Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Адал достық" өзін - өзі тану 4 - сынып

"Адал достық" өзін - өзі тану 4 - сынып

Скачать материал

Бекітемін: Гибатуллина Ж.С.

Пәні: Өзін өзі тану

Сыныбы: 4 а,ә,б,в

Күндері:

Мұғалім: Ержанова А.Ш.

Тақырып

Адал достық

Мақсаты

Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері

Адал достықтың мәнін түсіндіру

Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту

Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу

Негізі дереккөздер және құрал - жабдықтар

Өзін – өзі тану оқулығы, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, ғаламтор, дәптер

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері

а) ұйымдастыру 
ә) сәлемдесу
 
б) үй тапсырмасын тексеру
 
- Барлығымыз шаттық шеңберіне жиналып мына өлеңді айтамыз.
 
Күн жылынып, жаз болды, Жасырынып көдеге
 
Көлге аққу қаз қонды. Тығылмашы, бөдене.
 
Үйрек жүзіп сарыала, Жаз қызығын тойлайық,
 
Сайраңдады жағада. Кәне, бірге ойнайық.
 

Қызығушылықты ояту

-Жақсы балалар олай болса, мына сөз жұмбақты шешейік. Бос шаршыларға қандай баланы жақсы бала деп айтатынын жазамыз. 

а

қ

ы

л

Д

ы



О

й

л

ы


С

ы

п

а

й

ы


ы

н

Т

а

л

ы


ш

ы

н

ш

Ы

л



р

а

Қ

ы

м

д

ы

Олай болса, балалар ортада «достық» деген сөз шыққан екен. Мен сіздерге дос туралы бірнеше сұрақтар қоямын. Соған жауап бересіздер. 
1.Дос деген кім?
 
Сыр бөлісетін адам
 
Мені өте жақсы түсінетін адам
 
Көмекке әрдайым дайын адам
 
Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
 
Сенімді адам
 
2. Досың бар ма? Ол кім? 
3. Достық жасқа байланысты ма?
 
4. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
 
- Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір – біріне өте жақын, бірін – бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым – қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелейміз.
 

Мағынаны тану

Мәтінмен жұмыс: «Екі дос» (ел аузынан) 
1.
Адал достық дегенде нені түсінесіңдер? 
2. Аңыз – әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?
 
3. Сендердің де адал достарың бар ма? Олардың адалдығын қай іс – әрекеттерінен байқадыңдар? 
- Адал дос дегеніміз – өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп, көмектесетін, қашанда қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.
 
Жағдаяттарды талдау.
 
1. Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер деп ойлайсыңдар?
 
2. Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?
 
3. Сендер Мұхиттың досы болсаңдар не істер едіңдер?
 
Оқушылардың жауаптары тыңдалды. Әр оқушы өз ойын нақты айта білді.
 

Тыныштық сәті

Санайық жаңаша... (Орындарынан тұрады) 
Бір, екі, үш.... (Екі қолын алға, жоғары, екі жанына созады)
 
Желбіре жалауша! (Қолдарын жоғары көтеріп әрі – бері бұлғайды)
 
Достықта біздің күш.... (Қолдарын ішке қарай бүгеді)
 
«Мінездеме беру» тренингі.
 
Қазір сіздерге 5 саусақты қолғап таратылады. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы, яғни сыныптағы оқушылардың есіміне бір – біріңе көрсетпей мінездеме бересіңдер. Сонан соң қолғапты жинап алып өздеріңе таратылады. Қай оқушы сіз туралы қандай мінездеме бергенін біле аласыздар.
 

Ой толғаныс

Міне, балалар, адал дос өзінің қадір – қасиетін жоғары бағалап, қай кезде болмасын табиғи қарапайымдылығымен ерекшеленуі керек екен. Осы адамға керекті қарапайымдылық, кешірімді, төзімді, әдемілік, жақсылықтың барлығы қазақ халқының мақал – мәтелдеріне кезігеді екен. Олай болса мақал – мәтелдің жалғасын табуға көмектесіңіздер. 
«Мақал – сөздің мәйегі». (Мақалды жалғастыру)
 
1. «Дұшпан .... айтады, дос .... айтады» (Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады)
 
2. «..... жаңасы жақсы, .... көнесі жақсы» (Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы)
 
3. «.... теңгең болғанша, .... досың болсын» (Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын)
 
4. «Досы ..... жақсының өзі де жақсы» (Досы жақсының өзі де жақсы)
 
5. «.... басқа қарайды, .... аяққа қарайды» (Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды)
 
6.
«Ақылсыз .... , ақылды дұшпан .....» (Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық) 

Дәйексөз









«Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам» деген халық мақалы. 
- Айнымас досдеген адал дос деген түсінікті береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Ал ондай досы бар адамның бақытты болмауы мүмкін емес.
 

Дәптермен жұмыс

Жаңа ақпарат. 
«Адамдар бір – біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана
достықтары берік болады. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.» 
Тапсырма: Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып жазыңдар.
 
Қуаныш Күлкі
 
Өзара сыйластық Оқу
 
Еңбек Өзара көмек
 
Шыншылдық Сұлулық
 
Сүйіспеншілік Түсіністік
 
Мейірімділік Қамқорлық
 
Кешірімділік Адалдық
 
Жауапкершілік Әдептілік
 

Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, сыныптас достарына ақ тілек, ізгі ниеттерін кезектесіп айтып шығады.

Үй тапсырмасы

«Достық» туралы шығарма жазу

Бағалау

Қол смайлигі арқылы оқушылар бірін – бірі бағалайды





Бекітемін: Гибатуллина Ж.С.

Пәні: Өзін өзі тану

Сыныбы: 4 а,ә,б,в

Күндері:

Мұғалім: Ержанова А.Ш.

Тақырып

Ашу - дұшпан, ақыл - дос

Мақсаты

Оқушылардың «ұстамдылық», «сабырлылық» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Ішкі тыныштық» құндылығының мәнін ашу

Міндеттері

Ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру

Өзара жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту

Ұстамдылыққа, абырлылыққа тәрбиелеу

Негізі дереккөздер және құрал - жабдықтар

Өзін – өзі тану оқулығы, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, ғаламтор, дәптер

Тыныштық сәті.

Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ - қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9 - 10 рет)

Қызығушылықты ояту

«Бізге ашық күн керек» өлеңі
Бізге ашық күн керек. Жеңдіріп біз ашуды
Аспан керек мөп – мөлдір. Ақылға әркез келеміз.
Қуанышқа тұр бөлеп, Азамат боп ер жетіп,
Бақытты өмір төккен нұр. Ағаларға ереміз

Әңгімелесу






- Өлеңдегі: «Жеңдіріп біз ашуды,

Ақылға әркез келеміз», - дегенде нені түсіндіңдер?
- Сендердің ашуланған кездерің болды ма?
- Сол уақытта қандай күйде боласыңдар?
«Ашу - дұшпан, ақыл - дос» деген мақалды қалай түсінесіңдер? (балалардың Адамдардың ойланбай істеген істерінің арты кикілжіңге апарып соқтырады. Кикілжің болған жерде міндетті түрде ашу туындайды. Ашу адамның өзін де, өзгелерге де, айналасына да зиян. Өйткені адамның көңілі түседі, ешнәрсеге зауқы болмайды, жағымсыз сөздер айтады, айналасындағыларды ренжітеді. Ашу үстінде дұрыс шешім табу да қиынға соғады. Сондықтан да қандай жағдайда болмасын ақылға жеңдіріп сабыр сақтап, ұстамды бола білу керек. Біз бүгінгі сабақта ашуланбау, сабыр сақтаудың адами қарым - қатынастағы мәні туралы әңгімелесеміз жауаптары тыңдалады)

Мағынаны тану

Мәтінмен жұмыс

Сурет

Ж.Дәуренбаев.

Мұғалім апай бәріне үй тапсырмасын берді.

  • Қалаған суреттеріңді салып келіңдер, -деді.

Азамат үйге келгесін түрлі түсті бояғыш қаламдарын алып ақ қағазға сурет салуға кірісті. Әуелі ауладағы үйшігінің алдында шуақтап жатқан Бөрібасарды салып көрді. Онысын үшінші сыныпта оқитын ағасы Саматқа көрсетіп еді, ол сәл таңғала қарады да:

  • Ұқсамайды!-деді бірден.

Азамат енді бояу қаламымен терезе түбінде қыт-қыттап жүрген әтешті салды. Өзін сарала етіп, айдарын қып-қызыл қып бояды. «Мұндай әтеш болмайды!» -деп Самат тағы да басын шайқады.

Азамат әбден адырады.Сосын ойланып-ойланып отырып, төрдегі портретіне қарап әжесін салады.

Мұны көрген Саматтың ішек-сілесі қатып күлгені-ай:

  • Әжемнің түрі қара!Құбыжық қой мынауың?!-Ыза болған Азамат жыларманға келді. Ренжіп даладағы сәкі үстінде домбыра шертіп отырған атасына барып шағынды. Не салса да Саматтың мазақтай беретінін айтты.

Атасы шертуін доғарып, сақалын сипай ойға қалғандай болды да:

  • Әзкентай, қағазыңды бері әкелші, -деді. Азамат аппақ қағазды астына қатты мұқабалы кітабын төсеп алдына қойды. Атасы тамырлары білем-білем, буындары шорланған добалдай саусақтарын жайып, ақ қағаздың бетіне салды.

  • Енді менің алақанымды сызып шықшы, -деді атасы.

Азамат бояу қаламын тарбиған әр саусақтың арасымен жүргізе отырып сызып шықты.

Атасы алақанын көтеріп еді, ой ғажап-ай, ақ қағаз бетінде үп-үлкен алақан пайда болыпты.

Азамат таңғала қарады, қуанып кетті. Жүгіріп Саматқа барып көрсетті.

  • Міне, атамның алақаны,- деді.

Самат үндемей қалды. Ертеңіне апайы да мақтады.

  • Мынау Азаматтың атасының алақаны екен. Арық суарған , құдық қазған , бақша күткен, үзбей еңбек еткен ғажап алақан!.

Қатты қуанған Азамат мәз-мейрам. Суреті мектептегі көрнекті тақтаға ілінді. Ғажап алақан бүкіл баланың басынан сипап тұрғандай...

Сұрақтар:

  1. Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

  2. Азаматтың ашуының басталуына не себеп болды?

Қорытынды:

  • Олай болса, балалар, ұстамдылық танытып, ақылмен бар мәселені шеше білейік.

Дәйексөз

«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»
Оқушыларға мағынасын түсіндіру:
Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары – ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылға жеңдіреді. Сондықтан да белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі», - деп өте орынды айтқаны.

Сұрақтар:

  1. Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?

  2. Сабырлы болу адам өмірінде қандай маңыз атқарады?

Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.

1-топ: Данышпан атаның кеңестерін қалай қолданатының туралы жазу:
- Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл.
- Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
- Жақсы нәрсе туралы ойла.
- Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
- Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
- Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
- Ашуды ақылды жеңдір.
2 - топ: «Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің?»
3 -топ: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» мақалының мәнін ашу.

Немесе дәптермен жұмыс

Оқушыларға топтық жұмыстың ережесі түсіндіріледі. Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.

Әр топтың тапсырмасының тұсаукесерін тыңдау.

Қорытындылау: - Ашуын ақылыңа жендіре білген бала қандай да болсын қиындыктарды жеңіп,өзіне ұнаған істермен шұғылданады.Өз-өзін дамытатын үйірмелерге қатыса алады.Ол үшін оған ақылдылық, кішіпейілділік, ұстамдылық керек.

Дәптермен жұмыс

Мақалдың мағынасын ашу.

Сабыр түбі – сары алтын.

Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

Үй тапсырмасы

«Ашу», «Ақыл» туралы жеке ойларын жазу

Бағалау

Қол смайлигі арқылы оқушылар бірін – бірі бағалайды



Бекітемін: Гибатуллина Ж.С

Пәні: Өзін өзі тану

Сыныбы: 4 а,ә,б,в

Күндері:

Мұғалім: Ержанова А.Ш.

Тақырып

Қуаныш жан шуағы

Мақсаты

Оқушылардың «бақыт», «қуаныш» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру

Өзара жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту

Мейірімділікке тәрбиелеу

Негізі дереккөздер және құрал - жабдықтар

Өзін – өзі тану оқулығы, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, ғаламтор, дәптер, қағаздан жасалған күннің шуақтары

Қызығушылықты ояту

Тыныштық сәті.

«Су асты патшалығына ойша саяхат».

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Мағынаны тану

«Балалардың көз қуанышы» 
Көктемнің жайма-шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар гүлдеп,құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан сылдырлап аққан бұлақтың үні естіледі.
 
Ал биік қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара болып, ал тырналардың сынадай тізілген қатары оның көзінен тамған жас секілді елестеді.
 
Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады. Тек бір қарт ана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға көптеген айтып, әлденелерді жеткізген болды.
 
Олар осылай бір сағатқа жуық әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлкм қақта. Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қақаны келді. «Міне, қазір көктем екен», -деп ойлады бала.
 
Біреудің көзіндегі жасты тыйып, жүзінде күлкі ойнату қандай қуаныш!
 

Әңгімелесу


Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады? 
Сендердің ойларыңша қарт ана балаға не айтты? 
Айналасындағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті? 

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы суреттерге назар аударп, түсіндіріп беру

Шығармашылық жұмыс.

(жағымды, жай музыка ойнап тұрады)

«Қуанышқа бөленген бақытты отбасы үйі» тақырыбына сурет салады. Оқушыларды топқа бөлу. Орындағаннан кейін әр топ өз суреттерін қорғайды.

  • Бұл отбасының негізін не құрайды? (Сүйіспеншілік)

Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің де өзгенің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулықты жақсартады. Барлық адамдармен күліп амандасу, үнемі ақжарқын жүру, айналаңа қуаныш сыйлау – асыл қасиет. Бізде көңілді, қуанышты, үнемі күлімдеп жүру үшін өзгелерге, айналамызға риясыз сүйіспеншілікпен қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.

Дәптермен жұмыс

Күннің шуағын салып, ең қуанышты күні туралы жазу

Үй тапсырмасы

«Мақтаншақ жолбарыс» ертегі 63-65 бет оқу, мазмұндау.

Бағалау

Қол смайлигі арқылы оқушылар бірін – бірі бағалайды













































Бекітемін: Гибатуллина Ж.С

Пәні: Өзін өзі тану

Сыныбы: 4 а,ә,б,в

Күндері:

Мұғалім: Ержанова А.Ш.

Тақырып

Кешірім мен келісім

Мақсаты

Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері

Кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

Мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Негізі дереккөздер және құрал - жабдықтар

Өзін – өзі тану оқулығы, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, ғаламтор, дәптер, түрлі түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері, үнтаспа

Қызығушылықты ояту


Шаттық  шеңбері
Балалар  шаттық  шеңберін құрып  тұрады.Бір- біріне  жақсы тілектектерін   айтады.
Түсінісу
Бір үйдегі  екі адам                               Сыры  неде екі жайттың?
Ұғыспайды бір- бірін.                          Білсең айтшы, қарағым,
Кірсе, шықса, барлық істе                Жауап тапсаң  сұрағыма
Келіспеуі  тым қиын.                           Бәрекелді,  жарадың !

Екінші  үйде  адамдар көп,              Сәл  ойланып  тұрды  бала
Тату-тәтті  тұрады.                            Жауап  берді  ойланып
Бір- бірімен тайталаспай,               «Сыры мұның- түсінісу» –
Қас- қабақпен ұғады.                            
Деп жауабын  берді анық.

Мағынаны тану

Мақтаншақ  жолбарыс.(ертегі)
«Бағыттап  оқу» стратегиясы.

1 бөлім.
– Ертегі  қалай басталған?
– Жолбарыс  неліктен  жылады?

2 бөлім
– Жылап  отырғанын кім  көреді?
– Қарға бірінші оны  қайда  апарады?

3 бөлім
– Жайра не  деп  жауап  берді?
– Одан кейін  қайда  апарды?
– Аю екі  қонағын  қайда  апарды?
– Піл  бастап, барлығы  қайда  келеді?

4 бөлім
– Қолтырауын  не  деп  жауап  береді?
– Бұлбұл  не  істеді?
– Жолбарыс  бұлбұлдан  не  үшін  кешірім  сұрады?

Дәйексөз


М.Әуезов: «Қыл  өтпестей  татулықты  бір  ашуға  сатпайық»

Адамдар  абайсызда бірін- бірі  ренжітіп  алғанда кешірім  сұрап, татуласады.Ал  татулық – адамдар, сыныптастар, достар  арасындағы қарым  қатынастағы  ең  бір  жақсы  қасиет.Өйткені  татулық  бар  жерде  сыйластық, бақыт, жақсы  өмір  бар.

Ойын жаттығу

Тақтаға  бұлттың  суреті ілінеді.Оқушыларға  түрлі -түсті  қағаздан  жасалған  гүл  күлтелері таратылып  беріледі. Олар  досының  көңілін  көтеру  үшін  бұлтты  алып  орнына гүлдің  күлтесіне  оның  көңілін  көтеретіндей  жазылған  сөзді  іледі.

Жағдаяттарды талдау









Жаңа ақпарат

Жағдаяттарды оқиды.
–         Сендер  Айбектің  орнында  болсаңдар  не  істер  едеңдер?
–         Әңгіменің  қалай  аяқталғанын  қалар  едіңдер?
–         Мәдина  мен Жанардың  достығы  қалай  жалғасуы  мүмкін?


«Басқа  адамның  кемшілігін, қателігін  кешіру және өз қатесін  түсініп, мойындап  кешірім  сұрау адам  бойындағы  жақсы  қасиет».

Шығармашылық жұмыс.

«Сыныптастарыңмен  келісімге  келіп, кешіре  білген кездеріңді  еске түсіріп  айтыңдар».

Дәптермен жұмыс

Жүрекшенің  ішіне «Мен  кешірім  сұрай  білемін…» айдарымен  берілген  жолдарға  өз  ойларыңды  жазыңдар.

Қорытындылау

–         Адамдар  арасында  келіспеушілік  болған  кезде  реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік  байқалып  қалады. Әдепті  адам  татулықты  жоғалтпау  үшін кінәлі  жағдайда  алдымен  кешірім  сұрай  білу  керек. Шынайы  дос  кешіре  біледі, достықты, досты  қадірлей  біледі.

Жүректен жүрекке

Жүректен  жүрекке
Балалар  шеңберге  жиналып,дөңгелене  тұрады. А.Оразақынның «Татуласу» өлеңін  бәрі  бірге  айтады.

Татуласу
Әкел, досым, қолыңды,                          Баққа бірге кірейік,
Татуласқан   орынды.                              Қол ұстасып жүрейік.
Өкпелесіп  не  керек,                               Татулықтың белгісі,
Көрсет, қане, соныңды                           Кел,қосылып күлейік

Үй тапсырмасы

«Көп біріксе – береке» мәтінін оқу, мазмұндау. 69 – 70 бет

Бағалау

Қол смайлигі арқылы оқушылар бірін – бірі бағалайды













































Бекітемін: Гибатуллина Ж.С.

Пәні: Өзін өзі тану

Сыныбы: 4 а,ә,б,в

Күндері:

Мұғалім: Ержанова А.Ш.

Тақырып

Ортақ іс табысы

Мақсаты

Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері

Кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

Мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Негізі дереккөздер және құрал - жабдықтар

Өзін – өзі тану оқулығы, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, ғаламтор, дәптер, түрлі түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері, үнтаспа

Қызығушылықты ояту


Шаттық  шеңбері
Балалар  шаттық  шеңберін құрып  тұрады.Бір- біріне  жақсы тілектектерін   айтады.
Түсінісу
Бір үйдегі  екі адам                               Сыры  неде екі жайттың?
Ұғыспайды бір- бірін.                          Білсең айтшы, қарағым,
Кірсе, шықса, барлық істе                Жауап тапсаң  сұрағыма
Келіспеуі  тым қиын.                           Бәрекелді,  жарадың !

Екінші  үйде  адамдар көп,              Сәл  ойланып  тұрды  бала
Тату-тәтті  тұрады.                            Жауап  берді  ойланып
Бір- бірімен тайталаспай,               «Сыры мұның- түсінісу» –
Қас- қабақпен ұғады.                            
Деп жауабын  берді анық.

Мағынаны тану

Мақтаншақ  жолбарыс.(ертегі)
«Бағыттап  оқу» стратегиясы.

1 бөлім.
– Ертегі  қалай басталған?
– Жолбарыс  неліктен  жылады?

2 бөлім
– Жылап  отырғанын кім  көреді?
– Қарға бірінші оны  қайда  апарады?

3 бөлім
– Жайра не  деп  жауап  берді?
– Одан кейін  қайда  апарды?
– Аю екі  қонағын  қайда  апарды?
– Піл  бастап, барлығы  қайда  келеді?

4 бөлім
– Қолтырауын  не  деп  жауап  береді?
– Бұлбұл  не  істеді?
– Жолбарыс  бұлбұлдан  не  үшін  кешірім  сұрады?

Дәйексөз


М.Әуезов: «Қыл  өтпестей  татулықты  бір  ашуға  сатпайық»

Адамдар  абайсызда бірін- бірі  ренжітіп  алғанда кешірім  сұрап, татуласады.Ал  татулық – адамдар, сыныптастар, достар  арасындағы қарым  қатынастағы  ең  бір  жақсы  қасиет.Өйткені  татулық  бар  жерде  сыйластық, бақыт, жақсы  өмір  бар.

Ойын жаттығу

Тақтаға  бұлттың  суреті ілінеді.Оқушыларға  түрлі -түсті  қағаздан  жасалған  гүл  күлтелері таратылып  беріледі. Олар  досының  көңілін  көтеру  үшін  бұлтты  алып  орнына гүлдің  күлтесіне  оның  көңілін  көтеретіндей  жазылған  сөзді  іледі.

Жағдаяттарды талдау









Жаңа ақпарат

Жағдаяттарды оқиды.
–         Сендер  Айбектің  орнында  болсаңдар  не  істер  едеңдер?
–         Әңгіменің  қалай  аяқталғанын  қалар  едіңдер?
–         Мәдина  мен Жанардың  достығы  қалай  жалғасуы  мүмкін?


«Басқа  адамның  кемшілігін, қателігін  кешіру және өз қатесін  түсініп, мойындап  кешірім  сұрау адам  бойындағы  жақсы  қасиет».

Шығармашылық жұмыс.

«Сыныптастарыңмен  келісімге  келіп, кешіре  білген кездеріңді  еске түсіріп  айтыңдар».

Дәптермен жұмыс

Жүрекшенің  ішіне «Мен  кешірім  сұрай  білемін…» айдарымен  берілген  жолдарға  өз  ойларыңды  жазыңдар.

Қорытындылау

–         Адамдар  арасында  келіспеушілік  болған  кезде  реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік  байқалып  қалады. Әдепті  адам  татулықты  жоғалтпау  үшін кінәлі  жағдайда  алдымен  кешірім  сұрай  білу  керек. Шынайы  дос  кешіре  біледі, достықты, досты  қадірлей  біледі.

Жүректен жүрекке

Жүректен  жүрекке
Балалар  шеңберге  жиналып,дөңгелене  тұрады. А.Оразақынның «Татуласу» өлеңін  бәрі  бірге  айтады.

Татуласу
Әкел, досым, қолыңды,                          Баққа бірге кірейік,
Татуласқан   орынды.                              Қол ұстасып жүрейік.
Өкпелесіп  не  керек,                               Татулықтың белгісі,
Көрсет, қане, соныңды                           Кел,қосылып күлейік

Үй тапсырмасы

«Көп біріксе – береке» мәтінін оқу, мазмұндау. 69 – 70 бет

Бағалау

Қол смайлигі арқылы оқушылар бірін – бірі бағалайды











Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Адал достық" өзін - өзі тану 4 - сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 172 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 4906
    • DOCX 49.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем ЕРЖАНОВА АҚБӨБЕК ШАТТЫҚҚЫЗЫ. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    ЕРЖАНОВА АҚБӨБЕК ШАТТЫҚҚЫЗЫ
    ЕРЖАНОВА АҚБӨБЕК ШАТТЫҚҚЫЗЫ
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42775
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 424 человека

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 27 регионов

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе