Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Абайтану курсы

Абайтану курсы

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:




Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектебі





hello_html_77731849.gif






4 сыныпқа арналған арнаулы курс

б а ғ д а р л а м а с ы

hello_html_1e4384f7.png








Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі


Садирова Жұлдыз




2014 жыл

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,

Адамдықты көздесең, жаттап оқы көңілге

С. Торайғыров







Түсінік хат





Бұл құрал – жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып бойынша таңдамалы курсқа арналған. Абайтану пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, қазақ кемеңгерлері атанған данышпан ақынның шығармаларын насихаттау және тілдерін жаттықтыру. Ой - өрістерін кеңейте отырып, ақын шығармаларының мазмұнын аша білу болып табылады. Абай мұрасы – таусылмас тағылымдық иірімі мол, мектеп оқушыларын тәрбиелеудің пәрменді құралы. Абай шығармаларын тек оқып, әсерлену үшін ғана емес, іс жүзінде қолданып өмірде пайдалану керек. Абай өмірін оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан – теңіз. Абай өзге жұрттың тілін, халықтың қалпын біліп, өз жұртымен салыстырып, керегін алып ғибрат етті. Абай армандаған, әсер ұрпақ бойынан көргісі келетін тамаша қасиеттерді шәкірт жүрегіне ұялата алса, әр ұстаз еңбегінің жанғаны.

«Адамдықтың ең жаманы - талапсыздық» - деп ақын өзі айтқандай, қазір не ғылымға, не еңбекке, не өнерге талаптана алмайтын өмірге икемсіз жандар өмірде кездесіп жатады. Абай өмірін оқытудың барысында оның өскен ортасының өнегелік жағын жекелей анықтап, дәлелдей айқын көрсету. Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқытудың маңызы өте зор. Олай дейтін себебіміз оқушылар. Абай шығармаларын оқи отырып, одан рухани ләззат алады. Олардың табиғатқа сүйіспеншілігі оянады. Поэзияға, лирикаға, көркем шығармаға деген қызығушылығын ояту. Бұл жастағы балалар ерекше әсершіл де, еліктегіш болып келеді. Сондықтан бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту өте пайдалы. Абайдың қара сөздері мен өлеңдері бүгінгі күнделікті өмірге қажетті нәрселерді оқушы санасына зерделеп береді. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жастайынан дағдыланатын іс - әрекеттер мен мінез – құлық ережелерін, қағидаларын үйретуге болады. Ал нағыз адам болу үшін «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласын елден бөлек» - деп жан – жақты жетілген адам тәрбиелеудің ең биік нысанасын Абай атамыз көрсетіп берді. Сондықтан да ақын мұрасын күнделікті өмірде пайдалану тиімді болмақ деп есептеймін.







Бағдарламаның өзектілігі:


Оқушыларды шығармашылықпен ізденіс жұмыстарына баули отырып, Абай мұраларын тани білуге шақыру


Бағдарламаның оқу мазмұны:


Абайдың табиғат, махаббат, көңіл – күй лирикасына арналған шығармалары, қара сөздері поэмалары, Абай жолы романынан үзінді.

Абай – аудармашы. Абай – сөз зергері

Абай – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға.



Бағдарламаның мақсаты:



1. Оқушыларды Абай әлеміне әкелу, ақынның кестесікесілген шығармаларынан сусындату.

2. Абай қазынасын дәріптей отырып, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

3. Абайдың қара сөздерін оқи отырып, өсиет толғау ретінде қабылдай білу

4. Абайды тану арқылы, ұлағатты сөздері ұлттық ұранымыз болу тиіс.

5. Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыру.


  • Оқушылардың шығармашылықпен айналасуына мектепте, үйде қолайлы жағдай жасау.

  • Оқушыларды өз бетімен ізденуге, еңбектенуге дағдыландыру, өзіндік ой – пікірлерін дамыту

  • Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптасып отыру, сөздік қырын молайтып, өз бетімен ізденуге, еңбектенуге дағдыландыру, өзіндік ой – пікірін дамыту


Міндеттері:


  • Оқушылардың бойына поэзияға, лирикаға, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру;

  • Қара сөздің мән мағынасын аша білуге;

  • Лирикалық шығармаларды образға сала білуге;

  • Оқығаннан алған әсерлерін шығармашылықпен ауызша жазбаша көрсете білу

  • Оқушыларды ізденіс жұмысына баулу

  • Адамгершілік қасиеттерін арттыру

  • Оқушыға сенімділік көрсету

  • Өзін - өзі тәрбиелеуге жағдай жасау

  • Ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары өмірге икемді, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу


Оқушылардың даярлығына қойылатын талаптар:


  • Шығарманы талдай алу;

  • Өлеңдер шығара білу;

  • Өлеңді нақышына келтіре оқи білуі;


Күтілетін нәтиже


  • Абай шығармалары арқылы сөйлеу әдебін меңгерген, ойы терең рухани дүниетанымы бай адамгершілігі жоғары шығармашылықпен айналысатын оқушы тәрбиелеу

  • Жақсы мен жаман қылықтарды ажырата білуге, бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, өздігінен жетілуге талпынған жауапкершілік сезімі бар тұлға тәрбиелеу.

  • Бағдарламаны оқытуда ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіру

  • Әр оқушы өз білім деңгейін мүмкіндігі, іскерлігін біліп қоймай оны дамыту


Курстың тақырыптары мен мазмұны:

  1. сынып

(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

І бөлім

Абайды оқы, ерінбе


Мақсаты: Өлең мазмұнын меңгере отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу


Міндеттері:


  • Оқу мәнерін, нақышын дұрыс қолдануға үйрету;

  • Ойын анық жүйелі жеткізуін қалыптастыру;

  • Сөздік қорларын дамыту;

  • Ақын өмірін танып білу;


ІІ бөлім

Болмасаң да ұқсап бақ . . .


Мақсаты: Оқушыларды ұлы ақын шығармаларымен танысу арқылы есте сақтау қабілетін дамыту


Міндеттері:


  • Қара Сөздің логикалық байланысын астарын қабылдап түсіну;

  • Ақынның айтпақ ойын, өлеңдерінен идеясын аша білу;

  • Табиғат лирикасы

  • Көңіл – күй лирикасына арналған өлеңдер;


ІІІ бөлім

Шын Хакім, сөздің асыл баға жетпес

Мақсаты: Оқушылардың таным қызығушылығын арттыра отырып, поэмаларын дұрыс оқуға шыңдау;


Міндеттері:

  • Өлеңдерді, поэмаларын жатқа оқу арқылы салыстыруға, өлең құрастыруға бейімдеу;

  • Қарасөздер;

  • Абай бейнесін сомдау; «Абай жолы» романынан үзінділер


ІҮ бөлім

Білімдіден шыққан сөз


Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық іздену жұмыстарын дамыту. Көркемдік эстетикалық талғамын арттыру


Міндеттері: Эссе көркем тілмен жазуға үйрету. Оқығаннан алған әсерлерін шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету, сахнаға бейімдеу

  • Ойтолғаулар

  • Шығармалар

  • Сахналық бейімдерін арттыру





Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. Абай «Қалың елім, қазағым». Алматы 2002 ж.

  2. Абай энциклопедиясы. Алматы «Жазушы» 1986 ж.

  3. «Абай мұрасы және мектептегі тәрбие жұмысы» Алматы 200 ж.

  4. Абай журналы. 1996 ж. № 3

  5. Бастауыш мектеп. № 1, № 2 1995 ж.

  6. Қ.Бітібаева. Абай шығармаларын оқыту. Алматы «Мектеп» 2003ж.

  7. Абай. Аудармалар мен қара сөздер. Алматы. «Жазушы» 1986ж

  8. Абай. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы. «Жазушы» 1986ж.

  9. «Абай жолы» романы











Абайды оқы, ерінбе (9 сағат)

4 сынып


Тақырыптар

Сағат саны


Мерзімі

1

Сен Абайды білесің бе?

1



2

Жастықтың оты, қайдасың

1



3

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым



4

Ғылым таппай мақтанба

1



5-6

Сегіз аяқ

2



7-8

Отыз сегізінші қара сөзі

1



9

Шығармашылық жұмыс (Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу)

1




Болмасаң да ұқсап бақ . . . (7 сағат)


Тақырыптар


Сағат саны

Мерзімі

1

Масғұт поэмасы

1



2-3

Поэманың мазмұны мен идеясы

2


4

Өзіңе сенбе, жас ойшыл


1


5

Қажымас дос халықта

1



6

Көңілім менің қараңғы. Бол, бол ақын

1


7

Тест

1












Шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес (10 сағат)


Тақырыптар


Сағат саны

Мерзімі

1-2

Альбомға

2



3

Теректің сыйы

1



4

Мәз болады болысың

1



5

Дүрілдеген нажағай

1



6-7

«Абай жолы» романы

І, ІІ бөлім

2


8-9

Құрылымдық талдау

2



10

Абай өлеңдерінен жарыс

«Құлақтан кіріп бойды алар» сайысы

1




Білімдіден шыққан сөз (8 сағат)


Тақырыптар


Сағат саны

Мерзімі

1-2

Өлең құрастыру

2



3

Сахналық қойылым «Абай жолы» романынан үзінді

1


4

Сабырсыз, арсыз, еріншек

1



5

Мазмұндама «Өлді деуге бола ма?»

1


6-7

Есіңде бар ма жас күнің

2



8

Шығармашылық жұмыс.

Тест

1










Тест сұрақтары:


1. Абай Құнанбаев кім?

А. Ақын, Б. Суретші В. Күйші


2. Абай атамыздың туған жері

А. Алматы облысы, Б. Семей облысы, В. Павлодар облысы


3. Абайдың шын аты

А. Ақылбай, Б. Абай, В. Ибраһим


4. Неше жасында өлең шығарады?

А. 14 жасында, Б. 18 жасында, В. 20 жасында


5. Абайға кім ертегі айтушы еді?

А. әжесі Зере, Б. әкесі Құнанбай, В. Анасы Ұлжан


6. «Адам болам десеңіз» атты өлеңі қай жылы жарық көрді?

А. 1885 ж, Б. 1886 ж, В. 1887 ж.


7. Абайдың 1890 – 1898 жылдар арасындағы жарық көрген шығармалары

А. Ақыл сөз, Б. Нақыл сөз, В. Қара сөз


8. Абайдың неше қара сөздері бар?

А. 35 қара сөздер, Б. 45 сөздер, В. 55 сөздер


9. «Күз» атты өлеңі табиғаттың қай мезгіліне арналған?

А. Көктем мезгіліне, Б. Жаз мезгіліне, В. Күз мезгіліне

Г. Қыс мезгіліне




Бағалай критериясы:


«5» - 10 сұрақ,

«4» - 8,9 сұрақ,

«3» - 6,7 сұрақ,

«2» - 5 тен төмен









Абай өлеңдерін оқыту


Тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба


Білімділік мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерімен және шығармашылығымен таныстыру. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мәнін ашып меңгерту, ой - өрісін кеңейту, мәнерлеп айтуға үйрету


Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру Сөздік қорын дамыту, тіл байлығын молайтып ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелік: Жақсы мен жаман әдет – қылықтарды ажырата білу, бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, жауапкершілігі бар өнегелі тұлғаны тәрбиелеу


Сабақ түрі: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, көрнекілік.


Көрнекілік: Абайдың суреттері, нақыл сөздері


Сабақ барысы: І. Ой қозғау. Абай туралы не білеміз?

(оқушы өз ойын білу)




Зере


Ұлжан

Құнанбай


hello_html_m42f0906c.gifhello_html_m67335395.gifhello_html_68d14dae.gif


Ибраһим

Жазғытұры

hello_html_1e4384f7.png

hello_html_78bda0e7.gif

Ұлы ақын

hello_html_313f3d6c.gifhello_html_78bda0e7.gif

Өскенбай

Күз

hello_html_1f7960a1.gif

Қыс

Ғылым таппай мақтанба

hello_html_m58e7c1c.gifhello_html_19a60e75.gifhello_html_5d4da189.gif

















Кіріспе әңгіме (картамен ұғындыру)


hello_html_1e4384f7.png

Қасқабұлақ

hello_html_6af4f0ba.gif

Семей

hello_html_f103cbc.gif

Жидебай





















ІІ. Ғылым, білімге өнерге шақырған өлеңдері






hello_html_1db58db4.gifhello_html_m27800637.gif

Әсемпаз болма әрнеге

Интернатта оқып жүр

Өнер, білім бар жұрттар

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Ғылым таппай мақтанба

hello_html_677c4949.gifhello_html_4c063919.gifhello_html_mda6c55c.gifhello_html_284c963.gif


















ІІІ. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мазмұны талдау


hello_html_m554a8a70.gifhello_html_m52ca77cd.gifhello_html_60043a11.gifhello_html_7f00b777.gifhello_html_m77d0f747.gifhello_html_m6436bb50.gifhello_html_m62648ab9.gifhello_html_54752409.gifhello_html_54752409.gif






















Еңбек – Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды


Терең ойадамды барлық жан – жануардан ерекше айырып тұратын екі қасиеті бар.

Біріншісі – ақыл – ой, екіншісі сөз


Қанағатбарға риза болу


Рақым адамның өзге кісіге жасайтын көмегі


Өсекбіреуді сыртынан кіналау


Өтірік - өтірік сөзді шын деп еткен, азған адам


Бекер мал шашуқолда бар қаржы мен мал мүлкін дұрыс пайдалана алмау







ІҮ. Шығармашылық жұмыс


Жаман әдеттен аулақ болу үшін қазақ халқы «Тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін шығарған»,

Мақал – мәтелдер қалдырған (мақал айту)

  1. Өтірік сөз өрге баспас

  2. Ұрлық, ұрлық түбі – қорлық

  3. Еріншектің ертеңі бітпес




Ү. Қорытынды


Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Сонда толық боларсың елден бөлек



hello_html_5d87ff65.gifhello_html_5b0da7c3.gifhello_html_629a4d19.gifhello_html_m19d24dab.gifhello_html_1a3f0b96.gifhello_html_m4f01b3c1.gifhello_html_m50a22147.gif















Ақынның «ақыл, қайрат, жүрек» атты тұжырымдамасын күнделікті өмірде пайдалану. Яғни осы үш қасиетті біріктіріп біліммен көзге түседі





ҮІ. Үй тапсырмасы. Өлеңді жаттап алу, мәнерлеп оқу







Сабақтың тақырыбы: «Абай – дана, Абай дара қазақта» (он жетінші қара сөзі негізінде)


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абайдың он жетінші қара сөзінде айтылған даналық ойларынан ақыл, қайрат, жүрек сапаларын, олардың мәнін ұғыну. Оны өз сөздерімен жеткізе алу. Тірек сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем, мәтін құрастыру.


Тәрбиелік: Оқушы бойында ізгілік, мейірім, сұлулық, адамгершілік сапаларының жетекші сапалар ретінде қалыптасуына құлшыныс тудыру. Ақыл мен қайраттың пайдасы мен пайдасыз жақтарын біліп, жақсылығына басымдық беру түсінігін қалыптастыру.


Дамытушылық: Оқушылардың өзара пікір алысу, ортақ ой тұжырымдау, оны көпшілік алдында айта алу дағдыларын жетілдіру. Ұжымды өазара әрекеттестікте жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту.


Сабақтың тегі: меңгерген жаңа материалды жинақтау және жүйелеу сабағы


Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ, ролдік ойын, пікірталас


Сабақтың әдістәсілдері: интерактивтік әдістер, сыни ойлау әдісі, ойға шабуыл, ойталы, пікірсайыс, коммуникативті әдіс, проблемалық ізденіс әдісі.


Сабақтың жабдығы: «Абай қара сөздері» (Семей 2001). Абай энциклопедиясы, Абай шығармаларының жинағы. Г. Құрманбай. «Абай қарасөздері» - сабақта. Оқу құралы.

Жұмыс дәптерлері, таратпалы материалдар, техникалық құралдар, суреті.


  1. Сабақтың барысы:

  2. Ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

  1. Үйге берген тапсырмаларды тексеру

  2. Меңгерген материалды жинақтау және жүйелеу мақсатында он жетінші қарасөзге пікірсайыс, дебат өткізу

Төреші дебаттың шарттарымен таныстырады (1 минуть)

Дебат (20 минут) Революция: «Ақыл мен қайрат жүрекке бағынуы шарт па?» Бәрін жүрекке билет деген дұрыс па?



Шарты:

А). әр топ өз жұрттарымен өмірімен сабақтастыра дәйектеу керек;

Ә) бір – біріне сұрақ қоюы, жауап беруі;

Б). бір – бірінің пікіріне сын айтуы, өз пікірлерін дәлелдеуі.


Мақсаты: Нақты тапсырма бойынша өз пікірін дәйектеп жеткізуге және қарсылыстарымен пікірсайысуға, сұраққа да нұсқа жауап беруге дағдыландыру


Бағалау шарттары:

  • пікірлерін түсінікті әрі жүйелі жеткізе алуы;

  • өзгелердің пікірлерін сараптай алуы;

  • өз тұжырымдарын дәлелдей білу дағдылары;

  • өз мәдениеті және сөйлеу мәдениеті..


Мақсаты: оқушыларды сұрақ – жауап негізінде өзара сұхбаттасуға, бір – бірінің жауабындағы мәнді немесе басы артық пікірлерді саралауға төселдіру.


Бағалау шарттары:

  • сұрақты дұрыс қоя білу іскерліктері;

  • өзгелердің сөзіне сын көзбен қарап, бағалай алу дағдылары:

  • өз пікірін әдеппен жеткізе білуі.


Тапсырма: Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, Абай туралы шағын мәтін құрап айтыңыздар: толық адам, ақын нәр алған қайнар бұлақтар, өлеңдердегі сыр, қарасөздердегі мұң, ұлттық мәдениеттің үлгісі.


Бағалау шарттары:

  • сөз мағыналарын дәл ажыратып, сөздерді дұрыс қолдануы;

  • тірек сөзден сөйлем, одан біртұтас мәтін құрау дағдылары;

  • мәтіндегі ойдың мазмұнын жеткізе білу.

Тақырып бойынша оқушылар түйіндемесі.

Үй тапсырма: «Болмасаң да ұқсап бақ!»

Қорытынды.

Қуат алып Абайдың тіл – күшінен,

Жыр жазғанмын Абайдың үлгісіменен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден...

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін, -

депті ХХ ғасырдың атақты ақыны Мұқағали Мақатаев

Қадірлі оқушылар, сендердің жүректеріңде де дара Абайға, дана Абайға орын бар деп білемін. Абай жаққан сәулені сөндірмеулеріңді өтінемін.



Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы.


Білімділік мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, этнографиялық танымдарын кеңейту.


Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.


Тәірбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Оларға поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.


Сабақ түрі: Жарыс сабақ (топтық)


Әдіс – тәсіл: Баяндау. «Ой қозғау», «Дөңгелек стол»


Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка пәні


Көрнекілік: Сұрақты тапсырмалар салынған конверт. Ақын портреті, дидактикалық материалдар


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Қызығушылығын ояту

Оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау

ІІ. Ой қозғау: «Дөңгелек стол» стратегиясы бойынша ақпараттарға жыл мезгілдері туралы сипаттап жазады.


І топ – Жазғы табиғат туралы

ІІ топ – Қысқы табиғат туралы

Әр топтан 1 оқушы шығады


ІІІ. Жаңа сабақ бойынша

«Лирика» дегеніміз – ақынның ішкі жан дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл – күйі. Лириканың 4 түрі бар.

Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік ортасы. Міне осы табиғат көріністерін, қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс – халді. Суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған. Жылдың 4 мезгілі туралы жазылған өлеңдері, көпшілік ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады. Абайдың «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» өлеңдеріне байланысты жарыс сабақ өткіземіз Жарысқа 2 топ қатысады.


І топ – «Жаз», «Күз» (1886-1888ж)

ІІ топ – «Қыс», «Жазғытұры» (1888 – 1890ж)




Жарыс 4 бағыт бойынша өтеді.

  1. Поэзия, 2. Теория, 3. Ән – күй, 4. Экология


1 бағыт – Поэзия

1 тапсырма: Әр топтың мүшелері

3 шумақтан бірін – бірі жалғастырып, мәнерлеп жатқа айту керек.

2 тапсырма. Әр топ өздеріне арналған сұраққа жауап береді

1 «Жаз», «Күз» тобы

А). Өлеңде күздіәң қандай белгілері суреттелген?

Ә). Ауыл тұрмысы қалай көрсетілген?


2.«Қыс», «Көктем» тобына

А) Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген?

Ә). Қыста адамдардың тіршілігі қалай бейнеленген?


2 бағыт. Теория

1 тапсырма. 1 топқа – «Күз», «Жаз» тобына

А). Теңеу дегеніміз не?

2 топқа. «Қыс», «Жазғытұрын» тобына

А). Диолог дегеніміз не?


3 бағыт. Ән – күй

Абайдың табиғат туралы әндерін шырқау қай топ көп айтады?


4 бағыт. Экология

2 топқа конверттін ішіне салынған 2 сурет беріледі

(М. Шаханов, О. Сүлейменов)

1. Бұл кімнің суреті. Оның бүгінгі сабаққа экологияға қатысы қандай?

2. Олардың табиғат қорғау жөніндегі қызметі туралы не білесіңдер?


Қорытындылау: Біз бүгін не білдік, не үйрендік


Бағалау парағы: Әр стратегия бойынша дұрыс жауап берген топқа бір ұпай беріп отыру. Сабақ аяғында есептеп бағалаймыз.


Мадақтау. (Әр топта жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау!)









hello_html_7b7fd841.jpg























hello_html_m64a38c37.jpg























hello_html_95bdf4a.jpg


hello_html_m4d466bb7.pnghello_html_21bba841.jpg

Краткое описание документа:

Бұл құрал – жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып бойынша таңдамалы курсқа арналған. Абайтану пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, қазақ кемеңгерлері атанған данышпан ақынның шығармаларын насихаттау және тілдерін жаттықтыру. Ой - өрістерін кеңейте отырып, ақын шығармаларының мазмұнын аша білу болып табылады. Абай мұрасы – таусылмас тағылымдық иірімі мол, мектеп оқушыларын тәрбиелеудің пәрменді құралы. Абай шығармаларын тек оқып, әсерлену үшін ғана емес, іс жүзінде қолданып өмірде пайдалану керек. Абай өмірін оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан – теңіз. Абай өзге жұрттың тілін, халықтың қалпын біліп, өз жұртымен салыстырып, керегін алып ғибрат етті. Абай армандаған, әсер ұрпақ бойынан көргісі келетін тамаша қасиеттерді шәкірт жүрегіне ұялата алса, әр ұстаз еңбегінің жанғаны.

Автор
Дата добавления 21.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1043
Номер материала 248232
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх