Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ОБЖ / Другие методич. материалы / АӘД сабағы 10 сынып ҚР-ның нышандары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • ОБЖ

АӘД сабағы 10 сынып ҚР-ның нышандары

библиотека
материалов















hello_html_54dabb0e.gif



Байлау Журагат


Куропаткино орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы.












Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары.



Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Отанды, елді қорғаудың маңыздылығы, тәуелсіздік туралы терең ұғым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңды толықтай білуге және оны бағалай алуға үйрету.

2. Дамытушылық: Білім мен тәрбиені қатар бере отырып, оқушылардың өз беттерінше іздене білетін, пікірлерін ашық айта алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына жол ашу.

3. Тәрбиелік: Отанды, туған елі мен жерін, халқын сүюге,өз Отанының мемлекеттік нышандарын көздің қарашығындай сақтай алатын патриоттар тәрбиелеу.


Сабақтың технологиясы: өзін-өзі оқыту технологиясы, СТО стратегиясы элементтері .


Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың әдісі: Топтастыру, ой толғау, сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, пікірталас.


Пәнаралық байланыс: Тарих, Адам және қоғам, әдебиет.


Сабақтың көрнекілігі: слайд арқылы суреттер, интерактивті тақта.


Қолданылатын тех. құралдар: Интерактивтік тақта.


Сабақтың уақыты: 45 минут.


Сабақ өтілетін орын: АӘД кабинеті.


Қолданылған әдебиеттер: АӘД оқулығы 10 сынып. Авторлары: Қ .Аманжолов, А. Тасболатов, Д. Майхиев, Б. Аманжолова.2010жыл « мектеп» баспасы. АӘД журналы №1, 2010 жыл, .Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 ҚР мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңы.ҚР Конституциялық заңы.


Сабақты дайындаған . Байлау Журагат









І. Ұйымдастыру бөлімі.


Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларды бағалау. Оқушылар назарын жаңа сабаққа аудару. Интерактивті тақтаны қосқанда ҚР гимні ойналады.

ІІ. Негізгі бөлім.


Экранда қазақтың біртуар ұлы Кеңестер Одағының батыры Бауыржан Момышұлының суреті тұрады.


hello_html_17aca392.png


1 – Мәтін


Бауыржан Момышұлы Ташкент қаласынан қайту үшін вокзалға келеді.Вокзал алды жолаушыларға толы. Бауыржан аталарыңның үстінде полковник шеніндегі әскери киім болатын. Сәл жүргеннен кейін аяқ астында жатқан бір тиынды көреді. Еңкейіп жерден алады да, жеңімен әлгі тиынды сүртіп қалтасына салады. Мұны жанынан өтіп бара жатырған орыс әйелі көреді де, батыр бабаларың Бауыржанға « Өзініз қандай полковниксіз, ақшасыз адам сияқты жерден еңкейіп бір тиынды алуға арланбайсыз ба? Ұят емес пе, жұрт не ойлайды? – деп өз ренішін білдіреді. Бауыржан әлгі әйелге бұрылып қарап , тиынды ақша керек болғандықтан емес, сол тиын арқылы өзінің азаматтық борышын атқарғанын айтты. Ал әлгі орыс әйелі Бауыржан аталарыңнан қайта – қайта кешірім сұрап жөніне кетеді.

Сұрақ. Бауыржан жерден тиынды неге алды және қандай азаматтық борышын өтегені туралы айтты?

Оқушылар тапсырма алған соң топ болып, жекелей өз пікірлер мен ойларын қағазға түсіріп айтады.Оқушылар ойын толық тыңдап болған соң мәтінге қайта оралып Бауыржан аталары айтқан ңақты жауапты оқушыларға айтамын.

Жауабы: « Елтаңба ».


Оқушыларға Елтаңба туралы интерактивті тақта арқылы толық мәліметтер беріледі.

hello_html_33fdaa2f.jpg

2 – Мәтін


Ұрыс даласында жау қоршауында қалған бөлімнің, қоршаудан шығу мүмкіндігі жоқ екендігіне, толық көздері жетті. Ұрыс сәл саябырлап, айнала да тыныштық орнаған сәтте, бөлім командирі сенімді жауынгерлерін іріктеп, оларға тапсырма берді.Жауынгерлер өздеріне берілген көгілдір түсті матаны көйлектерінің ішінен орап алды. Сәлден соң олар командирімен, өз бөлімдерімен көздеріне жас ала отырып қоштасып жолға шықты. Кейін ол әскери бөлім басқа жауынгерлермен жасақталып , өз атақтарын сақтап қалды.

Сұрақ: Бөлім командирі жауынгерлерге нені тапсырды? Құрамында сол матаны алып келген жауынгерлерден басқа жасағы жоқ бөлім өз атақтарын қалай сақтап қалды?

Оқушылар тапсырма алған соң өз пікірлерімен, ойларын айтады. Барлық пікірлер тыңдалып болған соң , нақты жауабы оқушыларға жария етіледі.

Жауабы: « Мемлекеттік Ту »


hello_html_4867a071.jpg


Интерактивті тақта алқылы оқушыларға толық мәлімет беріледі.

3 – Мәтін


Ұрыс кезінде қолға түскен біздің жауынгерлерді жау офицерлері қанша қинасада, ешқандай мәлімет ала алмады. Ақыр соңында атып тастау жөнінде шешімге келді. Жар басында қатарласа тұрған жауынгерлердің жанарларынан өз Отанына деген сүйіспеншілікті аңғаруға болады. Ажал аузында тұрсада олар өлімнен қорықпай ,Отан алдында берген анттарына берік екендігін дәлелдеді. Үкім орындалар алдында жауынгерлер кеудесін кере ұстап әуелете ән шырқады. Мылтық даусы шыққанда ән әуені аспанда әлі қалықтап тұрған еді.

Сұрақ: жауынгерлер орындаған ән қандай ән ?

Оқушылар ойлары тыңдалып болған соң нақты жауабы айтылады.

Жауабы: « Гимн ».

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Данқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой !

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досыңдай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай.



Мемлекеттік Ту Елтаңба

hello_html_4867a071.jpghello_html_33fdaa2f.jpg



Мемлекеттік Гимн

Алтын күн аспаны, Ұрпаққа жол ашқан,

Алтын дән даласы. Кең байтақ жерім бар.

Ерліктің дастаны, Қ а й ы р м а с ы. Бірлігі жарасқан,

Еліме қарашы! Менің елім,менің елім, Тәуелсіз елім бар.

Ежелден ер деген, Гүлің болып егілемін, Қарсы алған уақытты,

Данқымыз шықты ғой. Жырың болып төгілемін,елім! Мәңгілік досыңдай.

Намысын бермеген, Туған жерім менің – Қазақстаным! Біздің ел бақытты,

Қазағым мықты ғой! . Біздің ел осындай.


ҚР Конституциясы 34 бап. 2 бөлім. Әркім Республикасының мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті.

ҚР Конституциясы 36 бап. 1 бөлім. ҚР қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.


ҚР мемлекеттік нышандары туралы кеңірек мәлімет беру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы ҚР 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңымен бекітілген.

Онда 1-тарау. 1-бабында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн ҚР мемлекеттік нышандары болып табылады деп атап көрсетілген.

ҚР Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн , оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1 : 2.

ҚР Мемлекеттік Туының авторы – Шәкен Ниязбеков.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ ( киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты кілемді жұлдыз, ал төменгі бөлгінде « ҚАЗАҚСТАН » деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі , сондай – ақ « ҚАЗАҚСТАН » деген жазу алтын түстес. Елтаңба авторлары : Шота-Аман Уалиханов. Жандарбек Мәлібеков.

ҚР Мемлекеттік Әнұраны – осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық – поэтикалық туынды.ҚР Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтанбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.

Ал, осы заңның 2 – тарауының 4 – бабында ҚР Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі туралы айтылған.

1. ҚР Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі және орналастырылады.ҚР Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілісінің, Үкіметтің, Министерліктің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конститутциялық Кеңестің, ҚР Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың , жергілікті өзін -өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ ҚР елшіліктерінде тұрақты сақталады.

2. Мемлекеттік Әнұран ҚР Президенті қызметке кіріскен кезде –ол ант бергеннен кейін; ҚР Парламенті сессиялкарының ашылуы және жабылуы кезінде; ҚР Ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне, сондай-ақ өзге де салтанатты «с – шараларға арналған жиналыстармен мәжілістердің салтанатты ашылуы кезінде ; телевизия және радио хабарларын таратуды жүзеге асыруға лицензиясы бар бұқаралық ақпарат құралдарының теле және радиобағдарламалары эфирге шыққан кезде тәулік сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда ойналады.

Мемлекеттік Әнұран көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар оны орнынан тұрып айтады, ( тыңдайды) , бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары өз қолын жүрек тұсына қояды.

Осы Конституциялдық заңның талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін пайдалану, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау және оның міндетін пайдалану не Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қорлау Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен жауаптылыққа әкеп соғады.

  1. Қорытынды бөлім.

Оқушылармен « Кім жылдам » ойынын ойнау.

Әрбір оқушыға Әнұран мәтінінің жолдарын кесінділер арқылы құрастыру тапсырылады. Бұл кезеңде оқушылардың еске сақтау қабілеті тексеріледі.

V Үйге тапсырма

Оқушылар білімін бағалау.

А.Ә.Д. оқулығы Тарау І. Сабақ 5. Қ.Р. « Мемлекеттік нышандары туралы заңы ».

Сабақтың аяқталғанын жариялау. Мемлекеттік Гимн ойналады. « Менің Қазақстаным ».

Сабақты аяқтау.




Сабақты дайындаған: АӘД пәні оқытушы – ұйымдастырушысы: Байлау Журагат.




Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел ОБЖ
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров165
Номер материала ДВ-566242
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх