Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Адам тұлғасынан өлшем алу
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Адам тұлғасынан өлшем алу

библиотека
материалов

КГУ «Гимназия №37 города Семей» Досжанова Галия Аубакировна. Технология.



Сабақтың тақырыбы : Адам тұлғасынан өлшем алу.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сән, силуэт, пропорция, стиль туралы түсініктерге анықтама беру. Өлшем ұғымы туралы білімін кеңейту, жаңа өлшемдерді алуын үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, бақылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамның дене бітімінен ойша өткізетін кеңістік сызықтарды елестету. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: Топпен, жұппен жұмыс істеу барысында тәртібін, жауапкершілігін тәрбиелеу. Киім кию мәдениетіне қызығушылығын арттыру, яғни көркемдік (эстетикалық) көзқарасын тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Оқушылар сән ұғымы туралы білім алып, көйлек құрастыруға өлшемдерді алуын үйреніп жаттығады. Сабақтың түрі: Аралас /Теориялық-тәжірибелік/. Сабақты ұйымдастыру түрі: жалпылама, топтық, жұптық. Сабақтың әдістері: Сөздік әдісі (әңгіме, түсініктеме). Безендіру (иллюстрация) әдісі (көрнекіліктерді көрсету, кестемен жұмыс).Тәжірибелік әдіс (нұсқамалар, практикалық жұмыс, сұрақ-жауап) Пәнаралық байланыс: технология 5-7с.(өлшем алу), бейнелеу (пропорция, сызықтар), биология (адамның дене бітімі), технология 9с (сән, сәндеу), математика (см. есептеу).

Көрнекілік: «Алжапқыш сызбасын жасау үшін өлшемдер алу» кестесі, «Костюм тарихы», «Осы заманғы сән» бейнефильмдері, тест .

Құрал-жабдықтар: Жұмыс дәптері, сантиметрлік таспа, бау, тақта, бор.

І.Ұйымдастыру

ІІ.Үйге тапсырма беру

Қайталау

5-сыныптарда «Киім тігу технологиясы» бөлімі бойынша алған білімдерін қайталап еске түсіру. Тапсырма карточкамен беріледі. Сұрақтарға жауап беріп, жауабын торкөздерге жазыңдар. Боялған торкөздегі әріптерден бүгінгі тақырыптың негізгі сөздерін табыңдар. Карточка №1

1.Киім үлгілеумен байланысы бар мамандық. (модельер)

Жаңа тақырыпты меңгеру

28мин. Жаңа тақырыппен таныстыру. Бүгінгі сабақтың негізгі сөздері: сән, өлшем, көйлек. Кіріспе ңұсқау беру. /1мин/ Қазір біз бейнефильмдер көріп, сәннің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртеміз. Бейнефильмдерді көргеннен кейін мына сұрақтарға жауап береміз. /тақтада сұрақтар жазулы тұрады/

  1. Сән, силуэт, стиль, пропорция сөздеріне анықтама беріңдер. 2. Киімде айырмашылықтар байқалама?

Барлық үлгілер өлшемдерін үш топқа ажыратуға болады: 1.Айналым (мойын, иық, білек, кеуде, бел, бөксе ) 2.Ендері (артқы бой, кеуде, иық) 3.Ұзындықтары (белге, қолға дейінгі). Өлшем алу тәртібі мен реттілігі: Өлшемді арнайы сантиметрлік таспамен түсіреді. Өлшер кезде таспа тығыз немесе бос болмауы керек. Ұзындықтың өлшемін толық жазады. Ал айналым өлшемдерін алғанда оның жартылай өлшемін ғана жазады. Өйткені сызба тұлғаның жартысына ғана орындалады. 1.Өлшем алу үшін адам екрін әрі қимыл-тұрысын өзгертпей тұруы керек. 2.Бел сызығына жіп (рәзіңке) байланып, ол қатаң көлденең орналасуы қажет. 3.Өлшемді адамның оң жағында тұрып алдымен алдыңғы жағынан, одан кейін артқы жағынан өлшейді. 4.Бірінші өлшем Om, одан әрі өлшеуіш сантиметрлік таспаны, қолтық астына ауыстырады да, арқадағы таспаның жағдайын өзгерпейді,

1 қосымша. Сән (мода) – латын сөзі (modis – өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі деген ұғымды білдіреді). Сән – белгілі немесе басқа да бір талғамның уақытша үстем болуы. Киім – бірінші қажеттілік зат. Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады

2 қосымша Кесте №9. Алжапқыш сызбасын жасау үшін өлшемдер алу.

Шартты белгі

Өлшем аты

Өлшеу тәсілдері





1. МЖқ (СОш) Мойынның жартылай орамы Мойын тұғыры бойынша жетінші мойын омыртқасы және алдыңғы күретамыр ойдымы арқылы. 2. КЖқІ (СОгІ) Кеуденің бірінші жарты орамы Алдыңғы жағынан – жауырын бойынша көлдеңінен қолтың ойдымы бұрыштары деңгейінде, алдыңғы жағынан – кеуде безінен жоғары. 3. КЖқІІ (СОгІІ) Кеуденің екінші жарты орамы Артқы жақтан КЖқІ сияқты, алдыңғы жағынан – кеуде бездерінің шығыңқы нүктелері арқылы. 4. БЖҚ (СОт) Белдің жартылай орамы Бел сызығындағы рәзіңке бойынша көлденеңінен. 5. ЖЖқ (СОб) Жамбастың жартылай орамы Бөксенің шығыңқы нүктелері деңгейінде көлденеңінен, алдыңғы жағынан – іштің шығыңқылығын ескеріп. 6. КЕж (СШг) Кеуде енінің жартысы Мойын тұғырынан кеуденің жоғарғы нүктесіне дейін. 7. Кб (Вг) Кеуде биіктігі Мойын тұғырынан кеуденің жоғарғы нүктесі арқылы бел сызығына дейін. 8. АБұ (Дпт) Алдыңғы бойдың бел сызығына дейінгі ұзындығы, Мойын тұғырынан кеуденің жоғарғы нүктесі арқылы бел сызығына дейін. 9. АрБұ (Дст) Артқы бойдың бел сызығына дейінгі ұзындығы, Артқы бойдағы мойын тұғырынан бел сызығына дейін. 10. ИҚб (Впк) Иықтың қиғаш биіктігі Иық сүйегінен артқы бойдағы бел сызығының ортасына дейін. 11. АбЕж (СШс) Артқы бой енінің жартысы Қолтық ойдымдарының артқы бұрыштары арасындағы арасындағы жауырындар бойынша. 12. Ие (Шп) Иық ені Мойын тұғырынан иық ортасымен иық сүйегіне дейін. 13. Бұ (Ди) Бұйым ұзындығы Мойын тұғыры жанындағы жобаланған иық тігісінен бұйымның қажетті ұзындығына дейін.

ІХ. Үй тапсырмасына: сабақта өткен тақырыптың мазмұнын оқу мен №9 кестеде берілген өлшем алу тәсілдерін жатқа білу.



Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы : Адам тұлғасынан өлшем алу.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сән, силуэт, пропорция, стиль туралы түсініктерге анықтама беру. Өлшем ұғымы туралы білімін кеңейту, жаңа өлшемдерді алуын үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, бақылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамның дене бітімінен ойша өткізетін кеңістік сызықтарды елестету. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу іскерлігін дамыту.

 

Тәрбиелік: Топпен, жұппен жұмыс істеу барысында тәртібін, жауапкершілігін тәрбиелеу. Киім кию мәдениетіне қызығушылығын арттыру, яғни көркемдік (эстетикалық) көзқарасын тәрбиелеу. 

Автор
Дата добавления 16.02.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров898
Номер материала 391247
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх