Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / АБОРТТЫҢ ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚОҒАМЫМЫЗҒА КЕЛТІРЕР ЗАРДАБЫ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

АБОРТТЫҢ ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚОҒАМЫМЫЗҒА КЕЛТІРЕР ЗАРДАБЫ

библиотека
материалов

АБОРТТЫҢ ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚОҒАМЫМЫЗҒА

КЕЛТІРЕР ЗАРДАБЫ

Аборт немесе түсік, деп жүктіліктің 28 аптаға жетпей үзілуін айтады. «Аборт» деген сөз латын тілінде «түсік» деген мағынаны білдіреді. Сол себептен екі сөздің де мағынасы бір синоним сөздер, бір ғана ұқсас процесті білдіретін атаулар.

Аборт өздігінен болатын және жасанды, қолдан жасалатын аборт болады. Дені сау әйелдерде түсік кездеспейді. Ауру әйел ғана бала тастайды немесе іштегі перзент кінәратты жағдайда ғана түсік болады. Сондай-ақ жыныс аппараттары жетілмеген немесе ішкі жыныс органдары қабынған келіншектер ғана түсік тастайды.

Өздігінен болатын абортқа әртүрлі инфекциялық аурулар әсер етеді. Дегенмен, бұл ауруларға ұшырағанда да жақсылықтан үміт үзуге болмайды, дер кезінде дәрігерге қаралып, дұрыс емделсе, жүктілік үзілмейді, келіншек баласын аман-есен босанады.

Жүрек ақауларына ұшыраса, әйелдің кіші жамбасындағы ағзаларына қан қатты ұйыса және жүкті келіншектің қанында көмір қышқыл газы көп жиналса ғана бала түсуі мүмкін.

Бүйректің, бауырдың, ұйқы бездерінің кейбір аурулары да аборт тастауға соқтырады. Қорғасыннан, сынаптан, көмір қышқылынан жедел және созылмалы улану, ана мен іштегі перзент қанының резус-сәйкессіздігі, әйел жыныс ағзаларының кейбір аурулары, жатырдағы қатерсіз ісік түйіндері, жатырдың дұрыс орналаспауы, жатыр мойнының қатты жыртылуы, жатыр мойнының жетілмей қалуы, ұрықтың механикалық жарақат алуы, оның дамуындағы ақаулар, жатыр қабырғасына тым төмен бекуі өте қауіпті әрі түсік тастатады.

Сонымен түсіктің себептері көп екен. Қазіргі кездегі зерттеу тәсілдері түсік тастаудың шын себептерін анықтауға, сөйтіп жүктілікті сақтау үшін аса жаңа емдеу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Түсік тастаудың бес сатысы бар.

Бірінші сатысында - түсік тастау қаупі төнеді. Бұл кезеңде жүкті әйел белінің сыздап, сырқырап ауыратынын айтып шағынады, ішінің асты толғақ ұстаған кездегідей ауық-ауық мазалайды. Қынабынан май тәрізді жұғатын қанды сұйық бөлінеді, кейде ұрық жұмыртқасынан түйіршіктер бөлініп шығады. Егер дер кезінде тиісті ем қолданып, ереже сақтаса, бұл сатыда жүктілікті сақтап қалуға болады.

Екінші сатысы- түсіктің басталуы. Бұл кезеңде іштің төменгі жағы толғақ ұстаған кездегідей ауырып, қынаптан қанды сұйықтық күшейеді. Сөйтіп түсік тастау қаупінің төмендегідей белгілері анағұрлым айқын білінеді. Жатырдың тонусы артады, толғақ ұстаған кезде ол тіпті тығыздала түседі. Мұндайда тұқым жұмыртқасының аздаған түйірі бөлінсе ғана жүктілікті сақтап қалуға болады. Ол үшін дәрі-дәрмектік емдер дұрыс нәтижесін береді.

Үшінші сатысы- түсіктің жүзеге аса бастауы. Бұл кезеңде тұқым жұмыртқасы жатыр қабырғасынан одан әрі ажырай береді, толғақ жанға қатты батады, қанның кетуі күшейіп, қауіпті дәрежеге жетеді. Қан көп кетуі салдарынан ауру әйелдің жағдайы күрт нашарлайды, терісі, көзге көрінетін шырышты қабаттары қатты бозарады, тамыр соғысы жиілеп, әрең білінеді, артериялық қан қысымы төмендейді. Мұндай жағдайға душар болған әйелге жедел көмек көрсетілуі тиіс.

Төртінші сатысы- жартылай түсік. Жүктіліктің ең бастапқы кезеңінде әйел түсік тастайтындай болса, жатырдан ұрық жұмыртқасының тек аз бөлігі ғана шығуы мүмкін. Сондықтан оның қалған бөлігі жатыр етінің жақсы жиырылуына мүмкіндік бермейді, қан кету және іштің астыңғы жағының толғақ ұстағандай қатты ауруы қоймайды. Түсіктің бұл сатысындағы әйелді дереу ауруханаға жатқызбаса, әлсіреп өліп кетуі мүмкін. Ал, аман қалса ұрық жұмыртқасының жатырда қалып қойған бөлігін алып тастағаннан кейін ғана қанның кетуі қояды.

Бесінші сатысы – түсікті түгелдей тастау. Бұл кезеңде ұрық жұмыртқасы жатырдан толық шығады. Толық түсік жүктіліктің соңғы кезеңінде жүзеге асады. Сөйтіп, бұл кездегі түсік әйел босанған кездегідей өтеді.

Өздігінен болатын түсіктің алғашқы белгілері – ауыру. Етеккірі тоқтағаннан кейін қынаптан қан кетсе, әйел дереу дәрігерге көрінуі тиіс. Егер ұрық жұмыртқасы үйде түссе, оның барлық бөлшектерін бөлінген қанмен бірге бір жапырақ шүберек-целлофанға орап, гистологиялық зерттеу жүргізетін ауруханаға жеткізу қажет. Бұл – диагноз қою үшін өте қажет.

Жүктілік мерзімі 12 аптадан асқан соң іштегі ұрық (плод) пен жатыр үлкейіп кетеді де, қолдан аборт жасату әйел өміріне қатер төндіреді. Егер денсаулыққа жүктілік шын қауіп төндірсе, лажсыздан іштегі баласын 12 аптадан соң да алдыруға рұқсат етіледі.

Екіқабат әйелдің жүрегі қоймай ауырса, қан тамырлары сырқаттан қатты зақымданса, қан қысымы ұзақ уақыт төмендемей тұрып алса, бүйрегі қабынса және оның қызметі бұзылып, басқа бір кінәратқа ұшыраса, өкпесі мен басқа ағзалары туберкулезге шалдықса, ішкі секреция бездері зақымданса, қатерлі ісік білінсе, қан ауруына шалдықса, кейбір нерв және психикалық кеселдерге (қояншық, шизофрения) тап болса, көзі қайсыбір зақымға ұшыраса, керең, мылқау т.б. болса онда бойға біткен перзентті алдыруға тура келеді.

Әрине, жас келіншек бойға біткен баласын қандай қиын жағдайда алдырып тастау қажет екенін білмейді. Сол себепті әйел аяғы ауырлаған кезден бастап дәрігерге көрініп, үнемі соның бақылауында болуы қажет. Жалпы жағдайға тек дәрігер ғана дұрыс баға беріп, жүктілікті үзу-үзбеу мәселесін сол өзі шешеді.

Әйел денсаулығына байланысты баласын алдырғысы келгеннің өзінде әбден жазылғанша түсік жасатуға болмайтын бірқатар сырқаттар бар. Ондай аурулардың қатарына әйел жыныс сферасының, қуықтың, жедел қабынулары, жыныс ағзаларынан шыққан шиқан, сыздауық, ірің жаралар, жедел инфекциялық аурулар жатады.

Дәрігерлік түсік жасатуға ең қолайлы кезең жүктіліктің 1-7 аптасы. Бұл кезде ұрық жұмыртқасы жатырдың қабырғасына онша мықты беки қоймайды, жатыр жақсы жиырылады, сөйтіп қан аз кетеді. Аборт жасату өте мәжбүр болғанда ғана жүзеге асырылатын шара, сондықтан ол кез келген асқынудан сақтай алатын емдеу мекемелерінде ғана жүзеге асырылуы тиіс.

Аборт жасатқан әйел белгілі санитарлық –гигиеналық шараларды жүзеге асыруы қажет. Ол шаралар: ауруханадан немесе перзентханадан шыққан соң 3-4 күн бойына жартылай төсек ережесін сақтап, екі апта ауыр дене еңбегімен (үй жынау, кір жуу, еден сүрту, ауыр жүк көтеру және т.б.) айналыспауы тиіс; балалар сабынын пайдаланып, дәрет алған соң қайнаған жылы сумен күніне екі рет жууынуы керек; қынаптың ішін сумен шаюға (спринцовка) болмайды, оны тек дәрігердің белгілеуімен ғана жүзеге асырады; әйел жыныстық қатынасқа аборт жасатқан соң бір айдан кейін ғана түсе алады; жыныс мүшесінен ұйыған қан немесе тканьдердің бөлшектері түскен жағдайда, іштің төменгі жағы толғақ ұстаған кездегідей ауырса, иісі нашар ақ етеккір келсе, дәрігер гинекологқа көрінген жөн.

Әйел аборт жасатқан соң 5-7 күн бойына қан аралас сұйық бөлінетінін , одан кейін де сарғыш түстеніп, екі апта келетінін ұмытпаңыз. Аборт жасатқан соң алғашқы етеккір бір айдан кейін келеді; әйел аборт жасатқаннан кейін бір жылға дейін әйелдер консультациясының бақылауында болуы тиіс, өйткені осы кезең ішіде әртүрлі асқынулар бой көрсетеді, сол себептен оларды уақытында анықтап, емдеу керек.

Жасырын заңсыз жасалатын түсікті медицинада криминал аборт деп атайды. Оны әйелдің өзі немесе емдеу мекемесінде жұмыс істемейтін маман емес адамдар жасайды. Сондықтан әйел денсаулығымен өмірі үшін өте қауіпті болады. Осы заңсыз криминал аборттан кейін ауыр асқынулар болады. Қынаптың, жатырдың және жамбас қуысындағы басқа да маңызды ағзалардың жарақат алуы, сондай-ақ жыныс ағзаларына инфекцияның түсуі – көп жағдайда әйел жыныс сферасын, жамбас көк етін қабындырады, кейде ауру әйелдің қанын қағындырып (сепсиске ұшыратып), өзін өлімге душар етеді. Әдетте, медицинадан хабары жоқ адамдар жасырын абортты, жасатуға, баланы алуға спицаларды, сым темірлерді, зонттарды, ұштары қатты спринцовкаларды пайдаланатындықтан асқынулар күшейеді, ол аз болғандай қылмысты түсік жасаушылар құрал-саймандарын зарарсыздандыруды да білмейді. Жатырға химиялық заттар, сабын және сода ерітінділерін жіберіп жасайтын аборттар да қауіпті, өйткені бұл заттардың әсерінен жатырдың былжыр қабаты жансызданады, ал, кейде әйелдің өзі де өліп кетеді.

Негізінде түсікті «күшпен бұзғылау» – деп түсінуге де болады. Жүкті әйелдің құрсағында пайда болған, өмірге ұмтылған нәресте күтпеген жағдайда үзіліп қалады. Бұл жағдай белгісіз, ізсіз, еш әсерсіз жоғалып кетпейді. Түсік жасаған әйелдің етеккір кезеңі өзгереді, жатырдан қан аққыш болып, ақуыз бөлініп және ауыртатын сезім пайда болуы мүмкін. Жүйке жүйесінде өзгерістер пайда болуы мүмкін, себебі жүктілікке әйелдің дене-мүшесінің барлық құбылысы дайындалған кезде барлығын бірден тоқтатып тастаған сәтте, күтпеген жағдай жүйкеге қатты әсер береді.

Түсіктен кейін, мейлі ол медициналық мекемеде барлық жағдайларды сақтау арқылы жасалса да, одан кейінгі асқынуларды жойып жібере алмайды, сонымен қатар жатырдың қабынуымен қатар жатыр түтікшесінің өткізу қабылеті тоқтап қалуы да мүмкін.

Түсік, жатыр және шат мүшелерінің қабынуларынан басқа да, операциядан кейін (келесі жүктіліктерде) өздігінен түсік болып қала беруінің, жатырға ұрықтың жұмыртқасының жабысуының дұрыс болмауының, жүктілік кезінде қан ағуының, баланың уақытына жетпей түсіп қалуының, жүктілік уақытының өте ауыр жағдаймен өтуінің де себеп болуы мүмкін.

Контрацептикалық әдістер мен дәрілер туралы түсінігі аз әйелдердің күтпеген жүктілікке душар болғаны үшін де жасанды түсікке баруына себеп болады.

Дәрігер мамандар Қазақстанда жасанды түсік жасатушылар саны қайта өскенін айтып отыр. Олар мұны қоғамда жоспарсыз жүктіліктің алдын алу жайлы ақпараттың аздығымен байланыстырады.

Статистикалық дерек бойынша, Қазақстанда жылына 125-127 мың түсік жасалынады. Бұл бұдан он жыл бұрынғы есептен төмен болғанымен, Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің бас акушер-гинекологы Надежда Кобзарь кейінгі жылдары олардың саны өскенін айтады:

- Алматы қаласында отбасыны жоспарлау Бағдарламасының алғашқы бұйрығына 1993 жылы қол қойылды. Ол кезде түсіктер саны тым көп болатын. Бір Алматының өзінде жылына 40 мың түсік жасалынды. Бұл бағдарламаның енуі жағдайды біршама жақсартқанымен, өкінішке қарай, соңғы жылдары жасанды түсік саны қайта көбейіп барады. Дерек бойынша, қазіргі уақытта Алматыда жыл сайын 20-22 мың түсік жасалынады. Бұл дегеніңіз, бізде әрбір үшінші жүктілік тоқтатылады деген сөз.

Дәрігерлер қазіргі таңда жоспарсыз жүктілік салдарынан түсік жасатқысы келетін әйелдердің ауруханаға кеш баратынына алаңдайды. Себебі, операция неғұрлым кеш жасалған сайын, соғұрлым зардабы көп болатынын ескереді.

Ал, Қазақстанда 28 апта болған жағдайда да жасала беретін көрінеді. Сондай-ақ, дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда түсік жасатудың технологиясы дамығандықтан көптеген әйелдер үшін ол жоспарсыз жүктіліктен құтылудың жалғыз жолы болып отыр. Егер әйелдер жүкті болмаудың алдын алатын контрацептивтік құралдар жайлы білетін болса, онда түсіктер саны да кемитін еді,- дейді мамандар.

- Біздің қолымызда гуманитарлық болсын, бәрібір көп көлемде контрацептивтік құралдар болған кезде түсік азайды. Ал қазір гуманитарлық көмек ретінде берілген контрацептивтік құралдар айтарлықтай көп емес. Денсаулық сақтау департаментінде жыл сайын оған 15 млн теңге бөлінеді. Бұл, әрине, жеткіліксіз. Оларды әлеуметтік жағдайы нашар әйелдерге, жастарға таратамыз. 15-18 жас аралығындағы қыздар арасында түсіктер санының көрсеткіші бұрындары жылына 400-500 болса, қазір 100-150-ге дейін азайды, - дейді дәрігер Надежда Кобзарь.

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша жастарға дәрігерлік кеңестер беретін орталықтар ашылып жатыр. Онда кез келген жас арнайы тіркелмей-ақ кеңес алуға болады.

«USAID ЗдравПлюс» жобасының маманы Галина Гребенникованың айтуынша, жасанды түсік жасайтын әйел өз өмірін тәуекелге тігеді.

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 80 млн-ға жуық әйел жоспарсыз жүкті болады. Олардың жартысынан көбі жүктілігін жасанды жолмен тоқтатады. Солардың 19 пайызы медициналық жағдайдан тыс жолдарға барып, өз өмірін қауіпке тігеді. Салдарынан жыл сайын 68 мың әйел содан көз жұмады. Бұлардың барлығы қоғамда жоспарсыз жүктіліктің алдын алу туралы ақпараттың жеткіліксіздігінен болып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жасанды түсік жасатушылардың жас ерекшелігі 14-50 жас аралығында.

Егер әйелдер абортты жасау оп-оңай, қауіпсіз әрі зиянсыз деп ойлайтын болса, мүлде қателеседі. Қолдан күштеп жасалатын түсіктің әйел организмі үшін қауіпті екені даусыз. Себебі, жүктілікке байланысты әйел организімінде көптеген өзгерістер болады, олар барлық ағзалар мен жүйелерге де қатысады. Физиологиялық функциялардың бәрі жанданады, сөйтіп перзенттің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Аборт осы физиологиялық процестерге қиянат жасайтындықтан алдағы уақытта болуы ықтимал асқынуларға алғы шарт туғызады. Асқыну операциядан кейін дереу пайда болмайды. Кейде олар біраз уақыт өткеннен кейін етек алып, тән мен психикалық аурулар түрінде білінеді.

Қолдан жасалатын аборт көзбен көрмей, «сипалап» жүріп істелетіндіктен күрделі операциялар қатарына жатады. Тіпті тәжірибелі деген дәрігерлердің өздері де бұл операцияға жүрексініп барады.

Техникалық жағынан алғанда аборт өзге операцияларға ұқсамайды және ол бірнеше бөліктен тұрады. Дәрігер жатырды темір аспаппен шұқылап жүріп, оны тесіп алуы да мүмкін. Ол, аз болса, аспап ішектерді, қуықты ірі қан тамырларын жарып жіберсе әйел өміріне қатер төнеді. Жүктілік мерзімі 12 аптаға жетіп, одан асқан кезде жасалған аборт жатырға қауіпті, әрі тесіліп кетеді, өйткені бұл уақытта жатырға қан өте көп келеді, қабырғалары қатты созылады, әрі жіңішкереді. Алайда, емдеу мекемесінде тесілген жатыр өмірге қауіпсіз өйткені бұл арада әйелге дереу білікті көмек көрсетіледі, ал жатыр қылмысты түсік жасатқан кезде тесілсе, дұрыс, әрі білікті көмек көрсетуге мүмкіндік болмағандықтан әйел өліп кетеді.

Аборт жасап жатқан кезде тоқтаусыз қан кету де болады. Әсіресе, ірі қан тамырлары жарылса қан қатты кетеді. Аборттан кейін әйелдің жыныс сферасы қабынып ауруы да мүмкін. Жыныс ағзалары жедел қабынса, іштің астыңғы жағы ауырады, әйелдің температурасы көтеріледі, қалтырап тоңады.

Аборттың ең ауыр зардаптарының бірі – баланың жатыр сыртына бітуі. Бала жатыр сыртына біткен жағдайда ұрық жұмыртқасы жатыр түтігінде, аналық безде немесе құрсақ қуысында дамиды. Мұндай да әйел мен еркектің жыныс клеткалары жатыр қуысынан тыс жерде қосылады. Қалыпты жағдайда ұрықтанған жұмыртқа клеткасы 7-8 күн бойына жатыр түтігі арқылы еркін қозғалып, жатыр қуысына келеді де, сол араға бекиді, ары қарай өсіп дами береді. Жұмыртқа клеткасын жатыр қуысына түтігі жиырыла-жиырыла «итеріп» жеткізеді.

Ал, жатыр түтігі қабынып, ауырса, онда оның жұмыртқа клеткасы жүретін өзегі жарылады, бірақ толық бітелмейді. Сөйтіп ұрықтанған жұмыртқа клеткасы жатырдың ішіне қарай жылжып өте алмай қалады, баланың жатыр сыртына бітуіне жағдай жасалады, ұрық клеткасы жатыр түтігіне бекиді, осыдан түтік жүктілігі деген пайда болады. Жұмыртқа клеткасы аналық безге немесе құрсақ қуысына бекитін жатыр сыртындағы жүктіліктерде болады, бірақ олар сирек кездеседі.

Түтікке бекіген жұмыртқа клеткасы жатырға біткен перзенттей өсіп, дамиды, жетіле келе ол түтіктің қабырғаларын керіп соғады, ал, жүктіліктің мерзімі 2-3 айға жеткенде өскен ұрық оны жыртып, жарып жібереді. Кейбір жағдайда түтіктің жиырыла беруінен ұрық жұмыртқасы жылжып, құрсақ қуысына барады, сөйтіп, құрсақ жүктілігі пайда болады. Баланың бұлай жатыр сыртына бітуінің қай түрі болса да жақсы емес, құрсақ қуысына қан кетеді, сондықтан әйелге дереу операция жасауға тура келеді.

Бала жатыр астына біткеннің өзінде әйел организімінде перзент қалыпты, жатыр ішіне біткен кездегідей өзгерістер болады-етеккірдің келуі тоқтайды, сүт бездері қатаяды, жүрек айниды, құсады, кейде жүктіліктің ерте білінетін токсикозына (организмнің жалпы улануы) ұшырайды.

Етеккір келуінің бұзылуы, қынаптан қара май тәрізді аралас қоймалжың заттың ағуы, іштің төменгі жағының толғақ ұстаған кездегідей ауруы – жатыр сырты жүктілігінің бастапқы белгілері екенін әрбір әйел білуге тиіс. Олай болса әйелдің міндетті түрде ауруханаға жатуы қажет. Бірақ бала жатыр сыртына заңсыз аборт жасатқаннан кейін бітетінін ұмытпаған жөн. Ал жасырын түсік жасатқан кезде жатырға йод, мүсәтір спирті, сабын езілген су, этиль спирті сияқты күйдіргіш заттар құйып пайдалану өте қауіпті. Өйткені бұлардан кейін жатырдың ішкі қабаты мен оның түтіктерінде қабыну процестері күшейеді, былжыр қабаты – эпителий өледі, олардың қыртыстары бір-біріне жабысып қалады, сөйтіп түтіктің өзегі тарылады, ұрық клеткасы жатырдың ішіне қарай қозғала алмай қалады.

Аборттың осы айтылғандардан басқа да зияны, атап айтқанда, әйелдің келесі жүктілігіне және толғағына тигізер залалы бар. Әйел абортты неғұрлым көп жасатса, оның келесі екіқабаттыққа тигізер залалы да соғұрлым арта түседі. Келіншек бойына біткен перзентін еріксіз тастай береді немесе нәрестесін үнемі шала туатын болады.

Бұрын аборт жасатқан әйелдердің екіқабат болып босанғылары келсе, толғақтарының бірінші және екінші әлсіздігі дейтіндер пайда болады. Соның салдарынан толғақтың ұстау мерзімі артады, әйел босана алмай ұзақ уақыт қиналады. Қағанақта мерзімінен бұрын немесе уақыт жетпей жарылып кетеді. Ал «сусыз кезең» яғни қағанақсыз босану бала туғаннан кейінгі аурулар санын арттырады. Аборт жасатқан әйелдер босанған соң бала жолдасы көпке дейін түспей азапқа салады да, әйелдерді ауруға шалдықтырады.

Бала жолдасының немесе орнының төмен орналасуы да бұрын жасалған аборттың салдары деп түсініңіз. Бұл да қауіпті. Өйткені баласының орны төмен деген әйелдер ол екіқабат және толғатқан кезінде қан өте көп кетеді. Мұндай әйелдердің жатырларының тонусы (күш-қуат) нашарлайды және олар қанды көп жоғалтады.

Аборт әсіресе тұмса (тұңғыш рет бала көтерген) әйелдер үшін зиян. Олардың нервтері мен психикаларын бұзады, ұнжырғаларын түсіріп, ұйқысын қашырады. Мезі қылатын ойлар мазаларын кетіріп, еңбекке жарамсыз етеді. Олар қайтадан екіқабат болғанда ғана ауруларынан жазылады.

Сондықтан да аборт тек денеде ғана емес, сондай-ақ ананың жан дүниесінде де өшпес із қалдырады. Аборт жасатқан әйелді өз-өзіне қол жұмсауға дейін апаратын ауыр ойлар мазалайды. Аборттың психологиялық зардаптары келесідегідей атқа ие болды - «Аборттан кейінгі синдром»...

Біздің елімізде аборт жасатудың жасөспірім қыздар есебінен өсуі алаңдатпай қоймайды. Қыз – келіншектер арасындағы жайлар да бұдан жеңіл емес. Көптеген жағдайда жас жұбайлар отбасының материалдық жетіспеушілігінен, тұрған үйілерінің тапшылығынан бала сүюден бас тартады. Салт-сананы көп жағдайда экономика, әлеуметтік тұрмыс қалыптастырады.

Еліміз тарапынан жылдан-жылға ана мен балаға қамқорлық жасалып, әрбір сәби туылғанда берілетін жәрдемақылар көлемі артып келе жатқан тұста бұл бәріміз үшін де өте ойланарлық жай. Дәрігерлердің пікіріне сүйенсек, жас ана үшін алғашқы сәбиді дүниеге әкелер мерзім 19 бен 24 жас аралығы көрінеді. Сондай-ақ біздің қаракөз қыздарымыздың әлі де болса, балалы болудан сақтану жолдарын білмейтіндігі де сезіледі. Ол жайлы баспасөз беттерінде аз жазылып жатқан жоқ. Осы мәселе жөніндегі сауатсыздық салдарынан бойжеткендеріміз кездейсоқ жүкті болып қалғандықтарын білмей де қалады. Жалпы, аборт жасатуды дініміз Ислам да қолдамайды. Ол – қылмыс болып саналады. Бұл – жарық дүниеге келер болашақ сәбиді тірідей өлтіру деген сөз. Сондықтан, Қазақстан әйелдерін бүгінгі көтеріп отырған тақырып қатты толғандыруға тиіс.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров2333
Номер материала ДВ-109030
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх