Инфоурок / История / Рабочие программы / Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығы

Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығы



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығы

Мақсаты: қазақ халқының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Абылай хан жайлы жүйелі білім беру, Абылайдың Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау жолындағы сыртқы саясат саласындағы тарихи еңбегін ашып көрсету; оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру; оқушылар бойында қазақтың ұлы ханы Абылай тұлғасына , оның кемеңгерлігіне, дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезім қалыптастыру; отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, слайд, тірек схемалар, карточкалар, бейнефильм

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II. Тақырыпты меңгеру

/Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. /

Абылай ханды 18 ғасырда әлемдік тарих сахнасында елеулі рөл атқарған тарихи тұлға екенін қазақтар ғана емес, әлем ғалымдары мойындаған. Олар адамзат тарихында ерекше еңбек сінірген тарихи тұлғаларды «Адамзат күнтізбесі» кітабына енгізген. Осы құнды кітапта екі-ақ қазақ туралы мәлімет бар. Олар кімдер деп ойлайсыздар? Бірі Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев болса, екіншісі-Абылай хан. Бұл Абылай ханның әлем тарихында берік орын алғанының куәсі.

Патшалық Ресей заманында Абылай бейнесі тұмшаланып және сыңаржақ берілді. Оны «айлакер, залым, екіжүзді саясаткер» ретінде көрсетті. Ал кеңестік заманда Абылай есімін мектептің тарих оқулығынан алып тастады, оны ұмыттыруға тырысты, оның атын атап, еңбегін зерттегендер «ұлтшыл», «байшыл» деген атаққа ілінді. Қазақ хандары «жауыз, оңбаған, еңбекші халықтың жауы» ретінде түсіндірілді. Бірақ отаршылдар қанша тырысқанымен Абылай есімін қазақ халқының жадынан өшіре алмады.



-Өздерін Абылай хан туралы не білесіңдер? Білгенімізді ортаға салайық.

/оқушылардың жауаптары/

Әбілмансұр-Сабалақ- Абылай



қолбасшы, хан, саяси дипломат, реформатор, халық

мәдениетінің жанашыры


Жәңгір ханның 5-ші ұрпағы, Түркістан билеушісі «қанішер » Абылайдың немересі ,

Орта жүз сұлтаны Уәлидің баласы






өмір сүрген жылдары: 1711-1771

билік құрған жылдары:1771-1781





сыртқы саясаты:

Ресей, Қытай, Орта Азия мемлекеттерімен дипломатиялық және сауда байланысын орнату

Ішкі саясаты:

1.қазақ қоғамын біріктіру

1.шапқыншылықпен күрес жүргізу

3.біріккен үкімет құру











/тақтаға тірек схема ретінде біртіндеп ілінеді/



Абылайдың билікке келген кезі қазақ халқы үшін жойылып кету қаупі төніп тұрған заман болды. Ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай: «артында –ор, алдында-көр, жан-жағы-жау» деген қилы заман болды. Осынау тарихи жағдайды бірауыз өлеңмен былай бедерлеген:

Былай барсаң-Қоқан бар,

Қоқандаған әкең бар.

Былай басаң-Қалмақ бар,

Күшіңді еппен алмақ бар,

Былай барсаң-Қытай бар,

Жапырағыңды бұтай бар.

Былай барсаң-орыс бар,

Балаңды берсең қоныс бар.

Бір шұмақтан Қазақ хандығының сыртқы жағдайының күрделі екенін байқауға болады.

/картадан оқушылар көрсетіп дәлелдейді/

слайдтар көрсетіледі

Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.

/балалық шағынан үзінді келтіру/

Абылайдың азан айтып қойылған аты -Әбілмансұр. Ол мұсылманша жақсы білім алады. Шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған 20-дан астам күйі бар: «Ақ толқын», «Шаңды жорық», « Сары бура», « Дүние қалды»...Он бес жасқа толған кезінен бастап жоңғар басқыншыларымен соғысқа белсене қатысты.

Сұлтанның бойы ортадан жоғары болатын. Жауырыны қақпадай, дене күші зор еді. Замандастары оны батылдығы , ержүректігі және әбжілдігі үшін қатты құрметтейтін. Ол өз ғұмырының ең соңғы күндеріне дейін жауынгерлерімен бірге болды. Соғыста қолға түскен барлық олжаны бөлісті. Жаумен шайқастар кезінде бірнеше рет жаралы да болды.

Абылай Орта жүздің сұлтаны болады. Ал Әбілмәмбет хан қайтыс болған соң, 1771 жылы 3 жүздің өкілдері қасиетті Түркістанда Абылайды ақ киізге көтеріп хан сайлайды.

Абылайдың ішкі саясаты: бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құру.

  • Халықты жақсы басқару үшін Абылай 3 жүздің әрқайсысына өзінің ұлдары мен жақын туыстарын билеуші етіп тағайындады. Жетісуда-Әділ, Сүйік; Орталықта-Қасым, Шығыста-Әбілмәмбеттің ұлы Әбілпейіз...

  • Сот билігін күшейтті. Билер қызметіне шек қойды. Абылайдың кеңесшісі-Бұқар жырау.

  • Руаралық қақтығысты және барымта алуды тоқтатты.

  • Ертіс, Есіл, Көкшетау, Тарбағатай өңірлеріне егін шаруашылығын енізді. Отырықшылықты дамытты.

  • Мәдениетті дамытуға үлес қосты: ақын- жырау, әнші-күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.

Абылайдың сыртқы саясаты: Ресей, Қытай, Орта Азия мемлекеттерімен дипломатиялық және сауда байланысын орнату, тату-тәтті көршілік саясат ұстану.

1740 жылы Әбілмәмбет пен Абылай Ресей билігін мойындады. Бірақ Абылай іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді. Абылай орыс казактарының қыспағына түскен қалың елдің ауыртпалығын жеңілдету үшін, Есіл, Ертіс шептері маңындағы жайылымдардан біржола айырылып қалмаудың амалдарын іздейді. 1759 ж патша үкіметінің әкімшілігі Әбілмәмбетті тағынан тайдырып , оның орнына өзінің отыруын ұсынды және оған барлық жағынан қолдау көрсетуге уәде етті. Абылай бұл ұсынысты қабыл алмады. Ол тек Әбілмәмбет қайтыс болған соң, үш жүздің ханы болуға келісім берді. Ресей өкіметі Абылайды бүкіл қазақтың ұлы ханы екенің мойындамай , 1778 ж оның беделін төмелдетіп, орта жүздің ханы ретінде ғана таныды. Бірақ ол ант қабылдаудың салтанатты рәсіміне барудан бас тартты. Өйткені Абылай хан былай деп санады: мені билеуші хан етіп халық сайлады. Олай болса, орыс патшасының тағына тағзым етіп, ант беруге тіпті де міндетті емеспін. Абылай хан 2 Екатеринаға жолдаған мәлімдемесінде қаймықпай: «бұдан былайғы жерде мені бүкіл қазақ жұртының әміршісі Абылай хан деп біліңіз» деген.

Абылай өзінің негізгі күш-жігерін Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады.

-Жоңғария туралы не білеміз?

-Қазақтармен ұқсастығы бар ма?/оқушылардың жауаптары/

-«Шаңды жорық» деген қандай оқиға?

1741 жылы 30 мыңдық жоңғар әскері қазақ жеріне басып кіріп, Тобыл, Есіл өзендерне дейін жеткен. Жоңғарияның бұл жолы Ресеймен шекаралас қазақ жерлеріне агрессиясының мақсаты, қазақтар Ресеймен жақындасып, күшейіп кете ме деген қауіп болатын. Осы аласапыранда 200 сарбазымен ғана жүрген Абылай қоршауда қалып, қолға түседі. 1742-1743 жж-Абылайдың жоңғар тұтқынында болды Жоңғар мемлекетінің қонтайшысы Калдан Церен бір күні алдына алғызып: « Шарыш сынды батырымды өлтірдің. Қанға-қан, жанға-жан, соның орнына сені өлтіремін, не арманың бар? десе керек. Сонда Абылай : «Менің 3 арманым бар: әуелі мен Шарышты қазақ пен қалмақтың қан майданында өлтірдім, Сіз мені ұйқыда жатқанымда ұстап өлтіргелі отырсыз. Менің майданда өлсем арманым жоқ. Екінші, қазақ көшіп-қонып орнықпай жүрген ел ғой, орнықтырып, отырықшы өмірге кіргізіп өлсем, армансыз болар едім. Үшінші, төрт атадан бері жалғыз едім, дәл қазір өліп кетсем, не балам, не бауырым жоқ, дүниеге келмегендей боламын ғой»,-дейді.

Абылай тұтқыннан қалай босатылды?

Біріншіден, Ресей дипломатиялық өкілдерінің көмегі тиді

Екіншіден, қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 30 адам елшілік барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алды.

Үшіншіден, Абылай тұтқыннан батырлығы, ақыл-парасаты арқылы өзін-өзі босатқан.

Калдан-Церен өз тұтқыны Абылаймен 1743 жылы бейбіт келісім жөнінде шарт жасайды және оған сый-құрмет көрсетіп, 35 серігімен еліне құрметпен қайтарады. Абылай тұтқында болғанда болашағына сеніммен қарап, елінің тағдырын бір сәт естен шығармайды.

1756 ж /1755 ж/ Абылай хан мен жоңғарлар Аягөз қаласының маңындағы Батпақсу деп аталатын өзен бойында кездесіп, бітім жасайды . Оны «Мамырсу бітімі» немесе «Қандыжап бітімі» деп атайды. Мамырсу-сол жердің атауы, ал «Қандыжаптың» аталуының мәні мынада. Жоңғарлар бастапқыда өлген ханның құнын сұрамақшы екен. Келіссөз кезінде оны біржола кешіріп, ханның қанын жабулы қалсынға келіседі.

1758 ж-Қытайдың Жоңғарияны жермен жексен ету

17б1 ж-Шыңжанның құрылуы

Абылай хан өзінің сыртқы саясатындағы Қытаймен қарым-қатынасқа ерекше мән берді. 1756, 1757 жылдары қазақ пен қытай әскерлері қақтығыста болды. Екі ел арасында қатынасты реттеу үшін Абылай хан 1757-1777 жылдар арасында Қытайға 10 елшілік жіберді. Қытай мен Ресей империяларының қыспағына түскен Абылай хан екі мемлекеттің де бодандығын мойындады. 1757-1760 жж-Қытайдың билігін мойындады

Өйткені әскери күшпен қазақ елінің тәуелсіздігін қорғап қалу мүмкін емес еді, бірақ Абылайдың бұл бодандығы сөз жүзінде қалды. Ол өзінің саясатында біресе Ресейге «арқа сүйеп», Қытайға «сес» көрсетсе, екінші жағынан Қытайдың өзінің «қамқоршысы» етіп көрсетіп, Ресейге де «қыр көрсетіп» отырған. Сонымен қатар екі жақты бодандықты қабылдаудың өзі бұл ұғымның мәнін жояды. Бір ғана мемлекеттің бодандығын қабылдауға болар, ал бір-біріне қарсы бірдей екі мемлекетке бір мезгілде қалай бағынбақсың? Ал бұл шын мәнінде елдің бостандығы мен болашағы үшін Абылай ханның екі алып мемлекетпен арбасқан дипломатиялық шеберлігі, халықаралық саясатта өз елінің сыртқы саясатын дұрыс белгілеп, жүргізе білген тамаша табысы болды.

1765 жылы Қытайдың Түркістан мен Самарқанға зор шабуылға әзірленіп жатқанын білген Абылай шабуылдың алдын алу мақсатымен Пекинге елшілік аттандырады. Оған қоса бір баласы Әділді аманат етіп тапсырады. Аманат деген не? Бұл Қытай шабуылының алдын алу , із тастау, қазақ елінің тыныштығын сақтап қалу әрекеті еді. Қытай императоры Абылай ханның бұл «достық пейіліне» сеніп, соғыс бастаудан бас тартады және Абылайға көп сыйлық пен грамота беріп, баласын әкесіне қайтарады.

1763 жылы Абылай Қытай империясы мен Іле аймағының генерал-губернаторы Цаянь-Цайрунамен келіссөз жүргізіп, мынадай сауда шартын жасайды:

  • Қытай империясының қазақтармен сауда қарым-қатынасын жасау үшін Құлжа /Іле аймағының орталығы/, Шәушек /Тарбағатай аймағынң орталығы/ қалаларында айырбас сауда базарларын ашу;

  • Сауда базарларында сатылатын заттар Қытай жағынан: шай, кездеме, сіріңке,т.б. күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар. Ал қазақтар өзіне қажет тауарларын малға және мал өнімдерін әкеліп , айырбастап алады.

  • Бұл сауда базарлары үздіксіз жұмыс істейді. Дегенмен, жылдың жаз, күз айларында екі мезгілде қызу, айырбас саудасы жүргізілуі тиіс.

  • Екі жақ өздеріне қажет заттары жөнінде алдын ала ұсыныс жасап отыратын болады.

  • Қытай жақтың саудагерлері қазақ жерлерін басып өтуі үшін Ертіс бойынан керуен жолы белгіленеді./Ертістің оңтүстік жағасын бойлай жүретін керуен жолын осы күнге дейін «Абылай жолы» деп атайды./

Абылай хан Орта Азиядағы Қоқан, Хиуа, Бұқараға да көңіл бөліп,бір коалиция құруға ұмтылды. Ресей және Қытай империялары тарапынан осы аймақ елдеріне қауіп төнгенде діні ортақ тілі ұқсас елдердің ынтымағы керек деп ұққан Абылай хан бір қиярдағы Ауғаныстан мемлекетіне де сөз салды.

Қазақ-қырғыз қатынастары18 ғ 60-70 жылдарында қазақтардың алатау қырғыздарымен қарым-қатынасы күрделенеді. Өйткені 1-ден олар жоңғарлардан басып алған жерлерді иемденуге талап қояды. 2-ден, қазақтардың малдарын айдап әкететін болады. 3-ден, қазақтардың сауда керуенднрін тонаған. Сондықтан Абылай хан 1765, 1770 және 1779 жылдары қырғыздарға жорық жасады. Соның нәтижесінде қырғыздар айдап әкеткен мал-мүлкін, тұтқындаған адамдарын қайтарады.Үшінші жорық бейбіт келісім жасаумен аяқталды.Абылай хан қазақ пен қырғыздар арасында Нарынқолдан Қордайға дейін шекара тартып береді.. Ал бұл шекара күні бүгіне дейін сақталып отыр. Осылай Абылай хан қазақ-қырғыз шекарасында тыныштық орнатты.

Абылай хан 1781 жылы 70 жасында дүниеден өтті Оның 12 әйелі, 30 ұлы, 40 қызы болған. Ол Түркістан қаласындағы Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. Абылай хан тарихын алғаш зерттеуші қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов.

Қазіргі кезде Абылай хан атындағы даңғылдар, көшелер, Абылай ханға арналған ескерткіштер бар. Алғаш Абылай бабамызға арналған мұражай Көкше жерінде, Бурабайда ашылды.

Абылай ханның ұрпақтарын білесіздер ме? Кенесары Қасымұлы, Шоқан Уәлиханов, Әлихан Бөкейханов...

Бекіту /қорытындыны оқушылар жасайды/

Абылай ханның билікке және шаруашылыққа енгізген өзгерістер:

  • Үш жүзді біріктірді

  • Жоңғарияға қарсы азаттық күресті басқарды

  • Тарбағатай, Зайсан, Алтай жерлерін қазақтарға қайтарды

  • Билер қызметіне шек қойды, хан билігін шектеусіз етті

  • Ертіс, Есіл, Тарбағатай, Көкшетау өңірлеріне егін шаруашылығын енгізді.

  • Отырықшылықты дамытты

  • Мәдениетті дамытуға үлес қосты

Абылай қайтыс болғаннан кейін хан тағына оның үлкен ұлы Уәли отырды. Бірақ ол кісінің атақты әкесінің бастаған ісін жалғастыра алмады.

Бекіту сұрақтары: /слайдтан сұрағы, сонан соң ғана жауабы рет-ретімен шығып тұрады./

1.Абылай ханның шын аты? /Әбілмансұр/

2. Бала кездегі лақап аты? /Сабалақ/

3.Абылайдың өмір сүрген уақыты? 1711-1781/

4.Абылай ханның хандық құрған уақыты? /1771-1781/

5.Абылай ханның өмірін жырлаған жырау? /Бұхар жырау/

6.Абылай хан әскерінің қолбасыболған қай батыр? /Қаракерей Қабанбай /

7.Абылай ханның аса құрметтеген батыры? Ол келмей Абылай ұрыс бастамаған /Баян батыр/

8.Абылай хан тарихын алғаш зерттеуші қазақ ғалымы кім? /Шоқан Уәлиханов/

9.Алғаш Абылай бабамызға арналған мұражай қай жерде ашылды? /Көкше жерінде, Бурабайда /

10. Абылай хан Әділ атты баласын қай елге аманатқа жіберді? / Қытайға/

11. Халық «Абылай жолы» деп атаған сауда жолы Қазақстанның қай аймағынан өтеді? / Ертіс өзені бойымен Қытайға/

12.Абылай хан сыртқы саясатында қандай елдермен қарым қатынас жасаған? /Ресей, Қытай, Жоңғария, Орта Азия/

13.Абылай хан ұрпақтары? /К. Қасымұлы, Ш. Уәлиханов, Ә. Бөкейханов

Тест сұрақтары

1.Абылай хан жоңғарлармен «Мамырсу» бітімін қай жерде жасады?

А/ Аягөзде В/ Семейде С/ Құлжада Д/ Шәушек Е/Пекинде

2. Нарынқолдан Қордайға дейінгі шекара қазақтар мен кімдердің арасында белгіленді?

А/ жоңғарлардың В/ қытайлардың С/ қырғыздардың Д/ қоқандардың Е/ хиуалардың

3.Абылай хан болар кездегі қазақ елінің жағдайын «артында-ор, алдында-көр, жан-жағы-жау» деп бейнелеп айтқан кім?

А/Қазыбек би В/ Ш. Уәлиханов С/ А. Байтұрсынов Д/ М. Жұмабаев Е/ М. Дулатов

4.Абылай хан есімі енгізілген әлемдік маңызы бар кітапты атаңдар:

А/ «Гиннесс рекордтар кітабы» В/ «Адамзат күнтізбесі»

С/ Брокгауз-Эфрон энциклопедиясы Д/ Қазақ энциклопедиясы

Е/ Ғажайыптар энциклопедиясы

5. Абылайдан кейін Орта жүздің ханы кім болды?

А/ Әділ В/ Әбілпайыз С/ Уәли Д/ Сәмеке Е/ Шерғазы

«Үшінші артық»

1.Жошы, Әбілмәмбет, Жәңгір

2.1761 ж., 1771 ж., 1711 ж.

3.Түркістан, Созақ, Ахмет Йассауи кесенесі

4.Галдан Церен, Шарыш, Шәушек

5. «Абылай жолы», Шанды жорық», «Мамырсу бітімі»



«Даталарды сөйлету»



1711-1781; 1771-1781 , 1740 ; 1742-1743; 1758; 1761; 1757-1777;1757-1760; 1765, 1770, 1779;



Бейнефильм көрсетіледі.

Қорытынды





Тасөткел орта мектебі













ЖАНЫНДА ИНТЕРНАТЫ БАР

А. ҮКІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ

Ө Т К І З Г Е Н Қ О Н А Қ С А Б А Қ:

А Б Ы Л А Й Х А Н К Е З І Н Д Е Г І

Қ А З А Қ Х А Н Д Ы Ғ Ы

11-с ы н ы п



















Жолдыбаева Ләззат Төлегенқызы

2013-2014 оқу жылы

















Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-467026

Похожие материалы