Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар"

Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

 Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»
Сабақтың мақсаты: а)Білімділік:Оқушылардың «Жаңа достар» әңгімесінен алған б...
«Ғабит Мүсірепов- ардақты ат! Мүсіреповты мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен...
Ғабит Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері Солтүстік Қазақстан облысы 1902-1985ж Ж...
II.Мағынаны ашу Бөлім	Жоспар	Оқиғалар 1	Қайроштың қалаға келуі	1.Қайроштың си...
Кейіпкерлер	Мәтіннен үзінді	Адами қасиеттері Қайрош	Ойында сиырының таяғын Әл...
Сергіту сәті
Көрініс «Күнкөріс жолы» Мәтіннен әдеби-теориялық ұғымдарды табу Жайықты өрлей...
Шығармашылық тапсырма «Менің сүйікті кейіпкерім» I. Хат жазу II.Шегенге міне...
Кім жылдам? Қай кейіпкердің сөзі? «Анау ағасы, мынау інісі деген ойдың келуі...
Ой бөлісу Соғыс кезіндегі балалар үйі не үшін қажет болды? (I топ)	Қазіргі ке...
Қайырғали Смағұлов 1919 жылы Гурьев облысы, Қайыршақты ауылында туған. 10 жас...
 Бағалау Үйге тапсырма: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»
1 из 14

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2  Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»
Описание слайда:

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»

№ слайда 3 Сабақтың мақсаты: а)Білімділік:Оқушылардың «Жаңа достар» әңгімесінен алған б
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты: а)Білімділік:Оқушылардың «Жаңа достар» әңгімесінен алған білімдерін бекіту, кейіпкерлерге талдау жасау, әдебиет теориясына тоқталу; ә)Дамытушылығы:Әр оқушының өзіндік ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным- түсініктерін дамыту, қосымша деректер арқылы дүниетанымын кеңейту. б)Тәрбиелілігі: Қаламгердің азаматтық бейнесін таныту. Оқушыларды адамгершілікке,ізгілікке, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Бекіту сабағы Сабақтың әдісі:оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру Пәнаралық байланыс: тарих

№ слайда 4 «Ғабит Мүсірепов- ардақты ат! Мүсіреповты мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен
Описание слайда:

«Ғабит Мүсірепов- ардақты ат! Мүсіреповты мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек!» Зейнолла Қабдолов

№ слайда 5 Ғабит Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері Солтүстік Қазақстан облысы 1902-1985ж Ж
Описание слайда:

Ғабит Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері Солтүстік Қазақстан облысы 1902-1985ж Жазушы Драматург Аудармашы

№ слайда 6 II.Мағынаны ашу Бөлім	Жоспар	Оқиғалар 1	Қайроштың қалаға келуі	1.Қайроштың си
Описание слайда:

II.Мағынаны ашу Бөлім Жоспар Оқиғалар 1 Қайроштың қалаға келуі 1.Қайроштың сиырды тастап қалаға қашуы 2.Ыңыранған қаракөк Каспий 3.Алыстан жымыңдаған қала оттары Кездесу 1.Кездескен екеу 2.Алғашқы таныстық 3.Қамқорлық 2 Базар алаңы 1.Бораштың үйден қашуы 2. «Салқын сарай» 3.Кітапқа құмарлық 4.Шай үстіндегі уәде Жазғы театр 1.Саратау операсы 2.Қайрош пен Бораш милиция қолында 3.Құтылған шеген 3 Ана сағынышы 1.Қайроштың анасының балалар үйіне келуі 2.Ана мен бала сағынышы 3.Қайроштың оқуға қалуы 4.Ана келісімі

№ слайда 7 Кейіпкерлер	Мәтіннен үзінді	Адами қасиеттері Қайрош	Ойында сиырының таяғын Әл
Описание слайда:

Кейіпкерлер Мәтіннен үзінді Адами қасиеттері Қайрош Ойында сиырының таяғын Әліптің таяғына айырбастау; Қалаға кіріп көп тақтай дүкендердің біреуінің жанына келдім де құлай кеттім; Атың кім? -Қайырғали. Өзіңнің атың кім? ... Осымен үш болды -Үш дедім мен де. -Уәде ғой? -Уәде! -Оқимын, апа, оқимын....... Шеген Шеген ағып бара жатқан машинаны қуып жетіп,асып кете береді. Шеген кейде киіктей орғып, кейде балықтай бұлт етіп, жалт береді Шегеннің достық көмек көрсеткені қатты ұнады Өзі орысша-қазақша судай...... ....бірталай кітап тізіп қойыпты Бораш -Боря, ән салып жіберші! -Шеген аға,шайға келіңдер! Әй апам қораның төбесінен құлатып жіберді

№ слайда 8 Сергіту сәті
Описание слайда:

Сергіту сәті

№ слайда 9 Көрініс «Күнкөріс жолы» Мәтіннен әдеби-теориялық ұғымдарды табу Жайықты өрлей
Описание слайда:

Көрініс «Күнкөріс жолы» Мәтіннен әдеби-теориялық ұғымдарды табу Жайықты өрлей, әр бұтаны тасаланып, алыстан ыңыранғаны естіліп жатқан Каспийге қарай құлап келемін. Теңіз құшағына тез кіруге асыққан Ақ Жайық төтелеу жерден жол салам деп жарын талай сабалапты да, шалқайып кейін бұрылыпты. Бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін оны екінші бір нәрсемен салыстыра бейнелеуді т е ң е у дейміз. Көркем әдебиетте адамны ң сырт бітімін, кескін — кейпін суреттеуді портрет дейміз. Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісін пейзаж дейміз. Мысалы: Күн де батты.Теңіз үстіне қорғасындай басқан бір ауыр тұман да көтерілді. Тұманның ауырлығынан теңіз беті қайысып, төмен түсіп кеткендей сезіледі.     

№ слайда 10 Шығармашылық тапсырма «Менің сүйікті кейіпкерім» I. Хат жазу II.Шегенге міне
Описание слайда:

Шығармашылық тапсырма «Менің сүйікті кейіпкерім» I. Хат жазу II.Шегенге мінездеме беру III.Борашқа мінездеме беру

№ слайда 11 Кім жылдам? Қай кейіпкердің сөзі? «Анау ағасы, мынау інісі деген ойдың келуі
Описание слайда:

Кім жылдам? Қай кейіпкердің сөзі? «Анау ағасы, мынау інісі деген ойдың келуі мұң екен, Айдаш есіме түсіп кетіп, жалғызсырай бастадым. Соқаның үстіне құлап түстім. Шеген ағам жазды ғой әйтеуір. Енді бір айда жүруге жарайсың деді. Енді естияр болдың мына таяқты қолыңа ал, осы ауылдың сиырын енді сен бағасың Адам болады екенсің айналайын! Көресіз бе, балаңыз қандай ақылды. Оқу оқығысы келеді. Қарғадай басыңмен қалай оқисың, құлыным-ау? Тым болмаса, әкең де жоқ. Мен қаражатты қайдан табады дейсің? Оның болмайды, Костя! Оқу керек! Адамның басы қарбыз емес Өзім іздеп жүрген балалар үйінің атын қалай айту керек екенін мен де үйреніп ала қойдым. «Детдом!»  

№ слайда 12 Ой бөлісу Соғыс кезіндегі балалар үйі не үшін қажет болды? (I топ)	Қазіргі ке
Описание слайда:

Ой бөлісу Соғыс кезіндегі балалар үйі не үшін қажет болды? (I топ) Қазіргі кездегі балалар үйі не үшін қажет деп ойлайсын? (II топ) Жоқшылықтан Соғыстың салдарынан жетім қалған балалар үшін қажет 1.Тәрбиесіздіктен 2. Ата-ана құқығынан айырылғандардың балалары... 3.Тастанды балалар...

№ слайда 13 Қайырғали Смағұлов 1919 жылы Гурьев облысы, Қайыршақты ауылында туған. 10 жас
Описание слайда:

Қайырғали Смағұлов 1919 жылы Гурьев облысы, Қайыршақты ауылында туған. 10 жасында Орал қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Жастық шағында Гурьевтегі балық заводында жұмыс жасады. 1943 жылы 17 қарашада Кеңес Одағынының Батыры атағын берілді. Қайырғали Смағұлов

№ слайда 14  Бағалау Үйге тапсырма: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»
Описание слайда:

Бағалау Үйге тапсырма: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»


Краткое описание документа:

Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы ().

Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы (), КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы () және ҚазақКСР Жоғары Кеңес депутаты ().

 

М. әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. “Қос шалқар” (1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” (1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.

Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел – Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел – Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады.

Мүсіреповтің алғашқы романы – “Қазақ солдаты”. 1945 ж. “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 ж. қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында 2-дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды.

Романның басты кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті.

“Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ халқының 19 ғасырдағы өмірі үлкен суреткерлікпен өрнектелген, қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы шынайы сипатталған. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір кертартпа дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейді. Көркем филос. толғауы басым роман қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы ретінде танылды.

 

 

Автор
Дата добавления 25.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров2006
Номер материала 457558
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 месяц назад
как скачать

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх