Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Абай шығармаларындағы құқық бұзушылықтың себептері және олармен күресу жолдары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Абай шығармаларындағы құқық бұзушылықтың себептері және олармен күресу жолдары

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Абай шығармаларындағы құқық бұзышылықтың себептері және олармен күресу мәселелері

Мамедярова Роза Момынқызы

Қарағанды қаласы №23ОМ

Майгелдина Гауһар Шайхсланқызы

Балқаш қаласы №7ОМ

Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның, озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Абай қоғам өмірі жайлы көп толғанып, көп ойланып жүріп, халық мүддесі үшін, адалдық, адамгершілік үшін күресуге ұмтылады, қалай күресудің жолын іздейді. Халық мүддесі үшін күресуге бел байлап, енді жастарды адал еңбек етуге, өнер үйренуге, білім, ғылым жолына түсуге шақыруды мақсат еткен Абай, осы ой пікірін жалпы жұртқа жария етуге, солардың жүрегіне ұялатуға жарарлық бірден-бір күшті құрал өлең сөз ақындық өнер деп санайды.

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін ұлы ойшылы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын шығармаларында бүгінгі таңдағы күн тәртібінде тұрған көкейтесті проблемалар астасып жатыр. Абай әлемінен ерекше орын алатын сан қырлылықтың тағы бір көрінісі- құқық бұзушылық, оның себептері және олармен күресу мәселелері.

Абайдың пайымдауы бойынша қылмыс әлеуметтік құбылыс, яғни оның жасалуына қоршаған орта тікелей әсер етеді. Әрбір ортада жеке адамның мінез-құлқының, қимыл әрекетінің қалыптасуына себепші. Жеке адам өзі тіршілік еткен айналасымен тәрбиеленіп, түлеп өседі. Бұл қағиданы Абай құқық бұзушылықтың ең негізгі себептеріне жатқызады. Абай осы туралы өз сөзін «Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады» ( «Қырық төртінші сөз») деп қорытады.

Қазақ ағартушысы қылмыс, жалпы құқық бұзушылық тұқым қуалау арқылы қалыптасады деген Чезарие Ломброзо сияқты зерттеушілердің теориясын жоққа шығарады. Абайдың айтуы бойынша ешбір адам туғаннан қылмыскер болмайды. Олай тұжырым жасаудың ешқандай да негізі жоқ, яғни жалған. Қылмыстық әрекеттерді тұқым қуалау арқылы қалыптасады деген теоряны Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінде жоққа шығарып, күл-талқан етеді:

Батырдан барымташы туар даңғой,

Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.

Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,

Елірмелі маскүнем байқалған ғой.

Жеке адамның заңсыз, құқық бұзушылық жолға түcуін, соның салдарынан қылмыс жасауға баратындықты Абай негізінде қоршаған ортаның әсерінен басқа үш себеппен белгілейді: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Сонан қашпақ керек...надандық...еріншектік...залымдық...

Надандық – білім – ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

Залымдық – адам баласының дұшпаны.Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады» («Отыз сегізінші сөз») дейді Абай. Шын мәнінде Абайдың бұл ғақлиялық сөздеріне талдау жасап, үңіле қарасақ, дәл осы заманда да сол көрсетілген факторлар қылмысқа итермелеп, соған себепші болатыны ақиқат екенін аңғарамыз. Қылмыстық зерттеулер соны дәлелдейді. Надандық Абайдың түсінігі бойынша білімсіздіктен туады, ондайлардың сана деңгейі төмен, қоғамдық дамудан парасат пен мәдениеті мен арақатынастық сыпайылықтан мүлдем ада.Күш қолдану мәселені, дау – жанжалды шешудің ең негізгі құралы деп ұғынады. Жалпы Абай қоғамдағы барлық кертартпа, арсыздық қылықтардың бел алуын адамгершілік, тақуалық қасиеттердің жоқтығын надандықпен тікелей байланыстырып қарайды. Надандық – адам баласының қас жауы. Барлық бәле тек сол қасиеттерден тарайды. Міне, осыған байланысты Абайда «надан» деген сөз көп кездеседі. Яғни қоғамды түзеу үшін, қылмысты жою үшін ең алдымен надандықпен күресуіміз қажет. Ал надандықпен күресу, адамның бойындағы барша ізгіліктің басы ең алдымен отбасыдан, атап айтсақ ата-ана тәрбиесінен, ата-ана мен ұстаздың озық педагогикалық көзқарасынан басталатыны хақ. Абай отбасында балаға ата-ананың беретін тәрбиесін өте жоғары бағалайды.

Абайдың ұғындыруы бойынша еріншектік, жатып ішерлік, енжарлық еңбек етуге деген ынтаны мүлдем жояды. Бұл қасиеттер адамның бойына бала кезінен ата – ананың әлпештеуінен, еңбекке баулымауынан, баланы қызғыштай қорғап өсіруден болатын дерт. Осындай тәрбиені көрген жасөспірім жеңіл өмірге, дайынға үйренеді, өзі адам болып талпынудан, тіпті ойлаудан да қалады. Себебі, ата-анасы бәрін дайындап беріп отыр, не ішем, не киемді білмейді. Өз ойын осы мағынада Абай былайша(«Сегіз аяқ») түйіндейді:

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын.

Абай бұл қағидалы идеяны тағы да қорытындылай келе адам баласының қылмысқа, «жаманшылыққа үйір бола беретұғынның бір себебі-жұмысының жоқтығы» («Қырық екінші сөз») деп кесіп айтады:

жұмыссыздық

мақтаншақтық

қылмыс

надандық

арсыздық

құқық бұзушылық

ақылсыздық

білімсіздік











теріс қылық


Залымдық - қоғамға аса қауіпті іс - әрекет. Залым адам әр уақытта қылмыс жасауда дегеніне жетеді. Адам бойында залымдық қасиеттер көп әсерлерден қалыптасады: тәрбие, қоршаған орта, психикалық алған тәрбие т.б. Залымдық үнемі адам бойынан, мінезінен көріне бермейді, ол бір көргенде байқалмайтын мәндік құбылыс. Залымдық пен қылмыс жасау қоғамға аса қауіпті. Абай сондықтан да залымдықты жыртқыш хайуанға теңейді. Абайдың пікірінше, қылмыстық жолға түсудің себептері сызба жүзінде былай көрінеді:

Абай тағылымындағы сақтануды көздейтін ең ортақ дерт- надандық. Қазақтың қай қаласына, ауылына барсаңыз, шарап ішкен, дөрекілік мінез көрсетіп, қылмыстық жолға түсуге ден қойған қазақтың жастарын көргенде ұлтымыздың болашағы не болады деген ойға қаламыз. Өкінішке орай, жауапқа тартылып, түрмеге түсіп жатқандар да аз емес, әсіресе ойсыз, мақсатсыз жастар орынсыз желігіп, от басады.

Абай жастарымыздың келеңсіздікке баратыны надандықтан, білімсіздіктен болатынын дәлелдеп, ұлтымызды түзеу үшін осы дерттерден арылуға шақырады.

Абайдың ойынша қылмыстық, пайдақорлық жолмен табыс табу еш уақытта жақсылыққа апармайды. Қайткен күнде де ол өзінің заң белгілеген жазасын алады, жауапқа тартылады. Жәбірленушінің көз жасы кімді болса да әділ сот алдында жүгіндіретініне кәміл сенеді, яғни ерте ме, кеш пе, қарау адам сазайын тартады. Өз ойын Абай «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?» деген өлеңінде былай жеткізеді:

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,

Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.

Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,

Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

Асаған, ұрттағанға ез жұбанар,

Сенімді дәулет емес сен қуанар.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы сықылды тез суалар.

Қазақ ойшылы қылмыстың себептерін анықтай келе күресудің де, қылмыстың алдын алуды өз ойының шеңберімен белгілеп бергендей. Қылмыстың алдын алу, Абайдың айтуы бойынша, сәбидің бесіктен белі шықпай жатқан кезден бастап ата- анасының, ортаның, мемлекетінің тікелей міндеті болуы тиіс. Қылмыстық жолға түсу Абайдың танымдық фәлсафасы бағдарының анықтауынша жас кезден басталады және бойы үйренгеннен кейін әдет болып қайталана беруі әбден мүмкін. Сондықтан әрбір жеке адамды, жасөспірімді дер кезінде дұрыс жолға салып, теріс әрекетін әшкерелеу, тоқтату ең маңызды алдын алудың іргетасы. Осы орайда Абай: «Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады » (Он төртінші сөз) дейді.

Абай жастардың бұзақылық, жалпы қайсыбір қылмыстық әрекеттен аулақ болуын қалайды, құқықтық талаптарын орындауға шақырады. Өз әрекетіне жауап беріп, сабырлылық танытуды жөн көреді.

Ақырын жүріп, анықбас,

Еңбегін кетпес далаға-

деп («Әсемпаз болма әрнеге») жастарды заңды құрметтеуге шақырады. Жеке адамның өзінің қимыл- әрекеттеріне қандай жағдайда болмасын есеп беруі- Абайдың түсінігі бойынша норма болуы шарт. Әрбір әрекетке аяқ басу үшін алдымен мың ойланып, мың толғану қажет. «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, - дейді Абай, - күнінде бір мәрте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса, айына бір, өзіңнен өзің есеп ал» («Он бесінші сөз»).

Құқық шарттарын орындамау қылмысқа әкеп соқтыратыны сөзсіз. Бір рет қылмыс істеген адамға қара күйе жағылатынын, одан кейін сүттен ақ, судан таза болғанымен жаман атақ қалатынын, ондай көлеңкелі жәйттердің адам болашағына тосқауыл болатынын Абай қатаң ескертеді.

Жақсылық ұзақ тұрмайды,

Жамандық әркез тозбайды, -

дей келе:

Жақсылығың күнде ұмыт,

Бір жаңылсаң, болды кек, -

деп тұжырым жасайды.

Қорыта келе, Абай шығармаларының адамзат өмірінен алатын орны ерекше. Қазақтың ұлы ойшылы Абай шығармаларында айтылған терең ойдың мәнін бала санасына құя отырып, жаны таза, эстетикалық талғамы жоғары тұлғаны тәрбиелеу - әр адамның азаматтық парызы.







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров224
Номер материала ДВ-187166
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх