Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Адам және оның денсаулығы

Адам және оның денсаулығы



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:





Биология пәнінен элективті курс


«Адам және оның денсаулығы»


10-11 класс оқушыларына арналған






Құрастырушы: Муканова Г.У.






Ақтөбе-2014 жыл


Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми – әдістемелік кеңесінде талқыланып, баспаға ұсынылған.


Авторы: - Муканова Г.У., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақтөбе

облысы бойынша ПҚБАИ» ДБО тренері


Пікір берушілер:

1.Давлеткалиева Е.С. – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі, п.ғ.к.







Элективті курс биология пәнінен 10-11 класс оқушыларына арналған тереңдетілген оқыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұсынылған. Бұл жинақ жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне сабақта тереңдетіп оқыту әдісін қолдануға, профильдік білім беруді жоспарлауда көмекші әдістеме ретінде дайындалған.






Түсінік хат.

«Адам және оның денсаулығы» тақырыбындағы биология пәнінен элективті курс жалпы білім беретін мектептердің 10-11 класс оқушыларына, сонымен қатар бейіндік оқыту жоспарланған мектептерге арналған. Курс 68 сағатқа есептелініп, 2-жыл уақыт бойы (10-11кл) беріледі, аптасына 1 сағатқа жүктеледі. Элективті курс профильдік оқыту тұжырымдамасына сәйкестендіріліп жасалынып, (биология, химия) пәндерін тереңдетіп оқытуға бағытталады. Ол оқушылардың салауатты өмір сүруін насихаттай отырып, олардың денсаулығын сақтаудағы білімдерін кеңейтіп, тұқым қуалаушылық аурулар ерекшеліктері туралы түсінігін молайтып, тәрбиеленушілерді ересек өмірге дайындайды. Оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін шыңдап, өмірлік жағдаяттардан шығуға жол сілтейді. Бұл курста мектеп бағдарламасына енбейтін адам организмінің биологиялық, психикалық, эмоциональды-жігерлілік ерекшеліктері, нерв жүйесінің жағдайы қарастырылады. Оның мазмұны және өткізілетін формалары, оқыту әдістері оқушылардың танымдық дағдыларын дамытуға әсер етіп, олардың ақпараттық және коммуникативтік құзіреттіліктерін жетілдіреді. Сонымен қатар олардың кәсіби қызығушылығын тудырады. Бағдарлама кейбір тақырыптардың тереңдетіліп оқытылуын қамтамасыз етеді, атап айтқанда: «Жалпы биология», «Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары», «Адам генетикасы мен денсаулығы». Сабақтарды жалпы биология пәнімен параллель жүргізген маңызды. Бағдарлама оқушылардың қызығушылығына бағытталып, сондықтан биологиялық білімді кеңейтуде және жүйелеуде маңызды оқыту міндеттерін шешуге көмектеседі.

Курстың мақсаты: оқушылардың интеллектуальдық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар анатомия және жалпы биология саласындағы білімдерін тереңдету.

Бұл мақсаттарға жету келесі міндеттер арқылы жүзеге асады:

1. Адам генетикасындағы, жалпы биологиядағы, адам анатомиясындағы негізгі терминдер мен түсініктерді білу, оларды сауатты қолдана алу.

2. Экологиялық құндылықтардың материалдық құндылықтардан басымдықтарын көрсету (органикалық әлемнің көптүрлілігін сақтау, өзіңнің, жанұяңның денсаулығынның жағдайын зерттеу).

3. Адамның тұқым қуалаушылық ауруларының себептерімен танысу.

4. Оқушылар өздерінің жеке тұлға екенін сезінуі, өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулықтарына ұқыптылықпен қарауға дағдылану.

5. Өзінің, белгілі адамдардың шығу тегіне қызығушылық таныту.

Элективті курсты оқу нәтижесінде оқушылар жаңа білім мен іскерліктерге ие болады.

Оқушылар білуі керек: адамның генетикалық, биологиялық және психологиялық зерттеулер бойынша ерекшеліктерін, адам генетикасын оқыту әдістемесін:

  1. адамда тұқым қуалаушылық аурулардың берілу механизмін және дамуының психикалық ерекшелігін;

  2. әр түрлі деңгейдегі биологиялық даралығының себептерін;

  3. фенотиптің қалыптасуына генотиптің және орта жағдайының маңызы;

  4. генетикадағы, денсаулықты сақтаудағы, халықтың экологиялық қауіпсіздігінің бұзылмауының мутацияға байланыстылығы.

Оқушылар мынадай іскерліктерге ие болады:

1. Мендель және Морганның адам генетикасына қатысты заңдарын білуге және генетикалық есептерді шығаруды;

2. адамдардың генетикалық ауруларының берілу механизмін түсіндіре алады;

3. адамдардың генеалогиялық шығу тегін біліп, сол бойынша ұрпақтан ұрпаққа аурудың берілуінің мәнін талдай алады;

4. этика және жанұялық өмір психологиясының аспектілерін пайдалана алады;

5. жеке тұлғаның психикалық ерекшелігін біледі;

6. өздері білімді іздеп, тауып, талдау жасап, практикада қолдана алады, ақпаратты сараптайды.

Курсты жүргізуде қолданылатын негізгі әдістер мен тәсілдер: лекция, семинарлар, жоба қорғау, генетикалық есептер шығару практикумы, пікірталас-әңгіме аралас ауызша хабарламалар, топтық жұмыстар. Осы тәсілдер оқушылардың танымдық дағдыларын дамытуға ынталандыруға бағытталған, сонымен қатар олардың шығармашылық іскерліктерін жетілдіреді. Осылай «Адам және оның денсаулығы» тақырыбындағы 10-11 класс оқушыларына арналған элективті курс қазіргі жалпыбиологиялық ғылымның өзекті саласында білімін қалыптастырып қана қоймай, әлем туралы ақпаратты тұтастай қабылдауға және ондағы өзінің жағдайын түсінуге көмектеседі.
























Курстың мазмұны

1 бөлім. Кіріспе. (1сағат)

Кіріспе. «Адам және оның денсаулығы» курсымен жалпы танысу. Пән және курстың міндеттері. Физиологияның ғылымның дамуындағы ролі. Физиологияның басқа ғылымдармен байланысы. Адам денсаулығына жүйелі қарау.

2 бөлім. Организмге жалпы шолу . (2сағат)

Организмдегі органдар жүйесі. Организмдердің құрылым деңгейлері. Нервтік және гуморальды реттелу. Психикалық және соматикалық компоненттердің ара қатынасының мәселелері.

3 бөлім «Біздің денеміздің қозғаушы күштері».(2сағат)

Біздің өміріміздегі қозғалыстың ролі. Біздің қозғалыс мүмкіндіктеріміздің арсеналы. Жұмыс жасаушы бұлшық еттердің химиясы мен энергетикасы. Шаршау дегеніміз не? Бұлшық еттердің күші және шадамдылық.

1 Лабораториялық жұмыс «Бұлшық еттердің құрылысы мен жұмысы. Бұлшық ет қозғалыстарының талдауы».

4 бөлім «Өмір симфониясын жасаушылар».(3сағат)

Қан организмнің ішкі ортасы. Организмнің функцияларының гуморальды және нервнтік реттелуі. Ішкі секреция бездері. Гормондар және олардың қасеиттері. Нерв жүйесінің ақпаратты қабылдауда, өңдеуде, тасымалдаудағы ролі. Рефлекс нерв қызметінің негізі.

2 Лабораториялық жұмыс «Өзін-өзі бақылау. Тізе рефлекстері, ыстыққа тигенде, ине шанышқанда қолдың сілкінуі. Шартты рефлекстедің пайда болуы».

5 бөлім Иммунитет (2 сағат)

Балалардың жұқпалы аурулары және олармен күресу жолдары. Иммунологияның ғылым ретінде қалыптасу тарихы (Л. Пастер, Э. Дженнер, И. И. Мечников, П. Эрлих, Р. Кох). Иммунитет сақтау проблемаларын шешу жолдары. Жұқпалы аурулардың тарауы және оларды азайтудағы басым бағыттар. ВИЧ-инфекция: жұғу жолдары, алдын алу, аурулардың шығу тарихы. Вирустың құрылысы және өмір сүру циклі. Аурудың алдын алу. Вакцина ойлап табу.

6 бөлім «Энергия түзушілер және ас қорыту жүйесі денсаулық сақтаудағы маңызды қорғау».(3сағат)

Организм үшін тағамның маңызы. Әр түрлі жастағы зат алмасудың маңызы. Рациональды тамақтану. Тамақтану режимі. Тойын ішудің зияндылығы, одан туындайтын аурулар. Дистрофия және ашығудан туындайтын аурулар. Емдік ашығу. Аурулар үшін диетаға отыру ерекшеліктері. Диетолог дәрігердің кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен танысу.

3 Лабораториялық жұмыс «Тәуліктік тамақтану рационын жасау».

7 бөлім «Менің айнам сөйлейді...» (6сағат)

Терінің құрылысы мен функциясы. Терінің түрлері, туындылары. Организмді емдеу әдістері (ине салу, электрофорез, жарықпен емдеу, криотерапия). Терінің вирусты аурулары (сүйел, герпес). Қышыма және терінің жұқпалы аурулары (микоз, лишай, парша). Теріні ауыстыру. Организмде жылуды реттеуде терінің ролі. Зат алмасу және дененің температурасының тұрақтылығы. Термореттелудің механизмі. Ауру кезінде температураның көтерілу себептері. Термореттелудің бұзылуы. (күю және үсік шалу). Зақымданған жерге таңғыштар жасау. Организмді шынықтыру және қоршаған орта факторлары. Шынығу формалары және жағдайлары. Киімге және аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Косметикалық заттар және оларды рациональды қолдану. Косметолог дәрігердің кәсіби қызметіметінің ерекшеліктерімен танысу. Үйдегі косметика.

8 бөлім Адамның репродуктивтік жүйесі (6 сағат).

«Балалардың ата-аналарына ұқсауының мәні» жобасы. Ер адам мен әйел адамдардың өздеріне тән белгілері. Әйел және ер адамдардың жыныс жүйесінің ерекшелігі. Ұрықтанудың биологиялық мәні. Ұрықтың дамуына ортаның әсері. Жанұяны жоспарлау. Жанұя құрушылардың физикалық дамуы. Отау құруға әлеуметтік дайындықтың мәні. Этико-психологиялық дайындық. Аяғы ауыр әйелдің гигиенасы. Ерте жүктілік және оның салдары. Жас ерекшелік процестері және ерекшеліктері: жаңа туылған бала мен емшектегі бала, ересек бала, кәрі адам. «Мәңгі өмір сру мүмкін бе?» (клондау мәселесі).

9 бөлім «Біздің болашақ алдындағы парызымыз».(7сағат).

ДНК-ның керемет сақинасы. Ер адам мен әйел адам. Адамның генетикалық аурулары. Резус-факторды және қан тобының тұқым қуалауы. Жынысты генетикалық анықтау. Адам генетикасын зерттеу әдістері. Хромосомдық аномалиялар. Иммуногенетика, онкологияның генетикалық аспектілері. Моногибридті және дигибридті будандастыру. Тұқым қуалау заңдылықтары.

4 Лабораториялық жұмыс «Адамда жыныс хроматинін анықтау (Барр денешігі)».

5 Лабораториялық жұмыс «Тұқым қуалаушылық ауруларды анықтау».

10 бөлім «Болашақтың ғылымы» (2сағат).

Биотехнология, оның міндеттері мен әдістері. Гендердің химиялық синтезі. Гендердің ферментативті синтезі. Гендерді және хромосомаларды тасымалдау. Соматикалық клеткаларға және жұмыртқа клеткаларға ядроларды жасанды ендіру. Гендік инженерияны селекция мен медицинада қолдану. Клондау.

11 бөлім Адамның жоғары нерв жүйесінің қызметі (7сағат).

Адамның жоғары нерв жүйесінің қызметі рефлекторлық мәні. Темпераменттің Гиппократ бойынша классификациясы. Нерв жүйесінің типтерінің Павлов жүйесі бойынша классификациясы. Мінез бен темпераменттің қатынасы. Шыдамдылықадамның қиындықтарды жеңу қабілеті. «Алтын түстер», олардан оянбайды. Наркомания — бұл ауру. Организмге нашаның әсері. Наркотикалық тәуелділіктің қалыптасу механизмі. Наркомания және заң. Ролдік ойын: журналист пен нарколог-дәрігердің диалогы. Танымық процестер. Сөз қарым-қатынас құралы. Ойлау қызметі және мінездің қалыптасуына есте сақтау, оның түрлерінің маңызы. Қиял, байымдау, ойлау И.М. Сеченов.

12 бөлім «Мидың көне және жаңа жұмбақтары».(8сағат).

Ұйқының екі жақты қасиеті. Неге біз ұйқыға кетеміз? Ұйқы физиологиясы. Ұйқы нормасы – наполеондық және медициналық. Литаргиялық ұйқы дегеніміз не? Түс көру пайдалы ма, әлде зиян ба? Гипноз деген не? Гипноз туралы «кешегі» және «бүгінгі» түсінік. Гипнозбен емделуге бола ма? Иллюзиялар. Иллюзиялардың пайда болу себептері. Иллюзиялардың себептерінің пайда болуын түсіндіру. «Гипноз» кинофрагментін демонстрациялау.

13 бөлім «Ұзақ жасаудың жолдар».(2сағат)

Неге табиғат мәңгі өмір бермеді? Әр түрлі тірі организмдердің өмір сүру ұзақтығы. Кәрілікпен күресу жолдары. Біз неге ерте қартаямыз? Ұзақ өмір сүру әлеуметтік проблема. Дұрыс өмір сүрудің тоғыз торабы.

14 бөлім Жеке тұлға. Жеке тұлғаның қарым-қатынасы. (9 сағат)

Жеке тұлғаның өзін-өзі қамтамасыз етуі. Дәмегөйлік деңгей және өзін-өзі бағалау. Тәуелсіздік, сенгіштік. Достық-махаббат мектебі. Жоғары адамгершілік құндылықтарыжолдастық және достық. Махаббат және құмарлық. Махаббат сезімінің жақтары. Махаббаттың әлеуметтік мәні. Махаббат кезеңдері. Жастық кездегі махаббат. Идеал. Жалғыздық синдромы. Үйленуге дейінгі жыныстық қатынас.

15 бөлім. Неке және отбасы. Жанұялық қарым-қатынас негіздері (8сағат).

Некеге дайындық. Жанұя функциясы. Жанұяны құру себептері. Жанұяның арнайы және арнайы емес функциялары. Жанұя құрылымы, классификациясы, негізгі сипаты. Жанұя құрылымының бұзылуы, дисфункциональды құрылым. Жанұяның даму кезеңдері, өтпелі кезең. Баланың айналасында жанұяның даму моделі. Жанұядағылардың рольдері туралы түсінік. Жанұялық рольдерді бөлу типтері. Социум мен мәдениеттің ережелері. Жанұялық ережелер. Жанұялық мифтар. Жанұялық қарым-қатынастың стилдері. Жанұялық кодекстің негізгі ережелерін қарастыру. Айрылу, оның салдары. Ерлі-зайыптылардың конфликтісінің алдын алу.






Календарлық- тематикалық жоспарлау

N

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Лекциялар

Практикалық сабақтар

Бақылау түрі

1

Кіріспе

1сағ.





Кіріспе. «Адам және оның денсаулығы» курсымен жалпы танысу. Пән және курстың міндеттері. Физиологияның ғылымның дамуындағы ролі. Физиологияның басқа ғылымдармен байланысы. Адам денсаулығына жүйелі қарау.


1сағ.



2

Организмге жалпы шолу

2сағ.





Организмдегі органдар жүйесі. Организмдердің құрылым деңгейлері.


1сағ.




Нервтік және гуморальды реттелу. Психикалық және соматикалық компоненттердің ара қатынасының мәселелері


1сағ.



3

Біздің денеміздің қозғаушы күштері

2сағ.





Біздің өміріміздегі қозғалыстың ролі. Біздің қозғалыс мүмкіндіктеріміздің арсеналы. Жұмыс жасаушы бұлшық еттердің химиясы мен энергетикасы.


1сағ.




Шаршау дегеніміз не? Бұлшық еттердің күші және шадамдылық.

1 Лабораториялық жұмыс «Бұлшық еттердің құрылысы мен жұмысы. Бұлшық ет қозғалыстарының талдауы».



1сағ.


4

«Өмір симфониясын жасаушылар»

3сағ.





Қан организмнің ішкі ортасы. Организмнің функцияларының гуморальды және нервнтік реттелуі.


1сағ.




Ішкі секреция бездері. Гормондар және олардың қасиеттері.


1сағ.




Нерв жүйесінің ақпаратты қабылдауда, өңдеуде, тасымалдаудағы ролі. Рефлекс нерв қызметінің негізі.2 Лабораториялық жұмыс «Өзін-өзі бақылау. Тізе рефлекстері, ыстыққа тигенде, ине шанышқанда қолдың сілкінуі. Шартты рефлекстедің пайда болуы».



1сағ.


5

Иммунитет

2сағ.





Балалардың жұқпалы аурулары және олармен күресу жолдары. Иммунологияның ғылым ретінде қалыптасу тарихы (Л. Пастер, Э. Дженнер, И. И. Мечников, П. Эрлих, Р. Кох). Иммунитет сақтау проблемаларын шешу жолдары. Жұқпалы аурулардың тарауы және оларды азайтудағы басым бағыттар.


1сағ.




ВИЧ-инфекция: жұғу жолдары, алдын алу, аурулардың шығу тарихы. Вирустың құрылысы және өмір сүру циклі. Аурудың алдын алу. Вакцина ойлап табу.


1сағ.


Тест

6

«Энергия түзушілер және ас қорыту жүйесі денсаулық сақтаудағы маңызды қорғау».

3сағ.





Организм үшін тағамның маңызы. Әр түрлі жастағы зат алмасудың маңызы. Рациональды тамақтану. Тамақтану режимі.



1сағ.



Тойын ішудің зияндылығы, одан туындайтын аурулар. Дистрофия және ашығудан туындайтын аурулар. Емдік ашығу. Аурулар үшін диетаға отыру ерекшеліктері.


1сағ.




Диетолог дәрігердің кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен танысу. №3 Лабораториялық жұмыс «Тәуліктік тамақтану рационын жасау».


1сағ.



7

«Менің айнам сөйлейді...»

6сағ.





Терінің құрылысы мен функциясы. Терінің түрлері, туындылары. Организмді емдеу әдістері (ине салу, электрофорез, жарықпен емдеу, криотерапия).


1сағ.




Терінің вирусты аурулары (сүйел, герпес). Қышыма және терінің жұқпалы аурулары (микоз, лишай, парша). Теріні ауыстыру.


1сағ.


Семи-нар



Организмде жылуды реттеуде терінің ролі. Зат алмасу және дененің температурасының тұрақтылығы. Термореттелудің механизмі.


1сағ.




Ауру кезінде температураның көтерілу себептері. Термореттелудің бұзылуы. (күю және үсік шалу). Зақымданған жерге таңғыштар жасау.


1сағ.




Организмді шынықтыру және қоршаған орта факторлары. Шынығу формалары және жағдайлары. Киімге және аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.


1сағ.




Косметикалық заттар және оларды рациональды қолдану. Косметолог дәрігердің кәсіби қызметіметінің ерекшеліктерімен танысу. Үйдегі косметика.


1сағ.



8

Адамның репродуктивтік жүйесі

6сағ.





«Балалардың ата-аналарына ұқсауының мәні» жобасы. Ер адам мен әйел адамдардың өздеріне тән белгілері. Әйел және ер адамдардың жыныс жүйесінің ерекшелігі.


1сағ.




Ұрықтанудың биологиялық мәні. Ұрықтың дамуына ортаның әсері.


1сағ.




Жанұяны жоспарлау. Жанұя құрушылардың физикалық дамуы. Отау құруға әлеуметтік дайындықтың мәні. Этико-психологиялық дайындық.


1сағ.




Аяғы ауыр әйелдің гигиенасы. Ерте жүктілік және оның салдары.


1сағ.




Жас ерекшелік процестері және ерекшеліктері: жаңа туылған бала мен емшектегі бала, ересек бала, кәрі адам.


1сағ.




««Мәңгі өмір сру мүмкін бе?» (клондау мәселесі).


1сағ.


Семи-нар

9

«Біздің болашақ алдындағы парызымыз».

7сағ.





ДНК-ның керемет сақинасы. Ер адам мен әйел адам.


1сағ.




Адамның генетикалық аурулары. Резус-факторды және қан тобының тұқым қуалауы. Жынысты генетикалық анықтау.

4 Лабораториялық жұмыс «Адамда жыныс хроматинін анықтау (Барр денешігі)».


1сағ.

1сағ.



5 Лабораториялық жұмыс «Тұқым қуалаушылық ауруларды анықтау».


1сағ.

1сағ.



Адам генетикасын зерттеу әдістері. Хромосомдық аномалиялар. Иммуногенетика, онкологияның генетикалық аспектілері.


1сағ.




Моногибридті және дигибридті будандастыруға есеп шығару. Тұқым қуалау заңдылықтары.



1сағ.


10

«Болашақтың ғылымы»

2сағ.





Биотехнология, оның міндеттері мен әдістері. Гендердің химиялық синтезі. Гендердің ферментативті синтезі.


1сағ.




Гендерді және хромосомаларды тасымалдау. Соматикалық клеткаларға және жұмыртқа клеткаларға ядроларды жасанды ендіру. Гендік инженерияны селекция мен медицинада қолдану. Клондау..


1сағ.


Тест

11

Адамның жоғары нерв жүйесінің қызметі

7сағ.





Адамның жоғары нерв жүйесінің қызметі рефлекторлық мәні. Темпераменттің Гиппократ бойынша классификациясы. Неры жүйесінің типтерінің Павлов жүйесі бойынша классификациясы.


1сағ.




Мінез бен темпераменттің қатынасы. Шыдамдылықадамның қиындықтарды жеңу қабілеті.


1сағ.




«Алтын түстер», олардан оянбайды. Наркомания — бұл ауру. Организмге нашаның әсері.


1сағ.




Наркотикалық тәуелділіктің қалыптасу механизмі. Наркомания және заң. Ролдік ойын: журналист пен нарколог-дәрігердің диалогы.


1сағ.




Танымық процестер. Сөз қарым-қатынас құралы.


1сағ.




Ойлау қызметі және мінездің қалыптасуына есте сақтау, оның түрлерінің маңызы.


1сағ.




Қиял, байымдау, ойлау И.М. Сеченов.


1сағ.



12

«Мидың көне және жаңа жұмбақтары».

8сағ.





Ұйқының екі жақты қасиеті. Неге біз ұйқыға кетеміз? Ұйқы физиологиясы.





Ұйқы нормасы – наполеондық және медициналық. Литаргиялық ұйқы денеміз не?


1сағ.




Түс көру пайдалы ма, әлде зиян ба? Гипноз деген не?


2сағ.




Гипноз туралы «кешегі» және «бүгінгі» түсінік. Гипнозбен емделуге бола ма?


1сағ.




Иллюзиялар. Иллюзиялардың пайда болу себептері. Иллюзиялардың себептерінің пайда болуын түсіндіру. «Гипноз» кинофрагментін демонстрациялау.


2сағ.


Тест

13

«Ұзақ жасаудың жолдар».

2сағ.





Неге табиғат мәңгі өмір бермеді? Әр түрлі тірі организмдердің өмір сүру ұзақтығы.


1сағ.




Кәрілікпен күресу жолдары. Біз неге ерте қартаямыз? Ұзақ өмір сүру әлеуметтік проблема. Дұрыс өмір сүрудің тоғыз торабы.


1сағ.



14

Жеке тұлға. Жеке тұлғаның қарым-қатынасы.

9сағ.





Жеке тұлғаның өзін-өзі қамтамасыз етуі.


1сағ.




Дәмегөйлік деңгей және өзін-өзі бағалау. Тәуелсіздік, сенгіштік.


1сағ.




Достық-махаббат мектебі. Жоғары адамгершілік құндылықтары — жолдастық және достық.


1сағ.




Махаббат және құмарлық. Махаббат сезімінің жақтары.


1сағ.




Махаббаттың әлеуметтік мәні. Махаббат кезеңдері.


1сағ.




Жастық кездегі махаббат. Идеал.


2сағ.




Жалғыздық синдромы. Үйленуге дейінгі жыныстық қатынас.


2сағ.



15

Неке және отбасы. Жанұялық қарым-қатынас негіздері

8сағ.





Некеге дайындық. Жанұя функциясы. Жанұяны құру себептері. Жанұяның арнайы және арнайы емес функциялары.


1сағ.




Жанұя құрылымы, классификациясы, негізгі сипаты.


1сағ.




Жанұя құрылымының бұзылуы, дисфункциональды құрылым. Жанұяның даму кезеңдері, өтпелі кезең.


1сағ.




Баланың айналасында жанұяның даму моделі.


1сағ.




Жанұядағылардың рольдері туралы түсінік. Жанұялық рольдерді бөлу типтері. Социум мен мәдениеттің ережелері. Жанұялық ережелер.


1сағ.




Жанұялық мифтар. Жанұялық қарым-қатынастың стилдері.


1сағ.




Жанұялық кодекстің негізгі ережелерін қарастыру.


1сағ.




Айрылу, оның салдары. Ерлі-зайыптылардың конфликтісінің алдын алу.


1сағ.


Қорытын-ды тест


Қорытынды

68сағ




Қолданылған әдебиеттер:

1. Голубев в. в. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста. М. 2000г.

  1. Хайрдинова Ю., Ядэшко В., Голубев В. Болезнь легче предупредить.М.1997г.

  2. Белоусова О. С. Вредным привычкам – нет! Изд. 2004г.

  3. Веселова О. В. Наркотики: жизнь или смерть. Изд. 2005г.

  4. Зверев М. Д. Воспитание учащихся в процессе обучения биологии. Просв. 1984г.

6. Гребенников И.В. Основы семейной жизни: учебное пособие для студентов пед.институтов. - М.: Просвещение,1991



























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Элективті курс биология пәнінен 10-11 класс оқушыларына арналған тереңдетілген оқыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында дайындалды.. Бұл жинақ жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне сабақта тереңдетіп оқыту әдісін қолдануға, профильдік білім беруді жоспарлауда көмекші әдістеме ретінде дайындалған.

Курстың мақсаты: оқушылардың интеллектуальдық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар анатомия және жалпы биология саласындағы білімдерін тереңдету.

Курсты жүргізуде қолданылатын негізгі әдістер мен тәсілдер:лекция, семинарлар, жоба қорғау, генетикалық есептер шығару практикумы, пікірталас-әңгіме аралас ауызша хабарламалар, топтық жұмыстар. Осы тәсілдер оқушылардың танымдық дағдыларын дамытуға ынталандыруға бағытталған, сонымен қатар олардың шығармашылық іскерліктерін жетілдіреді. Осылай «Адам және оның денсаулығы» тақырыбындағы 10-11 класс оқушыларына арналған элективті курс қазіргі жалпыбиологиялық ғылымның өзекті саласында білімін қалыптастырып қана қоймай, әлем туралы ақпаратты тұтастай қабылдауға және ондағы өзінің жағдайын түсінуге көмектеседі.

Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров464
Номер материала ДВ-199836
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх