Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Абылай хан өмірі мен қызметі

Абылай хан өмірі мен қызметі


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4f1f790c.gifhello_html_m186f37be.gifhello_html_5e39276b.gifhello_html_m4bcca243.gifhello_html_4f1f790c.gifhello_html_5f293880.gifhello_html_5b91c0b9.gifhello_html_1c7e82f8.gifhello_html_7e00b649.gifhello_html_532ba7a3.gifhello_html_76321f19.gifhello_html_m5951b446.gifhello_html_m20ad4c03.gifhello_html_5f293880.gifhello_html_m5951b446.gifhello_html_m4ac5d449.gifhello_html_m6f622974.gifӨз ерлерін, өз ұлдарын ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді. І.Жансүгіров

Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы.

Мақсаты:

Білімділік:Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін арттыру, Абылайдың жүргізген саясатының сырын түсіндіру.

Дамытушылық:Абылай ханның қазақ тарихындағы еңбегіне баға беру арқылы тарихи тұлғалардың еңбегін бағалай білуге үйреті, танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра,оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге үйрету,ерлікке,отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Абылай ханның суреті, Қазақстанның саяси картасы,

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын қорытындылау

3.Жаңа сабақ

4.Қосымша мәліметтер

5.Қорытындылау

6.Бағалау

7.Үйге тапсырма беру.

Үй жұмысын тексеру әдісі: 1.Тест жұмысы. 2.Жылдар сөйлейді. 3. Тарихи диктант Картамен жұмыс.

1.Тест жұмысы. (1- топ оқушылары орындайды)

1.Орыс патшайымы Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы грамотаға қай жылы қол қойды?

а) 1718 жылы ә)1731 жылы б)1715жылы в)1726 жылы

2.Қазақтың қай ханы Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді?

а)Тәуке ә)Қайып б)Әбілқайыр в)Абылай

3.1726 жылы қай тада қазақтың лгі жақсылары жиналып Әбілқайырға қазақ жасағын басқару тапсырылды?

а)Ұлытау тауында ә)Ордабасы тауында б) Қаратау тауында

в) Алатау баурайында

4.Қай ғасырда қазақ жерінде орыстар бекіністер сала бастады?

а)ХҮІІІ ғ. 50жж. ә)ХҮІІІ ғ. 70жж. б)ХҮІІІғ. 80-90жж. в) ХІХ ғ. Басы

5.Ресей үкіметінен қай елші Кіші жүзге келіп ел басшыларынан ант қабылдады?

а)Е.Пугачев ә)Тевкелев б)Достоевский в)Л.Толстой

2.Жылдар сөйлейді. (2-топ оқушылары орындайды)

Жылдар

Болған оқиға

1

1718 жылы

Тәуке хан қайтыс болады.

2

1719 жылы

Қайып хан қаза болады.

3

1726 жылы

Әбілқайыр ханға Ресеймен келіссөз жүргізуді тапсырады

4

1731 жылы

Ресей патшайымы Анна Ианновна Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қол қояды

5

1750 жылдары

Қазақстанның солтүстік-батыс өңірі орыстардың бекініс шептерімен қоршалды.

6

1718 жылы

Әбілқайыр хан атағын алды

7

1726 жылы

Орабасы тауында қазақтың игі жақсылары жиналып Әбілқайырға жоңғарларға қарсы қазақ

жасағын басқару тапсырылды. Очы жылы Бұланты шайқасына қатысып,беделі арта түсті.

8

1729 жылы

Әбілқайыр қолбасшылық еткен қазақ жасақтары Аңырақайдағы шайқаста жоңғарларға күйрете соққы берді.

9

1730жылы

Елшіліктің нәтижесі Қазақстанның Ресейге бодан болуымен аяқталды.

3. Картамен жұмыс. 3 топ оқушылары Қазақстанның қазіргі шекарасын картаға түсіру

                           Тарихи диктант

Абылай хан қазақ даласында ............................. салудың бастамашысы болды.

Қазақтардың ................., ................ және .......... аулаумен айналысуына қолдау көрсетті.

Абылай хан ...............- ........, ............- ............. мен .......... қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.

Қорытынды:

Сонымен ХҮІІІ ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына біратар жаңа өзгерістер қалыптасты.Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ-орыс сауда байланыстары,Қазақстанның шет елдермен қатынастары өзара тиімді жағдайда дамыды.Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы, орыс-казак шаруаларын қоныстадыра бастауы олардың жерін басып алу шараларының бастамасы болған.

3.Жаңа сабақ: Абылай хан

«Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас». Мұхтар Әуезов

Білеміз

Білгіміз келеді

Білдік

Абылайханның өмір сүрген жылдары (1711-1781) Түркістан қаласында Уәлидің шаңырағында дүниеге келген.Азан шақырып қойған аты Әбілмансұр және жасырын аты Сабалақ.Төле бидің түйесін баққан кезде де Бөгенбаймен таныс болған..20 жасында қалмақтың батыры Шарышты жекпе –жекте женген..Қазақ хандығын мықты да біртұтас мемлекетке айналдырды, ресми түрде 1771 жылы таққа отырған,1781 жылы қайтыс болып,Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген.

Абылайдың білімі, қабілеті, өнерлілігі, дарындылығы,дене бітімі, өмірлік өнегесі, атқарған істері туралы.Өзге елдермен қарым-қатынастығы әрекетінің қандай болғандығы.Кеңесшілері болды ма? Қай жерде, қалай дүниеден өтті?Артында қалған ұрпақтары туралы

Абылай ханның өткен өмір жолы оңай болған жоқ.Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды.Шығыстың жеті тілін білді,сөзге шебер әрі тапқыр, домбыраны жақсы тартты өзі шығарған 20-дан астам күйі бар.Бойы ортадан жоғары, жауырыны қақпақтай дене күші зор болған.Жауынгерлермен үнемі бірге болып, олжаны әділ бөліскен.Ол орта жүздегі Арғын тайпасының Атығай руына басшылық етті.Абылайдың кеңесшілері Бұқар,Үмбетей,Тәтіқара жыраулар Төле,Қазыбек билер болған.Билігін нығайту және шекаралас елдермен бейбіт қарым-қатынас орнату мақсатында ол көрші мемлекеттердің ықпалды отбасылармен және қазақ хандары мен сұлтандарының қыздарына үйленіп,әулеттік некеге отырған.Ташкенттен Түркістан қаласына келе жатқанда дүние салған.Абылайдың артында 30 ұлы мен 40 қызы қалды.

Абылай





Өмір сүрген жылдары

1711-1781 жж

Билік құрған жылдары

1771-1781 жж

Қолбасшы, саяси дипломат, реформатор, халық мәдениетінің жанашыры

Ішкі саясаты-

  1. Бір орталықтан басқаратын мемлекет құрды.

  2. Сот билігін күшейте түсті.

  3. Қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.

Сыртқы саясаты-

Ресей, Қытай, Орта Азия елдерімен экономикалық және сауда байланысы.

Қазақ жеріне ешкім қол суға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағыттады.













Шырағым- ай көзің отты бала екенсің,

Мінезің қазақтағы хан екенсің.

Жазға салым қалмаққа аттанамыз,

Соған да керек болар жан екенсің-Деп батасын беріп, астындағы Нарқызыл атты тұлпарын

сыйға тартқан екен


Абылайдың көрші елдермен қарым-қатынасы

Ресеймен

Жоңғарлармен

Тату-тәтті көршілік саясатын ұстануға тырысты.Ресей мемлекетімен дипломатиялық, сауда байланыстарын орнатты.Ол өз қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекетінен қорғай білді.Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан,іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.1759 жылы патша үкіметінің ұсынысын қабыл алмады,17778 жылы патша үкіметін Абылайды Орта жүздің ханы деп жариялады.Ант қабылдау рәсіміне барудан бас тартты.Абылай хан былай деп санады: мені билеуші хан етіп халық сайлайды, олай болса орыс патшасының тағына тағзым етіп, ант беруге тіпті де міндетті емеспін деп білді.Патша үкметіөзінің ханға ықпалын жойып алудан қауіптеніп ханға жылына 3000 сом мөлшерде жалақы тағайындап,200 пұт ұн беріп тұруға уәде етті.Бірақ бұл кезде Абылай іс жүзінде Ресей империясымен қарым-қатынасты үзген.

Абылайөзінің күш-жігерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады.Жоңғарлар Цинь империясымен бейбіт келісім жасағаннан кейін барлық күшін батысқа қарай бұрды.1741 ж жоңғарлар қазақтарға тағы бір ірі жорыққа шықты.Тұтқиылдан баса көктеп келген жоңғарлар Абылайды тұтқынға түсірді.Бейбіт келісім жасағаннан кейін ғана босатудың сәті түсті.Қалдан-Сереннің қайтыс болуы қазақ жерлерін жоңғарлардан қайтарып алуына мүмкіндік туғызды.Абылай жоңғарлардың тақтан үміткер мұрагерлеріне кезек-кезек қолдау көрсетті.1755ж Цинь императоры жоңғарияға елеулі әскер күшін кіргізді.1758жылы Қытай әскері Жоңғарияны бағындырып алды.Жоңғарлардың тірі қалған аз ғана тобы елдің төменгі сағасындағы туыстас торғауыт қалмақтарға қарай қашты.Жоңғарлар бұл жолы да қазақтардың шабуылына тап болды.





tempimage101.tiff



Абылайдың қазақ жерін біріктіру жолындағы күресі

Жыл

Болған оқиғалар

1756ж

Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады.Бұл шара Ресейдің Қазақстан аумағындағы отаршылдық әрекеттерін тоқтатуына,Қытай тарапынан жасалатын агрессияға жол бермеуіе мүмкіндік туғызды.Жоңғар мемлекетін жоюдың кезінде басталған қазақ билеушілерімен Қытай үкіметі арасында жер қатынастарына байланысты едәуір шиеленісті дау туды.

1755ж

Шекара мәселесін реттеу үшін Қазақстанға Абылай сұлтанға Қытай арнайы елшілік жіберді.Абылай Қытайдың Жоңғарияны басып алған мойындағысы келмеді.Жоңғария жерінің бір бөлігі оның байырғы қожайындары қазақтарға қайтарып берілуін заңды деп санады.Қытайлықтар бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты.

1756ж көктем

Қазақ жасақтары Қытай әскерлеріне қарсы Жоңғарияның ішкі бөлігіе жорық жасады.Бұған жауап ретінде қытай императоры Қазақстанға шабуыл жасауға бұйрық берді.Қазақ жасақтары Қытай әскерлерінің әрекет етуіне мұрша бермей олардың келген ізімен қайта кетулеріне мәжбүр етті.

1757ж жазы

Тарбағатай тауының солтүстік сіледерінде Қытай әскерлерімен Абылайдың қосындары арасында ең соңғы ірі шайқас болып өтті.Жеңіс қазақтар жағында еді.Екі ел арасында келіс сөздер басталды.Қытайлар Іле өзенінің аңғары мен Тарбағатай аймағында әскери бекіністер сала бастады.Ондағы мақсат-босап қалған Жоңғар жеріне қазақтардың қайта оралуына жол бермеу еді.

«Адамзат күнтізбесі»

abilay_han_mhello_html_m73198ae8.gifNazarbaev05_7

Қазақ – қырғыз қатынастары

Қырғыз озбырлығы

Абылайдың әрекеті

Нәтижесі

1.Жоңғарлардан басып алған жерлерді иемденуге қырғыздарға талап қойды

1765 ж Абылай қырғыздарға қарсы өзінің бірінші жорығына шықты

Алайда ол жорықтан кейін де қырғыздармен қарым-қатынас жақсара қоймады.Жетісу мен Түркістандағы үйсіндермен Қоңыраттарға шабуыл жасап елін тонады,озбырлық көрсетті.

2.Қырғыздардың жасақтары Жетісу жеріндегі қазақтардың малын барымталап айдап әкетуді жиілетіп жіберді

1770ж Абылай Қырғыздарға 2-ші рет жорық жасап оларға күйрете соққы берді.

Екі халықтың арасында айқын белгіленген шекара шебі құрылды.Тұтқынға түскен қазақтар мен барымталап алған малды түгел қайтарды,шабуыл жасаспауға келісті.

3.Олар қазақтардың сауда керуендеріне талап алуды тоқтатпады.

1779ж мазасыз қырғыз үшінші рет жорық жасауға мәжбүр болды.

Бұл жорық бейбіт келісім жасаумен аяқталды.Абылай ең атақты манаптардың балаларын амантқа алып қайтты.Қырғыздарды тұтқынға алды.

Манаптардың балалары мен тұтқынға алынған қырғыздардан

Жаңақырғыз болысы

Байқырғыз болысы

Көкшетау аумағында атығай руының арасына қоныстандырылды.


Абылай ханның бұл шаралары қазақ-қырғыз шекарасында тыныштық орнауына үлкен себеп болды


G:\43 015.jpg



Абылайдың қазақ халқының тарихындағы орны

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға жұмсады.







Қазақтардың басын қосып біріктірді.



Жоңғар мен Еділ Қалмақтарын жеңуде маңызды рөл атқарды.



Қырғыздар қазақтарға шабуыл жасауын тоқтатты.



Қытай әскерінің Қазақстан аумағына жылжуын тоқтатты.

Қазақтардың Тарбағатай Іле өзені өңіріндегі мал жайылымдарын қайтарып алды.



Қазақтардың өзарасында көрші халықтардың өзарасында да зор беделге ие болды.



Қазақтардың ұранына айналды.


abilay_han_m

Қорытынды.

Қазақстанның Ресейге қосылуының пайдасы мен зияны

Пайдасы

Зияны

мен


Бағалау.

Бағалау парағы.

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасын тексерудің түрлері

Тест жұмысы

Датамен жұмыс

Сандар сөйлейді

Картамен жұмыс

1






Үй тапсырмасы.

  1. Мазмұнын оқу

  2. Ұғымдар мен терминдерді жазу

  3. Тарихи тұлғалар туралы мәліметтерді жаттау.

  4. Тақырып бойынша қосымша мәліметпен танысу және мәлімет жинақтау.

  5. Абылай ханның ел басқарудағы ұстанымын Қазақстанның тұңғыш президенті

Н.Ә. Назарбаевтың ұстанымымен салыстырып, тарихи эссе жазу.
































Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров179
Номер материала ДВ-479576
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх