Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Абылай ғасыры – қазақ ерлігінің ғасыры" тақырыбына оқушы шығармасы

"Абылай ғасыры – қазақ ерлігінің ғасыры" тақырыбына оқушы шығармасы

Скачать материал

                       Абылай ғасыры – қазақ ерлігінің  ғасыры

                                                                                Буына ермей даңқының,

                                                                                      Шашылып жатқан тарыдай

                                                                                 Қазақтай дана халқының

                                                                                Ұраны болған- Абылай!

                                               Жоспар

І Кіріспе бөлім

  Қазақ халқының басына түскен қиын,  ұлы қырғын кезіндегі елдің кегін       

  қайтарар күннің тууы

ІІ Негізгі бөлім

   XVIII ғасыр - қазақ халқының тарихында Абылай заманы.

ІІІ Қорытынды бөлім

   Тәуелсіздік туы -  Абылай бабаның аңсаған арманы

 

     1723 жыл. Қазақ даласын әйгілі  «ақ мешін» жұты шарпыды.Ата- бабамыз  «Ақтабан шұбырынды, Алқақол сұлама» атанған ұлы қырғынға ұшырады.Қазақ халқының ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов: « ХVІІІ ғасырдың алғашқы жиырма бес жылы қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр уақыт болды» деп жазды.Қара құрттай қаптаған қалмақ қолы қазақтарға мейлінше қатал, жойқын шабуыл жасады.Батысында – отаршылдық  Ресей империясы кеуделеп келе жатты.Шығысында - Қытай империясы айдаһардай ысқырып тұрған кез.Оңтүстігінде- Жоңғар хандығы деп аталатын ойраттар  аш бүйірден шаншудай қадалды.Бұл кезең қазақ халқы үшін жойылып кету қаупі төніп тұрған, өлім мен өмірдің арасында күн кешкендей алмағайып заман болатын.Осынау тарихи жағдайды сол кезде бір ауыз өлеңмен былай деп суреттеген екен:

 «Былай барсаң, Қоқан бар,

 Қоқаңдаған әкең бар.

 Былай барсаң, Қалмақ бар,

 Күшіңді еппен алмақ бар.

 Былай барсаң,  Қытай бар,

 Жапырағыңды бұтай бар.

 Былай барсаң,  орыс бар,

 Балаңды берсең,  қоныс бар»

       Абылай хан көзін ашар-ашпастан тағдырдың осындай зұлмат тауқыметімен беттесті.Жастайынан жетім қалған Абылай Төле би сияқты ақылгөй азаматтардың, Әбілмәмбет сияқты ханның, Бөгенбай сияқты батырдың тәрбиесін көріп,  ел - жұрттың саяси әлеуметтік өміріне қоса жорық жортуылдардың да қыр-сырына көз қанықтырып, көңіл зерделетіп, бой үйретіп өседі.Ол он бес жасынан бастап қан майданды көзімен көріп, кейін небір қырғын шайқастарда жеке басының ерлік тапқырлықтарымен жеңіс туын желбіретті.

    XVIII ғасыр қазақ халқының тарихына Абылай заманы болып енді.Қазақ хандығы билеушілерінің бірі Абылай өзін аса көрнекті мемлекет қайраткеріне тән қасиеттері жағынан көрсете білді.Абылай бабамыз бүкіл ғұмырын ен далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалуға, қазақ мемлекеттілігін нығайту және халықтың бірлігін қамтамасыз ету ісіне арнады.Ол үш жүздің басын біріктіріп, халқымызды тоз- тоз болудан, елдігімізді ыдыраудан сақтап қалу үшін жан қиярлықпен күресе білген.

    Ол билік жүргізген осы жылдардың қазақ  тарихына Абылай дәуірі болып кіруі тегін емес.Ресей тарихшысы, түркітанушы А.И. Лешвин  Абылайға былай деп баға береді:«Сұлтан Абылай өте ақылды және болашағын болжай білген. Жауларының өзара қырқысына әрқашан көмектесе отырып, өз жерін, халқын соғыстан құтқарып қалды».Осындай сөздерден-ақ Абылай ханның қаншалықты ақылды, тапқыр, данышпан екенін білуге болады. Абылай  хан он жыл билік жүргізді.Осы мерзім ішінде ол ешкімнің қолынан келе бермейтін істерді атқарады. Ең бірінші- хан Абылай халқын бірлікке шақыра отырып, тегеуріні темірдей, сайдың тасындай жігіттерді ғана таңдап алып, сан жағынан әлдеқайда басым жаумен ерлікпен шайқаса, қазақ жерін сыртқы жаулардан азат етті.200 жылға созылған жоңғарлар мен қазақтар арасындағы соғыста қазақ халқы жеңіске жетеді.Еділ қалмақтарын тас- талқан етіп, жеңіп шығады.Қытай әскерінің Қазақстан аумағымен ілгері қарай жылжуын тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар байырғы дәстүрлі мал жайылымдарын да қайтарып алуына қол жеткізді.Алатау қырғыздарының қазақтарға шабуыл жасауын тоқтатты.Оның  өз көрегендігінің арқасында қазақ жеріне төніп келе жатқан тәуелділіктен құтылудың бір- ақ жолы барын түсіне білген.Ол- ел бірлігіне қол жеткізу және қазақтың қарулы күші болу керектігі.Осы мақсатын іске асыруда Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай секілді батырлар Абылайдың семсер ұстаған оң қолы, ал Бұқар жырау, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек  бастаған шешендер  ақылшысы   бола білді.

    Абылай Қазақ мемлекетінің саяси бірлігін қалпына келтіріп, ірі мемлекетке айналдырды.Оның  арқасында қазақ даласында  ұзақ уақыт бойы бейбіт заман орнады.Абылай хан Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету үшін сыртқы саясатты данышпандық көрегендікпен жүргізді.Ресей мен Қытай арасында жүріп, Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысты.Екі мемлекет арақатынасын бірдей ұстап, халқының өз туған жерінің қожасы, өз тағдырының иесі болуын көксеген.Жаңа замандағы зерттеуші орыс ғалымы И.Крафтың сөзімен айтқанда, «Ол қалыптасқан нақты жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға, енді бірде Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ал шын мәнінде ешкімге бас иген жоқ».Ол билік жүргізген он жыл ішінде ұлы әрекеттерге барып , көп игілікті іс тындырып үлгерді.

     Абылай өлер алдында Бұхар жыраумен сырласқан сәтінде: «Қазақтың арқасын тамға, ауызын нанға сүйегенім жоқ» деп айтқан арманында да  батыр бабамыздың өмірінің соңына дейін өз халқының қамын ойлаған, бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын аңсаған  халқымыздың аяулы ұлы екені біз үшін мақтаныш. Абылай ханның бүкіл өмірі бір ғана мақсатқа бағынды. Ол ең далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалу үшін барлық ақыл-ойы мен қажыр- қайратын сарқа жұмсады. Осынау ұлы мұрат жолында Абылай хан шын мәнінде исі қазақтың біртуар көсемі бола білді.

    Қазақ мемлекетінің қалыптасуына Абылай ханның рөлі ерекше.Ол шашырап кеткен елді ақ тудың астына жиып, өзінің қайраттылығымен, саяси көрегенділігімен қазақ ұлтының болашағы үшін аянбай күресе білді.

    Біз, болашақ ұрпақ, тәуелсіздік жолында жанын пида қылған бабаларымызды білуге, құрметтеуге тиіспіз.Абылай ханның ерлігі, қайраты мен қайсарлығы  бізге әрқашан үлгі-өнеге болмақ.Оның есімі біз үшін тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.

     Міне, қазіргі уақытта Абылай бабамыз аңсаған арманға да жеттік.Еліміз тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңдесіп, көк туымызды желбіреттік. Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан жоқпыз.Олардың аруағына сыйына отырып, істерін алға жалғастырып келеміз.Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына да 20 жыл толды. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс болатын. Сол аса күрделі кезеңде Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей сара жолға шығарды. Еліміздің халықаралық саясаты мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің дүниежүзілік кепілдігіне қол жеткізуге бағытталды. Ауқымды, әрі жемісті жұмыс жасалды. 120-дан аса ел Қазақстанды ресми түрде танып, тату дипломатиялық қарым-қатынас құрды.

     Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.Тәуелсіздік – бұл біздің басты байлығымыз, баға жетпес жетістігіміз » – деп Тәуелсіздіктің биік тұғыры туралы өз пікірін айтқан.Біз, болашақ ұрпақ, бабаларымыз аңсаған заманның кірпіші болып қаланып, Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімізді қосқымыз келеді. Біз болашаққа сенеміз! Тәуелсіздігіміз жасай берсін!

 

 

 

                                                 Аманханқызы  Мақпал, 16 жас

Ерейментау ауданы, Өлеңті орта мектебінің 9- сынып оқушысы

Байланыс телефоны 8716 33 36 183

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Абылай ғасыры – қазақ ерлігінің ғасыры" тақырыбына оқушы шығармасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 838 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2016 790
    • DOCX 91.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Залгаринова Алмагуль Имангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 246500
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 22 регионов

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе