Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ
Каждую неделю мы делим 100 000 ₽ среди активных педагогов. Добавьте свои разработки в библиотеку “Инфоурок”
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое Конспекты"А.Байтұрсынов "Ақын ініме" өлеңі" тақырыбында ашық сабақ (7 сынып)

"А.Байтұрсынов "Ақын ініме" өлеңі" тақырыбында ашық сабақ (7 сынып)

библиотека
материалов

Күні: 22.10.2015

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Ақын ініме»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы бойынша алған білімдерін толықтыру, оның қазақ тілі мен әдебиеті тарихында алатын орнын,  маңызын таныту, «Ақын ініме» өлеңін оқытып,  идеясын меңгертіп, талдау жасау;

2. Дамытушылық: оқушыларды шығарманың идеялық мәнін түсіне білуге дағдыландыру, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге үйрету;

3.Тәрбиелік: ақын мұрасына құрметпен қарауға,  көркем әдебиетті, поэзияны сүйе білуге баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу, пікірлесу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Сабақтың құрал-жабдығы: интерактивті тақтаға дайындалған көрнекіліктер мен сызба  тапсырмалар, Ахмет Байтұрсынұлы  суреті,  ақын туралы дәйексөздер, кестелер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,  оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген А.Құнанбаевтың «Жиырма тоғызыншы қара сөзі» мен «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін жатқа сұраймын.

3. Жаңа сабақ

Әр оқушыға түрлі түсті қағаз таратамын оның ішінде бір оқушының есімі жазылады.Шартымыз ешкімге көрсетпейміз

Мұғалім сөзі: Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет және ірі қоғам қайраткері – Ахмет  Байтұрсынов болатын.

Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым… 
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.

(Тақтада А.Байтұрсынұлының фото-суреттері жайында бейне-жазба көрсетіледі)
1909 жылы Семей түрмесінде қамауда отырғанда, анасына жазылған хатында былай дейді: (интерактивті тақтаға назар аударамыз.)

Ахмет Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқылады. Бұл өлеңді ақын қазақтың біртуар перзенті М.Дулатұлына арнайды.

Дәптермен жұмыс: Сөздіктерді жазу.

Сатылай кешенді талдау “Ақын ініме” ( 2-3 оқушыдан сұраймын)

Тақтамен жұмыс: Үш қатарды үш топқа бөліп, топтың атын құрамын.

І топ. Ақындар: 1.Алғашқы үш шумағын мәнерлеп оқу. 2.Бір шумақты өлең құрылысына қарай талдау.

ІІ топ. Жазушылар: 1. 4,5 шумақтарды мәнерлеп оқу. 2.Қара сөзге айналдырып, әңгіме құрау.

ІІІ топ. Өнерпаздар: 1.Соңғы екі шумағын мәнерлеп оқу. 2.Ақын бойындағы қандай қасиетті байқадың?

Сергіту сәті: (тақтаға назар аударамыз)

«Лимерик» ойыны. Ол ойынды ойлап тапқан – Эдвард Лир деген ағылшын. Ойының шарты: белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылыс – бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен бірге әр тармақтың мазмұнына сілтеме беріледі. Айталық, бірінші тармақ – кейіпкер, екінші тармақ – кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақта – қимыл - әрекет, оқиға, бесінші – оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы. Мысалы:

Болыпты бір пенде

Өзі аңғал, әпенде

Түбі тесік шелекпен

Су тасыпты ұзақ күн

Әй, жарымес әпенде!

           кейіпкер

           мінездеме

 

 

            оқиға

            автордың көзқарасы



(Үш қатардан үш оқушыдан сұраймын)

Шығармашылық жұмыс:

І топ. Ақындар: Достық тақырыбына жазылған мақал- мәтелдер айтып бер



ІІ топ. Жазушылар: Досыңа не сыйлар едің? (шағын эссе)

ІІІ топ. Өнерпаздар: Өз шығармашы-лығыңнан досыңа жазылған бір шумақ өлең оқып бер!

Бекіту: Қорытындылау

Әр оқушыға үлестірме қағазды үлестірп, осыған дейін өткен тақырып бойынша не білгенін, бүгінгі сабақта не білгенін және келер сабақта не білгісі келетінін жазады

          Білемін

Білдім

Білгім келеді







(2-3 оқушыдан сұралады.)

Бағалау: Сабақтың басында берілген түрлі-түсті қазағда жазылған есімдерді ашып, бағалаймыз.

Үйге тапсырма: 1.Өлеңді жаттап келу

2. Достық, бауырмалдық жайында шағын шығарма

































Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі:

______Шалдыбай А.И. ______Досмаилова Р.И.







Қазақ тілі мен әдебиеті апталығына орай өткізілген ашық сабақ







Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы « Ақын ініме» өлеңі





Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нұрмұханова Ә.Қ.















2015-2016 оқу жылы

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Педагог-библиотекарь
Курс профессиональной переподготовки
Библиотекарь
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по подбору и оценке персонала (рекрутинг)»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Разработка бизнес-плана и анализ инвестиционных проектов»
Курс повышения квалификации «Организация маркетинга в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Гражданско-правовые дисциплины: Теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.