Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Абайтану және Кайым Мұхамедханұлы

Абайтану және Кайым Мұхамедханұлы


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Н.Бахтина

Абайтану және Қайым Мұхамедханұлы


Әр адам өмірге келген сәтте өзінің пешенесіне жазылған бағымен, бақытымен өмірге жаңа бір сүрлеуін қалыптастырады. Артына дара жол қалыптастырады. Біз сөзімізге арқау етіп отырған бүгінгі тақырып, бүгінгі мәселе тек Қайым Мұхаметханұлының есіміне ғана емес, қазақ әдебиеті тарихына тікелей қатысы бар ұғым.

Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану ғылымдарын Қ.Мұхаметханұлының еңбектерінсіз елестету мүмкін емес.

Осы орайда өзім сабақ беретін сыныптарда таңдау пәні абайтану курсының бір аптасын Қ.Мұхаметханұлына арнадым. Яғни 3,7,8 сыныптарда жүргізілетін абайтану пәнінің күнтізбелік жоспарына сәйкес «Абай және Қайым Мұхаметханұлы» тақырыбында сабақтар өткіздім. Әрине оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, 3-сыныпта «Қайым Мұхамедханұлы кім?», 7-сыныпта «Қайым Мұхамедханұлы - абайтанушы», 8-сыныпта «Қайым Мұхамедханұлы – Абай мұрасын зерттеуші» деген тақырыптартда сабақтар жүргіздім.

8 «Ғ» сыныбында өткен сабағыма тоқталсам, сабақ заманауи талапқа сай сындарлы оқыту курсын тәмамдаған ұстаз ретінде 7 модульді қамтып, сындарлы оқыту теориясының негізінде оқушылар топқа бөлініп отыруы бойынша жүзеге асты. Сабақтың тақырыбын «Қайым Мұхамедханұлы – Абай мұрасын зерттеуші» деп алып, тақырыпты ашу мақсатында А4 қағазға «Абай мұрасын зерттеуші», «Қазақ СССР Мемлекеттік гимнінің авторы», «Абайдың ақындық мектебін зерттеуші», Қ.Мұхаметханұлының суретін көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламын. Сабақтың тақырыбы ашылғаннан кейін оқушыларға конструктивті білім беру мақсатында «ЖИГСО» әдісін пайдалану арқылы үш топқа ақын өмірі туралы мәтін жазылған парақтар үлестіріп беріп, дербес оқуды жүргіздім. Нәтижесінде ЖИГСО әдісі жақсы, тиімді жүрді, оқушылар мәтінді топта оқып, меңгергеннен кейін жұппен талдап, дәптерлеріне хронологиялық кесте құрып, ақын өмірі жайлы мәлімет алып оны дәптерлеріне жазды. Абайтану ғылымына сіңірген еңбектері жайлы танысып біледі.

Күнтізбелік жоспар бойынша өткен сабағымның тақырыбы «Абайтану саласын зерттеушілер» болатын. Осы орайда оқушыларға үй тапсырмасы ретінде Абайтану саласын зерттеушілердің еңбектері жайында мәлімет жинау тапсырылған болатын. Сабаққа қатысып отырған 1-топ «Абайдың ақын шәкірттері»(Абай айналасының ақындары) тақырыбында (Абайдың ақын шәкірттері кітабы бойынша сөйледі.), 2-топ «Абайдың әдеби мектебі» Қ.Мұхамедханұлының кандидаттық диссертациясы жайлы (Абайдың өлеңдерін іздеп-тауып баспаға жариялағаны жайлы айтты.), 3-топ «Қ.Мұхамедханұлының абайтану тақырыбында жазған мақалалары» ( Абай мұражайында, пединститутта, Жазушылар одағының Семей бөлімшесінде жүріп, 11 мақала, 2 жеке басылымдық кітап «Мағауия Абайұлы Құнанбаев», «Абай шығармаларының текстологиясы») тақырыптарында постер қорғады.

Сыныптағы үздік оқушыларға Қайым Мұхамедханұлы жайында эссе жазу және ақын-жазушылардың Қ.Мұхамедханұлы жайлы пікірін оқып таныстыруды жүктедім. Осы орайда сыныптағы үздік оқушы Аманов Аманбек Н.Айтовтың «Іздемеске бола ма?» өлеңін:

Іздемеске бола ма бұл ағаны –

Бар Семейді жеке алған ғұламаны

Қайым десе, кең дала дүбір салып,

Құлағына келеді бұлақ әні

Үңілгеннің өткенге көзі жетпек,

Надан болсаң, кімдерге сөзің өтпек,

Академия бір өзі Семейдегі

Өзі музей,

Өзі архив,

Өзі мектеп – деп жатқа оқыса, Амантаева Ажар деген оқушым эссе жазды.

Сабақ соңында рефлексия ретінде «Қауіпті аймақ» әдісін қолдандым. Бұл әдіс бойынша оқушылар мен мұғалім арасында қызыл лента тартылады. Оқушыларға сабақ бойынша 5 сұрақ қойылады. Жауап бере алмаған оқушы қызыл лентадан өтіп мұғалімнің жанына келеді. Сол әрекетімен өзінің қауіпті аймақта екенін танытады.


Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров130
Номер материала ДВ-562954
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх