Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Адам қаңқасы және оның бөліктері. STRUCTURE OF THE HUMAN SKELETON (8 сынып)

Адам қаңқасы және оның бөліктері. STRUCTURE OF THE HUMAN SKELETON (8 сынып)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:


8 сынып

Күн: 3.12.15 ж.

Қарабау орта мектебі

Сабақ № 24

Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Т.Құрманғазиева

Сабақтың атауы:

Адам қаңқасы және оның бөліктері.

STRUCTURE OF THE HUMAN SKELETON


Сілтеме:

Биология 8 сынып Р.Әлімқұлова,Р.Сәтімбеков презентация, макеттер

Жалпы мақсаты:

Танымдық – адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі қаңқа ерекшеліктерін салыстыра отыра танымдық іс - әрекеттер ұйымдастырылады. Ағылшын тілінде терминологиялық сөздіктер меңгертіліп,тілде қолдануға үйретіледі.

Даму, салыстыру, саралау,топтау, т.с.с. әдіс- тәсілдері арқылы ойларын жүйелеп жеткізу қабілеті дамиды.

Тәрбиелік - өз ағзасын зерттеп білу, сақтау, қорғай білуге үйренеді.


Оқыту нәтижесі:

Адам қаңқасының бөліктерін ажырата білу

Негізгі идеялар:

Адам қаңқасы сүйектерінің ерекшеліктерін білу

Сабақтың типі:

жоба сабақ.


Әдістемесі:

жекелеме, жұптық, топтық оқыту әдіс- тәсілдер технологиясы

Құрал – жабдықтар:

адам қаңқасы, сүтқоректі жануарлардың жекелеме сүйектері, кестелер, сүйектердің көлденең кесінділері, бассүйек, сүтқоректілер қаңқасының кестесі, омыртқалы жануарлар сүйектерінің жиынтығы, интернет желісі, интерактивті тақта,СД дискілері, АҚТ жұмыс.


Дереккөздер:

Оқулық,электронды оқулық, www.google.kz

Тапсырмалар


Тренинг (Оқушылардың көңіл - күйі )

Үш тілді меңгеруіне (мақал –мәтел сайысы)

Суреттер құрастыру (Адам қаңқасы)

Жаңа сабақты меңгеруіне (топпен жұмыс) Постер қорғау

Сүйек картасын толтыру (АҚТ жұмыс)

100 қадам - 10 нақты сұрақ

Блум таксономиясы (жеке жұмыс)

Сергіту сәті (Кел билейік)

Зертханалық жұмыс № 8

Рефлекция


Кейінгі тапсырмалар:

Адам қаңқасы

Пәнаралық байланыс

Ағылшын –қаңқа бөлімдерін меңгеруі

Тарих – ғылыми жаңалықтың ашылуы

Химия – сүйектің химиялық құрамы











Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс әрекеті

3 минут

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

- Сәлеметсіздерме,

- Good morning, Boys and Girls!

Let’s practice our tongue. Sing a song.

Head and Shoulders.

Тренинг

Суреттер арқылы 4-топқа бөлінеді.

That’s right! The skeleton is the frame of the human body. It not only gives our body shape and support, but it also protects our insides. Today, we will be learning about our skeleton. (show model)

«Оқытпа, тек оқуға көмектес», сондықтан бүгінгі сабақты өздерің талдайсыңдар,

себебі біз өздеріңмен жануартану курсын өткен кезде сүтқоректі жануарлардың қаңқасының құрылысы, атқаратын қызметімен танысқан болатынбыз. Сол білімімізді пайдалана отырып бүгінгі сабағымызды талдауға кірісейік. Алдарында жатқан кестені сабақ барысында толтырып отырасыңдар.





Оқушылар мұғаліммен амандасады.

Сабаққа психологиялық дайындық жасайды.

Топқа бөлінеді.





3 минут



















5 минут

















7 минут

































































































































































































































































































































6 минут





















































4 минут

































5 минут















































2 минут





5 минут















































































2 минут







2 минут







1 минут

Үш тілді меңгеру (мақал-мәтел сайысы)

1. . . . ауырса жан қорқар ( Бас – голова – head )

2. Қотыр . . . жұғады

Таз тақиядан жұғады ( Қол – рука- hand )

3. . . . үлкен сыйғанын киеді

. . . кіші сүйгенін киеді ( Аяқ - нага - foot )

4. Сөз . . . өтеді

Таяқ еттен өтеді (Сүйек - кость - bone )

3. Суреттер құрастыру.

(Қиынды қағаздардан адам қаңқасының бөліктерін құрастырады)

hello_html_5b04981c.gifZ16_01hello_html_3408402c.pnghello_html_m27622c8b.gif

4. Жаңа сабақ :

Адам қаңқасы және оның бөліктері.

STRUCTURE OF THE HUMAN SKELETON

Адам қаңқасы

hello_html_m656e901f.pnghello_html_53d00217.png

Бассүйек Череп Skull



hello_html_15c1236e.jpg

1 топ Бас сүйегі бөлімі туралы сөйлейді. Ми сауытынан және бет бөлімінен тұрады.

а) Ми сауыты жұмыртқа тәрізді. Ішінде ми болады.Ми өскен сайын ми сауыты да өседі.

Ми сауытының ерте сүйектенуі мидың өсуіне кедергі жасайды.

ә) Бет бөлімі.Жұп: үстіңгі, астыңғы жақ сүйектері, танау, таңдай, көз ұясы, кеңсірік, тіл асты сүйектерінен тұрады.Астыңғы жақ қимылдайды.

The axial skeleton is made of bones of the skull, the chest, and the spine. The bones of the axial skeleton protect the body’s vital organs, the brain, spinal cord, heart, and lungs. The skull consists of 28 bones, 22 of them form the head. The other six bones, three in each ear will carry sound waves from the eardrums to the brain. The cranium is a part of the skull that protects the brain. There are 8 bones that fit together at immovable joints to form the cranium. The shape of the joints is zigzagged to make them stronger. At birth the bones in the cranium are not joint as there are spaces between them to allow the baby to fit through the birth canal.

Тұлға қаңқасы

Омыртқа жотасы Кеуде қуысы

Позвоночный столб Грудная клетка

Vertebral column Rib cage

hello_html_1aebfc64.gif hello_html_5b04981c.gif

2 топ. Тұлға , омыртқа жотасы.

а) Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады. Мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ бөлімдері болады. 4 иілімнен тұрады, екеуі алдыға,екеуі артқа қарай иіледі. Бірінші мойын омыртқасы ми сауытының қарақұс ойығымен жалғасады және онда өсінділер болмайды, сондықтан оны ауыз омыртқа немесе атлант деп атайды.

ә) Тұлға 12 жұп қабырғаның дөңес басы арқа омыртқаларының ойысына бекіп, екінші ұшы шеміршек арқылы төске жалғасып кеуде қуысын құрайды, онда ішкі мүшелер орналасады. 11,12 қабырғалар аралық деп аталып екінші ұшы төске жалғаспай бос орналасады.

б) Жеке омыртқаның құрылысы. Әрбір омыртқа денеден және бірнеше өсіндіден тұрады. Омыртқа доғасында артқы 2 қарама – қарсы, 2 жоғарғы және төменгі өсінділері болады.Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады.

A cage is formed by the bones of the chest to protect the heart and lungs. It expands and contracts as you breathe. The sternum, or breastbone, is a flat bone in the middle and front of the chest and serves as an anchor for the ribs and muscles that help in breathing. It also protects the heart. There are twelve pairs of ribs that are all not the same. In the back, the ribs connect to the thoracic vertebrae, but in the front their attachments vary. The top seven ribs have cartilage at their ends that connect directly to the sternum. The three pairs of ribs below them are not directly connected to the sternum. These three pairs are connected to cartilage that extends up to the sternum. The bottom two pairs of ribs are attached only in the back and not to the sternum.

Иық белдеуі shoulder girdle Аяқ сүйектер

Қол сүйектер upper limb lower limb

hello_html_m27622c8b.gif hello_html_3408402c.png

3 топ. Иық белдеуі және қол сүйектері

а ) иық белдеуін бұғана мен жауырын құрайды. Бұғананың бір төстікпен, екінші басы жауырынмен жалғасады.

ә) Қол сүйектер.

Тоқпан, кәрі (шынтақ- шыбық), білезік, алақан саусақ сүйектері, қол басы сүйектері.

There is only one bone in the upper arm and it fits directly into the shoulder blade. At the other end two bones meet forming the forearm at the elbow joint. There are eight small bones of the wrist that are angled and arranged in two rows. This gives the wrist flexibility. These wrist bones connect with five bones in the hand that form the frame of the palm. In each finger there are three bones, except the thumb that has only two bones. The joints in the fingers and thumb are called knuckles.

4 топ . Аяқ сүйектері және жамбас белдеуі. а) Жамбас белдеуі, жалпақ жамбастан ол артқы жағынан сегізкөзбен берік тұтасып, алдыңғы жағынан өзара байланысады.Жамбас сүйектің ойығына ортан жіліктің ұршық басы орналасады.

ә) Аяқ сүйектері.

Ортан, асықты жілік, тізе буыны арқылы қосылады. Тізе қақпағы аяқтың басы толарсақтан, табан сүйектерінен, сыбырлақтан және башпай сүйектерінен тұрады. Ең үлкен табан сүйек- өкше сүйегі (толарсақ) табан ойысын түзеді.

The biggest, strongest and heaviest bones in your body are the thighbones as they must support the body. Each of the thighbones extends from the pelvis to the knee. Below the knee, two smaller bones share the body’s weight. The larger of the two is located on the inside of the leg, while the smaller is on the outside. The larger bone carries most of the weight coming from the thighbone and transfers it to the foot. The smaller bone allows the ankle a wide range of movement. The kneecap is held in place by tendons from the muscles around it. The structure of the foot is somewhat like that of the hand, but is stronger and more rigid. Five bones form a frame for the top of the food connecting with the toe bones. The big toe, like the thumb, has only two bones. The other toes have three bones each, just like the fingers. The large bones of the foot and the smaller bones of the toes absorb the shock of walking.

If we didn't have a skeleton we would be wobbly jelly blobs

5. Сүйек картасын толтыру

Сүйек

түрлері

Орнына

қарай

Құрылысына

қарай

Байланысуына

қарай

Бас

Тұлға

Қол-

аяқ

Ұзын

Қысқа

Жалпақ

Қозғалмайды

Қозғалмалы

Жартылай қозғалмалы

Омыртқа


+



+




+

Тоқпан жілік



+

+




+


Жамбас



+



+


+


Ортан жілік



+

+




+


Самай

+




+


+



Қабырға


+


+





+

6. 100 қадам – 10 нақты сұрақ

1. Мойын омыртқасы нешеу ( жеті)

2. Қол басы сүйегі қалай аталады? (Білезік)

3. Пішіні, үш бұрышты, үш қырлы жалпақ сүйек ( жауырын)

4. Омыртқа жотасының бөлімі ( Сегіз көз)

5. Денені ұстап тұрады ( сүйектер)

6. Қаңқаға нелер бекінеді ( бұлшықеттер)

7. Бір-бірімен тұтасып, қозғалмайтындай болып байланысқан (қимылсыз)

8. Сүйектердің байланысына қарай нешеге бөлінеді (қозғалмалы,қозғалмайды, жартылай қозғалады)

9. Ұзын сүйектерді ата ? (қабырға, жіліктер)

10.Аяқ сүйектеріне жатады (Толарсаң)



7. Блум таксономиясы (Жеке жұмыс)



Ойлау деңгейлері

Сұрақтар

Оқушы жауаптары

Білу

Адам қаңқасының маңызы?


Түсіну

Адам қаңқасы қандай қызмет атқарады?


Қолдану

Сүйектердің бір – бірімен байланысу қызметінің маңыздылығы?


Талдау

Сүйектің жуандап және ұзарып өсуінің ерекшелігін сипаттаңдар.


Жинақтау

Адам қаңқасының бөлімдерін сипаттаңдар ?

скелет спереди

Бағалау

Қаңқаның қалыпты жұмысын қамтамассыз ету үшін гигиена сақтаудың маңыздылығы неде?


8.Сергіту сәті (Кел билейік)



9. Зертханалық жұмыс № 8

Тақырыбы: Омыртқа жотасының иілгіштігін,бұлшықеттер мен сүйектердің орналасуын анықтау.

Мақсаты:Адам қаңқасының бөлімдерін,ондағы сүйектер мен бұлшықеттердің орналасуын және омыртқа жотасының иілгіштігінің бұзылуын тәжірибе жүзінде анықтау. Керекті құрал-жабдықтар:оқулық,адам қаңқасы мен бұлшықеттерінің орналасуы көрсетілген кестелер.

Жұмыс барысы:

1.Омыртқа жотасының иілгіштігінің бұзылуын анықтау үшін арқаңызды қабырғаға сүйеп тұрыңыз. Өкшеңіз,тізеңіздің арты және жауырыныңыз барлығы қабырғаға тиіп тұруы қажет.Сонан соң қабырға мен беліңіздің арасына түйілген жұдырығыңызды енгізіп көріңіз.Егер ол қабырға мен бел арасынан өтетіндей болса,омыртқа жотасының иілгіштігінің бұзылғаны,ал тек ашылған алақан ғана сиятын болса,омыртқа жотасының иілгіштігі қалыпты болғаны.

2.Адам бұлшықеттерінің орналасуы көрсетілген кестені (65-сурет) пайдалана отырып,бұлшықеттердің орналасқан орнын анықтаңыз.

3.Қорытындысын кестеге жазыңыз:

Бұлшықет атауы

Орналасқан орны

Атқаратын қызметі




4.Адам қаңқасынан сүйектердің орналасуын анықтап,кестеге толтыру:

Қаңқа бөлімдері

Оны құрайтын сүйектер

Атқаратын

қызметі






5.Омыртқа жотасының иілгіштігі жөнінде қорытынды жасаңыз.



10. Рефлекция Кері байланыс





Бағалау: Алдарына берілген дискриптор бойынша ұпай сандарын есептейді



Үйге тапсырма 21-22, кестелерді толтыру 71,74 беттер

To learn by heart new lexic, to retell the text "The human skeleton"







Төрт топқа бір-бірден мақал оқылады жасырынған сөзді тауып үш тілде айту керек.







1-топ Бас қаңқасы

2-топ Тұлға қаңқасы

3-топ Қол –иық сүйектері

4-топ Аяқ –жамбас сүйектері



















Оқушыларға жаңа сабақ бойынша қысқаша мағұлмат беріледі









































Төрт топ өздеріне

берілген тапсырмаларды орындайды.











































































Оқушылар әр топқа барып түсіндіреді



















































































Әр топ қаңқа бөліктерін постер арқылы қорғайды







































Әр топ АҚТ мен жұмыс жасайды





























(Барлық топтарға бірдей сұрақ қойылады қол көтеріп жауап берген оқушы

1 сұраққа ,1 ұпай алады)























Оқушылар өз бетімен орындайды

































Дәптермен жұмыс



































































Бүгінгі сабақтан алған әсерін

смайликтер арқылы дәлелдейді.





Дискриптор арқылы ұпай сандарын еспетейді.



Қосымша тапсырмалар

АДАМ ДЕНЕСІНІҢ БӨЛІКТЕРІН СУРЕТ ЕТІП БЕЙНЕЛЕГЕН СУРЕТШІ КІМ?

Леонардо да Винчи – өнердің, ғылымның сан түрлі саласында еңбектер атқарған әмбебап адам. Дегенмен ол басқа салаға қарағанда бейнелеу өнеріндегі адамды бейнелеудегі ғылыми проблемаларға өзінің көп уақытын бөлген. Жалпы, Леонардо – адамзат әлеміндегі ең алғашқы суретші-ғалым. Ол анатомия саласына арналған мыңдаған суреттер мен жазбалар жасаған. Бізге оның жиырмаға жуық анатомиялық альбомдары жетті. Ол мәйіттердің іш-құрылысын ашып қарау арқылы адам және жануарлар денесінің анатомиялық құрылымын зерттеген алғашқы суретшілердің бірі болып табылады. Өзіне дейін ешқандай ғалым да, суретші де адам қаңқаларының құрылысын және ішкі мүшелерін (ең ұсақ бөлшектеріне дейін) Леонардо сияқты дәлме-дәл дұрыс әрі анық етіп бейнелеп, қағазға түсірмеген. Леонардо – адамның қаңқасынан бастап (бас сүйек, қабырға, омыртқа, жамбас сүйек), ішкі мүшелерінің (жүрек, бүйрек, бауыр, көкбауыр, өт, асқазан, ішек, кеңірдек, өңеш, қантамырлар, өкпе, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, қуыққа дейін) бірін қалдырмай, тіпті өте ұсақ тамырларға дейін бәрін зерттеп және анық та дәлме-дәл етіп қағазға түсіріп, олардың бір-бірімен қалай байланысып жатқанын, атқаратын қызметтерін түсініктемелермен анықтап, толықтырып жазып кеткен анатом-суретші.

Леонардо Италияның атақты суретшісі Андреа дель Верроккьоның шеберханасында көмекші болып, тәлім алған. Верроккьоның шеберханасының жанында адам өліктерін ашу арқылы оның бұлшық еттерін зерттеген алғашқы суретші Антонио дель Поллайолоның шеберханасы да орналасқан болатын. Негізі, Қайта өрлеу дәуірі суретшілері анатомия саласына адамның дене-пішінін дұрыс суреттеп беру үшін көмекші құрал ретінде ғана қараған. Поллайоло бұлшық ет жүйесін зерттеуге көп көңіл бөлді де, адамның ішкі мүшелерінің құрылысына аса мән бермеді. Сондықтан сойылған мәйіттердің көкірек, құрсақ қуыстары және бас сүйегі ашылмай сол күйінде қала берген. Леонардоның анатомия саласына деген қызығушылығының оянуына осы Поллайолоның суреттері әсер етті десе де болады. Ол да алғашында Поллайоло сияқты бұлшық еттерді дұрыс бейнелеу үшін анатомияға көңіл бөлді де, кейіннен бұған біржола үлкен ғылым ретінде қарап, өмір бойы осы саланы зерттеумен айналысып кетті. Ол алғашқы анатомиялық зерттеу жұмысының нысанасы ретінде адамның бас сүйегін алды. Леонардо бірнеше бас сүйекті өңдеуден өткізіп алып, сосын олардың әртүрлі тұрғыдағы бейнесін қағазға түсіре берді. Әсіресе ол кісіні адамның көзі қатты қызықтырған деседі...Винчи оптика саласында да өте көп жаңалықтар ашқан. Леонардоның кезеңіне дейін тек геометриялық оптика ғана (оптиканың жарықты геометриялық сызық ретінде қарастыра отырып, жарықтың таралу заңдарын зерттейтін бөлімі) бар болған. Көздің қызметі мен жаратылысы туралы ғылыми түсініктемені алғаш жасаған осы – да Винчи. Ол көздің құрылымын (сыртқы қабықтарынан бастап, оның ішіндегі түрлі қантамырларды, олардың мимен жалғанатын нүктесін, қарашықты) түгел зерттеп, суретін салып, әрқайсысының атқаратын қызметін жазған. Көздің жаратылыс табиғатын зерттеп қана қоймай, көз ауруларын (алыстан немесе жақыннан көрмеушілік) емдеудің жолдарын да қарастырады, мұндай жағдайда көз әйнектердің көмегіне жүгінудің қажеттілігін де алғаш айтқан – осы данышпан. Леонардо XIV ғасырда өмір сүрген анатом, Болон университетінің мұғалімі Мондино де Люччи еңбектеріне біраз жүгінген. 1302 жылы Болон университетінің заңгерлері қайтыс болған адамның уланған-уланбағанын анықтау үшін мәйітті союға рұқсат береді. Бұл тарихтағы тұңғыш сот-медициналық сараптама болып табылды. Және анатомия саласының бастауы осы кезден басталды деп те айтуға болады. Алайда бұл оқиғадан соң тек 200 жыл өткеннен кейін ғана анатомиялық зерттеулерді жүргізуге рұқсат беріледі. Леонардоның ең атақты анатомиялық суреттерінің бірі – ананың құрсағында жатқан нәрестенің бейнесі. Жатырдағы бала мен оның кіндігінің орналасуын ол дәлме-дәл бейнелеген. Арада бірнеше ғасыр өтсе де оның бұл суреттері әлі күнге дейін медициналық оқулықтарда иллюстрация ретінде қолданылып келеді. Леонардоны адамдардың динамикалық, пластикалық қозғалыс қызметі қатты қызықтырды. Сондықтан ол суреттерінде омыртқаның буындарына және оның пластикалық формасына ерекше мән берді. Омыртқалардың орналасу құрылымын анық әрі дәл етіп көрсеткен. Кейіннен техника дамыған уақытта мамандар магниттік-резонанстық және компьютерлік томография арқылы зерттеп қарағанда, да Винчи жасаған омыртқалардың дәлдігін көріп, бастарын шайқап таңқалған. Жалпы, ол – омыртқалардың санын дәл анықтаған және омыртқа бағанасының пішінін, оның пластикалық иілімдерін анық көрсеткен алғашқы адам. Мойын омыртқаларын бөлек, жұлын омыртқаларын бөлек талдап сызба жасаған. Леонардо дәрігер болмағандықтан, біраз уақыттан кейін оған ауруханада мәйітпен жұмыс істеуге тыйым салады. Сондықтан ол жұмысын жануарлардың өліктерін сою арқылы жалғастыруға мәжбүр болды. Мысалы, ол шошқаның жүрегін зерттеп отырып, оның ең мықты бұлшық еттен тұратынын және жүректің қанды артерия жүйесіне айдап, оның тамырларға қайтып оралуын қамтамасыз ететіндігін анықтады. Жүрек туралы ол «Бұл – жоғарғы жақтағы ең мықты суретші ойлап тапқан таңғажайып құрал» дейді. Сондай-ақ анатомиялық суреттер салу барысында ол жүйелілікті қатаң сақтады. «Бұлшық еттердің суретін салмай тұрып, алдымен сол бұлшық еттердің орналасу қалпын көрсететін тізбектерді салып алған дұрыс және олар бұлшық еттердің сүйекке бекітіліп тұратын тұстарына дейін көрсетілуі керек. Бұл суретшіге бұлшық еттерді бірінен кейін бірін бейнелеуге өте ыңғайлы. Егер бұлай жүйемен жұмыс істемесең, сызбаң шатасып кеткендей болып қалады» дейді өз жазбасында. Өз еңбектерінде адамның қимылын дәл етіп бейнелеу үшін Леонардо бұлшық ет жүйесі мен қаңқаның құрылымын зерттеуге көп көңіл бөлді. Сонымен қатар аяқ, қол, мойын бұлшық еттерін ерекше дәлдікпен суреттеген. Тіпті адамның басындағы мидың сызбасын берген. Әрбір жүйке тамырларыныңда сызбасын дәл беріп, қасына оның атқаратын қызметін де қоса жазып берген. Тіпті қол мен аяқ саусақтарындағы тамырлардың қызметінің маңыздылығын ерекше ескере отырып, оларға да айрықша көңіл бөледі. Сондай-ақ Леонардо да Винчи адамның сезу мүшелерінің (көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу т.б.) орналасу мен атқару қызметтеріне де ерекше көңіл бөліп, ұзақ зерттеген. Ол, жалпы, адамның дене құрылымымен қоса, ерлердің, әйелдердің, балалардың денелерін жеке-жеке қарастырады. Әрқайсының өзіне тән пропорциялық ерекшеліктерін анықтап жазады. Адам мен жануарлардың дене құрылысын зерттей келе, ол адам мен жануардың денесін табиғаттың таңғажайып жаратылысы деп санады. «Адамның санасы, ақылы әртүрлі дүниелерді ойлап табуға жеткенімен, олар ешуақытта табиғаттың жаратқанынан артық ештеңені ойлап таба алмайды. Табиғаттың жаратылысы артық- кем ештеңесі жоқ, әрі анық та дәл болып келеді. Тәннің ішінде әр дене бөлшектерін бір-біріне зияны тимейтіндей етіп орналастырған, әрі оларға жан берген» дейді.


АДАМ АЯҒЫНДА 200-ге ЖУЫҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ ТІРШІЛІК ЕТЕДІ

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, біздің аяғымызда 200 жуық әртүрлі саңырауқұлақтың түрлері мекендейді екен. Сондай-ақ денеміздің басқа да бөліктерінде, мысалы құлағымыздың артында да тіршілік ететін саңырауқұлақ түрлері болады. Бірақ мамандардың дәлелдеуінше, дегенмен де олардың ең көп кездесетін жері аяқ саусақтарының арасы дейді. Өткен жылдың 22 мамырында жүргізілген тәжірибе қазірге өзінің ең түпкілікті екендігін растады. Шамамен бұл саңырауқұлақтардың жартысынан көбі адам ағзасына кері әсер етеді. Олардың барлығы терінің бетінде тіршілік етіп олардың зақымдануына себепші болады. Эксперимент нәтижесі саңырауқұлақтар туғызған тері ауыруларын емдеудің жаңа жолдарын табуға мүмкіндік бермек. Басты назар аударатыны ,егер иммундық жүйе әлсіреген және адам антибиотиктер қабылдап жүрген болса саңырауқұлақпен залалдану қаупі артады. Әрине бұл жағдайдан шығудың да жолдары бар. Сондай- ақ зерттеу мәліметтері көрсеткендей саңырауқұлақ залалдануынан пайда болған ауырулардың тұқым қуалайтындығы болып отыр. Саңырауқұлақтың ағзадағы дамуы әр адамда әртүрлі, ағзаның жекелей ерекшелігіне байланысты болады. Зерттеудің нәтижесі адам ағзасының кейбір қасиеттері инфекцияның тез дамуына бейім екендігін анықтап отыр. Американдық ғалымдар жүргізген тәжірибеге 10 денсаулығы мықты ересек адам қатынасты. Зерттеушілер емделушілердің терісі мен басқа да бөліктеріндегі саңырауқұлақтың генетикалық материалын талдауға мүмкіндік берді. Нақты нәтижелерге жету үшін биологтар, аяқтан, қолдан, арқадан, мұрын қуысынан, алақаннан т.б саңырауқұлақ үлгілерін алды. Эксперимент арқасында ғалымдар бұрын білмеген адам денесінде тіршілік ететін микроағзалар жайлы базалық болжамдар алды. Соның ішінде зерттеу көрсеткендей алынған үлгілердің ішінен ең көп саңырауқұлақтың түрлері аяқ саусақтарының арасында болатындығы еді. Мұның себебі бактериялар дисбаланысы микроағзалардың тез таралуына негіз болатындығында дейді зерттеушілер.














Дискриптор

Ұпай

саны

Сабақта

жинаған ұпай саны

Бағалау

нормасы

1

Оқушылардың көңіл - күйіне

1






21 - 25 ұпай

«5» баға





20 – 14 ұпай

«4» баға





13 – 5 ұпай

«3» баға

2

Үш тілді меңгеруіне

(мақал –мәтел сайысы)

3


3

Суреттер құрастыру

(Адам қаңқасы)

3


4

Жаңа сабақты меңгеруіне

(топпен жұмыс) Постер қорғау


5


5

Сүйек картасын толтыру

(АҚТ жұмыс)

3


6

100 қадам - 10 нақты сұрақ

1


7

Блум таксономиясы

(жеке жұмыс)

3


8

Сергіту сәті (Кел билейік)

1


9

Зертханалық жұмыс № 8

4


10

Рефлекция

1





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров183
Номер материала ДВ-385407
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх