Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Конспекты / Абай салған сырлы ән.

Абай салған сырлы ән.

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы ән.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев

жайлы түсінік беру, музыка әлеміндегі Абайдың алатын орнын анықтап,

қазақ музыкасына қосқан үлесін айқындау

2.Дамытушылық: өз ойларын емін-еркін айтуға, есту қабілетін арттыру,

сөздік қорларын молайту;

3.Тәрбиелік: музыка сүйіспеншілігін арттыру, қазақ музыкасын сүйіп

тыңдауға тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,

музыка тыңдау

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка

Сабақтың көрнекі құралдары: Абай Құнанбаев туралы бүктемелер,

интерактивті тақта, аудио, бейне жазбалар

Сабақтың өтілу формасы: жекелей, топтық, жұптық

Қолданылған технология: Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстыру

3. Сыныпты топқа бөлу

Сабақтың жоспары

1. Нені білеміз? Абай туралы не білеміз? (өткен тақырыптар туралы сұрақ-

жауап)

2. Нені білдік? Абайдың музыкалық шығармашылығы (үй тапсырмасын

сызба арқылы қорытындылау)

3. Нені білгіміз келеді? “Абай әндері (жаңа сабақты түсіндіру)

4. “Көзімнің қарасы” әні (оқулықпен, таратпалы матриалдармен жұмыс)

5. Қазақ халқының ұлы ақыны. ( жаңа сабақты бекіту)

ІІ. Білімді тексеру кезеңі

Нені білеміз?

(топтық жұмыс)

1. Абайдың өмірі жайлы не білеміз? І топ.

2. Абайдың шығармалары жайлы не білеміз? ІІ топ.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

2. Нені білдік

(үй тапсырмасын тексеру)

Нені білгіміз келеді?

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, Абай туралы презентациясын көру

Абай Құнанбаев

(1845-1904)

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген.Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз-әңгімелерді айтып, Абайды тәрбиелеп отырады.

А.С.Пушкин И.А.Крылов М.Ю.Лермонтов Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп,

кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән- күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті.


«Желсіз түнде жарық ай».

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.


Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзі-өзі.

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.


V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі


1. «Қай топ көп біледі?» сұрақ-жауап, тест ретінде тексеріледі

1. Абай қай жылы дүниеге келді?

2. Әжесі кім?

3. Анасы кім?

4. Абайдың әндерін ата?


«Желсіз түнде жарық ай» әніне суреттеме салу.


Сабақты қорытындылау.

Абай-ақын,философ,ағартыушы,композитор,орындаушы,аудармашы,яғни бір Абайдың бойында осыншама қасиет бар екен.


: Ақын


Прямая со стрелкой 2Прямая со стрелкой 3Күйші Абай Композитор

Прямая со стрелкой 1

Әнші






VІ. Үйге тапсырма:

Абайдың әнін жаттау,Абайдың қанша қара сөзі бар екендігін және күйлерін тауып жазып кел.

VІІ. Оқушыларды бағалау


Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров150
Номер материала ДВ-097791
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх