Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииАбылай (Әбілмансұр) хан сценарии

Абылай (Әбілмансұр) хан сценарии

Скачать материал
Скачать материал "Абылай (Әбілмансұр) хан сценарии"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Абылай (Әбілмансұр) хан
 (1711-1781)

    1 слайд

    Абылай (Әбілмансұр) хан
    (1711-1781)

  • Абылай хан  – 1711 жылы Шыңғыс хан әулеті Уәлидің шаңырағында дүниеге келге...

    2 слайд

    Абылай хан  – 1711 жылы Шыңғыс хан әулеті Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Оның шын есімі- Әбілмансұр. атақты қазақ хандарының бірі, дарынды қолбасшы, білімді дипломат, қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері. Ол 1733ж билік құрған. Абылай қазақ еліне тек Шыңғыс әулетінен болғандықтан ғана хан сайланбаған. Ол ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасатымен, ел мұңын, халық жүгін, тарихи ауыр кезеңде жауапкершілікпен сезіне білгендігімен хан сайланды. Ол халықтың ішінен іріктеліп барып жеке дара шықты, қазақ халқының басын қосты, күшін тасытты. Қазақ елін іргелі елге айналдырдған ұлы тарихи тұлға. Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарады. Оның көздеген мақсаты мемлекетті нығайту еді. Ол сыртқы жаулардан қорғану үшін үш жүзді біріктіруді жүзеге асыра бастайды.

  • Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібе...

    3 слайд

    Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Абылайдың үш атасы: Жәңгір, Уәли бақы, қанішер Абылай және әкесі Көркем Уәли хан майданда қаза тапқан.

  • Болашақ Абылай ханның балалық шағы от пен жалынның, қайғы мен қасіреттің, ө...

    4 слайд

    Болашақ Абылай ханның балалық шағы от пен жалынның, қайғы мен қасіреттің, өлім мен өмірдің ортасында өтті. Ел арасындағы өзара қақтығыста әкесі Уәли қаза тауып, оннан жаңа ғана асқан Әбілмансұр жетім қалып Түркістанға үйсін Төле бидің қолына келеді. Төле би оның жүдеген жүзіне қарап «Сабалақ» деген ат беріп, түйесін бақтырған.

    Бір күні Төле би ауылдан келе жатса Сабалақ төрт тағандап ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би жолдастарына: «Мынау Сабалақ қалай ұйықтап жатыр, соны білесіңдер ме?» - депті
    Жолдастары: «Би, біз қайдан білейік» - депті.
    Төле би: «Қолым жеткенше ұстаймын, аяғым жеткенше барамын, дүниенің төрт бұрышын тіреп тұратын ұлмын дегені ғой мына ұйқысы. Бұл төрт рулы елді билейді екен» - депті.
    « Сабалақ »

  • Абылайдың аты халық арасында жиырма жасында-ақ кеңінен танымал болды...

    5 слайд

    Абылайдың аты халық арасында жиырма жасында-ақ кеңінен танымал болды. Әбілмәмбет ханның әскери жасағына кірген ол бір шайқастың кезінде «Абылайлап!» ұран тастап, жоңғар қалмақтарының атақты батыры Шарышты жекпе-жек ұрыс үстінде өлтіреді. Содан кейін-ақ ол Абылай деген жаңа атқа ие болып, қазақтардың арасында орасан зор бедел алды, сый-құрметке бөленеді. Абылай қазақ халқының тағдыр талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. 

  • ХVІІІ ғасырдың 20 жылдарының аяғы мен 30 жылдардың басында Абылай қазақтың...

    6 слайд

    ХVІІІ ғасырдың 20 жылдарының аяғы мен 30 жылдардың басында Абылай қазақтың әскери әрі саяси жетекшілері ішінен суырылып алға шықты. Ерлігіне ақылы сай ,әскер ісіне де ,ел басқаруға да қабілетті Абылайды қазақ білгірлері «Арғын ішіндегі көп санды күшті ру-Ағытай сұлтаны» деп жариялайды.
    Абылайдың әскери қолбасшы ретінде қабілеті 1730-1740 жылдардағы шайқастардан көріне бастады.1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді.

  • Абылайдың мақсаты жоңғарларды жеңіп, оларды қазақтардың ықпалына көндіру...

    7 слайд


    Абылайдың мақсаты жоңғарларды жеңіп, оларды қазақтардың ықпалына көндіру, Қытаймен және Ресеймен терезесі тең мемлекет орнату еді. Бұл мақсатта 1753-1754 жылдары ол Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Өтеген сынды батырларымен бірге қалмақ ұлыстарына шабуылды үдете түсті. 1755 жылдың көктемінде сарбаздардың жеңісті жорықтары жалғаса берді. Ақыры ойраттар мен қазақтардың арасында 200 жылға созылған сұрапыл соғыста қазақ халқы түпкілікті жеңіске жетті.
    Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналып, шуақты күні мен қарлы-бораны аралас, аумалы-төкпелі заман ағымына қарай, үш ғасыр бойы елдіктің, ерліктің, тәуелсіздіктің, ауызбірліктің туындай болып, халықтың сана-сезіміне ұялады.
    «Сол күнде ел қорғаған Абылайдың –
    Қылсаң да аз қанша тәуап моласына»,
    деп қайран Мағжан ақын айтса айтқандай.

  •      	Шоқан Уәлихановтың жазба деректерінде Абылайдың 12 әйелі, 30 ұлы, 40 қы...

    8 слайд

         Шоқан Уәлихановтың жазба деректерінде Абылайдың 12 әйелі, 30 ұлы, 40 қызы болғандығы айтылады.
    Сұлтанның бойы ортадан жоғары, жауырыны қақпақтай, дене күші өте зор еді. Замандас жолдастары батылдығы, ержүректілігі және әбжілдігі үшін қатты құрметтейтін. Ешқашан өзінің қара басын ойламайтын. Халық жолында жанын беруге дайын тұрып, елі, жері үшін қасық қаны тамғанша, жан берісіп, жан алысты. Жаумен шайқастар кезінде бірнеше рет жаралы да болды. Абылай қаншама рет өліммен бетпе-бет келсе де, өлімнен қорыққан емес.
    Абылай бейнесі туралы ұлы ханның өз ұрпағы, қазақ халқының ғылым-білім көгіндегі жарық жұлдызына айналған Шоқан Уәлихановтың сөзімен айтсақ: «Ол көзі тірісінде-ақ қазақтар үшін тәңірдің  өзі жіберген құтқарушы-пірі болды».

  • Абылай хандық таққа отыра салсымен – ақ қазақ хандығының әуелгі географиялы...

    9 слайд

    Абылай хандық таққа отыра салсымен – ақ қазақ хандығының әуелгі географиялық кеңістігін қалыптастыруды қарастырған.
    Абылайды бүкіл үш жүздің  өкілдері бірдей ұлы хан етіп көтеруі жайдан жай емес – ті. Өйткені ол соған дейін қырық жыл бойы қол бастап, ел билеу барысында еліне ерен еңбек сіңірді. Атап айтқанда, ол халықының түбірлі
    мүддесін қорғай алды, жоғын жоқтады, жерін бүтіндеді, елдің еңсесін көтерді. Яғни жыраулар сөзімен айтқанда ол: «Қайғысыз ұйқы ұйқтатқан, Қайырусыз жылқы бақтырған, Қалыңсыз қатын алдырған» - хан болып халыққа ұнады. Абылай хан ел ішінде өзіне қарсы бас көтергендерді қатаң жазалап отырады.

  •    		Абылай хан әрі тапқыр жан болған. Ол өз замандастары арасында сөзіне бер...

    10 слайд

       Абылай хан әрі тапқыр жан болған. Ол өз замандастары арасында сөзіне берік, алғыр ойлы, барынша адал әрі әділділігімен көзге түскен. Керемет шешендігімен, қазақ халқының ежелден келе жатқан әдет заңдарын және шежіресін өте жақсы білетінділігімен ерекшелінетін.



    Абылай есімі шешендік сөздерде, билер жайлы аңыз - әңгімелерде де кездеседі. Онда Абылай тапқыр сөзді, ақылды, шешімді, даналық ойды қолдаушы болып көрінеді. Бірде Абылай Жетісу жерінде жүргенде Жалайыр еліндегі бір сыйлы  кісінің үйіне келеді. Үйде отағасы қарт пен 15 жасар ұлы отырады. Абылай: «Жол анасы, су анасы, сөз атасы не?» деп сұрайды, алдымен ақсақал қайтарған жауапқа көңілі толмайды. «Жол анасы – тұяқ болар, су анасы – бұлақ болар, сөз анасы – құлақ болар» деген баланың тапқырлығына риза болған хан баланың есімінің Есенкелді екенін білсімен:  - Е, Жалайырды аузына қарататын адам жаңа өсіп келе жатқан екен, - депті.

  • Абай Құнанбаев ақын атамыз айтқандай «Бір тіл білсең- бір адамсың, екі тіл б...

    11 слайд

    Абай Құнанбаев ақын атамыз айтқандай «Бір тіл білсең- бір адамсың, екі тіл білсең- екі адамсың, үш тіл білсең- үш адамсың» демекші, Абылай хан шығыстың жеті тілін үздік меңгере білген, яғни, жеті адамға тән тілді меңгере білген.
    Абылай онымен қоса қазақтың қара домбырасын күмбірлете шерте біліп, домбыраның құлағында ойнаған. Абылай ханның өзі шығарған 20-дан астам күйі бар. Соның ішіндегі ең белгілілері «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» және т.б. Қазіргі жас ұрпақтардың барлығы Абылай атамыздың күйін күмбірлете орындап, осы күйді талай-талай белестерге алып жүргендері баршылық.

  • «Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ.
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Артынд...

    12 слайд

    «Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ.
    Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
    Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау
    Сол кезде елге қорған болған Абылай,
    Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап».
     Мағжан Жұмабаев
    Абылай – қазақтың соңғы тәуелсіз ханы. Ол хан болу үшін Ресей үкіметіне жүгінген жоқ, одан куәлік құжат сұрамай, билікті тура өз халқының қолынан алды. Абылай кім болды, кім болғысы келді дегенде де, бір нәрсе айдан айқын. Ол өзінің алдағыны болжай білетін көреген саясатшы екенін дәлелдей білген.
    Марта Брилл Олкотт
    “Абылай хан ХVIІІ ғасырдағы хандардың ішіндегі ең құдіреттісі болды”
    Василий Бартольд

  • Абылайханның асқақтаған атақ – даңқы, оның хандық билікті барынша күшейтуін...

    13 слайд

    Абылайханның асқақтаған атақ – даңқы, оның хандық билікті барынша күшейтуіне мүмкіндік берді. Ол ел ішіндегі қайшылықтарды жойып, жалпы ұлттық бірлікті нығайту үшін, жергілікті ұсақ саяси топтардың билігі мен беделін әлсіретіп, заң құқығын орталыққа шоғырландырды.  Сөйтіп ол үш жүздегі ру – тайпалар басшыларын тікелей өз бақылауында ұстады; билер жиналысының өлім жазасына өкім ету құқығын күшіне қалдырып, оны өз қолына алды. Демек, билікте орталықтанған саяси жүйе қалыптастырды. Ұлы жүз Үйсіннің ел ағалары Абылайға өтініш айтып, оның үлкен ұлы Әділіді өздерін басқаруға сұратып алды. Сонымен қатар Абылай хан өзге ұлдарына қазақ руларын еншілеп бөліп берді. Сондықтан болса керек, Бұқар жырау:
    «Хан Абылай атандың,
    Дүниеден шықпай мініңіз.
    Алтын тақтың үстінде
    Үш жүздің басын құрадың.
    Жетім мен жесірге,
    Ешбір жаман қылмадың.
    әділдікпен жүргіздің,
    әдепті іске кіргіздің, - деп толғаған екен.

  • Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, 1781 жылы Арыс өзе...

    14 слайд

    Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, 1781 жылы Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.

  • Қорытынды		Абылай бабаның аңсаған арманына да жеттік. Еліміз тәуелсіздік алды...

    15 слайд

    Қорытынды
    Абылай бабаның аңсаған арманына да жеттік. Еліміз тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңесіп, көк туымызды желбіреттік. Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан жоқпыз. Олардың аруағына сиына отырып, істерін алға жалғастырып келеміз. Халқымыздың осындай біртуар ұлдарының бірі, тұңғыш президентіміз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президентіміз басқа ұлттармен достық қарым-қатынасын нығайтып, дүние жүзі қазақтарының басын қосып, құрылтай өткізді. Бұл аталар дәстүріне адалдықты, сыйластықты білдіреді. Бабамыздың майдан алаңында қанын төгіп, қолында берік ұстаған бостандық туын жықпау – Қазақ елінің ұлы мұраты. Ол ту мәңгілік жығылмайды да деп білеміз. Абылайдың дана жолы Нұрсұлтанның нұрлы жолына айналғаны қазақ халқына баянды бақыт әкелді.

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 277 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Седьмые межрегиональные Давыдовские чтения Исследовательская работа «»Карта боевого пути Д.В. Давыдова в войне 1812 года»
  • Учебник: «История России. Углубленный уровень. Часть 2», Павленко Н.И., Лященко Л.М., Твардовская В.А.
  • Тема: § 61—62. Внешняя политика России при Александре I
  • 29.12.2015
  • 1643
  • 2
«История России. Углубленный уровень. Часть 2», Павленко Н.И., Лященко Л.М., Твардовская В.А.
Дидактические материалы к элективному курсу «Исторические диалоги» для 10 класса
  • Учебник: «История России. Углубленный уровень. Часть 2», Павленко Н.И., Лященко Л.М., Твардовская В.А.
  • Тема: § 51. Первые годы правления Екатерины II. Просвещенная императрица
  • 29.12.2015
  • 1120
  • 0
«История России. Углубленный уровень. Часть 2», Павленко Н.И., Лященко Л.М., Твардовская В.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.12.2015 2298
    • PPTX 2.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Галижапарова Эльвира Кабиденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18795
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 539 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе