара сөздерінде өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы адам баласына тән жағымсыз қасиеттерді аяусыз сынап, өзінің талантты шығармалары арқылы білім және рухани тәрбие беруге баса көңіл бөлген.

1.5.Абай аудармалары. Орыс тілін жетік меңгеруі Абайдың орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуына жол ашады. Абай Л. Толстой, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, М.Е. Салтыков-Шедринді аударған. Абайдың талантты Мағауия, Акылбай, Әбдірахман атты ұлдары болған. (Осы арада оқушыларға Құнанбай жайлы қысқаша әңгімелеп беремін.)

1.6.Абай Құнанбаевтың Қазақстан тарихындағы орны. Абайдың өлеңдері жастарды білімге, ғылымға шақырады, халықтың сол кездегі нашар әлеуметтік хал-ахуалын суреттейді. Абайдың елуге жуық қара сөзінің аса зор философиялық мәні бар.Қазақ әдебиеті мен қазақ даласындағы қоғамдық пікірдің дамуына қосқан үлесі Абайдың қазақ тарихындағы орнын айғақтайды.


2.Терминдермен жұмыс:

  • Ағарту

  • Фольклор

  • Этнография

  • Қоғам қайраткері


ІV.Жаңа сабақты бекіту:

  1. «Миға шабуыл» - сұрақ-жауап жұмысы.

1.Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны.

2.Абайдың жан-жақты өсуіне әсер еткен орта туралы айт.

3.Абай Құнанбаев шығыстың қандай ақындарының шығармаларын оқыды.

4.«Абай-сазгер» дегенді қалай түсінесіңдер?

5.Абайдың дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына қандай факторлар жағымды әсер етті?

6.Абай орыстың озық ойлы интеллигенция өкілдері және саяси жер аударылғандармен қандай қарым-қатынаста болды?

7.Абай шығармаларының бүгінгі таңдағы маңызы қандай?


V.Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау:

1. Ауызша қорындылау: Абай Құнанбайұлы өз заманының ұлы кемеңгері еді. Абай шығармаларының терең, пәлсапалық ойлы мазмұны – ұрпақтарға қалған өшпес мұра. Абай қаламынан өлеңдермен қатар, қара сөзбен жазылған ғибратты, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары дүниеге келді. Абайдың мол мәдени мұрасында аудармалары елеулі орын алады. Абайдың мұрасы қазақ мәдениеті мен әдебиеті тілінің дамуына үлкен ықпал жасады.

2. Баға қою: Өткен тақырып бойынша үйге берілген тапсырмаға жауап беріп, белсенділік көрсеткен оқушыларға бағалар қою.


VІ.Үйге тапсырма:

  1. §34. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы. 188 бет.

  2. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты оқулықтан тыс тың материалдар (интернет, БАҚ) іздестіру.

  3. Абай Құнанбайұлының мектеп бағдарламасынан бөлек бір өлеңін немесе бір қара сөзін жаттау.



































hello_html_m2ef30903.pnghello_html_68212df5.png

Автор
Дата добавления 10.12.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров287
Номер материала ДВ-246546
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх