Инфоурок Школьному психологу Рабочие программы"Адамгершілік бастауы" атты апталығынан

"Адамгершілік бастауы" атты апталығынан

Скачать материал

Науырзым аудандық білім бөлімі

«Жамбыл бастауыш мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәусар бұлақ тұнығынан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Буртаева Ә.Х.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарамеңді – 2015 жыл

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп:       Жамбыл бастауыш мектебі     

Тақырып:   Кәусар бұлақ тұнығынан   

Құндылық:   Мейірімділік, дұрыс әрекет

Қасиеттер:  Сыйластық, бақыт, сүйіспеншілік, талаптану

Мұғалiм:    Буртаева Әсел Хамитбекқызы

Сынып -  4 «А» сыныбы

 

Сабақ мақсаты:

      Оқушылардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілдікке , бауырмалдыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің адамгершілік қасеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиеле. У

Міндеттері:

Білімдік: Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту. 

 

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік , дағдыларын арттыру. 

 

Тәрбиелік: Оқушыларды  бірін бірі сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

 

 

 

Ресурстар:(құралдар,суреттер, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

 Оқушыларды сабаққа дайындау, демалдыруға, өзін еркін сезіндіру мақсатында  «Өзіммен өзім» релаксациялық сәті жүргізіледі. Мұнда оқушылар музыка әуенімен көздерін жұмып, мұғалім айтқан сөздер арқылы ойланады.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру

С.А.Назарбаева туралы мәлімет жинау

    Сұрақтар:

   1.Сара Алпысқызы дегеніміз кім?

   2. Сара Алпысқызын біз неге өзін – өзі тану пәнімен байланыстырамыз?

   3. Қоғамға жасап жатқан жақсылықтары туралы не білесіңдер?

  4. С.Алпысқызы қандай марапаттауларға ие болған?

 

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

  «Адамның адамшылығы – жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»                                                                 С.А.Назарбаева

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.

 Ұл балалар қайталайды,  қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.

 

Әңгімелесу.

Оқушыларға Сара Алпысқызы туралы, өмірбаяны айтылады.

С.А.Назарбаева  1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қазақстанның қоғам қайраткері, ҚР Тұңғыш Президентінің зайыбы, Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.

Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда.

Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және колледждерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді. «Өзіңді өзің тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.

Әкем-біреу, анамда біреу менің, 
Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім, 
Олар барда – мереке. Көрген емен, 
Қабақтарын шытқанын түнергенін 
Әке-білек, саусағы-балалары, 
Қан тамырмен жалғасқан аралары. 
Ана-тамыр бойымен бәріне де, 
Тіршіліктің жылуы таралады. 

Оқушылар, олай болса осы біздің ашық сабағымызға әдейі дайындалған «Ата – ана мен бала ортасындағы махаббат» атты видеоролигімізді бірге көрейік.

Видероликтен алған әсерлері бірге талданады.

 

4.      Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

С.Алпысқызының туған күніне деген сыйлықтар жасаймыз. Оқушыларды топқа бөліп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

 

 

  1. Топпен ән айту.   Біз өмірдің гүліміз

                     

 Нұрланамыз бәріміз

 (Сөзі өзгертілген)

Ақ ниетпен

Пәк жүрекпен

Өмірге біз келеміз.

Қуанышты

Ізгілікті

Күн нұрындай төгеміз.

 

Адалдықпен

Ақиқатқа

Жүгінеміз бәріміз.

Жақсылықты

Жамандықты

Айырады жанымыз.

 

Адамзатқа

Махаббатпен

Шырқалады әніміз.

Мейіріммен

Шуақ шашып

Нұрланамыз бәріміз.

 

  1. Үй тапсырмасы.

Ата – анамызға, отбасымызға, бауырларымызға деген махаббатымызды шығарма арқылы көрсету керек.

 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

     Мұғалім жәй дауыспен:

   - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік сараптама

Жамбыл бастауыш мектебінде 11 ақпанда С.А.Назарбаеваның туған күніне орай «Кәусар бұлақ тұнығынан» атты ашық сабақ өткіздім. Ашық сабаққа

 4 «А» сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты. Олар:  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Өтегенова Д.С., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Төлеуқан Д.Т., Бастауыш сынып мұғалімдері Баймағамбетова Г., Ерғазина Б., Баймулдина С., тәрбиешілер Какенова А., Рысмағамбетова Б.

Сабаққа кіріспе ретінде қолданған релаксациялық әдіс оқушыларға ұнады, олардан қандай әсер алдыңдар деп сұрағанымда, демалдық, көңіл – күйім көтерілді деген пікірлер айтылды. Үй тапсырмасын сұрау барысында сыныптағы оқушылардың барлығы да  Сара Алпысқызы туралы ақпарат жинап келгендіктерін, және сол ақпараттарымен бөліскілері келетін белсенділіктерін байқадым. 

Бұл сабақ барысында Сара Алпысқызының тұлғасын мейірімді, қайырымды  ретінде аша отырып, оқушылардың өз ата аналарынан алатын сүйіспеншіліктері мен мейірімділіктері туралы талданды, соның нәтижесінде «Ата – ана мен оқушы арасындағы махаббат» видеоролик жасалынды. Видеоны түсіру барысында ата – аналардың өз баласына деген мейірімі, сенімі көрініс тапса, оқушылардың шынайы ойлары, өз ата – анасына деген ақ тілектері мен махаббаттары көрініс тауып, кейбір оқушыларымыздың толқығандары соншалық жылап та жатты.

Бұл әдіс оқушыларға ұнады, алдағы уақытта тағы да қайталап видеоролик түсірейік деген де ұсыныстар болды. Бұл жердегі негізгі мақсат орындалды деп ойлаймын, себебі видеороликті түсіру барысындағы негізгі мақсатым: ата – аналар өз махаббаттарын, тілектерін, ойларын мұндай әдемі, шынай сөздермен баласына айта бермейді, баласы да сол сияқты ата – анасына өз махаббатын көрсете бермейді, осындай әдемі сәтті көрсете отырып, оқушының бойында болашағына деген сенімділік, талап пен ата – анасына деген сыйластық пен мейірімділікті қалыптастыру болатын.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Адамгершілік бастауы" атты апталығынан"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2015 927
    • DOCX 27.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Буртаева Асель Хамитбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Буртаева Асель Хамитбековна
    Буртаева Асель Хамитбековна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9884
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Детская и подростковая депрессия: пути и способы преодоления

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 189 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними

Специалист органа опеки и попечительства в отношении несовершеннолетних

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 108 человек

Курс профессиональной переподготовки

Основные вопросы деятельности психолога по профилактике негативных последствий, связанных с выполнением профессиональных задач

Психолог (специалист) (по профессиональной психологической подготовке)

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции