Инфоурок ОБЖ КонспектыАӘД пәні тақырыбы: Қол гранаттары.

АӘД пәні тақырыбы: Қол гранаттары.

Скачать материал

1.      Сабақтың тақырыбы: Қол гранаттары. РГД-5, РГН ,РГО,Ф-1 жарықшақты қол гранаты.

 

2.      Сабақтың мақсаты: Оқушыларды  қол гранатасымен таныстыру.

 

3. Уақыты: 45 минут.

 

4.      Өткізілетін орны:  10 сынып, АӘД бөлмесі.

 

5.      Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

 

6.      Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

 

       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

-           автоматты (пулеметті) тазалау қандай мақсатта, қай уақытта және қандай майлармен  жүргізіледі?

-           автоматты (пулеметті) тазалау және майлау реті қандай?

-           бөлімшелердің кзармада және далада орналасуы кезінде автоматты (пулеметті) сақтау жағдайлары туралы айтыңдар.

-           автоматтан (пулеметтен) ату кезінде қандай ақаулықтар болады және оларды ұандай жолдармен жоюға болады?

 

     б) Негізгі бөлім – 25 минут.  

Қол гранаттары. РГД-5 , РГН ,РГО,Ф-1 жарықшақты қол гранаты.

 

     в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

-           жарықшақты қол гранаттары неге арналған?

-           ҚР ҚК-де және қарулануында қол гранаттарының қандай түрлері бар?

-           РГД-5 жарықшақты қол гранатының ұрыстық қасиеттерін атап беріңдер.

 

 1. Қол гранаттары. РГД-5 , РГН ,РГО,Ф-1 қол гранаты.

 Жарықшақты қол гранаттар жақын ұрыстағы қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.

Қазақстан армиясының қарулануында:

-           РГД-5 қол гранаты;

-           РГН және РГО-қол гранаты;

-           Ф-1 қол гранаты бар.

-           Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы, Ф-1 және РГО - қорғаныстағы гранаттарға жатады.

Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті.

РГД-5 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол  шабуылда және қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.

Гранат жарықшақтарының радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы – 40-50м. Жабдықталған массасы – 310г. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2с.

Гранаттың құрылысы.

РГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы жарылатын зарядтан тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғары және төменгі) бөліктен тұрады.

Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшін қолданылады.

Корпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.

Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.

Гранат тұтандырғышы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.

Соққы механизмі тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен, жалғастырушы тығыннан, бағыттаушы шайбадан, ұрыстық серіппеден, соққыштан, соққыш шайбасынан, ағытқыш иінтірек пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады. Соққы механизм түтігі тұтандырғыштың барлық бөлшектерін жинауда негіз болып табылады. Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған. Ол соққы механизм тетігінің төменгі жағына кигізілген.

Бағыттаушы шайба ұрыстық серіппенің жоғарғы ұшына арналған тіреу болып табылады және ол соққы жылжуын бағыттайды.

Ол соққы механизм түтігінің жоғарғы бөлігінде бекітілген.

Ұрыстық серіппе капсюль-оталғышқа қыстыруға қажетті энергияны соққышқа хабарлау үшін арналған. Ол соққышқа кигізілген және өзінің жоғарғы ұшымен бағыттаушы шайбаға, ал төменгі ұшымен соққыш шайбасына тіреледі.

Соққыш капсюль-оталғышты тұтандырып, қыстыруға арналған. Соққыш шайбасы соққыштың төменгі ұшына кигізіледі де, ұрыстық серіппенің төменгі ұшына тіреу болып табылады.

Ағытқыш иінтірек соққышты қайрылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтігінде ағытқыш иінтірек сақтандыратын мұрындықпен ұстап тұрылады. Сақтандырылатын мұрындық ағытқыш иінтіректің құлақша саңылауынан және соққы механизм түтігінің қабырғаларынан өтеді. Онда оны жұлып алатын сақина болады.

Өздігінен тұтандырғыш гранаттағы зарядтың жарылуына арналған. Ол баяулатқыш тығынынан, капсюль-оталғыштан, баяулатқыштан және капсюль-детонатордан тұрады.

Баяулатқыш тығынының жоғарғы жағында соққы механизм түтігімен жалғастыратын ойма және капсюль-оталғышқа арналған ұя, ішінде – баяулатқыш орнатылған арна, сыртында - капсюль-детонатор оқсауытын жалғастыруға арналған тесік бар.

Капсюль-оталғыш баяулатқышты тұтандыруға арналған.

Баяулатқыш капсюль-оталғыштан капсюль-детонаторға от сәулесін береді. Ол престелген газы аз құрамнан тұрады.

Капсюль-детонатор гранаттағы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол оқ баяулатқыш тығынының төменгі бөлігі бекітілген сауытта орналастырылған.

Тұтандырғыштар әрқашан ұрыстық жағдайда болады. Тұтандырғыштарды бөлшектеп, соққы механизмі жұмысын тексеруге қатаң тиым салынады.

Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері

 мен механизмдерінің жұмысы.

Гранатты лақтыру алдында оны – сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек. Тұтандырғыш соққы механизм бөлшектері мынадай жағдайда орналасады: соққыш қайырылып, соққы механизм түтігі сақтандыратын мұрындықпен жалғасқан ағытқыш иінтірек айырымен жоғарғы жағдайда ұсталынып тұрады. Сақтандырылатын мұрындық ұшы бөлінген және тұтандырғышты мықты ұстап тұрады.

Гранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға алу керек.

Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылады, бірақ саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұсталынып тұрады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстық серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтандырады. От жалыны  капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль-детонаторға беріледі.

Капсюль-детонатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан-жаққа шашырайды.

 

                                                                                         

РГН жәнеРГО жарықшақты қол гранаттарының құрылысы, ұрыстық қасиеті мен арналуы.

 Гранаттардың ұрыстық қасиеті мен арналуы.

РГН шабуылдағы қол гранаты мен РГО қорғаныстағы қол гранаттры жергілікті жердің түрлі жағдай мен жылдың кез келген мезгілінде қарсыластың тірі күшін жоюға арналған.

Гранаттардың құрылысы.

РГН және РГО қол гранаттары тұтандырғышсыз және тұтандырғышы бар гранаттардан тұрады.

РГН және РГО қол гранаттарының корпусы жарылғыш қоспа, тұтандырғыш құты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған.

РГН қол гранаттарының корпусы алюминий қоспадан жасалынған, екі шардан тұрады.

РГО қол гранаттарының корпусында сыртқы жарты шарлардан басқа екі ішкі жарты шарлар да болады. Барлық төрт жарты шарлар құрыш болаттан жасалынған.

Шабуылдағы гранаттың төменгі жарты шарына қарағанда қорғаныстағы гранаттың төменгі жарты шарында гранаттарды тез айыруға арналған сыртқы жағында кертігі болады.

Корпустардың үстіңгі жағында манжет көмегімен оған тұтандырғышты бұрап кіргізу және жарылғыш қоспаны тұмшалауды қамтамасыз ету үшін кертігі бар стақан пісіріліп бекітілген.

Корпустардың төменгі жарты шарларының жарылғыш қоспасындағы тереңдік түбіне детонаторлық құты қойылған, ол детонацияны тұтандырғыштан жарылғыш қоспаға беруге арналған.

Құты орнынан жылжып кетпеуі үшін төсеніш қойылады.

Тұтандырғыш жарылғыш гранат бөгеуге сығылған кезінде қоспаны жару үшін арналған.

Соққыш әрекетте тоқтап қалған жағдайда тұтандырғыш 3,2 – 4,2секундтан кейін арақашықтық құрылғыдан іске қосылады.

Тұтандырғыш құрылысы.

Тұтандырғыш төмендегідей бөліктерден тұрады:

-           сақтандырғыш-түйрегіш механизмінен;

-           нысана бергішінен;

-           қашықтық құрылғысынан;

-           қашықтықтан шүріппені қайыру механизмінен;

-           детонатор торабынан.

Гранат лақтырылған соң капсюль-тұтандырғыш түйреуіші тұтандырғыштың жұмыс істеуі кезінде қаупсіздігін қамтамасыз етуші сақтандырғыш-түйрегіш: шанышқыдан, механизм-соққыштан, сақиналы шплинттен,серіппеден, иінтіректен, бітеуіштен, тақтайшадан және капсюльден тұрады.

Бөгеттерге гранаттардың соғылуы кезінде тұтандырғыштың жұмыс істеуін қамтамасыз етуші нысана бергіші: оқсауыттан, шанышқыдан, серіппе мен тығыннан тұрады.

Гранатты лақтыру сәтінен бастап 3,2-4,2 секундтан соң детонатордың жұмыс істеуін қамтамасыз етуші қашықтық құрылғысы: құрамды тығыннан және капсюль детонатордан тұрады.

Гранатты лақтыру сәтінен бастап 1-1,8 секундтан соң тұтандырғыш шаппасын қайыру мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қашықтықтан шүріппені қайыру механизмі: құрамды тығыннан, бұрандалардан, қощғаушыдан, капсюльден және серіппеден тұрады.

Детонатор торабы стақанға бекітілген тығын мен капсюль-детонатордан тұрады. Аталған барлық тораптар мен механизмдер корпуста жинақталған.

Тұтандырғыш әрекеті.

Соққыш жұмыс істеу кезінде иінтіректен жылжып кетпеуі үшін соққыш ұштары ажыратылып, шплинт арқылы корпуста бекітілген иінтірекке ұсталынып тұрады. Қозғалтқыш шанышқыға қатысты жылжытылған және орнын аустырмауы үшін тоқтатқыш арқылы ұсталынған. Жүк корпусқа оқсауытпен қысылған, оның орнын ауыстыруы қозғалтқышпен шектелген.

Лақтыру алдында гранаттар түзетіледі және шплинт суырылып алынады, бұл кезде иінтірек бастапқы жағдайда қолмен ұсталынып тұрады.

Ұшу кезінде иінтірек серіппе әсерінен лақтырылады да, шанышқысы бар соққышты босатады, ол серіппе әсерінен капсюльге түйреледі. От сәулесі капсюльден гранат құрамын жандырады.

Құрамдары жанып болған соң (1-1,8тен кейін) тоқтатқыш жылжып, серіппе әсерінен қайрылатын қозғалтқышты босатады.

Бөгеумен кездесу кезінде пайда болатын артық салмақтан жүк жылжйды да, оқсауытты қозғайды, соның нәтижесінде, шанышқы капсюльді түйрейді. От сәулесі капсюльден капсюль-тұтандырғыштың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

Бөгеумен кездесу кезінде, нысана бергіші жұмыс істемей қалған жағдайда капсюль-тұтандырғыш құрамдар жанып болған соң (3,2-4,2с-тен кейін) іске қосылып кеткен капсюль-тұтандырғыш импульсі арқылы іске асырылады.

 

 

 

 

Ф -1 жарықшақты қол гранатасының құрылысы, ұрыстық қасиеті мен арналуы.

 

Гранаттың ұрыстық қасиеті мен арналуы.

Ф-1 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбінесе қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы – 200м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы – 35-45м. Жарақталған гранат массасы–600г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты – 3,2-4,2 с.

Гранаттың құрылысы.

Ф-1 жарықшақты қол гранаты корпустан, жарылғыш зарядтан, тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы жарылғыш заряд пен тұтандырғышты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған. Гранат корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, әдетте, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді. Корпустың жоғары бөлігінде тұтандырғышты бұрап енгізуге арналған бұрандалы ойық бар. Сақтағанда, тасығанда және алып жүргенде оған пластмасса тығын бұралады. Ф-1 гранатаның арналу мақсаты мен құрылысы   РГД-5 гранаты сияқты.

Гранаттарды қолдану, күту және сақтау.

Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізледі. Жәшікке-гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.

Жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған сөмкеде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралуы тиіс.

Гранаттар мен тұтандырғыштарды сөмкеге салар алдында және жарақтау алдында корпустарында майысулар мен тоттардың жоқтығын қарап алу керек. алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек.

Гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға рұқсат етіледі.

 Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезіндегі  қауіпсіздік шаралары.

1)      үйренуші болат дулыға киюі қажет;

2)      гранаттар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тесеру керек; ақаулар табылған жағдайда – командирге баяндау қажет;

3)      қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицер жетекшілігімен жарықшақтар тесіп өтпейтіндей тасалардан немесе оқпаналардан жүргізіледі;

4)      бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде әр кезекті гранатты алдыңғы гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек;

5)      егер гранат лақтырылмаған болса (сақтандырғыш мұрындығы жұлынбаған), онда оны командирдің тікелей бақылауымен және пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады.

6)      жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың түскен орындарын қызыл жалаумен белгілеу керек; лақтыру аяқталғаннан соң жарылмаған гранаттарды әскердегі артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау және күтіп ұстау жетекшілігінде көрсетілген ережелерге сәйкес түскен жерлерінде жару қажет; гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;

7)      қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300м жерді қоршау керек;

8)      гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге апару керек:

9)      гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды – ақ жалаулармен, атыс шебін қызыл жалаулармен белгілеу керек;

10)  гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан 25 м қашықтықта жабдықтау керек.

 

 

 

 

                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "АӘД пәні тақырыбы: Қол гранаттары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 790 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2017 2037
    • DOCX 20.8 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танбаев Жаслан Куанышкалиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танбаев Жаслан Куанышкалиевич
    Танбаев Жаслан Куанышкалиевич
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8881
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Основы безопасности жизнедеятельности")

Учитель основ безопасности жизнедеятельности

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс профессиональной переподготовки

Экология и основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель экологии и основ безопасности жизнедеятельности

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания ОБЖ в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 321 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе