Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / "Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» романындағы кейіпкерлер бейнесі"

"Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» романындағы кейіпкерлер бейнесі"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Баян Мурынбаева,

187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі,

Қызылорда қаласы


Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» романындағы кейіпкерлер бейнесі


Жазушы өз заманының,өз дәуірінің төл перзенті болып саналады.Сол үшін ол қоғамның бүкіл болмысымен бірге өмір сүреді.Міне,Ғабиден Мұстафин – осындай өз дәуірінің ірі тұлғалы көреген жазушыларының бірі.

Ғабиден Мұстафиннің шығармаларының ішінде ауыл шаруашылығы саласы-ның еңбек адамдары жазушы шығармашылығында жақсы көрініс тапты.Алғашқы колхоздастыру дәуірінің тарихи кезеңдерін Шығанақ пен Олжабектің басынан кешкен оқиғаларын шындықпен суреттей отырып, «Шығанақ» романының сом тұлғалы кейіпкерлерін қалыптастырды. Бірі колхоздастырудан қорқып қашса,бірі сол шаруашылыққа мүше болып кіруге ұмтылады.

«Шығанақ» романында оқиға осылай басталып,мұнан әрі Шығанақтың іс-әрекеттері басқа кейіпкерлерді қамти отырып,жан-жақты ашыла түседі.Шығанаққа ерген Олжабек өзінің ауыр тағдырын жеңілдете білді.Отбасынан айырылған қасіретті күндер Шығанақтың қамқорлығы арқысында адал еңбектің майталманы болуына жәрдемдеседі.

Романда егін шаруашылығының мол өнімінің беретін түрі-тары өсіру.

Шығанақтың басшылығымен көркем бейнеде зергерлік сөз өнерін тудырады.

Қазақ әдебиетінде егін шаруашылығы жайлы көркем әдебиет «Шығанақ» ро-манына дейін Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінде ғана кездеседі.

Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі осы саланың,отырық-шылықтың насихатталған алғашқы әдеби көркем нұсқасы болатын.Міне,осы соқ-пақты ұлы жазушы Ғ.Мұстафин өз шығармаларына арқау ете білді.

Өндіріс тақырыбынан ауыл шаруашылығы тақырыбына қалам тартқан қарымды жазушы Ғ.Мұстафин «Шығанақ», «Миллионер» сияқты көркем туындыларды қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қосты.

Біз жазушының шығармасы талдағанда,оның дәуіріне,өмір сүрген кезеңіне емес,әдеби көркемдігіне байланысты талдаймыз.Қазіргі осы дәуірімізде қоғамдық дамудың өзгерген сатысында Елбасымыз Қазақстанның ауыл шаруашылығына ерекше мән беріп отыр.2003-3005 жылдар аралығы,яғни үш жыл бойы, «Ауыл шар-уашылығы жылы» деп жарияланып,оған бүкіл халық назары аударылып, өкімет-

тің қолдауына ие болады.

Жазушының көрегендігі осынау тарих тағылымымен сабақтасып,өзінің өмір-шеңдігін дәлелдегендей болып отыр.Біз енді шығарманың өзіне тікелей тоқталып,

талдай бастаймыз.

«Шығанақ» романы – кеңес дәуіріндегі колхоз құрылысының оқиғаларына арналған шығарма.Шығарманың негізгі тақырыбы- еңбек адамдарының сараң табиғатпен күресі.Күрес үстінде Шығанақ бастаған еңбек адамдары тары өнімін алуда бүкіл дүниежүзілік рекорд жасап,жаңалық енгізіп,ауыл адамдарының бұдан былай да ауқатты тұрмысқа жеткізу жолында еңбек етеді.

«Шығанақ» романында бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі адамдар бейнесі бар . Ауыл адамдарының көбі-қарапайым адамдар.

Романның басты кейіпкерлері Шығанақ,Олжабек,Жанбота,Амантайлар үнемі халық арасында көрінеді.Романның басты кейіпкері – Шығанақ атақты диқаншы,тары өсірудің әйгілі шебері,ауыл шаруашылығының озат адамы.Жазушы Шығанақ бейнесін жасауда ешқандай жалған әсірелеуге бармайды.Романдағы Шығанақ – халықтың диқаншылық кәсібін бойына мол сіңірген тәжірибелі адам.Оқымаған,сауатсыз адамның егіншілік жайына келгенде кеудесі сара,білетіні көп.

Қазақтар ерте заманнан егіншілікті кәсіп еткен.Өйткені көршілес Орта және Орталық Азияның,Сібірдің,Қиыр Шығыстың отырықшы елдерімен қарым-қатынас жасаған кейбір қазақ рулары соларға еліктеп,өздері де егіншілікпен шұғылданған деген деректер бар.Бұған келтірер дәлеліміз Керей руларының ішінде «Тарышы» деген бір тармағының болуы.Бұларды сол көне заманда тары егуді кәсіп еткендік-тен, «тарышы» деп кетсе керек.Бертін келе Сырдария және Жетісу бойын мекен-деген қазақтардың егіншілікпен шұғылданғаны рас.Қазіргі таңда Қызылорда облы-сының Сырдария,Шиелі,Жаңақорған аудандарының халқы аз көлемде тары өндірумен шұғылданады.

Романда Шығанақ-құрғақ сөздің,даудың адамы емес,істің адамы.Тар кешуде талмайтын,талпынғанын істемей тынбайтын жан.Машина сұрап,обкомға барған жолы айтқан бір сөзінде: «Әкемнің әкесі егінді кетпенмен алған.Әкем Берсе ағаш соқамен салды.Өзім темір соқаға түйе шығырды қостым.Осының бәрі тарыны көп салып,көп алудың алға басқан амалы еді.Сонда кетпеннен ағаш соқа,ағаш соқадан темір соқа көп бермеді ме?Бұл даусыз болса,енді машинаның көп беретіндігіне дауласу күлкілі емес пе?- дейді.»

Шығанақ болашаққа сенім білдіреді.Талабын іске асыруға бөгет болғандарға қарсы күресте өз ісіне сенеді,қайтіп қалар екем деген күдікке берілмейді. «Біздің жеріміз тым қатыгез,тым сараң.Бірақ бабын білгенге тым береген,тым мейірбан» дегенді ол үнемі батыл айтады.

Романда Шығанақты тәжірибе үстінде суреттеген көріністер де бар.Ол шық-қан тарыны аралап жүріп,тұқымға жарайды дегенін өз қоымен үгіп жинап алады.

«Тары құр көп салынғанымен көбеймейді.Бабын білу керек.Әуелі тұқымын сайлау керек.Ойылдың ақ тарысы әбден тазарған емес.Оның ішінде,міне, ағы да,ала бүйрегі де,қызылы да жүр.

Ең бітік шығаратыны ұйыспа келіп,дәні таза болады.Мен сол ұйыспасын іріктеп отырмын.»

Егістік жерге неше рет,қай мезгілде,қандай әдіспен су жібереді мөлшерлей-ді.Бірақ Шығанақ ғылымнан алыс,тек тәжірибенің ғана адамы емес.Ол тәжірибені ғылыммен жалғастыра пайдалануды дұрыс санайды.Шығанақ өз басының қамын ойлап қызмет істеп жүрген адам емес,оның ойлайтыны ел қамы,астықтың молшы-лығы.Елдің,халықтың тұрмысының жақсаруы үшін күреседі.Ол қасына Олжабек,

Амантай,Жанбота сияқты ізбасарларын дайындайды.Осы кейіпкерлер арқылы Шығанақтың бейнесі жан-жақты ашыла түседі.Шығанақ сөздің ғана адамы емес,

тікелей істің адамы болып көрінеді.

Шығанақтың еңбекқұмар,ізденгіштігі Ұлы Отан соғысы кезінде айқын көрі-неді.Науқастанып жүрсе де,белін мықтап буынып,таяғына сүйеніп,жұмыс басында жүреді.Жасы егде тартқанмен,қуаты қайтпаған тарышыны ауру меңдей түседі.

Асқынған ауру ешбір емге болмай,Шығанақты мерт қылады.Шығанақ елге табиғаттың сырын ашып береді.Ол өлгенмен,оның ісі тірі,заңды мұрагерлердің қолында әрі қарай жалғасын таба береді.

Олжабек бейнесі арқылы жазушы қазақ аулындағы беталысты түсінбеген,

жекешіл шаруаны суреттейді.Олжабек –ауылды кохоздастыру кезнде жаулардың сөзіне еріп,колхоздан қашып,өзінің жеке меншігін қорғаған шаруалардың бірі.Колхоздан қашып жүргенде,Олжабек еңбек етуден,бейнеттен қашып жүрген жоқ.Оның қорқып жүргені-екі жылқысы мен жалғыз түйесі.Жеке кәсіп жасауға үйренген шаруа бірігуден қорқады,колхоз бәрін тартып алады деп ойлайды. «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деп түсінеді.

Олжабек –еңбекқор,істің көзін білетін,морт мінез,адал,момын,ұстамды,үнде-

мес берік кісі.

«Шіркін-ай,жаңағы бір егінді ұқсатып-ақ жыртқан екен,байқадың ба?

-Е,жақсы көрінеді.Бәрі көңіл қоюдан да ,әйтпесе оқуы бар деймісің оның.

-Егер жұрттың бәрі жаңағы шалдай пейілімен істесе,бұл қолхоз дүрілдеп-ақ кетер еді.»

Бұл үзіндіден Олжабектің істің көзін білетін еңбекқор адам екенін байқай-мыз.

Колхоздан қашып,тау ішінде бес қарақшыға тап болып,бала-шағасынан айы-рылып,бақытсыздыққа ұшыраған Олжабек Шығанаққа кездесіп,Құрман колхозына келеді.Колхозды жаулар жамандағандай емес екендігіне көзі жеткен Олжабек адал еңбегінің арқасында табыстарға да жетеді.

«Олжабек ту кеткенін жақсылыққа жорымады.Екі қашар қоса кетеді,абырой тағы жоқ,бәрі туға байланысты.»

«Олжабектің көңілі әлі де үлкен туда,қос қашарда еді.Өзіне-өзі сенгендігі ме,

жоқ шыдамды ма,кішкене туға алаңдамастан үлкен тудың соңынан жүреді.»

Мұнда жеке меншікке құмарлық оны қызыл туға емес,бәйгеге тігілген қашар-ға ықыласы ауғаны көрінеді.Мұның өзі жекешілдік пиғылдан әлі арыла алмайтын-дығын байқатады.Жазушы Олжабектің мінезін беруде осындай ұтқырлық таныта-ды.

Олжабектің әйелі Жамал- жібек мінезді,адал жар.Қарақшылардың қолына түскен Жамал өз тағдырының не болатынын ойламайды,баласы Сағынтай мен күйеуі Олжабекті ойлайды.Жамал қарақшылардан құтылудың жолын іздеп,

Кертөбелді мініп қашпақшы болады.Кертөбелдің маңдайындағы жарқыраған жұлдызы Жамалға қарақшылардан құтылудың жолын көрсеткендей еді.

Қарақшылардан құтылып,ендігі арманы Олжабегі мен Сағынтайын табу.Кейін Олжабек пен Жамал Алматыда өткізілген ауыл шаруашылығының мәслихатында кездеседі. Кейін олар қайтадан қосылып,тату-тәтті өмір сүреді.

Жанбота мен Амантай -өткір ,өжет жастар.Олар үнемі ісімен,адамгершілігі-мен көрінеді.Жанбота-істе шыныққан,сом денелі,тепсе темір үзетін шаруаның қы-зы.Жүрегі жылы,мінезі жайдары,сөзі тұрақты,адамгершілігі мол жан.Еңбек майданында ерлермен тең түсіп,бәйге алады.

«Сыртын айтқанша,ішін айт.Жанботалар жанып тұрған от емес пе,шіркін,»- деп Шығанақтың сөзімен Жанбота бейнесін сомдайды.

Жастар бейнесін көрсетуде Жанботамен тең дәрежеде жұмыс үстінде көріне-тін еңбек майталманы Амантай бейнесі болып табылады.

Амантай Шығанақ ісін алға апарушы ізбасары ретінде суреттеледі.Мінезі ашық,ақ көңіл,адал азамат.Ол жұмыстан бос уақытында Жанботамен қалжыңда-сып,күліп-ойнап,өзінің сүйіспеншілік көңілін білдіреді.Жанбота сияқты жақсы қыз-ға жақсы жолдас,жақсы жар бол алатындығын екеуінің еңбек үстінде де,бос уақы-тында да қарым-қатынасынан дәлелдейді.Кейде Амантайдың дөрекілеу қылығын да Жанбота сөзімен сыпайы ғана сынап қояды.Бірақ Амантай ниетінде арамдық,көрсе-қызарарлық байқалмайды.Оғаштау мінез жастықтың ұрыншақтық қасиетіне бой алдырғандай әнтектік байқалады.

Жазушы жастар бейнесін жасауда да өмір шындығынан аулақ кетпей,нақты дәлелдермен кейіпкерлер бейнесін аша түсер еді.Роман ақырында Амантай мен Жанбота екеуі қосылып,отау құрады.Жаңа өмірдің жарасты отбасын бейнелейді,

бірақ кенеттен болған соғыс Амантайды ел қорғауға жұмылдырады.

Жанбота соғысқа кеткен күйеуін баласы Амангелдімен бірге күтіп,отбасы шаңырағының түтінін түтетіп отыра береді.

Жанбота мен Амантайдан кейінгі ауыл басшысы,ақылшысы болып табылатын Кәрібай бейнесі.Кәрібай-жаңа өмірдің жасампаз жандардың біріне айналған кейіпкер.Ол үнемі Шығанақты қолдап,оның болашағынан мол үміт күтетіндігін аңғартады,қолдап қорғап отырады.Бұл да ұнамды кейіпкерлер тобын молайта түседі.

Романда халықтар достығы молынан қамтылады.

Агроном Сергей,обком хатшысы Василий Антонович,машинашы Федор Шығанақтың мақсаттас қолдаушы кісілері болып табылады.Олар қолынан келген көмегін Шығанақтан аямай,қажетті жәрдемін үнемі беріп отырады.Шығанақтың мол тәжірибесін ғылыммен байланыстырып,тарыдан мол өнім алуға қолын жеткізеді.

Ұлттық татулық,ұлттық байланыс романда қарапайым шыншылдықпен жан-жақты суреттеледі.Шығанақтың еңбек жолының жемісті болуы отбасының береке-сіне байланысты екендігі романда мынадай жолдармен беріледі.

«Басына шаршы байлаған қара бәйбіше қашан көрсең де,сары самаурынды сақылдатып,сары шұбатты көпіршітіп отырған.

Келген адам шайға отырмай,не шұбат ішпей кетпейді.»

«Бәйбіше бүгін екі дүркін қонақ жөнелтіп,жаңа ғана жантайып еді,дабырла-ған дауысқа жұмулы көзін ашып алды.»

Осы көріністерден Шығанақ үйінің қонақшыл,көпшіл екендігін анық көруге болады.Зәру сынды жолдасы Шығанақтың абыройына,беделіне өз дастарқанымен көмек көрсетіп үлес қосатынын білдіреді.

Романда ауыл шаруашылығын өркендету жолына аянбай еңбек етіп жатқан адамдардың ісіне көлденең тұратын су маманы Төкен мен қашқын Ахмет болады.

Баяғы кебеже қарын ,салпы бұғақ байбатша,жуан жұдырық Төкен бүгін су маманы болып әмір етсе,Ахмет колхоздан,елден қашып,қарақшылық өмір кешеді.Ахмет ел арасындағы Ақаң. Ахмет-баяғы болыс.

Төкен Шығанаққа қарсы тұрып,колхоздың машина алуына кедергі жасамақ болады,іріткі салуды ойлайды.

Соғыстың ауыр күндерінде немістер келіп қалды деп жалған айтып,елді дүрліктіреді.Қашқын Ахметпен байланыс жасап,оны Шығанаққа айдап салады.

Төкен арам пиғылын асыруда аудандық жер бөлімшесінің басшысы Ержан мен колхоз басшысы Шәңгерей,Қабышты пайдаланады.Сөйтіп,Шығанақтың басты қарсыласы болады.Романда жағымсыз жандардың бейнесі өз бояуын жақсы таба-ды.

Осындай жағымсыз кейіпкерлермен іштей қабысып жататын бейнелер де кездеседі.Ол – аудандық жер бөлімінің басшысы Ержан бейнесі.Шала ойлы,

біліксіз,қағаз басты адам.Оны жазушы мына төмендегіше сипаттайды.

«Ержанның сырты қалың болғанмен,іші тым жұқа еді.Мәдениетті,ауқатты колхозды іздейді Ержан.Соған жету жолын көрсетпейді,бірақ көрмейсіңдер деп басқаны тықсыра береді.Одан да одағай бір мінезі,көз көргенді ойымен айыра ал-май,қағазға қарайтын.»

Романда жеңіл мысқылды,әзілге құрылған кейіпкерлер бейнесі бар.Бұл кейіп-керлердің іс-әрекеті жай ғана езу тартқызғандай оқырманына әсер қалдырады.Бұл кейіпкер-Шығанақтың құрдасы Қабыш бейнесі.Қабыш-Шығанақпен жасты адам.

Кезінде елубасы болып,ел билеуге араласқан ауыл пысықайларының біреуі.Енді заман өзгеріп,билік басынан тайғанда жұмыс істесе,қыры қашқан берекесіз,бой-

күйез жанның біріне айналған.Шығанақтың әрекетіне сенімсіздік білдіріп,сөзбен қағытып,өзінің күйкі тірлігін марқайтып көрсетіп,көлеңкелі бейнеде өмір сүреді.

Бұл кейіпкерлер бейнесі Шығанақ бейнесін жан-жақты ашып,биік тұлғасын асқақ-тата көрсетуге көп пайдасын тигізеді.

Жазушы «Шығанақ» романынан басқа «Шығанақ Берсиев» атты пьеса жаз-ды.Бұл сахналық шығармасында кездесетін кейіпкерлер-романда кездесетін кейіп-керлердің өзі.Кейіпкерлері шағын,оқиғасы роман негізінде жазылған. Демек,

жазушы Шығанақ бейнесін өнер сахнасында да көрсетіп,насихаттауды жөн көрсе керек.Жазушының «Шығанақ» романы өзінің көркемдік тіл ерекшелігімен де қазақ оқырмандарының кезінде жақсы бағасын алады.

Мұхтар Әуезов,Ғабит Мүсірепов «Шығанақ» романына жоғары баға беріп,

қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған таңдаулы шығармаларының бірі деп жаз-ғаны айқын.

Қорыта келгенде,«Шығанақ» романының кейіпкерлері оқырманның үлгі алып,өзіне еңбек жолында мұрат тұтатыны анық.Шығанақ тарыдан әлемдік рекорд жасаса,біздің жерлесіміз ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев күріштен әлемдік рекордқа қол жеткізді. Ыбырай Жақаев осы еңбегі үшін екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алып,өзінің ізбасарларын дайындады. Жақаевшылар күріштен мол өнім жинап,еліміздің байлығын арттыруда мол үлес қосып келеді.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 15.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров571
Номер материала ДБ-083141
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх