Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Конспекты / Адам. Қоғам. Құқық. 11 cынып Сабақ жоспары.

Адам. Қоғам. Құқық. 11 cынып Сабақ жоспары.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_7ccaa051.gifhello_html_532ba7a3.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 1. Философия ұғымы

Сабақтың мақсаты: Философия сөзіне анықтама беру.

Сабақтың міндеттері:

  • «Әлем эволюциясы» ұғымына қысқаша түсінік бере отырып, философиялық танымның ерекшелігіне, негізгі мәселелеріне, материализм мен идеализмнің айырмашылықтарын анықтау.

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, белсенділігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.

  • Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: пікір алмасу

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: /Адам мәселесі/

  • Адамның жануарлардан мәнді айырмашылығы неде?

  • Қазіргі кезеңдегі экологиялық дағдарыстың себебі адамның табиғатқа қатысты менмендік көзқараспен өктемдік жүргізуде тырысуынан болып жатыр деген пікірлерді жиі естуге болады. Бұған қалай қарайсыңдар?

  • Адам өмірінің мән-мағынасы туралы не ойлайсыңдар?

  • Адам мәселесіне қатысты түрлі көзқарастарға қысқаша сипаттама беріңдер

  • Адамның шығу тегіне қатысты материалистік және идеалистік көзқарастардың қайсысын жақтайтындарыңды айтыңдар.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. «Табиғат», «Әлем», «Дүние» ұғымдары

  2. Дүниенің ғылыми және философиялық суреттемесі

  3. Философияның негізгі суреттемесі. Материализм және иеализм. Монизм және дуализм.

  4. Философия пәні және оның салалары

Сабақты бекіту:

  • «Әлем эволюциясы» ұғымына қысқаша сипаттама беріңдер

  • Философиялық танымның ерекшелігі неде?

  • Философияның негізгі мәселесін атаңдар

  • «Материализм» және «идеализм» ұғымдырын салыстыра отырып, олардың қарама-қарсы мазмұндарын анықтаңдар

  • Төмендегі кестені толтырыңдар

Философияның негізгі салалары

Зерделейтін пәндері





Бағалау:

Үйге тапсырма: конспектіні оқу. Кестені толтыру.

11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 2. Философия ой-сапа мектебі

Сабақтың мақсаты: философия мектептеріне өз үлестерін қосқан ғұламалар жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

  • Философиядағы «материя», қозғалыстың философиялық мәніқозғалыс және оның мәні, шексіз және мәңгілік дүние ұғымдары туралы түсінік беру.

  • Оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін шыңдау.

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Әдісі: әңгіме

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Табиғат», «Әлем», «Дүние» ұғымдары

  2. Дүниенің ғылыми және философиялық суреттемесі

  3. Философияның негізгі суреттемесі. Материализм және иеализм. Монизм және дуализм.

  4. Философия пәні және оның салалары

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Философиядағы «материя» ұғымы

  • Левкипп

  • Демокрит

  • Ленин

  1. Қозғалыстың философиялық мәніҚозғалыс және оның түрлері

  2. Шексіз және мәңгілік дүние

  • Кеңістік-материяның объектівтік, яғни адам сана-сезіміне тәуелсіз өмір сүру формасы


Кеңістіктің екі тұғырнамасы мен оның сипаттамалары

Тұғырнама

Сипаттамалар



Сабақты бекіту:

  • «Қозғалыс» ұғымының философиялық мәні неде?

  • Қозғалыстың түрлерін атай отырып, оны белгілі ұстанымдар бойынша топқа бөліңдер

  • А.Эйнштейннің салыстырмалық теориясының қағидаларына қалай қарайсыңдар, олар сендердің көкейлеріңе қона ма?

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: конспектіні оқу

11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 3. Адам – философияның басты мәселесі

Сабақтың мақсаты: Адам өмірінің мәнін философиялық тұрғыда қарастыру.

Сабақтың міндеттері:

  • Адам мәселесі, адам мәселесінің мәні, шығу тегі, өміріні мәні туралы айту;

  • «Адам» сөзінің мағынасын ажырата отырып, Құран-Кәрімнен, орта ғасырлардағы ғалымдардың адамның жаратылысы туралы ой –толғамдарын, ғылыми зерттеулерін оқушының бойында қалыптастыру.

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: әңгіме, баяндау

Көрнекілік: карта, кітаптар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Философиядағы «материя» ұғымы

  2. Қозғалыстың философиялық мәніҚозғалыс және оның түрлері

  3. Шексіз және мәңгілік дүние

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Адам мәселесінің қойылуы.

Сократ

Ф.Бэкон

К.Маркс

И.Кант

Қасиетті Құран-Кәрімде

2. Адамның мәні

    • Адам-жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің жасаушысы, тарихи үдерістің субъектісі, тілі мен ойы дамыған, саналы әрекет ете алатын қабілеті бар биопсихоәлеуметтік тірлік иесі.

    • Адам баласының ой-өрісі кеңейген сайын философияда тереңдей түсті. Философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты обьектифті факторларға сүйенеді.

3. Адамның шығу тегі

    • Ч.Дарвин

    • Ф.Энгельс

  1. Адам өмірінің мәні

  • Адам өмірінің мәні-сол өмірді бастан-аяқ адамша сүре білуде: адам болып туған екенсің, сол адамгершілікті, кісілікті сақтай білу, сол кісілік үдеден айнымау, адамдық пейіліңді мықтап ұстап, өмірдің әр сәтінде адам болып қала білу, қандай да бір шым-шытырық, қиын-қыстау жағдайларда да адамдық тұрғысынан таймай, өз кісілігіңді байыту, көркейту, жан-жақты дамыту, толыққанды шығармашылық күй кешу.

  • Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.


Сабақты бекіту:

  • Адамның жануарлардан мәнді айырмашылығы неде?

  • Қазіргі кезеңдегі экологиялық дағдарыстың себебі адамның табиғатқа қатысты менмендік көзқараспен өктемдік жүргізуге тырысуынан болып жатыр деген пікірлерді жиі естуге болады. Бұған қалай қарайсыңдар?

  • Адам өмірінің мән-мағынасы туралы не ойлайсыңдар?

  • Адам мәселесіне қатысты түрлі көзқарастарға қысқаша сипаттама беріңдер.

  • Адамның шығу тегіне қатысты материалистік және идеалистік көзқарастардың қайсысын жақтайтындарыңды айтыңдар.

Бағалау:

Үйге тапсырма: конспектіні оқу





































11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 4. Адам ойының ізденісі

Сабақтың мақсаты: Адамның үнемі ізденісте болуы, оның даму дәрежесін көрсететіндігі жайлы мәлімдеу.

Сабақтың міндеттері:

  • «Сана», сана мен ми, сана және тіл, сана құрылымысана және бейсаналық ұғымдары туралы түсінік беру;

  • Оқу материалын өнімді меңгеру, ақпараттар мен дәйектерді талдау қабілеттерін дамыту.

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Адам мәселесінің қойылуы.

  2. Адамның мәні

  3. Адамның шығу тегі

  4. Адам өмірінің мәні

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. «Сана» ұғымы

  2. Сана және ми

  3. Сана-қоғами-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің идеалдық нәтижесі болып табылады.

  4. Сана және тіл

  5. Сана құрылымы

  6. Сана және бейсаналық

  • Бейсаналық дегеніміз-адам анасына жетпейтін, яғни сана бетіне шықпайтын, сана елегіне ілінбейтін белсенді психикалық күйлер, үдерістер, қимылдар жиынтығы.

Сана құрылымының екі деңгейі

Сезімдік бейнелеу

Рационалдық







Сабақты бекіту:

  • Сана туралы түрлі көзқарастарды салыстырып, өздерінің көкейлеріңе қонымдысын атаңдар. Сананың айқындамасын жазып алыңдар

  • Сана мен мидің айқындамасын қалай түсінесіңдер

  • Тіл мен ойлау арасындағы байланыстарға қысқаша сипаттама беріңдер

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: конспектіні оқу

11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 5. Табиғатқа философиялық көзқарас

Сабақтың мақсаты: адамның табиғатқа деген философиялық көзқарастарын анықтау.

Сабақтың міндеттері:

  • Таным, таным теориясының негіздерітаным объектісі және субъектісі, ғылыми таным, ғылыми танымдағы әдіс мәселесінің философия тарихында қойылуы туралы айту;

  • Оқушылардың философиялық, шығармашылық қасиеттерін шыңдау.

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: әңгіме, пікіраламасу

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Сана туралы түрлі көзқарастарды салыстырып, өздерінің көкейлеріңе қонымдысын атаңдар. Сананың айқындамасын жазып алыңдар

  • Сана мен мидің айқындамасын қалай түсінесіңдер

  • Тіл мен ойлау арасындағы байланыстарға қысқаша сипаттама беріңдер

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. «Таным» ұғымы

  • Таным деп адамдардың шындық туралы білімін қалыптастыратын, олардың шығармашылық қызметінің арнайы бір қоғамдық-тарихи үдерісін айтамыз.

  1. Таным теориясының негіздері

  • Иммунал Кант-неміс философы, классикалық неміс идеализмінің негізін салушы. Ол біздікінен басқа галактикалар бар екенін, жердің тәуліктік айналуының баяулайтынын болжап айтты. Оның пайымдауынша, қарама-қарсы шешімдер тең дәлелдермен негізделеді: әлемнің шегі бар және жоқ; Құдай бар және жоқ; адам бір мезетте еркін және еркін емес. Шығармалары: «Критика чистого разума», «Критика практического разума», «Критика способности суждения», т.б.

  1. Таным объектісі және субъектісі

  2. Ғылыми таным

  3. Ғылыми танымдағы әдіс мәселесінің философия тарихында қойылуы.

Сабақты бекіту:

  • «Таным» ұғымына қысқаша түсінік беріңдер.

  • Танымның түрлерін анықтаңдар

  • Таным объектісі мен субъектісіне сипаттама беріңдер

  • Сенсуализм мен рационализм, эмпиризм мен рационализм арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңдер.

  • Ғылыми танымның екі деңгейіне сипаттама беріңдер

Бағалау: өзін-өзі. Үйге тапсырма: конспектіні оқу

11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 6. Жаратылыстану ғылыми білімдердің философиялық мәселелері

Сабақтың мақсаты: жаратылыстану ғылымын негіздеген ғалымдар жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

  • Философ ғалымдардың қалдырған құнды еңбектерімен таныстыру.

  • Адам және қоғам туралы ежелгі аңыздар, шығыс философтарының ежелгі дүние және адам туралы ой пікірлері, грек ойшылдарының пайымдаулары, Қорқыттың қоғам туралы ой толғамдары туралы айта отырып, белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру;

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Таным» ұғымы

  2. Таным теориясының негіздері

  3. Таным объектісі және субъектісі

  4. Ғылыми таным

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Адам және қоғам туралы ежелгі аңыздар.

  2. Шығыс философтары ежелгі дүние және адам туралы.

  3. Ежелгі грек ойшылдары адам және қоғам туралы

  • Платон (б.з.б. 428-348 жж)-ежілгі грек философы, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диологтардың авторы. Шығармалары: «Парменид», «Мемлекет», т.б.

  • Аристотель (б.з.б. 384-322 жж.)- ежелгі грек философы, логиканың және көптеген өзге ғылымдардың негізін қалаған энциклопедияшыл ғалым. Платонның шәкірті. Шығармалары: «Саясат», «Метафизика», т.б.

  1. Қорқыт ата тәлімі

  • Қорқыт-ҮІІІ ғасырда өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпасының ұлы философы. Мәңгілік өмір және өлім философиясын жасаушы. Негізгі шығармасы-«Қорқыт ата кітабы»

Сабақты бекіту:

  • Аңыздарда сипатталғандар қазіргі заманғы адамдардың санасынан орын алуы мүмкін бе? Оның себебін немен түсінуге болады?

  • Шығыс және Батыс ойшылдарының мемлекет, қоғам, ондағы адамның орны туралы ойларын салыстырып, олардағы үндестікті табыңдар.

  • Аристотельдің меншікке, байлыққа, билікке, орта тапқа қатысты ойларын қазіргі тұрғылармен салыстырыңдар.

Бағалау: өзін-өзі. Үйге тапсырма: конспектіні оқу

11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 7. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: І бөлімде өткен материалдарды қорытындылау

Сабақтың міндеттері:

  • Философия ұғымы, адамның мәні, табиғатқа философиялық көзқарас, философия мектептері тақырыптары туралы, яғни І тарау материалдарын қайталату, пысықтау.

  • Оқушылардың бойында логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: әңгіме, пікіраламасу

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Адам және қоғам туралы ежелгі аңыздар.

  2. Шығыс философтары ежелгі дүние және адам туралы.

  3. Ежелгі грек ойшылдары адам және қоғам туралы

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Философия ұғымы

  2. Философия ой-сапа мектебі

  3. Адам мәселесі

  4. Табиғатқа философиялық көзқарас


Сабақты бекіту:

  • Сұрақ-жауап

  • Пресс конференция

  • Ой қозғау.

  • Венн диаграммасы


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді







Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: І тоқсан материалдарын қайталау.






Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 8

Күні:

Тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде

Сабақтың мақсаты: Әлеуметтану ғылымының басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсету

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Тақырыптың негізгі идеяларын түсіндіру.

Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін дамыту

Тәрбиелік: Өзара көмек қасиеттерін, бірліктерін арттыру

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау, әңгімелеу

Көрнекілігі: кесте


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І тарау материалдарын қайталау

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Әлеуметтану ғылымы

  2. Әлеуметтанудың пәні мен объектісі

  3. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары

  4. Әлеуметтік ғылымның деңгейлері


    1. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.


    1. Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.

Әлеуметтік заң – бұл әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік әлеуметтік әрекеттерінің жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы.Әлеуметтік заңдар тек үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана айқындалады және статистикалық сипатқа ие болады.

    1. Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды – әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге аасырылады. Әлеуметтану ғылымының 3 деңгейі ажыратылады:

1) жалпы әлеуметтік қағида;

2) арнайы әлеуметтік қағида;

3) нақты әлеуметтік зерттеу (эмпирикалық зерттеу) – бұл әлеуметтік білімнің эмпирикалық деңгейін белгілейді. Бұл деңгейлер әлеуметтік білімнің вертикальды білім срезін құрайды. Көлденең срезі қоғамның жеке өмір әрекет салаларын зерттейтін, салалық әлеуметтанудың саның құрайды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Әлеуметтану ғылым ретінде басқа ғылымдардан айырмашылығы қандай?

  2. Әлеуметтанудың объектісіне не жатады?

  3. Әлеуметтану ғылымы қандай қағидаларға сүйенеді?

  4. Әлеуметтік заңдылықты түсіндіріп бер.

V. Үй тапсырмасын беру: Әлеуметтану ғылым ретінде

VI. Бағалау.




















11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 9. Әлеуметтанулық білім

Сабақтың мақсаты: әлеуметтану ғылымының негізін ашып көрсету.

Сабақтың міндеттері:

  • Әлеуметті зерттейтін ғылым-социология туралы, оның басқа ғылымдармен байланысы, бұл ғылымның атқаратын қызметі туралы оқушыларға егжей-тегжейлі жеткізу;

  • Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: әңгіме, жаңа мәлімет беру

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Әлеуметтану ғылымы

  2. Әлеуметтанудың пәні мен объектісі

  3. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары

  4. Әлеуметтік ғылымның деңгейлері

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Әлеуметті зерттейтін ғылым.

  • Тұтас қоғамның және әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасу заңдылықтарын, қызметі мен дамуын зерттейтін ғылым.

  • Конт Огюст (1798-1857 жж) француз философы, социолог, методолог, ғылымды насихаттаушы, позитивизмнің негізін салушы.»Социология» терминін ғылыми айналымға енгізе отырып,, қоғамдық өмірде болып жататын құбылыстарды философия тарихы мен тарихи фактографияның ақылға салатын топшылауларынан және саяси-құқықтық ойлардың түрлі эмпириялық шолуларынан өзгеше ғылыми зерттеуді ұсынды.

  1. Социологияның өзге ғылым салаларымен байланысы

  2. Социология ғылымының атқаратын қызметтері

  3. «Социум» ұғымы

  • Адамдардың өмірлік қызмет жағдайларының бірлігі және мәдениеттің ортақтығы мен сипатталатын үлкен және орташа әлеуметтік қауымдастық.

Сабақты бекіту:

  • Социологияның қандай ғылым екендігін, оның нені зерттейтінін анықтау.

  • «Социология ғылымының атқаратын қызметтері» деп аталған тақырыпшадағы ғылым салаларының нені зерттейтінін айтыңдар.

  • «Социум» ұғымы нені білдіреді?

Бағалау: өзін-өзі.

Үйге тапсырма: конспектіні оқу


11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 10. Қоғам-өзара байланыс жүйесі

Сабақтың мақсаты: адамның қоғамда алатын орнын айқындау.

Сабақтың міндеттері:

  • Еңбек қоғамы,Томас Мордың, К.Маркстың қоғам туралы ойлары, идеялары, ашыө және жабық қоғамдар, орта тапты қоғам құру идеялары туралы оқушыларға түсіндіру;

  • Белсенділігі жоғары азамат қалыптастыру;

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Әдісі: дәріс

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Әлеуметті зерттейтін ғылым

  • Социологияның өзге ғылым салаларымен байланысы

  • Социология ғылымының атқаратын қызметтері

  • «Социум» ұғымы

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Еңбек қоғамы.

  • Шотланд экономисі әрі философы Адам Смит (1723-1790 жж.)

  • Әркім өізі үшін еңбек ете отырып, өзгелер үшін де тер төгуге мәжбүрленеді және керісінше, өзгелер үшін еңбек ете отырып,, өзі үшін де еңбектенеді.

  • Адамдар эмоциясындағы басты нәрсе-әділдік, өзгелерге нұқсан келтіріп алмауды түсіну болып табылады.

  1. Әділетті қоғам жолында

  • Т.Мор

  1. Қоғам туралы маркстік ілім

  2. Ашық қоғам және жабық қоғам

  • Ашық қоғам-сыртқы ортадағы ахуалға бейімделіп отыратын, сыншыл рух жайлаған, үнемі өзгеріп, жаңарып отыратын, десократиялық қоғам.

  • Жабық қоғам-дамудың жоғарырақ сатысында тұратын, өзге қоғамдармен қатынасы мейлінше шектеулі, догматикалық идеялар ұстанған, авторитарлы қоғам.

  1. Тұтынатын қоғам

  2. Молшылық қоғам


Сабақты бекіту:

  • А.Смит алға қойған мақсаттардың қайсысы осы күнге дейін өзектілігін жойған жоқ, қайсысы ескірді деп ойлайсыңдар?

  • Сен-Симон мен Фурьенің және олардың ізбасарларының ілімдерін неге утопиялыққа жатқызады? Олар көтерген бағалы идеяларды көрсетіңдер.

  • Марксизмнің пайда болуына ХІХ ғасырдың ортасындағы қоғамдық тарихи-даму үдерісіндегі нақтылы жағдай әсер етті дегенге қалай қарайсыңдар?

  • Тұтынатын қоғам деген не?

  • Молшылық қоғам мен орта таптық қоғым ұғымдарын салыстырыңдар.

  • Ашық және жабық қоғамның белгілерін саралай отырып, қазіргі көршілес Ресей, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан елдеріне осы ұғымдар тұрғысынан сипаттама беріңдер.

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: конспектіні оқу













































11-сынып. Адам. Қоғам. құқық

Сабақтың тақырыбы: 11. Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық

Сабақтың мақсаты: әлеуметтік стратификация ұғымын түсіндіру

  • Әлеуметті стратификация туралы, оның басқа ғылымдармен байланысы, бұл ғылымның атқаратын қызметі туралы оқушыларға егжей-тегжейлі жеткізу;

  • Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: әңгіме, пікіраламасу

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Еңбек қоғамы

  • Әділетті қоғам жолында

  • Қоғам туралы маркстік ілім

  • Ашық қоғам және жабық қоғам

  • Тұтынатын қоғам

  • Молшылық қоғам

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Әлеуметтік стратификация ұғымы

  2. К.Маркс бойынша таптарға бөлу

  1. Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:

  • касталар;

  • сословиелер;

  • таптар.

Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе

  1. Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады

  2. жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. 

2. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар

  • жоғары орта тап:

  • орта таптың орташасы:

  • төменгі орта тап.

Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр. Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. 

Сабақты бекіту:

  • әлеуметтік стратификация деген не?

  • Орта тапты нешеге бөледі?

  • Стратификациялық жүйеге анықтама бер

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: конспектіні оқу





































Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 12

Күні:

Тақырыбы: Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар

Сабақтың мақсаты: Жеке адамның қалыптасу процесіне әсер ететін факторларды атап беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Әлеуметтік факторлардың тұлғаға әсері туралы түсінік беру, құрылу жолдарына тоқталу.

Дамытушылық: Әлеуметтік білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Қазіргі заманға сай заманауи азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: дискуссия

Көрнекілігі: кесте


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Әлеуметтік стратификация ұғымы

  2. К.Маркс бойынша таптарға бөлу

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін орта

  2. Тәрбиелеу-тұлға қалыптасуының негізгі жолы

  3. Тұлға қалыптастырудың құралы-мектеп

  4. Индивид қалыптастырудағы ұжымның ролі

  1. Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.


  1. Тәрбиелеу дегеніміз тұлғаны қалыптастыруға бағытталған адамдардың арнайы әрекеті.Жеке тұлға қалыптасуындағы тәрбиелеудің орны ерекше. Тәрбиелеу сөзінің тар мағынасына-оқытушының талап қою жүйесін айтамыз. Үйде қатаң тәртіп, бұл баланың бойында ұқыптылық пен жинақтық қалыптасады.

Рухани адамгершілік тәрбиесінде тәрбиеші оқушыны тұлға ретінде таниды:

-бұрынғысы;

-қазіргісі;

-болашағы.

3. Оқу, білім алу, қоршаған ортаны тану тұлға қалыптастырушы фактор.Жеке тұлға қалыптастырудағы мектептің ролі ерекше. Біздің мектебімізде- ұстаздар қауымының мақсаты: оқушылардың «субъект- субъект», «Субъект-қоғам» циклін құру. Оқыту белгілі бір шарттар арқылы тұлға қалыптастырады. Олар:

  • Бірінші, білім ғылыми тұрғыдан баяндалса әлемді оқушыларға дұрыс сипаттайды.

  • Екіншісі, баяндалып жатқан білім күрделі дидактикалық талқылаудан өтіп, саралануы керек.

  • Үшіншіден, оқыту процессінде оқушылар алған білімі жүйеленіп, біртекті мағлүмат берілуі қажет.

  • Төртіншіден, оқыту барысында қатысушалардың тәжірибелік және кәсіби шеберлігі дамытылады.

4. Ұжым дамып жатқан кезде ғана жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Кеңестер Одағы кезінде «ұжым» ұғымы кеңінен қолданылды. Сол себепті олардың топ болып, ауызбіршілікке келіп жұмыс атқаруы маңызды болды. Ұжым дегеніміз белгілі бір мақсаттар мен әрекеттер арқылы нәтижеге жету. Ұжымдағы тәртіп дегеніміз-әрбір жеке тұлғаның өзіндік құқығын белгілеу арқылы жүзеге асыру. Жоғарыда аталған талап негізінде қоғамдық ой-пікір қалыптасады және ескеріледі.

Қоғамдық пікір ұжымдағы жеке тұлғаның әлеуметтік нормаларының қалыптасуына әсер етеді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сыныпты 2 топқа бөліп, «Оқушыға тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік факторлардың» тағы қандай түрлерін қосуға болатыны жайлы дискуссия құру.

V. Үй тапсырмасын беру: Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар

VI. Бағалау.


















Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 13

Күні:

Тақырыбы: Қазіргі әлемдегі этникалық көптүрлілік

Сабақтың мақсаты: Қазақстан үшін этникалық көптүрліліктің маңыздылығын көрсету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Этнос ұғымы, этникалық топтар мен этникалық көптүрлілік туралы жаңа мағлүмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Қазіргі заманға сай заманауи, толерантты азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа мәлімет

Көрнекілігі: конспект


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін орта

  2. Тәрбиелеу-тұлға қалыптасуының негізгі жолы

  3. Тұлға қалыптастырудың құралы-мектеп

  4. Индивид қалыптастырудағы ұжымның ролі

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Этнос ұғымы, этноним

  2. Этнопсихология

  3. Этникалық ассимиляция

  4. Этноцентризм

  5. ҚР-да этникалық көптүрлілік

«этникалық көптүрлілік – адамзат

тіршілігінің тиімді формасы»

Л.Н.Гумилев

  1. Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ".

Этноним - қандай да бір этникалық топ атауы. Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.

Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.


  • Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.

  • Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады.

  1. Этнопсихология - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық] - әлеуметтік және саяси психологияның құрамдас бөлігі; адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез- құлқын, ұлттық сана-сезім қызметі мен заңдылықтарын, этникалық стереотиптерді зерттейтін пәнаралық бағыт. Ұлттық психологиядағы бастысы "ұлттық рух" деп қараған М.Лаңарус пен Х.Штейнталь (1860) "халықтар психологиясы" мектебінен бастау алады. XX ғ. басында бұл идеяларды В.Вундт "халықтар психологиясында" жалғастырды. Қазіргі этнопсихология тақырыбы тұрғысынан да, әдістері жағынан да біртүтас емес.

  2. Этникалық сіңісу (этникалық ассимиляция) - бір этнос өкілдерінің сол ортада тұратын басқа этникалық топтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сіңіріп, нәтижесінде өздерінің төл мәдениетінен, тілінен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен айырылып, этникалық тиесілік санасының өзгеруі. Этникалық сіңісудің күшейіп, қарқын алуында элем, аймақ, мемлекет халықтарын интернациоландыру шешуші рөл атқарады. Бұл процесс көбіне бытыраңқы орналасқан этностарда аса қарқынды жүреді. Нәтижесінде этнос басқа этностың құрамын толықтырып, соларға "сіңіп" кетеді. Этникалық сіңісудің күшеюінің тағы бір арнасы - ұлттықаралас некенің көбеюі.

  3. Этноцентризм - [грек, ethnos - тайпа, халық, centrum - шоғырлану, орталық] - адамның өмірдегі барлық құбылыстарды өз этникалық тобының құндылықтарымен өлшеп, бағалауға бейімдігі; өз өмір салтын артық көріп, басқаларға таңу. Ұғымды 1883 ж. Л.Гумплович енгізіп, 1906 ж. У.Г. Самнер дамытты. Оның пікірінше, этникалық топтың ішіндегі қатынастар мен топаралық қатынастардың арасында айырмашылық алшақ. Егер топтың ішінде жолдастық және ынтымақтастық басым болса, топтар арасында күдікті, шүбәлі, күмәнді және жауласу басым. Этноцентризм бір жағынан этникалық топтың бірлігін қалыптастырып, көрсетеді. Қарабайыр деңгейде басқа этникалық топтарға салқын қарайды.Этноцентризм идеология ретінде - ұлттық-этникалық санасезімнің теориялық деңгейі дамуының өнімі.

  4. Әлемдік тарихтың қиын кезеңдерінде бостандыққа қол жеткізген жас тәуелсіз республика ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершілік-этикалық қағидалар мен өмірлік ұстанымдарға негізделген рухани байлыққа бай Қазақстанның поликонфессионалды халқына айналады.

«Біздің әр алуан ұлттар мен ұлыстар арасында өмір сүретіндігіміз – тағдырдың тартуы. Басты мақсатымыз – гүлденген көпұлтты мемлекет құрғымыз келсе, біз гуманизм, этникааралық толеранттылық қағидаларын ұстануымыз қажет»,- деп атап өтті Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Ежелгі қазақ жері қазіргі таңда 140 этнос пен 17 конфессия өкілдерінің жылы ұясына айналып отыр. Ел халқының басым бөлігінің біртекті бағдарын жасауды, этникааралық келісім мен өзара сыйластық толеранттылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт тіршілік кешуінің бай, тарихи тәжірибесі жинақталған.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. «Ұлт», яғни этнос ұғымын түсіндір

  2. Қазақ жерінде қанша ұлт өкілдері мекен етуде?

  3. Елбасымыз ұлттардың татулығы мақсатында қандай ассамблея өткізеді?

V. Үй тапсырмасын беру: Қазіргі әлемдегі этникалық көптүрлілік

VI. Бағалау.




Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 14

Күні:

Тақырыбы: Қазіргі діни жағдай

Сабақтың мақсаты: Қазіргі әлемде еліміздің діни ахуалына сипаттама беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Қоғамда діни көзқарастың қалыптасуына әсер ететін діни ағымдар, діннің өзі жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық: Дін туралы білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Қазіргі заманға сай заманауи, толерантты азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: әңгіме, баяндау

Көрнекілігі: оқулық


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Этнос ұғымы, этноним

  2. Этнопсихология

  3. Этникалық ассимиляция

  4. Этноцентризм

  5. ҚР-да этникалық көптүрлілік

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Қазақстандағы қазіргі діни ахуалы

  2. ҚР-дағы діни қауымдастықтардың сан-алуандығы

  3. Қазіргі кездегі діни экстремизм мәселесі


  1. Тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады: дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдарының күшеюімен бірге қазіргі Қазақстан үшін беймәлім, жаңа “дәстүрлі емес” діни ұйымдар пайда болды. Атап айтар болсақ, пресветериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай-ақ “Агапе” “Жаңа аспан” сияқты протестанттық шіркеулер, “Бахаи” “Сайтан шіркеуі”, “Саентология шіркеуі” сияқты діни бірлестіктер көріне бастады.

Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниттік, 2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар.

Жалпы, діннің оның барлық кө­ріністеріндегі әлеуеті әлемдік деңгейде артып отырғандығы ақиқат, сол себепті дін саласына жіті көңіл бөлу - тек біздің елімізде ғана емес, барлық мемлекеттерде жүзеге асып жатқан үдеріс.

Жалпы Қазақстан аумағында діни танымдық түсніктердің маңыздылығы өскен олардың серпіні мен ерекшеліктері мынадан көрнеді:

  • әлеуметтік-саяси өмірдің көптеген саласында діннің әсері күшеюде;

  • халықтың көлемді тобының күнделікті өміріне діни бірлестіктердің әсері өсуде;

  • діни білім саласы дамып, оның қаржы және материалдық базасы нығаюда;

  • шет елдерден келген діни бірлестіктердің Қазақстандағы миссионерлік және насихаттау әрекеттері жандануда

  1. 1989 ж. 1 қантарында Қазақстанда 671 діни бірлестік, 20 конфессия мен деноминациялар болды. 20 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсіп, 2011ж. 1 қаңтарында 4479 жетіп, ал конфессиялар мен деноминациялар саны 40-тан асып кетті. Қазіргі уақытта 3200-ге жуық мешіт, шіркеу, ғибадатханалар жұмыс істейді. Діни бірлестіктердің жалпы санында келесілер бар: ислам – 2756, Орыс православие шіркеуі – 303, рим-католиктік шіркеу – 84, протестанттық және жаңа діни ағымдар – 1301. Діни бірлестіктерге 3377 діни ғимараттар тиесілі, олардың ішінде 2416 – мұсылман мешіттері, 269 – православие шіркеулері, 88 – католиктік костелдер, 5 – синагога, сондай-ақ басқа да протестанттық және т.б. шіркеулер. Елде 8 жоғары (оның ішінде 2 исламдық, 1 католиктік, 1 лютерандық, 4 протестанттық), 6 арнаулы орта және 3 жалпы білім беретін рухани оқу орындары бар. Сондай-ақ ірі мешіттер жанынан ашылған курстар мен шіркеу жанынан ашылған жексенбілік мектептер бар. Осы таңда республикада 20 елден келген 400-ге жуық шет елдік миссионерлер жұмыс жасауда. Алайда, миссионерлердің ісі мен әрекеттеріне, олардың бағдарламаларына Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне сай құқықтық, ғылыми және өркениеттік мәндегі сараптамалар жасау қажет екендігін айту керек. Жалпы Қазақстан аумағында діни танымдық түсніктердің маңыздылығы өскен олардың серпіні мен ерекшеліктері мынадан көрнеді.

  • Елімізде 17 діни конфессия бар

  • 3088 діни бірлестік қайта тіркелді

  • 2228 мешіттер

  • 269 православ шіркеуі

  • иудаизм бірлестігі

  1. Қазіргі жағдайда экстремистік бағыттағы ұйымдар мен топтардың террорлық актілерінің азғындық және адамға қарсы жақтары артып, оның сипаты күрделеніп, жалпы террорлық әрекеттердің кең етек жаюы байқалады. Бүгінгі күні діни лаңкестік өзінің ұйымдастырылуы және таралу ауқымына қарай басқа терроризм түрлерінен кем түспейді. Діни терроризмді таратушылар нақтылы бір діни және ұлттық құндылықтарды өз мақсаттарында кері ықпалды пайдаланатын діни-саяси экстремистік ұйымдар. Діни экстремизм - мемлекеттің территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігін бұзуға, билікті күшпен алуға немесе мемлекеттік құрылымды күшпен өзгертуге бағытталатын әрекет.

Діни экстремистер Ислам діні мәнісін өз діни-саяси мақсаттарына жету үшін қарама-қайшы пікірде тұжырымдайды. Бұл әсіресе «жиһад» мәселесіне қатысты. Олар күш көрсетудің себебі «дінсіздер кінәсі» деп түсіндіреді. Сондықтан осы тұрғыдан алғанда, бұл қағида дінге сенушілердің әрекеттерін заңды деп табуға және мұның күштеу әрекеттерін жасауға түрткі болуына, басқаша айтқанда, «ислам экстремизмінің» әрекеттерін ақтап алуға мүмкіндік береді.

Елбасы 2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан халқына жолдауында діни экстремизмнің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін сақтауда қаншалықты маңызды екендігін: «Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Дінбасылар да ортақ алаңдаушылық білдіруде.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

«Діни экстремизммен қалай кұресуге болды?» тақырыбында сурет салу

V. Үй тапсырмасын беру: Қазіргі діни жағдай

VI. Бағалау.








11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 15. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: ІІ Бөлімде өткен материалдарды қорытындылау

Сабақтың міндеттері:

  • Әлеуметтану ғылымы, білім, әлеуметтік стратификация, тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар, этникалық көптүрлілік, өазіргі діни жағдай тақырыптарын қайталау.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: әңгіме, семинар

Көрнекілік: оқулық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қазақстандағы қазіргі діни ахуалы

  2. ҚР-дағы діни қауымдастықтардың сан-алуандығы

  3. Қазіргі кездегі діни экстремизм мәселесі

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Әлеуметтану ғылым ретінде

  2. Қоғам-өзара байланыс жүйесі

  3. Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық

  4. Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар

  5. Қазіргі әлемдегі этникалық көптүрлілік

  6. Қазіргі діни жағдай


Сабақты бекіту:

  1. Социологияның қандай ғылым екендігін, оның нені зерттейтінін анықтау.

  2. «Социум» ұғымы нені білдіреді?

  3. Стратификациялық жүйеге анықтама бер

  4. Қазақ жерінде қанша ұлт өкілдері мекен етуде?

  5. Елімізде неше ұлт өкілдері және конфессия бар?


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді







Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: қайталау.



Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 16

Күні:

Тақырыбы: Саясаттану ғылымы

Сабақтың мақсаты: Саясаттану ұғымы, қызметі, әдістері жайлы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Саясаттану ғылымы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың саяси өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа, танымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция

Көрнекілігі: оқулық, тірек сызбалар


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: қайталау

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Саясаттану – саясат туралы пән.

  2. Саясаттану әдістері

  3. Саясаттанудың қызметі


  1. Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:

  • саяси теория;

  • саяси институтгар;

  • саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;

  • халықаралық қатынастар.

Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.

  1. Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады.

  • Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

  • Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

  • Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді.

  • Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады.

  • Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. саясаттану ғылымының мақсаты неде?

  2. Саясаттану басқа ғылымдар сияқты қандай функциялар атқарады?

  3. Саяси ғылымның зерттеу объектілері?

  4. Саясаттанудың негізгі әдістеріне не жатады?

V. Үй тапсырмасын беру: Саясаттану ғылымы

VI. Бағалау.





















Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 17

Күні:

Тақырыбы: Саясаттанулық білім

Сабақтың мақсаты: Саясаттанулық білім негіздерін атап өту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: саясаттану білімдерінің негізін үйренумен қатар қазіргі заманғы

саясаттанымдық зерттеулер жүргізудің дағдыларымен танысу.

Дамытушылық: табиғи және қоғамдық үрдістерді алдын ала жорамалдау мүмкіндігін

арттыру.

Тәрбиелік: Саси әрекетте пайда болатын қатынаста қоғамдық белсенділікке баулу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция

Көрнекілігі: оқулық, кесте


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Саясаттану – саясат туралы пән.

  2. Саясаттану әдістері

  3. Саясаттанудың қызметі

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі

  2. Саясаттану парадигмалары

  3. Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл


  1. Саясаттанудың әлеуметтік ақиқат тұрғысындағы атқаратын қызметі. Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі. Атақты ойшылдардың көзқарастары, әлемнің түрлі аймақтары бойынша қарастырылатын әртүрлі ағымдардың, бағыттардың және мектептердің тарихи дамуының прогрессивтік кезеңдерінде қалыптасқан саяси ой-пікірлер. Марксизм-ленинизмнің бүгінгі саясаттану іліміндегі көрінісі мен оған берілген саяси баға.

Саясаттану тарихындағы идеялық-теориялық күрес. Мемлекет. Құқық, заң, билік, саясат, бостандық, әділдік және т.б. проблемалар бойынша күрес – идеялық-теориялық күрестің өзекті мәселесі.

Саясаттану парадигмалары

теологиялық

натуралистік

әлеуметтік

тиімді сыни

саясатты, билікті құ-дайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған.

саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, география-лық ортамен, биоло-гиялық және психо-логиялық ерекшелік-термен түсіндіреді

саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді.

саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді

Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.

  1. Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл - әлемдік тарихты өзіндік сипат пен жеке даму динамикасына тән жергілікті өркениеттер кезеңдерінен тұрады деп есептейтін тұжырымға негізделеді. Саясаттанудағы өркениетті тәсіл нақты қоғамның саяси ұйымын зерттегенде бірінші кезекте саяси өмірдегі өркениеттік, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қарастырады.

Бұл тәсілдің пайда болуы орыс ойшылы Н.Я. Данилевский (1822-1855) еңбектерімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Ресей және Еуропа" (1869) еңбегінде саяси ғылымда алғаш рет жергілікті мәдени-тарихи түрлері (өркениеттер) бар екенін теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Мәдени-тарихи түрлер бір-бірімен және сыртқы әлеммен үздіксіз күресте, бұл жағдайда қалыптасу, ер жету, қартаю және құлдырау сияқты табиғи дәуірлерді басынан кешіреді. Н.Я. Данилевский жеке, дербес құндылықтары бар 10 өркениетті көрсетеді. Әр мәдени-тарихи түрлер қоғамның саяси жүйесіне негіз болатын өзіндік идеалды, үлгіні қалыптастырады. Мінеки, осылай дүниежүзілік тарих өркениеттер мен оларға сәйкес саяси ережелердің кезекпен ауысып отыруынан тұрады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Саясаттану парадигмаларын атап бер.

  2. Әлеуметтік парадигмаға мысал келтір.

  3. Өркениеттік тәсіл дегенді қалай түсінесің?


V. Үй тапсырмасын беру: Саясаттанулық білім

VI. Бағалау.






























Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 18

Күні:

Тақырыбы: Саясат өнер ретінде

Сабақтың мақсаты: Саясатта қажет өнер, қабілеттілік жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың саясаттанудағы категориялық аппараттарды игеруі.

Дамытушылық: саясаттанымдық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын арттыру.

Тәрбиелік: Саяси іскерлік белсенділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция, дискуссия

Көрнекілігі: оқулық, кесте


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі

  2. Саясаттану парадигмалары

  3. Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Саясат өнер ретінде

  2. Саяси партияның даму кезеңдері

  3. Саяси партия қызметтері мен жіктелуі


  1. Саясат өнер ретінде - саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғары тәжірибелікті, асқан шеберлікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап-арбау да кездесіп жатады. Саясатты өнерге теңеуі де сондықтан. Дегенмен, басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.

  2. Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға

бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:

  • аристократиялық үйірмелер;

  • саяси клубтар;

  • көпшілік партиялар.

Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.

  1. Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:

  • а) маманданған;

  • ә) бұқаралық деп жіктейді.

Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:

1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;

2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;

3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;

4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.

Партияларды таптық негізде жіктеу:

  • жүмысшылар,

  • шаруалар,

  • буржуазиялық.

Саяси жүйедегі рөліне байланысты:

  • парламенттік,

  • сайлаулық,

  • жетекші

  • мақсаттық

IV. Жаңа сабақты бекіту.

«Саяси партиялардың қоғамдағы орны» тақырыбында дискуссия құру


V. Үй тапсырмасын беру: Саясат өнер ретінде

VI. Бағалау.




















Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 19

Күні:

Тақырыбы: Саяси мәдениет

Сабақтың мақсаты: Саясат пен мәдениет арақатынасын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Саяси мәдениет ұғымы, жіктелуі уралы білім беру.

Дамытушылық: салыстырмалы анализ жасау қабілеттерін дамытуға жағдай жасалады.

Тәрбиелік: саналылыққа, байыптылыққа, әлеуметік әділеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: әңгіме

Көрнекілігі: оқулық, тірек сызбалар


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Саясат өнер ретінде

  2. Саяси партияның даму кезеңдері

  3. Саяси партия қызметтері мен жіктелуі

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Саяси мәдениет түсінігі

  2. Саяси мәдениеттің жіктелуі

  3. Саяси мәдениет құрылымы


  1. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

  2. Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:


  1. Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Саяси мәдениетті қалай түсінесің?

  2. Саяси мәдениет қалай жіктеледі?

  3. Саяси мәдениеттің құрылымы қандай?

V. Үй тапсырмасын беру: Саяси мәдениет

VI. Бағалау.





































Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 20

Күні:

Тақырыбы: Жеке тұлға және саясат

Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның адамдық негізде қалыптасуына әсер ететін саяси факторлар жайлы мәлімет беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Жеке тұлғаны саяси қалыптастыру маңыздылығын түсіндіру, ақпарат беру.

Дамытушылық: Оқушыға тәрбиенің маңыздылығын жеткізе отырып, ақыл-ой қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәріс

Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау

Көрнекілігі: оқулық


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Саяси мәдениет түсінігі

  2. Саяси мәдениеттің жіктелуі

  3. Саяси мәдениет құрылымы

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Тұлға саяси субъект, объект ретінде

  2. Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі

  3. Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге араласуы


  1. Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.

Саяси сайлауларға азаматтардың саналы қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау – саяси қатынастардың барлық субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып табылады.

Қарапайым демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады.Сондықтан, саясаттың бас сүбъектісі адам деп аламыз.

  1. Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі - жеке түлғаның саяси мәртебесі мен саяси мәдениеті, саяси кәсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, деңгейі. М.Вебер саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш түрін көрсетеді. "Жағдайға байланысты, кездейсоқ" саясат - саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік, тіптен саяси акциялардың маз¬мұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады. "Қосымша" сая¬сат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар жүзе¬ге асырылады. Саясатпен "қосымша" айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады.

Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.

Осындай бір немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.

Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.

  1. Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттар арасында тығыз байланыс орнайды.

Саясатпен кәсіби айналыспайтын «орташа адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені , ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарынөз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек.Сонымен қатар ол саяси «ойындардың» ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Адамның саясаттағы орны қандай?

  2. Саяси сайлау процесіне жеке тұлға қатыса ала ма?

  3. Адамды саясаттың объектісі ретінде қарастыруға бола ма?

V. Үй тапсырмасын беру. Азаматтың саяси өмірге қатысуы

VI. Бағалау.























11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 21. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: ІІІ Бөлімде өткен материалдарды қорытындылау

Сабақтың міндеттері:

  • Саясаттану негіздері атты ІІІ бөлімде өткен «саясаттану дегеніміз не?» және «саясат және мәдениет» тарауларын қайталау.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту

  • Өзара көмек қасиеттерін, бірліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: әңгіме, семинар

Көрнекілік: оқулық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Тұлға саяси субъект, объект ретінде

  2. Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі

  3. Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге араласуы

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Саясаттану ғылымы

  2. Саясаттанулық білім

  3. Саясат өнер ретінде

  4. Саяси мәдениет

  5. Жеке тұлға және саясат


Сабақты бекіту:

  1. саясаттану ғылымының мақсаты неде?

  2. Саясаттану басқа ғылымдар сияқты қандай функциялар атқарады?

  3. Әлеуметтік парадигмаға мысал келтір.

  4. Саяси мәдениетті қалай түсінесің?

  5. Саяси мәдениет қалай жіктеледі?

  6. Адамның саясаттағы орны қандай?

  7. Саяси сайлау процесіне жеке тұлға қатыса ала ма?

  8. Адамды саясаттың объектісі ретінде қарастыруға бола ма?


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді







Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: қайталау.



Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 22

Күні:

Тақырыбы: Еңбек нарығы

Сабақтың мақсаты: Нарықтың негізгі халықтың әлеуметтік жағынан қарастыратын түрі еңбек нарығы туралы мәлімет беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Еңбек нарығы мәні, қатысушылары жайлы жаңа мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Іскерлік қарым-қатынасқа болашақ маман ретінде баулу.

Сабақтың түрі: презентация

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық

Көрнекілігі: схемалар, слайд


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен бөлімді қайталау

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Еңбек нарығы түсінігі

  2. Еңбек нарығының қызметі

  3. Еңбек нарығына тән қасиеттері

1) Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлері сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығында екі жақты байланыс болады: жұмыс күші иесі – еңбекті сатушы, жұмыс беруші – еңбекті сатып алушы. Еңбек нарығында жұмыс күшін сатушы мен сатып алушылар арасындағы қатынас заңды түрде – келісім-шарт арқылы және еңбек заңдарына сәйкес тіркеледі. Еңбек ұсынысы нақты жалащқы өскен сайын өсіп отырады.

Американ экономисі П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

-         халықтың жалпы санымен;

-         жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

-         белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

-         халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес. (Самуэльсон П. Экономика Т.1.М.: НПО «Алгон», 1992.)

2) Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.

Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.

3) Еңбек нарығына тән қасиеттер:

-         жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

-         әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

-         еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын және бірде-бір жұмысшының үстемдік ете алмауы;

-         жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағаланады.

Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін келесі шарттарды орындау керек:

-         қызметкерлер мен жұмыс берушілер экономикалық еркіндігі және қызметтегі тұрақтылығының сақталуы;

-         жұмыс берушінің жұмыс күшінің саны, сапасы жөнінде хабардар болуы, шешім қабылдау еркіндігі мен жұмыс күшін жұмысқа алу және жұмыстан босату құқығы;

-         жалақының өсуіне кедергінің болмауы, себебі ол сатып алушы мен сатушы арасындағы басты реттеуші болып табылады;

-         жұмыс күшінің еркін қозғалысы, оның қоғамдық қажеттіліктерінің өзгеруіне сәйкес біліктілігінің өзгеруі және миграциялық қатынасы.

IV. Жаңа сабақты бекіту.hello_html_m135bf148.png

  1. Еңбек нарығына анықтама бер.

  2. Еңбек нарығынығ ерекшелігі неде?

  3. Еңбек нарығы кімдердің арасындағы қарым-қатынасты зерттейді?

V. Үй тапсырмасын беру. Еңбек нарығы

VI. Бағалау.





Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 23

Күні:

Тақырыбы: Капитал нарығы және табиғат ресурстары

Сабақтың мақсаты: Нарықтың негізгі халықтың әлеуметтік жағынан қарастыратын түрі еңбек нарығы туралы мәлімет беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Капитал нарығы, табиғат ресурстары туралы түсінік беру, құрылу жолдарына тоқталу.

Дамытушылық: Экономикалық білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Нарықтық экономикаға сай заманауи азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа материалды меңгеру, дәріс, ұжымдық жұмыс

Көрнекілігі: кестелер


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Еңбек нарығы түсінігі

  2. Еңбек нарығының қызметі

  3. Еңбек нарығына тән қасиеттері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Капитал нарығы түсінігі

  2. Капиталдың түрлері

  3. Ресурстың бір түрі – табиғи ресурстың ерекшелігі


  1. Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.

  • Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.

  • Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.

Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

Негізгі капитал

Айналмалы капитал

  • бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал.

  • Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады.

  • өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады;

  • оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады


  1. Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.

Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Қазыналы рыноктағы терминдер. Тапсырманы әр топтың тез құру әрекетімен есептеледі.

1

Р

Р

У

С

С

Е


2

П

И

К

Т

Л

А

А

3

Р

Б

Ж

А

И



4

Р

Ы

Қ

Н

А



5

Л

И

Р

А

Т

М

А

6

О

К

Н

П

У



Ресурс, капитал, биржа, нарық, материал, купон.

V. Үй тапсырмасын беру. Капитал нарығы және табиғат ресурстары

VI. Бағалау.

















Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 24

Күні:

Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызмет негіздері

Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік ұғымына анықтама бере отырып, кәсіпкерлік іс-әрекетке үйрету.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Кәсіпкерлі туралы жаңа мағлұмат беру.

Дамытушылық: Іскерлік қабілеті жоғары кәсіпкерлікке үйрете отырып дамыту.

Тәрбиелік: Іскерлік қарым-қатынасқа болашақ маман ретінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: ойын технологиясын қолдану

Көрнекілігі: кесте


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Капитал нарығы түсінігі

  2. Капиталдың түрлері

  3. Ресурстың бір түрі – табиғи ресурстың ерекшелігі

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.

  2. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.

  3. Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері


1) Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерліктің түрлері

  1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.

  2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

  3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

  4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

2)

Формалар

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Жеке шаруашылық -бизнес, иесі бір адам.

  • Іс әрекеттің еркінділігі,

  • тәуелсіздік,

  • барлық пайдаға ие болу

  • Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі,

  • несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.

Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма:

  • жауапкершілігі шектеулі,

  • толық жауапкершіліктегі,

  • жауапкершілігі аралас серіктестік.

  • Ұйымдастырудің қарапайымдылығы,

  • қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл,

  • мамандандырылу-дың деңгейі жоғары,

  • өндіріс көлемін кеңейту мүмкіншілігі мол.

  • әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі,

  • серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі,

  • құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы,

  • бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.

Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық.

  • Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі,

  • фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қаймайды.)

  • Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі,

  • акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі,

  • кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

3) Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды. Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері:

  • тәуекел

  • белсенділік

  • тәуелсіздік

  • тапқырлық

  • жауапкершілік

  • белсенді түрде іздену

V. Жаңа сабақты бекіту.

«Сөз шектерін қос» ойыны

Сөз шектерін қосып, экономикалық терминдарді табу.

Сол бағанада экономикалық терминдердің басы, ал оң жақта соңы берілген. Сөз шектерін қосып, олардың мағынасын түсіндір.

ЭКО

КӘСІП

ПАЙ

КЕР

САУ

ПАНИЯ

ЖАР

КЕ

МЕН

ДА

ӨНЕР

ЛЯЦИЯ

КОМ

ЮТА

ИНФ

НАМА

ВАЛ

УАР

ТА

НУШЫ

ТҰТЫ

НЕС

БИЗ

ЛЕКЕТ

КӘСІП

ІС

ӨНДІР

НОМИКА

БӘСЕ

ПОЛИЯ

МОНО

ДА


V. Үй тапсырмасын беру. Кәсіпкерлік қызмет негіздері

VI. Бағалау.


Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 25

Күні:

Тақырыбы: Экономикалық дамудың негізгі принциптері

Сабақтың мақсаты: ҚР экономикасын дамытудың ерекшелігін түсіндіру, мағлұмат беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: ҚР экономикасынң даму кезеңдеріне тоқталып, жаңа мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту.

Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа сабақ меңгеру, баяндау, презентация

Көрнекілігі: слайдтар


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.

  2. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.

  3. Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. ҚР экономикасының даму кезеңінің алғашқы сатысы – тәуелсіздік кезеңі

  2. Қазақстан экономикасын дамытуда қолданған шаралар

1) Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:

2) Қазақстан экономикасының дамуыкезеңдері: 1993-1994 жж:

  • Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi;

  • өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы;

  • бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды;

  •  “рубль аймағынан” шығып, ұлттық валюта — теңгенi енгiзді (1993 ж. қараша);

  •  Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.

1995-1997 жж:

Тиімды жағы

Тиімсіз жағы

  • меншiктi қаржы рыногi құрылды,

  • банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды;

  • мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды,

  • мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi

  • әлеуметтік- демографиялық ахуалы күрт нашарлады,

  • халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi;

  • өмiрдiң ұзақтығы қысқарды;

  • бiлiм деңгейi төмендедi;

  • материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi,

  • жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi.

Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеуметтік, зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендiрiлдi, жер реформасын жүргiзу үшiн жағдай жасалды. Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергетикалық, 

металлургияхимиямашина жасауқұрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi.

Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 3%-ға жуық. Оңтүстік аймақта Станок жасау зауыты, Алматыда Ауыр машина жасау зауыты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солтүстік аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атындағы зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. ҚР экономикасын дамытуда қандай шаралар қолданылды?

  2. Қазақстан экономикасын даму сатыларына талдау жасаңдар.

V. Үй тапсырмасын беру. Экономикалық дамудың негізгі принциптері

VI. Бағалау.



































Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 26

Күні:

Тақырыбы: Экономикалық өсім ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай экономикалық ойлауын қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Экономикалық қсу жайлы жаңа мағлұмат беру, оқушылардың білімін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың бойында экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Нарықтық заманға сай бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа сабақ меңгеру, дәріс

Көрнекілігі: тірек сызбалар


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. ҚР экономикасының даму кезеңінің алғашқы сатысы – тәуелсіздік кезеңі

  2. Қазақстан экономикасын дамытуда қолданған шаралар

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Экономикалық өсу дегеніміз не?

  2. Экономикалық өсудің типтері

  3. Экономикалық өсудің факторлары


  1. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Экономикалық өсудің типтері





Экстенсивті

Аралас

интенсивті




  1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

  1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

  • жұмыс күшінің санының өсуі;

  • капиталдың көлемі өсуі.

  1. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.


Экономикалық өсудің факторлары:


Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

  • Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

  • Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

  • Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

  • Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

  • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

  • Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Экономикалық өсуге анықтама бер

  2. Экономикалық өсудің қандай типтері бар?

  3. Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар не?

V. Үй тапсырмасын беру. Экономикалық өсім ерекшеліктері

VI. Бағалау.




























11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 27. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 4-ші Бөлімде өткен материалдарды қорытындылау

Сабақтың міндеттері:

  • Экономикалық теорияға кіріспе атты ІІІ бөлімде өткен «Өндіріс факторларының нарығы мен факторлық кірістерді қалыптастыру» және «Ұлттық экономика және оның динамикасы» тарауларын қайталау.

  • Оқушылардың экономикалық ой-санасын қазіргі модульге сәйкестендіріп дағдыландыру

  • Экономикалық әрекетте пайда болатын қатынаста қоғамдық белсенділікке баулу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: әңгіме, семинар

Көрнекілік: оқулық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Экономикалық өсу дегеніміз не?

  2. Экономикалық өсудің типтері

  3. Экономикалық өсудің факторлары

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Еңбек нарығы

  2. Капитал нарығы және табиғат ресуртары

  3. Кәсіпкерлік қызмет негіздері

  4. Экономикалық өсу негізгі принцптері

  5. Экономикалық даму ерекшеліктері

Сабақты бекіту:

  1. Еңбек нарығына анықтама бер.

  2. Еңбек нарығынығ ерекшелігі неде?

  3. ҚР экономикасын дамытуда қандай шаралар қолданылды?

  4. Қазақстан экономикасын даму сатыларына талдау жасаңдар.

  5. Капитал нарығының ерекшелігі

  6. Табиғи ресурстарға не жатады?

  7. Экономикалық өсуге анықтама бер

  8. Экономикалық өсудің қандай типтері бар?

  9. Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар не?


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді







Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: қайталау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 28

Күні:

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы-құқықтық мемлекет

Сабақтың мақсаты: ҚР-ны құқықтық мемлекет ретінде қарастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Құқықтық мемлекет ұғымы, ерекшелігі туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Құқықтық мәселелерді негізге ала отырып, бірлестікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа сабақ меңгеру, дәріс

Көрнекілігі: тірек сызбалар


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

4 бөлімді қайталау

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.

2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде.

3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.


  1. Құқықтық мемлекет–бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға  жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:

1) мазмұнды жағы– адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;

2) формальды-заңды жағы–мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.

Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:

  • билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;

  • заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі және  тоқтатылуы мүмкін емес;

  • мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;

  • қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;

  • азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.

  1. Қағиданың басты талабы–саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өқілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.

  2. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға:

  • Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі,

  • мемлекеттің кез-келген деңгейдегі  лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы,

  • билікті асыра пайдаланғаны,

  • қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік,

  • азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі,

  • импичмент және т.б. жатады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі неде?

  2. Биліктің тармақталуы құқықтық мемлекетте маңыздылығы

  3. Тұлға құқықтық мемлекетте қандай орын алады?

V. Үй тапсырмасын беру. Қазақстан Республикасы-құқықтық мемлекет

VI. Бағалау.































Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 29

Күні:

Тақырыбы: ҚР мемлекеттік билік органдары

Сабақтың мақсаты: ҚР мемлекеттік билік органдарының ерекшелігін түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Президент, парламент, үкімет, сот билігіне анықтама беру.

Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін дамыту

Тәрбиелік: Өзара көмек қасиеттерін, бірліктерін арттыру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция

Көрнекілігі: тірек сызбалар


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.

2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде.

3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. ҚР мемлекеттік билік органдарының конституциялық жүйесі

  2. Президенттің мемлекеттегі ерекшелігі

  3. Парламент, Үкімет пен сот билігінің мәні


hello_html_m5590b8f8.png

  1. Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді. ҚР-сы Президенті:

  • халық пен мемлекеттік биліктің,

  • Конституцияның мызғымастығының,

  • адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентіне қойылатын талаптар:

  • Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұру қажеттігі

  • мемлекеттік тілді еркін меңгерген азамат

  • 40 жасқа толған азамат және т.б.

Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шеткеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.

Президенттің кезекті сайлауы заңға сәйкес желтоқсанның бірінші сәрсенбісінде өткізіледі.

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады


Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады.





Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғаз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.


Қазақстан Республикасы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы болып табылады. Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын, жалпы құзыреттерге ие алқалы орган болып есептеледі.

Сот билігі – бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып табылады. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белігенген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі дегеніміз не?

  2. Қазақстан Республикасы Президенті болып кім сайлана алады?

  3. ҚР Паламентінің құрылымы қандай?

  4. Кім ҚР-сы Парламенті Сенатының депутаты бола алады?

  5. Қазақстан Республикасының Үкіметі қалай құрылады?

  6. Сот билігінде біртұтас мемлекет құрылысына тән ортақ белгілерді атаңыз.

V. Үй тапсырмасын беру. ҚР мемлекеттік билік органдары

VI. Бағалау.



Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 30

Күні:

Тақырыбы: Құқық қорғау органдары

Сабақтың мақсаты: ҚР құқық қорғау органдарымен таныстыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Құқық қорғау органдарының қызметі, оларға қайсылары жататыны туралы ақпарат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша тұжырым жасай алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Құқық қорғау органдарымен таныстыра отырып, тәртіптілікке баулу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: топтық жұмыс

Көрнекілігі: тірек сызбалар


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. ҚР мемлекеттік билік органдарының конституциялық жүйесі

  2. Президенттің мемлекеттегі ерекшелігі

  3. Парламент, Үкімет пен сот билігінің мәні

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Құқық қорғау органдарының маңыздылығы

  2. Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  3. Прокуратура


  1. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады:

а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;

ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен;

б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.


  1. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар:

  • қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады;

  • патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды;

  • жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды;

  • әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу;

  • полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.

ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі.

ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады.

  1. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.

Прокуратураның басты міндеті:

  • барлық мемлекеттік органдардың,

  • қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды,

  • Президенттің жарлықтарын,

  • басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сыныпты 3 топқа бөліп, «Полиция», «Ұлттық қауіпсіздік комитеті» және «Прокуратура» деп атаймыз. Әр топ өз атауларына сәйкес қызметтерін сипаттайды.

V. Үй тапсырмасын беру. Құқық қорғау органдары

VI. Бағалау.


















Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 31

Күні:

Тақырыбы: Құқықтық реттеу негіздері

Сабақтың мақсаты: Құқықтық реттеудің маңыздылығын түсіндіре отырып, білімдерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Құқықтық реттеудің ерекшелігіне, әдісіне, түрлеріне тоқталып, мәнін түсіндіру.

Дамытушылық: Тұлғаның құқықтық мәнді сапасын қалыптастыру

Тәрбиелік: Отандық құқықтық мәселесін қозғай отырып, дамыту мақсатында оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция

Көрнекілігі: оқулық


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Құқық қорғау органдарының маңыздылығы

  2. Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  3. Прокуратура

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Құқықтық реттеуге жататын қатынастар

  2. Құқықтық реттеудің әдістері

  3. Құқықтық реттеудің түрлері


  1. Құқықтық реттеуге жататын тек мына қатынастар:

  • адамның еркімен пайда болып, олардың санасымен тексеріледі (бірақ психологиялық ауыру адамның тәртібі емес);

  • маңыздылығы тек жеке адамға ғана емес, адамдардың бірігуіне, солай айтылатын полецейлік мемлекетке тән);

  • нақтылы қатынасушылардың арасында қалыптасады, бірақ әлеуметтік құбылыстарға емес, себебі оған тек ықпал етуге мүмкіндік бар, бірақ реттеуге мүмкіндік жоқ (демографиялық, миграциондық процестер) мысалы, құқықпен реттелуі мүмкін (бірақ достық, махаббат қатынастары емес көбінде, тұрмыс, демалыс әрекеттері);

  • мемлекетке бағынышты және есеп беруші, яғни олар үшін құрылғандарды, мемлекеттік билік ұйғарымдар оның мәжбүрлеу күшін қолданумен кепілденген.

  1. Құқықтық реттеу әдісі – қоғамдық қатынастарға ықпал ететін өзіндік жолдары мен әдістерінің жиынтығы. Ондай әрекеттерге жататындар:

  • диспозитивтік тәсіл – тәуелсіздігімен және жақтардың теңдігімен сипатталады, қарым-қатынастың сипаты мен ерекшеліктерін өздері шешеді, ол негізінен жеке-құқықтық қатынастарды, яғни жекеленген азаматтар мен олардың ұйғарымдарын қатынастарын реттегенде көрінеді. («Все, что прямо не запрещено законами – дозволено» не «не запрещенное законом дозволено»);

  • императивтік тәсіл – құқықтық қатынастарға қаты-сушылардың ирархиясына (көнелгеніне) негізделеді бір жағын (биліктік) әр уақытта мемлекет көрсетеді, өз органдарының не лауазымды адамдар түрлерімен, ал екінші жағын (бағыныштылық) – азаматтар және олардың ұйымдары көрсетеді; бұл әдіс ұйғарымды орындау үшін, тыйым салуға, міндеттілік пен мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану мүддесін көрсетіп қорқытуға негізделген («Все что не разрешено законом – запрещено»).

  1. Құқықтық реттеу әр түрлі тереңдігіне қарай сол аядағы адамдар ортасына таралады. Соған байланысты былай бөлінеді:

  • Жалпылама не нормативті-құқықтық реттеу – уәкіл етілген субъектілердің өз қызметі бабының көлемінде қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіруге бағытталған әрекеттері. Ол құқық нормаларын құру, өзгерту, толтыру не жою арқылы жүргізіледі, соған сай олардың әрекет ету аясы кеңістікте, уақытта және адамдар ортасында белгіленеді. Шындығында бұл құқықтық шығармашылық әрекеттері.

  • Казуальдік не жекеше-құқықтық реттеу – субъекті-лерінің қызмет бабы ретінде, заңды маңызы бар, заңды мәселелерді шешумен байланысты, заңдармен белгіленген процедуралық-процессуалдық нысанда өтеді, оның нәтижесі жекеше-құқықтық акт, құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқығы мен міндеттері нақтыланады.

  • Локальдік құқықтық реттеу – субъектілердің қызмет бабы ретінде, әлеуметтік-заңдылық жағдайын шешумен байланысты нормативті және жекшеленген құқықтық реттеудің элементтерін өзіне үйлестіруші.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. құқықтық реттеуге жататын қатынастардың мәні неде?

  2. Құқықтық реттеу әдістерін ата.

  3. Құқықтық реттеу түрлеріне не жатады?

V. Үй тапсырмасын беру. Құқықтық реттеу негіздері

VI. Бағалау.



























Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 11

Сабақ: 32

Күні:

Тақырыбы: Заңдылық және құқықтық тәртіп

Сабақтың мақсаты: құқықтық тәртіп пен заңдылықтың қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Заңдылық, құқықтық тәртіп ұғымдары, арақатынасы туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың құқықтық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту.

Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: дәріс

Көрнекілігі: оқулық, схема


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Құқықтық реттеуге жататын қатынастар

  2. Құқықтық реттеудің әдістері

  3. Құқықтық реттеудің түрлері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Заңдылық түсінігі

  2. Заңдылық кепілдігі

  3. Құқықтық тәртіп мәні


  1. Заңдылық құқықтық өмірдің субъектілерімен заң нормаларын бұлжытпай іске асырудағы қатаң талаптары.

Заңдылықтың көбірек бөлігі, белгілеріне мыналарды көрсетуге болады:

  • жалпылығы сонда көрінеді, егер барлық, кім болсын құқық нормасының шегінде болып міндетті түрде оларды орындаса ғана көрінеді, ешкімнің одан ауытқуы мүмкін емес: жекеленген азаматпен мемлекеттің өзімен және оның өкілімен;

  • мұндағы атап айтатынымыз, әрекеттердің өзінікі емес тек сол әрекеттер қағидалары.

  1. Заңдылық кепілдігібұл белгілі ұйымдастырылған, экономикалық саяси, идеологиялық факторлардың және заңды шаралардың комплексі, олар құқық нормаларының сақталуын, азаматтардың құқықтарымен қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етуші.

Заңдылықтың материалдық (экономикалық) кепілдіктері, қоғам дамуының экономикалық жағдайымен, экономиканың көп салалы үйлесімді қатынастардың қалпында тиімді әрекет ететін салық жүйесімен белгіленеді.

  • Әлеуметтік жағдай, ең алдымен, азаматтардың өндіріс-тік процеске қатынасушылардың өмірі деңгейінің жақсылы-ғын қамтамасыз етуден тұрғындардың қорғалмаған қатынас-тарын қолдайтын тиімді әлеуметтік жүйенің барлығынан көрінеді.

  • Заңдылықтың саяси кепілділігі дегеніміз, барлық саяси жүйенің құрылымының жекеленген элементтері заңдылық режимді қолдауға міндетті, қызығушылығы болуы қажет.

  • Заңдылықтың мәдени кепілділігі мемлекеттік орган-дардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының және құқықтық мәдениеттің жалпылама деңгейімен белгіленеді.

  • Идеологиялық кепілділігі мемлекеттік аппараттың барлық бөліктерінің қызметіндегі үйлесімділік арқылы және бар коммерциялық және қоғамдық құрылымдармен іс жүзіне асырылады. Бұл мемлекеттің жүргізіп, атқарған саясатының дұрыстығының тікелей дәлелі.

  • Арнайы-заңдылық (құқықтық) кепілдіктер тізімі заңдарды тиімді заңдарды құрғанда сіңеді, себебі ол қоғамдық дамудың және ғылыми ұсыныстарды еске алуға негізделген (нормативті-құқықтық кепілдік); мемлекеттік органдардың арнайы бөліктері заңдылықты бұздырмауға тоқтатуға құрылған (ұйымдастырушылық-құқықтық кепілдіктер).

  1. Құқықтық тәртіпбұл қоғамдық қатынастардың (жүйе) жағдайы, заң шығару ережелерін шын мәнінде іс жүзіне асы-рудың нәтижесі. Құқықтық тәртіп – бұл қоғамдық қатынас-тарға қатынасушылардың барлық құқыққа сай әрекеттері.

  • Құқықтық тәртіптің белгілеріне мынадай ерекшеліктерін жатқызуға болады:

  • құқық табиғатының қалыптасу негізі;

  • барлық мемлекет көлеміндегі құқықтық тәртіптің бірлігі ол тұтастығымен, құрамдылығымен, құқықтық

  • талаптардың көнелігімен көрінеді.

  • мемлекет жағынан құқықтық әрекеттің кепілділігі, ол үшін күрделі тексеру-бақылау, соттық және құқыққорғау органдарының жүйесі бар.

  • құқықтық тәртіптің қоғамдық тексеруде таяулығы және құқықтық тәртіптің деңгейін өз мәнінде қамтамасыз етуге қатынасу мүмкіндігі.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. заңдылық дегеніміз не?

  2. заңдылық кепілдігі ұғымына анықтама бер.

  3. Құқықтық тәртіптің мәнін ашып бер.

V. Үй тапсырмасын беру. Заңдылық және құқықтық тәртіп

VI. Бағалау.
























11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 33. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 5 Бөлімде өткен материалдарды қорытындылау

Сабақтың міндеттері:

  • Заңға кіріспе атты 5 бөлімде өткен «Қазақстан Республикасы-құқықтық мемлекет» және «Құқықтық реттеу негіздері. Заңдылық және құқықтық тәртіп» тарауларын қайталау.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту

  • Өзара көмек қасиеттерін, бірліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: әңгіме, семинар

Көрнекілік: оқулық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Заңдылық түсінігі

  2. Заңдылық кепілдігі

  3. Құқықтық тәртіп мәні

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан Республикасы-құқықтық мемлекет

  2. ҚР мемлекеттік билік органдары

  3. Құқық қорғау органдары

  4. Құқықтық реттеу негіздері

  5. Заңдылық және құқықтық тәртіп

Сабақты бекіту:

  1. Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі неде?

  2. Биліктің тармақталуы құқықтық мемлекетте маңыздылығы

  3. Тұлға құқықтық мемлекетте қандай орын алады?

  4. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі дегеніміз не?

  5. Қазақстан Республикасы Президенті болып кім сайлана алады?

  6. ҚР Паламентінің құрылымы қандай?

  7. Кім ҚР-сы Парламенті Сенатының депутаты бола алады?

  8. Қазақстан Республикасының Үкіметі қалай құрылады?

  9. Сот билігінде біртұтас мемлекет құрылысына тән ортақ белгілерді атаңыз.

  10. заңдылық кепілдігі ұғымына анықтама бер.

  11. Құқықтық тәртіптің мәнін ашып бер.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді







Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: қайталау.

11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 34. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Жыл бойы өткен материалдарды қорытындылау

Сабақтың міндеттері:

  • 11 сынып бойы «Адам.Қоғам.Құқық» пәнінен өткен барлық тақырыптарды қорытындылау.

  • Оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту.

  • Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытындылау

Әдісі: әңгіме, семинар

Көрнекілік: оқулық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1 жыл бойы өткен тақырыпардың барлығын қайталау

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жыл бойы өткен барлық тақырыптарды қорытындылау

Сабақты бекіту:

  • Иә-жоқ

  • Пресс конференция

  • Ой қозғау.

  • Венн диаграммасы


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді







Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: қайталау.








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров5570
Номер материала ДВ-285486
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх