Инфоурок Другое Статьи"Абайдың әндері" атты мақала

"Абайдың әндері" атты мақала

Скачать материал

                                    Абайдың әндері

Қазақ халқының мәдени тарихында Абай Құнанбаевтың(1845-1904) алатын орны ерекше. Ағартушы –ақын, жаңашыл композитор-бір басына осындай сирек дарын қонған Абай қаламынан қазақтың музыка тілін абайлық стильмен байытқан тамаша әндер туды. Оның бізге әр қилы болып жеткен әндерінің сан жағын алғанның өзінде белгілі қорытынды шығаруға жететін маңызы зор.

Абай әндерінің мелодикасы, ырғағы, формасы, өзіне дейінгі келген қазақ әндеріне ұқсамады. Бірінші жағдай – Абай әндерінің әрқайсысының өзіне меншікті өлеңі болды. Қазақтың халықтық дәстүріндегі он бір буынды өлеңге келетін болсақ,әннің сөзін білмейтін не ұмытқан адамның: «Қарағым айналайын келдің қайдан»деп айта беретініндей «еркіндік» мұнда жоқ. «Сегіз аяқты» «Көзімнің қарасы» сөзімен айта алмайсың. Міне, бұл жай-музыка мен сөздің кәсіпқойлық дәрежеде қосылуы болды.Сөйтіп, Абай музыка шығаруға сөз арқылы келді.

Абай бүкіл шығыстың, орыстың, қазақтың халықтық, кәсіпқойлық әдебиетін терең зерттеп, музыкада ең алдымен қазақтың халық әндерін, күйлерін жақсы білді.Ол Біржанның, Ақанның, Жаяудың әндерін жоғары бағалады. Мысалы «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» деген әнінде, сөзсіз, арқаның ән дәстүрі көрінеді.Ол әннің формасында да,интервалдық секірулерінен де, сөздің буындарына сай келетін белгілі созатын, көтеретін жерлерінен де көрінеді. «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әнінде де халықтың ән формасы басым. Әрине, бұл әннің мелодиялық дамуында бірқатар жаңалықтар бар. Әсіресе Абай музыка сөйлемінің ортасында бір дыбысты  созып, шырқатып тұрмайды. Ол сөзге көбірек мән беруден, бірінші жоспарға кейбір әндерінде сөзін қоюдан болуы да мүмкін.Ал сөзді бөлу-речитативті түйін қазақ музыкасында тағы бар қасиет.Ондай әндер де аз емес.Айтарым- Абай ән шығаруға қазақтың халықтық бай музыка интонациясын жақсы біліп, сол бір ән мұхитын аралап,жүзіп келеді.

 Абайдың басқа әншілерден айырмасы, ол қазақ әндерімен қатар орыстың халық музыкасын,  қаланың демократиялық әндерін және романстарды есітті. Семейде жүргенде орыстың Глинка, Рубинштейн сияқты музыка шеберлерінің романстарын есітті, Абайдың жоғарыда айтылған орыс достары да оған музыка жағынан әсер етпей қойған жоқ. Демократиялық ән-романс лирикасы ол кезде Рессейдің алға басушы арнайы білімі барлар арасында көп жайылды.Ал сол интеллигенцияның бір тобымен үнемі кездесіп жүрген Абай олардан, сөзсіз музыкадағы демократиялық ағымды түсінуге де жәрдем алды.

Абайдың әндерінде орыстың, украинның халық әндеріне еліктеу, ән, романстың лирикалардың үлгісін алу, қаланың демократиялық музыка дәстүрінің ізінде болу- осылардың негізінде жаңа түрлі, жаңа ырғақты, жаңа мелодиялық  құрылысты ән шығару Абайдың музыкаға келген жолының бір тарауы.Үлкен музыкалық арнаға құятын бүйірдегі сайлардың,жылғалардың ішіндегі әлпетті,әсерлі, Абай шығармашылығында жаңа жол ашқан ағыстың бір тармағы. «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады» дегендей, әу баста бірен-саран талапкердің аузынан шыққан Абай әндері көп ұзамай Арқаны аралап, Ертіс, Есіл, Нұраны бойлап кетті.

Абай әндерінің нота үлгілері төнкерістен бұрынғы баспаларда біртіндеп қана, некен-саяқ кездеседі. Жиырмасыншы жылдардың басында А.Затаевич,А Бимбоэстің жазған әндерінен кейін, Қазақстан композиторлары Б.Ерзакович,Л Хамиди Абайдың көптеген әндерін нотаға  түсірді.

            Туғанда дүние есігін ашады өлең,

           Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

-деп өмір шымылдығының музыкамен ашылып, музыкамен жабылатынын, дүниеде музыкасыз ешбір кезең жоғын айтып, бесіктен көрге шейін музыканың жолдас болып жүретінін дәл көрсетті.

«Ата-анаға көз қуаныш» әнінде дана, ақылгөй ақын жастарды қайғы-қамсыз, алаңсыз өмір сүрмеуге, оқу-білімге ұмтылып, өз болашақтары  туралы ойлауға, ата-ананың үміті мен сенімін ақтауға шақырады. Әннің байсалды, бір қалыпты әуені жастарды халқының жарқын болашағы санап, әрқашан олардың тағдырын ойлайтын ұстаздың даналық өсиетін бейнелі түрде жеткізеді.

Махаббат лирикасы тақырыбындағы айшықты әндерінің бірі –«Желсіз түнде жарық ай». Бұл әнде композитор махаббат мұңын табиғат үнімен, табиғат бояуымен астастырып, тұтас бір бедерлі сурет тудырған.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Өлең мен әуеннің мінсіз жымындасуынан туған біртұтас көркем дүние айлы түнде бозғылт тұманға бөккен өзеннің сылдырын, тау жаңғырығы мен сыбырласқан ғашықтар үнін көз алдыңызға әкеледі. Әннің қоңыржай әуені кешкі қоңыр самалдың үп еткен лебінен туғандай әсер қалдырады: ән сазы байсалды, бір қалыпты, мәнерлі.

«Сұрғылт тұман дым бүркіп» әнінде Абай жігіттерді өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, жігерсіз, рухсыз, дәрменсіз болмауға үндейді. Ән әуені қаһарлы, қайратты. Бірде квинта, бірде лад тоникасында аяқталатын күрделі метроритмикалық құрылымның ішкі қуатты, серпінді фразасынан құралған. А Жұбанов Абайдың поэтикалық және музыкалық творчествосына әйелі Әйгерім балалары Әбдірахман мен Ақылбай, әнші Әлмағамбет, скрипкашы Мұқаның зор әсер еткенін айтады. Абай әндерінің алғашқы орындаушылары болған олар өзіндік  творчестоволық лаборатория іспеттес еді. Абай әндері көпке таралмас бұрын үй іші, достарының,ауылдастарының арасында шырқалды. Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі олардың халық жүрегінде сақталуында. Композитор болғанымен, нота білмеген Абайдың әндері ауызша таралды. Абай әндерінің халыққа кең таралуына, біріншіден,ән табиғатының халыққа жақындығы, тыңдаушысын баурап алар тосын әуен мен терең мазмұн болса, екіншіден, сол әндерді үлкен сахна-сахарада нағыз күміс көмей әншілердің хас шеберлікпен орындауында.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А Құнанбаев «Айттым сәлем қаламқас» Алматы «Өнер» баспасы 1986ж

    2.«Абайдың әндері мен күйлері» Алматы «Өлке» баспасы 2012ж

    3. «Абай» энциклопедиясы Алматы «Атамұра» баспасы 1995ж

    4. «Абай» журналы 1995ж

    5. «Абай» журналы 2008ж

                                                                                         Ғылыми қызметкер                                                                                            

                                                                                             Б.М.Уахметова

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Абайдың әндері" атты мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 054 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 2043
    • DOCX 18.7 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серикболова Сандугаш Серикболкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11870
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой