Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін ...
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін ...

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін....docx

библиотека
материалов

Тақырыбы : Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін ...


Мақсаты: Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру, қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, бейне слайд


Жүргізуші: Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адалдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге! - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, қазақ жерінің ақыны, дашышпаны көп болғанымен Абай біреу- ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абай мерекесі – халық мерейі. Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазып қалмау – біздің парызымыз. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» атты әдеби кешімізді бастаймыз.

Абай – туған халқының, болашақ ұрпақтың тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы. Олай болса, Абай өмір сүрген кезеңге көз жіберейік. ( Абай жайлы видео көрсетіледі )


Жүргізуші: Абай –дана, ғұламасы елімнің,

Абай ақын, мақтанышы жерімнің.

Абай атты бір данышпан болмаса,

Ақ – қарасын кім айырмақ өмірдің.

Сүйсінемін жазғанын оқығанда,

Абай сөзі бағдаршам оқырманға.

Адасатын адамдар болмаса еді,

Абай ойын кеудеге тоқығанда.

Абай өмірі, еңбегі, хронологиясымен танысайық. «1845 жылы Абай Құнанбаев Семей обылысы, қазіргі Абай ауданының Шыңғыстаудың бөктерінде дүниеге келген. 1855 жылы Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған, 1859 жылы 14 жасында сықақ өлеңдер шығарды. 1865 жылы Абай 20 жасында от тілді шешен, халық өмірі мен әдебиетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түрік тілдерін үйренеді. 1875 жылы 30 жасында атағы шыққан білікті адам болды. 1904 жылы Абай Құнанбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы басылып шыққан.


Жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім,

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып кейінгіге қандырған кім?

Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Атамыз жастарды ғылым – білім үйренуге үндеді. Оқу – білім туралы жазған жырларына кезек береміз. 1. «Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы» 2. « Интернатта оқып жүр»

3. «Ғылым таппай мақтанба»

4. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» 5. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»


Жүргізуші: Абай ата! Қасиетті ұлы абыз! Өзіңнің үміт еткен шөберелерің сіз туралы сыр шертпек. Қабыл ал, жас өрендеріңді, ақ батаңды бер біздің талабымызға. Жатқан жеріңнен, туған топырағыңның торқасынан тұрып бір сәт болса да бізге орал, ортамызда бол!

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй!

Ән: «Желсіз түнде жарық ай» әні.

Көрініс: «Абай мен әкенің айтысы»

Сахнада Абай жазу жазып отыр. Әкесі Құнанбай шығады.

Құнанбай: Орайы келгенде айтармын деп жүр едім. Сенің басыңнан 3 түрлі мін көремін. Соны тыңда!

Абай: Айтыңыз, әке.

Құнанбай: Ең әуелі арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың, бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды. Екінші –дос пен қасты сараптамайсың? Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басыңа ел үйірілмейді. Үшінші – орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін , мұсылман жат санамайтынын ескермейсің!

Абай: Қолында құралы бар бірен – саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан қойшы –қолаң, жарлы –жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білемін.


Жүргізуші: Әр сөзің өнеге ғой ұрпағыңа,

Теңеймін мен өзіңді биік шыңға.

Арманым болмас еді бұл өмірде,

Сіз секілді кіре алсам жыр бағына.

Абай - нағыз ұлттық ақын. Ол поэзиялық деректің баршасына дерлік ұлт өмірінен алады және оған өзі құл болмай биіктен қарайды. Табиғат бейнесін адам өмірімен байланыстыра отырып бейнелеп беруде қазақ әдебиетінде Абай өз замандастарынан көш ілгері тұрған, теңдесі жоқ шебер суреткер ақын. Олай болса осы жерде ақынның табиғат тақырыбына арналған жырларына кезек береміз. 1. «Жазғытұры»

2. «Жаз»

3. «Күз»

4. «Қыс»

5. «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай»

Ән: «Көзімнің қарасы»


Жүргізуші: Біз Абай дегенде ішкен асымызды жерге қоятын халықпыз. «Абай –дана, Абай –дара» деп текке айтылмаған. Қазақ үшін Абай Құнанбаевтың орны бөлек. Өйткені, абыз ақын туған тілін қастерлеп сынап өтті. Әлемнің 116 тіліне аударылған «Абай жолы» эпопеясы арқылы Абай атын жалпақ әлемге танытқан қаламгер М. Әуезов. Абай атамыздың 45 қара сөзі, көптеген өлеңдері мен әңгімелері, әндері бүгінгі таңға дейін мәнін жойған жоқ. Қазақ халқы барда жоймақ емес.


Көрініс: Абайдың Он жетінші қара сөзі.

Қайрат, Ақыл, Жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз, кәмлетке жетпейтұғынын; Әуелі, өзіңді білуге ерінбей жалықпай үйрену керек, ол Менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей жалықпай орнына келтірмек те Менің ісім. Лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір болмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкірліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?»
Ақыл: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын ол Мен, сенің сөзіңді ұғатұғын Мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен. Залалдан қаша алмайды екен. Ғылымды үйреніп алмайды екен. Екеуі маған қалай таласады. Менсіз өздері неге жарайды?»депті.
Жүрек: «Мен Адам денесінің Патшасымын. Қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жылы төсек, тамағы тоқ, жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің тамақсыз қандай болып жаты екен деп, ойлатып, жан ашытып, ұйқысын арылтып, төсекте дөңбекшіп қоймайтын Мен. Ұят сақтап, кішіге рақым қалдырып, Ол Мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Таза болсам, адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп кететін, Ол Мен. Жаманшылық болсада Ол мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбандық, дейтұғын, бәрі Менен, менсіз осылардың көрген күні не? Осылар маған неге екеуі таласады?»
Ғылым айтыпты: "Қайрат сенің айтқандарыңның бәрі рас, көп өнерлеріңнің бәрі рас, сенсіз ештеңе болмайтұғыны да рас, қаруыңа қаттылығыңа да мол, пайдаң да мол, бірақ Залалың да мол. Кейде жақсылық пен жаандықты Берік ұстап Кетесің, соның Жаман.
ей, Ақыл, айтқандарыңның бәрі рас, сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас, екі дүиненің жайын да сен білесің, амал да, айла да сенен шығады. Сенің қырың көп, Жүрек сенің қырыңа жүрмейді. Жақсылық құмар болады айтқаныңа көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді, жиреніп, үйден қуып шығарады.
 
Қайрат сенің қаруың көп, күшің мол, сені де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Және де қолыңды босатпайды. Үшеуің басыңды қос, бәрін Жүрекке билет,- деп ұқтырып айтушының аты
ғылым екен. Үшеуің бірдей табылсаңдар, топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаңдар да, мен Жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, таза сақта, қалпыңа құдай әрдайым қарады деп, кітаптың айтқаны осы" депті.

Жүргізуші: Абай атамыздың 3 поэмасы бар – «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Ендігі кезекті «Ескендір» поэмасына береміз.

«Ескендір» поэмасы (оқушы жатқа оқыды)


Жүргізуші: Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап құдірет тұтқан. Ол өз өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Әлеуметтік ойға да, қоғамдық тұрмысқа байланысты жазған бірнеше өлеңдерін тыңдайық.

1. «Болыс болдым, мінеки»

2. «Мәз болады болысың»

3. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

Жүргізуші: Абай атамыздың «Нақыл сөздер» бөліміне кезек береміз

1. Дүние – үкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, кезекпен бөлінер, баяғыдай көрінер.

2. Досы жоқпен сырлас , досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол.

3. Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық –тұл, шәкіртсіз ғалым –тұл.

4. Бақпен асқан патшадан,

Мимен асқан қара артық.

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық.

5. Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар, қалан.


Жүргізуші: Абай атамыз жайлы айтылған жылы лебіздерге кезек береміз.


  1. Ибрахим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан, хакма, философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті. ( Шәкәрім)

  2. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. (Ахмет)

  3. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша

жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер –білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп қабірін халқы жиі –жиі зиарат етер, халық – пенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар.

(Міржақып)











  1. Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес!

... Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Көз ашып, жұтың ояу болған сайын,

Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.

(Мағжан)

  1. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алын тұр. (Мұхтар)


Жүргізуші: Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден – деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай біздің мектебімізде өз шығармаларымен ерекшелене жыр жазып жүрген оқушыларымыздың өлеңдерін тыңдап көрелік.


1. «Сүйемін мен Абайдың өлеңдерін»

2. «Ұлы Абайға арнау»

3. «Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойына арнау»

4. «Абайға арнау»


Кітапханашы: « Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» демекші, Абайдың кейінгі жастарға айтқан өсиет сөздерінің тәрбиелік мәні зор. Оның қандай өлеңдерін алсақ та жастарды өнегелі болуға, білімге, атаның баласы болмай, адамның баласы болуға шақырады. Ұлы Абай атамызға арналған әдеби кешіміз де тәмәмдалды. Әрине , бұл бір ғана кеште Абай атамыз жайында айтып тауысу мүмкін емес. Ол бақытты, жарқын өмірді аңсады. Ұрпақтарының жан – жақты сауатты болуын қалады. Болашаққа өзінің ғибратты сөздерін қалдырды. Әрдайым атамыздың әрбір сөзінен өнеге алып жарқын болашаққа ұмтылайық.



Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – деп, төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді демекші бүгінгі « Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» атты әдеби кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.














.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-028276

Похожие материалы