Инфоурок Школьному психологу ПрезентацииА.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі

А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі

Скачать материал
Скачать материал "А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі"

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметіПЕАГОГИКА ТАРИХЫ ПӘНІДайындаған: Буриба...

    1 слайд

    А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі
    ПЕАГОГИКА ТАРИХЫ ПӘНІ
    Дайындаған: Бурибаев Даурен ПжП-201
    Тексерген: Сұлтанғалиева О.К.
    ОСӨЖ №14

  • ЖоспарА.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
А.Байтұрсыновтың педагогикалық...

    2 слайд

    Жоспар
    А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
    А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары
    А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы

  • Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама
			 түрколог, жазушы, публицист,
			 аға...

    3 слайд

    Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама
    түрколог, жазушы, публицист,
    ағартушы-педагог Ахмет
    Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі
    Қостанай облысы Жангелдин ауданы
    Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген
    жерде басталды. Алдымен ауыл
    мектебінде (1882-1884), кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесін (1891), Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Отаршылдыққа қарсы күрес үшін бірнеше рет тұтқындалды, жер аударылды (1909). 1913-1917 жылдары «Қазақ» газетінің редакторы, 1918-1919 жылдары Алашорда қатарында, ал 1919 жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскері – революциялық комитеттің мүшесі, 1922-1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби комиссиясының төрағасы, халық ағарту комиссары, 1925-1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында және ҚазПИ-де оқытушылық қызмет атқарды.

  • Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына...

    4 слайд

    Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. "Әліпби", "Тіл құралы", "Әдебиет танытқыш", т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселәлерін зерттеу ісімен айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитін жетілдіру, терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер жазды. Оның 1926 жылы Баку қаласында өткен түркологтардың Бүкілодақтық I съезіне қатысып, араб, түркі тілдері мен сол тілдерде қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы, бірнеше комиссияның жұмысын басқаруы, Қазақстан Оқу-ағарту халық комиссариатындағы, баспа ісін басқарудағы жұмыстары оның қоғамдық, мәдени-ағартушылық, ғалымдық қызметінің алуан арналы қомақтылығын танытады.

  • Ахмет Байтұрсынұлының  педагогикалық қызметi 1895 жылдан басталады. Көп уа...

    5 слайд


    Ахмет Байтұрсынұлының  педагогикалық қызметi 1895 жылдан басталады. Көп уақыт бойына Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерiнде ауылдық, уездiк  және екi сыныптық училищелерге сабақ  бередi. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылық қызметi жағынан Ыбырай Алтынсариннiң тiкелей мұрагерi болды. Студент кезiнiң өзiнде бұған қазақ даласындағы көрнектi ағартушылардың бiрi, халықтық училищелердiң нұсқаушысы А. Е. Алекторов назар аударады. Алекторов Байтұрсынұлын тек қана шығыстану, педагогика, түркология кiтаптарымен ғана емес, революциялық-демократиялық әдебиеттермен де қамтамасыз етедi. Сөйтiп, 1895–1909 жылдардың аралығында ол тек ұстаздық етiп қана қоймай, белсендi революциялық қызметке араласады. 1900 жылдың басында ол шын мәнiнде қазақ халқының тәуелсiздiк жолындағы күресi басшыларының және оған идеялық дем берушiлерiнiң бiрi болды. Патша үкiметiнiң 1905 жылғы 17 қазандағы манифесiнен кейiн ол бұқара халықты ашық түрде басқара бастайды. 1905 жылы Ахмет Байтұрсынұлы басқарған қазақтың бiр топ зиялылары патша үкiметiне жердi мәдениеттi және әдiлеттi пайдалану, жергiлiктi халық үшiн жер бөлу мекемелерiн ұйымдастыру, қазақ тұрғындарының құқықтарын қорғау туралы ұсыныстарын жазған петиция жолдайды. Хатқа қол қойғандардың барлығы патша күзетiнiң қара тiзiмiне iлiнiп, олардың сыртынан жасырын бақылау ұйымдастырылады.

  • А.Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан "Айқап" ж...

    6 слайд

    А.Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан "Айқап" журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан "Қазақ" газетінде (ол 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады. Ол өзінің 1911 ж. "Айкап" журналына жазған "Қазақтың өкпесі" атты мақаласында "Өзге жұрттар өнер-білім қуғанда, қазақтың хандары да, халқы да ғылым, өнерді керек қылмаған. Ханы надан, халқы надан жұрт мықты мемлекет жанында өз алдына хандық құрып тұра алмайтын болғандықтан... хандарымыз халқыменен Ресейге қосылған" деп тарихи шыңдықтың бетін ашады. Қалың елі қазағына ұлы ақын Абайша өсиет айтып, "Шаруаңды түзет. Жалқаулықтан арыл, адал еңбек ет, кәсіп үйрен, тер төк... Дүниеде елге теңдік, кемге кеңдік беретін, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді үйренейік ағайын!" – деп көпке жар салды.
    Ал 1913 ж. "Қазақ" газетінде жарияланған "Оқу жайы" атты мақаласында мәдениетті елдермен мәдениетсіз, оқу-білімсіз елдерді салыстыра келіп, "Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халыктардың қолына көшпекші. Мұның себебі бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды. Адам баласын көкке құстай ұшырған, суда балықтай жүздірген – ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған да ғылым. Отарба, өткемелерді жүргізген ғылым" деп өнер мен ғылымның жасампаздық күшін паш ете келеді де, қазақтың басқа жұртқа жем болуының, теңдіктен құр алақан қалуының басты себебін А.Байтұрсынов оқусыз надан қалуынан деп санайды.

  • А.Байтұрсынов  туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болм...

    7 слайд



    А.Байтұрсынов  туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім  алуын аңсады. "Адамға тіл, құлак  қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек", – деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал-күйі оның қабырғасына катты батты. Бұл жөнінде: "Осы күнгі ауыл мектебінде оқуға керекті құрал жоқ. Оқыта білетін мұғалім аз. Сонда да хат білетін қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары... Бұл мектептің халыққа жақындығы, балалардың білімді ана тілінен үйренетіндігі..." деп ауылдық қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де, "орыс мектептерінде тәртіп те бар, құрал да сай, мөлшер, жоспар бәрі де бар. Сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырган бір-ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз деген пікірі бүлдіріп отыр", – деп – қазақ даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатының қалай іске асырылып жатқанын әшкерелейді.
    Ол патша  әкімдерінің оқу-ағарту ісіндегі бұл саясатының түпкі мақсатын одан әрі айқындай түсіп, "Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі – өз дінін, тілін, жазуын сақтау. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек... Қазақты басқа дінге аударамын деу – құр әурешілік. Қазақты дінінен аударуға болмаса, жазуынан да аударуға болмайтын жұмыс" деп, өз пікірін батыл білдірді.

  • А.Байтұрсынов Қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін де дұр...

    8 слайд

    А.Байтұрсынов Қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін де дұрыс көрсете білді. "Бұлардың кемшілігі сол, деді ол, – бала оқыту ғылымын (методикасын) меңгергендер, оқығандар ішінде кем болуы. Дыбысты жақсы білмей тұрып, жаңаша буындап оқыту жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік-тәжірибесіздік" деп оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов болды.
    Ол осы пікірін әрі қарай жалғастырып, "Оқыту жайынан" атты мақаласында "... оқу жұмысы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі кұралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамайды, ауытқымайды, түзу жүреді..." дегенді айтты. Ол осы пікірін іске асыру жолында нақтылы еңбек етті. А.Байтұрсынов 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын "Оқу құралын" жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі "Тіл құралы" деген атпен алғаш peт 1915 жылы жарық көрді. 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған. 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше peт қайта басылып, пайдаланылып келді.
    Ол осы оқулықтарда қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай, бастауыш, баяндауыш т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтікі.

  • А.Байтұрсынов  қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін қараст...

    9 слайд

    А.Байтұрсынов  қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін қарастырумен бірге, ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы болды. А.Байтұрсынов 1928 ж. "Жаңа мектеп" журналының 8-санында жарияланған "Қай әдіс жақсы" деген көлемді мақаласында орыстың ұлы педагог Л.Н.Толстойдың "Үйрету әдістері туралы" деген еңбегіне талдау жасай отырып, "Әдіс деген қатып-семіп қалған догма емес. Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу" деп тұжырымдайды.
    Ол балаларға  жылдам хат таныту үшін дыбысты ажырататын жаттықтыру әдіс-тәсілдерін терең қарастырды. Сауаттылықтың негізі жазуға жаттықтыру деп қарады. Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен оқу ісінің жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды.
    А.Байтұрсынов методикалық бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 ж. қазанда "Баяншы" деген атпен тілді оқытудың методикасына арналған әдістемелік құрал шығарды. Онда автор мұғалімдерге "Әліппені" оқытудың, сауат ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.
    Ахмет Байтұрсынов

  • А.Байтұрсынов  оқытудың білімдік-танымдық жағымен бірге, тәлімгерлік жағына д...

    10 слайд

    А.Байтұрсынов  оқытудың білімдік-танымдық жағымен бірге, тәлімгерлік жағына да баса көңіл бөлді. Оның жазған "Әдебиет танытқыш" атты оқулығы көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған, жүздеген әдеби білімдік терминдерді тұңғыш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми еңбек болды. "Өнер дүниесі ғылым арқылы да жасалады. Ол адам еңбегін жетілдіруге, жаңалық табуға, табиғатты меңгеруге, адамдардың әлеуметтік-өмірлік қажетін өтеуге қызмет етеді... Мұнан басқа адамның рухани қажетін өтеу үшін қызмет ететін түрлері бар. Ол көркемөнер (искусство), оның бес бөлімі бар: біріншісі – сәулет өнері, екіншісі – сымбат өнері, үшіншісі – кескін өнері, төртіншісі – әуен (музыка) өнері, бесінші және ең бастысы сөз өнері ("өнер алды қызыл тіл")",дей келіп, бұлардың бәрі адамды әсемдікке бөлеуге, табиғаттың тамаша сырларын танып білуге тәрбиелейтіндігіне тоқталады.

  • Қазан төңкерісіне  дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу, оқушыларды оқулыкпен қа...

    11 слайд

    Қазан төңкерісіне  дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу, оқушыларды оқулыкпен қамтамасыз ету, мұғалім кадрларын даярлау істері шешуін таппаған аса күрделі мәселелердің бірі болатын. А.Байтұрсынов бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, оны шешудің жолын көрсетіп берді.
    А.Байтұрсынов  мұғалімдерге арнап педучилищелерді ашып, арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келеді де, ондай оқу орындарының әзірге қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерін, не қазақ медреселерін оқып бітірген жастардың талаптыларын таңдап алып, мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды. Олардың білімін жетілдіру мақсатында жаз айларында бір-екі айлық қысқа мерзімді курстар ашуды ұсынады.

  • А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде ұлттык педагогика...

    12 слайд

    А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде ұлттык педагогика мен оқу-ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін  М.Әуезовше бағаласақ, "Ахаң түрлеген ана тілі", "Ахаң салған әдебиеттегі  орны", "Қырық мысал", "Маса", "Қазақ" газетінің 1916 ж. қан жылаған казақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, оқу-ағарту, саясат жолындағы қажымас қайраты... тарих ұмытпас істер болмақ".

  • Пайдаланылған әдебиеттер:

Қ.Сейталиев   “Педагогика тарихы”   Алматы “Білім...

    13 слайд

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    Қ.Сейталиев “Педагогика тарихы” Алматы “Білім” баспасы, 2008

    Ш.Құрманалина, БүМұқанова, Ә.Ғалымова, Р.Ильясова “Педагогика” Астана - 2010

  • Назарларыңызға рахмет!

    14 слайд

    Назарларыңызға рахмет!

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі

Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталды. Алдымен ауыл мектебінде (1882-1884), кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесін (1891), Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Отаршылдыққа қарсы күрес үшін бірнеше рет тұтқындалды, жер аударылды (1909). 1913-1917 жылдары «Қазақ» газетінің редакторы, 1918-1919 жылдары Алашорда қатарында, ал 1919 жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскері – революциялық комитеттің мүшесі, 1922-1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби комиссиясының төрағасы, халық ағарту комиссары, 1925-1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында және ҚазПИ-де оқытушылық қызмет атқарды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 172 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2015 21352
    • PPTX 1.4 мбайт
    • 214 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бурибаев Даурен Еркингалиулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бурибаев Даурен Еркингалиулы
    Бурибаев Даурен Еркингалиулы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25670
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Привязанность к взрослому в жизни ребенка, причины и последствия нарушения привязанности

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Логопедическая ритмика в коррекции речевых нарушений у детей и подростков

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс повышения квалификации

Основы медицинской психологии в деятельности педагога-психолога

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе