Инфоурок Начальные классы Конспекты"Абай оқулары" сайысының әзірлемесі

"Абай оқулары" сайысының әзірлемесі

Скачать материал

«Абай оқулары» мектепішілік байқауының

жүргізілу реті

     Мектепішілік байқаудың мақсаты:  біздің білім ордасындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсаты мен қазақ руханиятының  мәртебелі мақтанышы, қазақ әдебиетінің бірегей тұлғасы – Абай мұраларын келешек ұрпақ рухына сіңіріп, насихаттау бағытындағы  жыл сайын ұйымдастырылып  отырған «Абай оқулары» байқауы игі дәстүрдің заңды жалғасы деп білеміз. Сайыстың негізгі мақсаты: жеке тұлға бойына мемлекеттік  мінез бен отансүйгіштік рух, адами құндылықтар қалыптастырылып, тіл табиғатын тереңнен танытып, мемлекеттік мәртебесін еселеу, рухани әлемін  өрістету. Біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде» деген толымды пікірін ескере отырып, игі мақсаттардың жалғасы ретіндегі  біздің бүгінгі мектепіщілік «Абай оқулары»  байқауы соның бір көрінісі деп бағалаймыз.

    

 Байқаудың кезеңдері: 

І кезең – өлеңді мәнерлеп оқу кезеңі.

ІІ кезең – хакім Абайдың әндерін нақышына келтіріп,  орындау шеберлігін    айқындап, оқушы рухына сіңіру.

ІІІ кезең -  шығармашылық кезеңнің  шарты бойынша әрбір қатысушы  өзінің шығармашылық шеберлігін көрерменге жария етеді. Ол сахналық қойылым болуы мүмкін немесе өзінің шығарған өлеңі, шығармасы болуына да шек қойылмайды.

 

Байқауға қатысушы сыныптар: 5-11 сынып оқушылары

 

Мерзімі: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кештің өту барысы:

1 жүргізуші:  

     Қазақ халқының ұлы классигі, данышпан ақын, әдебиеттің сара жолын келешек ұрпаққа кеңінен ашып берген кім десе, бірден – Абай Құнанбайұлы деп жауап берер едік. Өйткені , ол қазақтың бас ақыны, бұрынғы, соңғы заманда әдебиетімізде одан асқан  ақын болған жоқ. Абайдан өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады. Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың  бәрін білген.

2 жүргізуші:

        Армысыздар қадірменді қауым, жиналған жұртшылық,  ұстаздар мен мектеп оқушылары!  Абай мұраларын келешек ұрпақ рухына сіңіріп, насихаттау бағытындағы жыл сайын ұйымдастырылып отырған «Абай оқулары»  мектепішілік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

 

1 жүргізуші:  

      Абай шығармашылығы — әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс. Кейде ойлап отырсаңыз, Абай біз үшін ақын да, философ та, аудармашы да, композитор да емес, бәрінен бұрын өзіміздің жа­нымызға соншама жақын адамымыз, ағайынымыз ба, туысқанымыз ба , ағамыз ба, атамыз ба, әйтеуір бір жақсы танитын адамымыз сияқты. Сол адаммен талай рет кездесіп, сөйлескен, сырласқан, талай рет ақылын алғандаймыз, ал кейде не балалықпен, не шалалықпен  алмай кеткендейміз.  Қуансаң да, қиналсаң да Абайдың алдына барасың. Жар сүйіп, бала сүйіп қуансаң да, жақыныңның аза­сына күйіп, қайғырсаң да жаныңнан табылады Абай.

2 жүргізуші:  

Халқымыздың ұлы ақынға құрметі біздің “Абай атамыз айтқандай” деп сөйлейтініміз­ден де көрініп тұр. Ұлы классиктерін халықтың атасы деп сөйлеу ең дамыған деген ұлттарда да табыла қоймайды. Абай — ұлттың атасы, халықтың рухани әкесі.  Егер әрбір қазақ баласы ауық-ауық болса да Абай томын қолға бір алып қойып, бір өлеңін болса да қайталап оқып отырса, өзіне өзі Абай алдында іштей есеп берсе, “Қалай өмір сүріп жатырмын осы? Абайдың айтқан ақылын алдым ба, жасаған сынынан қорытынды шығардым ба, шық деген биігіне ұмтылдым ба, адам атын ақтайтындай не істедім мен өзім?”,  дегендей ойға түсіп тұрса қазақтың бағы баяғыда жанып, ортақ үйіміздің түтіні де түзуірек ұшар еді-ау деп те қиялдайсың.

1 жүргізуші:  

Абай, Абай, ұлы Абай, дана Абай,

Дана Абайым – қасқайған нән қарағай.

Қазағымның бұйырыпты бағына

Ғасырда бір туылатын дарам-ай.

Ұлы Абайым, саңылағым нар тұлға,

Өшпестей ғып із қалдырдың артыңда

Табиғаттың сан қырынан жүрекке

Орнықтырып, ұялатты жар тұлғаң!

1 жүргізуші:  

    Ортаға  І кезең бойынша  Абай атамыздың  өлеңдерін оқуға мектебіміздің  майталман, өлең сүйер  5 сынып оқушыларын шақырайық.

 

 

2 жүргізуші:  

АБАЙША СҮЙІП, АБАЙША КҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Атады таң, батады күн, толады ай.

Ауысады күнде саба, толағай.

Бірі барда бірі болмай, жоқты аңсап,

Неге пенде болды сонша қомағай !

Нәпсі сол ғой, ныспы адам болғасын,

Тәркі өмір талқы, тартыс додадай.

Ақын ақын болмас еді алдында

Жатса  жайнап шәмсі, күлпар, қоғажай.

– Өмір өшпек,

Өлең қалмақ, – дейді дос,

Көңілімді аулап айтқан сөз ғой о да жай.

Білем жатқа даңқты талай дананы,

Олар тау да, мен кішімін обадай.

–  Алтынсың, – деп алдағандар тірімде

Көзім жұмсам, көрмес мені қоладай.

Дүниеге қаланған бір кірпішке

Сол дүниенің осындай бір обалы-ай!

Қуандыққа соның бәрін ұқтырған

Аруағыңнан айналайын,

О Абай !

1 жүргізуші:  

Халқымның көркем болсын келешегі,

Қашанда иман тұнған ел өседі.

Мемлекеттік тілімді қадірлесек,

Айдарынан жұртымның жел еседі.

 

Ортаға 6 сынып оқушыларын шақырамыз.

2   жүргізуші:  

Қазақ қоғамы, оның болмысы, келешегі туралы соншама толғанған; ұлтының табиғатын, жаратылысын дәл таныған; елі үшін күйіп-піскен, азапқа түсіп, қасірет шеккен, қазақтың кемшілігін жанға батырып бүкпесіз ашық айтқан Абайдан асқан кісі болған жоқ. “Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман”, дегенді Абай жасы жетіп қартайғандығынан айтқан жоқ, Абайды жасына жетпей қартайтқан – қазақ, оның қылығы. Заман өзгерер, қоғам өзгерер, адам өзгерер, бәрібір қазақ түбінде Абайға жүгінеді, оның өсиетіне, аталы сөзіне тоқтайды.

Кемелге келмей, ақыл тоқтатпай Абайды ұғыну мүмкін емес. Абайды оқыған сайын, көкейіңе тоқыған сайын қазақтың табиғатын аша түсесің, ой түбіне тереңдей түсесің, ел-жұртыңның тағдыры, келешегі туралы ойлана, толғана түсесің. Абай мұралары жыл мезгіліне қарай, кісінің көңіл-күйіне, жасына қарай әр кезде әр түрлі әсер етеді, өзгеше ой салады. Сол кезде Абайдың “Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла” деген сөзі еріксіз есіңе түседі.

 

2 жүргізуші:  

Шынында да, Абай – жұмбақ адам. Оның ойлары гауһардай түрленіп, әр қырынан әрқалай сәуле шашады. Көп ойларын тылсымдап кеткенге ұқсайды. Заман асқан сайын, уақыт өткен сайын тылсымның кілті табылып, Абай халқына бүгінгіден де ашыла, бүгінгіден де жақындай түсетін болады. Қазақ дертінен айығу үшін, көкейіндегісін табу үшін Абайға жүгінуі керек. Абайға үңілген сайын бірде табынасың, бірде қамығасың, әрқалай ахуал кешесің. Заманына, дәуіріне қарай, қоғамның ауанына қарай үнемі Абаймен сырласып отыруымыз керек. Адаспаудың бір жолы осы деп ойлаймын.

1        жүргізуші:  

Абай қазақ үшін бір ғана әдебиеттің ауқымына сыймайды. Оның туындылары  әлемдік әдебиеттің інжу- маржаны. Сол ұлттың философияға құрылған даналық інжу маржандарынан өнер көрсетіп, жырынан шашу шашатын 7-сынып оқушыларының үніне құлақ түрелік.

2 жүргізуші:  

...Ұлы даланы еркін мекендеген, алаңсыз, бейқам өмір кешкен қазақ халқының тағдыры туралы Абайдай аяусыз, жанға батырып қатты айтқан жан болған жоқ. Абайдың максимализмі туған халқының мешеу мінезін ғайбаттау емес, керісінше елін талмайтын зерделікке, ойлылыққа шақыру.

1        жүргізуші:  

Абай адам алдындағы парызына дақ түсірмей, ақиқатқа жан-тәнімен қызмет етіп өтті. Саналы ғұмырын, күш-қуатын санаткерлікке жұмсады, бірақ заманы ақынның жан егілткен әндерін сүйсіне тыңдағанымен, тамылжыта салғанымен, мұңлы өлеңдерінің, аталы сөздерінің ой қатпарларына тереңдей алмады, жанына дарыта алмады, сөйтіп, ақынның өз халқына айтқан ақыл-өсиеті жаһан далада адасып қалды. Абай дүниеге ақын болып туған адам, өлеңді ерте жазған

Кім екен деп келіп ем түйе қуған,

Қатын ғой күлдәрімен белін буған.

Төркініңнің бергені жауыр айғыр,

Бауырыңды ұрайын бірге туған ,

–  дейтін әдепкі өлеңінің өзі түйеден түскендей.

2        жүргізуші:   

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!

     Хакім Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқу бағыты бойынша ортамызға 8 сынып оқушыларын шақырып,  жеткіншектірдің өнерлеріне куә боламыз.

1 жүргізуші:  

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнді тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, Ұлты – қазақ, Аты –Адам.

2 жүргізуші:  

Абай табиғатынан ақын болып туғанымен, жас кезінде өлең шығарумен еркін айналыса алмайды. Заман ағымына, халықтың ұғымына қарай Құнанбайдай кемеңгер әкенің Абайдан күткені басқа еді. Билік үшін арпалысып өткен дала көкжалы Абайды ел тізгінін ұстауға баулыды. Құнанбайдай әкенің ырқынан шығып, ақындық әлемге қанат қағу жас Абайға оңай болған жоқ. Абайдың алдында күрделі де қым-қуыт өмір жолы тұр еді.

      Ақын өлеңдерін санаға сіңірегн көркем келешектің ұрпақтары  9 сынып  оқушыларына кезек береміз.

1 жүргізуші:

Абай өлеңі – жанымның жарасымы,

Абай өлеңі- рухымның дара шыңы.

«Өлең-сөздің патшасы» - деп айтатын,

Сақталған асыл көздің қарашығы.

2жүргізуші:  

Абай оқулары – бүгінгі жарыс мәні,

Сыныптар келді бүгін жарысқалы

Оныншы сыныптың да ұландары

Өзгелерден кем түсіп қалыспалы.

  Абай мұраларын жүрек төріне қондырып, қадір тұтқан оныншы сыныптың оқушылары алдымызда өнер көрсетеді. 

  1 жүргізуші:

       Абайды қазақтың тануы бар да, әлемнің тануы бар. Абай өлеңдері өзге тілдерге ойдағыдай аударылған жоқ. Аударылуы да мүмкін емес сияқты көрінеді маған. Абайды әлем Мұхтар Әуезовтің романы арқылы таныды. Әлемге таныту арқылы қазақты дүниеге танытып кеткен Мұхтар Әуезовтің аруағы алдында басымызды иеміз. Қазақ даласына ХІХ ғасырда аспаннан түскендей әсер еткен Абайдай алып тұлғаны Тәңірі халқымыздың бағына тудырған. Абайы бар елде арман жоқ. Біз енді сол қолда бар алтынды бағалай білсек болғаны.

2жүргізуші:

Абай – қазақ поэзиясындағы ғашықтық жырлардың да ең озық үлгісін жасап кеткен ақын.

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да.

Дүниеде сенен артық маған жар жоқ,

Саған жар менен артық табылса да.

Сахнада 11 сынып оқушыларын  қарсы алыңыздар.!

  1 жүргізуші:

Енді «Абай оқулары» байқауының  ІІ кезеңін  бастауға рұқсат етіңіздер.

Екінші кезеңнің негізгі шарты -  Абайдың әндерін нақышына келтіріп,  орындау шеберлігін айқындап, оқушы жүрегіне сіңіру.

2жүргізуші:

Абай әні қашанда керек бүгін,

Байқатар қазағымның еректігін.

Оқушылар бүгін алдыңызда,

Көрсетер тағылым мен зеректігін.

   1 жүргізуші:

Келесі  ретте Абай үнімен, Абай дәстүрімен ән шырқайтын жас әншілеріміз болса, сахна төріне  келулерін сұраймыз.

 

1-жүргізуші:

Құрметті қауым! «Абай оқулары» байқауымыздың үшінші кезеңіне де келіп жеттік. Ата заңымызда көрсетілгендей біздің мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі. Соған қоса біз өзге де ұлт өкілдерінің тілін жетік білуіміз қажет. Өйткені, неғұрлым көп тіл білген адамның сана сезімі мен дүниетанымы да жоғары болады. Қазіргі таңда елімізде әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Оған себепкер-ұлттардың бірлігі, халықтардың достастығы.

 2-жүргізуші:

Сондықтан келесі кезекті мектебіміздің оқушыларының ішінен суырылып шыққан , поэзияға табандары бір табан жақын оқушыларымыз шығармашылық шеберлігін  көрерменге жария етеді.

1-жүргізуші:

Құрметті оқушылар! Даяр болсаңыздар  сахнаға келулеріңізді сұраймыз.

 

1 жүргізуші:

Тарихты тұлғалар жасайды. Біз Абай Құнанбаевты  бүкіл ұлт қазынасы, абыройы деп ұғынуымыз керек, “Қазақтың бас ақыны Ұлы Абайдың өлген күнінен қаншама алыстасақ, рухына соншама жақындаймыз. Халқымыз үнемі бұл күйде тұра бермес, ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артар. Халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар...” деген екен Алаштың ардагері Міржақып Дулатов. Қандай дәл, әдемі айтқан арысым!

2жүргізуші:

Бүгінде Абай туралы тың ой, жаңа сөз айту да қиын. Әңгіме Абай туралы жазуда, Абай жайында сөз айтуда да ғана емес, Абайды оқып, ұғына білуде, Абай сөзіне құлақ аса білуде, Абайды жан-тәніңмен бойға сіңіре білуде. Абайды ғана емес, бағзы замандардан бері үзілмей келе жатқан даналығымызды, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді бабалар сөзін, Асанқайғы, Қазтуған, Ақтамберді, Махамбет, Мұрат, Дулат, Жамбыл, Мұқағали мұраларын жаттатып, жас ұрпақтың санасына ұғындыруды парызымыз деп есептеуіміз керек. Мұның өзі түптеп келгенде қазақты қазақ ұғыну, қазақты қазақ түсіну деген сөз! Қазақты сырттан келіп ешкім жарылқамайды. Қазақты жарылқаса тек қазақ қана жарылқайды.

Абайдың айтып, Алладан тілегені – сол халықтың мызғымас бірлігі, жарасқан ынтымағы еді. Алла қазаққа ынтымақ, береке берсін.

Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

1 жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?

2 жүргізуші:

«Абай - өз дәуірінің үні, өз халқының мұң - мұқтажының жоқшысы бола білді»,- деген жазушы - ғалым С. Ақатаев Құрметті   ұстаздар мен оқушылар қауымы! Бүгін біздер қазақ руханиятының заңғар тұлғалы мәңгілік мақтанышы- Абай мұраларын келешек ұрпақ рухына сіңіріп, насихаттау мақсатныда жыл сайын  өтетін «Абай оқулары» байқауы да аяқталды. Назарларыңызға көп-көп рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Абай оқулары" сайысының әзірлемесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 340 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.10.2016 1837
    • DOCX 25.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калибас Айнур Бериккановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калибас Айнур Бериккановна
    Калибас Айнур Бериккановна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14426
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек