"Адамгершілік бастауы" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Предпросмотр материала:

Келлер  орта  мектебі

 

 

«Бәрі  де  махаббаттан  бастау  алады»  

онкүндігі  аясында  өткізілген ашық  сабақ

Тақырыбы: «Адамгершілік бастауы»

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындап өткізген:

бастауыш сынып мұғалімі

Боранбаева А.К.

 

 

Тақырыбы: Адамгершілік бастауы

Мақсаты: Адамгершілік  қасиеттерінің  бірі    батылдық  пен  өжеттік  құндылықтары  жайлы  түсінік  қалыптастыру. Батылдық  пен  өжеттікті  орынсыз  қылықтардан  ажыратуға  үйрету.Қайырымдылыққа,  бір-біріне  деген  жанашырлыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын  әдіс-тәсілдер: Шаттық  шеңбері, оқып үйренейік,  дәйек  сөз,  шығармашылық  жұмыс,   жүректен  жүрекке, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: тақырыпқа  байланысты  слайдшоу,  коллаж  жасауға  арналған  қима  суреттер.

Сабақтың  барысы: І.Ұйымдастыру  кезеңі

а/ «Шаттық  шеңбері»: 1-слайд

Қуанышқа  бөленген  әр  күніміз,

Бақыттымыз,  балалар, барлығымыз.

Өмір тым  жайдары,

Қызықтың  қайнары,

Бақшамыз жайнады.

Біз – Отанның  балдырған  ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық – ұранымыз.

 

ә/Шеңберде  отырып,  оқушылар  өздерінің  өзімшілдік  пен  көпшілдік  туралы  жазып  келген  пікірлерін  оқиды.

 

ІІ. Негізгі  бөлім:

а/ Мақалдағы  сөздердің  орнын  дұрыс  орналастыру  арқылы  сабақтың  тақырыбымен  таныстыру.2-слайд

 

ә/«Оқып  үйренейік» : «Қойшы  қаһарман»  ертегісін  оқу

 

б/ Сұрақ-жауап  жұмысы:

-Ертегі  кім  туралы? -Ол  кім  болды?

-Қаһарманның  ержүрек  батырлығын  қандай  іс-әрекетінен  байқадыңдар?

-Қаһарман  батырдың  тағы  қандай  жақсы  қасиеттері  туралы  айта  аласыңдар?

-Батылдық,  өжеттік  көрсеткен  кездерің  болды  ма?

 

в/Сабақтың  дәйек  сөзі: «Батыл  болмай,  батыр  болмайды»

 

г/Сурет  бойынша  жұмыс: 3-слайд

-Балалар  суреттерге  мұқият  қарап,  батылдық  пен  орынсыз  қылықты  ажыратып,  айтыңдаршы. Неге  олай  ойладыңдар?

д/ Шығармашылық  жұмыс:Оқушылар  екі  топқа  бөлініп,  1-топ-батылдық  бет  өжеттік  туралы  коллаж,  ал  2-топ- орынсыз  қылықтар  туралы  коллаж  жасайды.

е/ Жұмысты  қорғау: Әр  топ  өзінің  жасаған  жұмысын  ортаға  шығып  қорғайды.

ІІІ.Сабақтың қорытындысы:

а/Оқушылар   таратылған  кішкентай  жүректерге  батылдық  пен  өжеттік  жайлы  тілектерін  жазады.

ә/ «Жүректен  жүрекке» 4-слайд

«Батыр!»  деген  барша  сүйген  жақсы  сөз,

Алтын  туы  сияқты  ол  ғасырдың.

Батыр  ата: «батыр  бол!»-деп  ұрандар!

Естіңдер  жас  жеткіншек  қырандар!

Батыр  болып, туған  жерді  қорғауды-

«Шын  бақыт!»- деп  тілек  етіп  сұраңдар.

 

б/Оқушылар  жүректерде  жазылған  сөздерді  оқып,  плакатқа  жапсырады.

 Батырларымыз  көп  болсын,

Уайым – қайғы  жоқ  болсын!

 

 

 

 

Краткое описание материала

"Адамгершілік бастауы" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Боранбаева Ажар Кенесовна

учитель начальных классов

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 83453
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 19
  • 83453
    просмотров
  • 19
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Боранбаева Ажар Кенесовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~110

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: