Инфоурок Физика Другие методич. материалы«Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану пәнін физика пәнімен ықпалдастыру»

«Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану пәнін физика пәнімен ықпалдастыру»

Скачать материал

                                                                                                                                           

«Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде  өзін – өзі тану пәнін  физика пәнімен  ықпалдастыру»                                                                       

              Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын “Бөбек” қорының Президенті С.Назарбаеваның “Өзін - өзі тану” авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз.

“Өзін - өзі” тану пәнінің негізгі мақсаты - адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін - өзі тану негізінде, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік “Менін” қалыптастыру.

Білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани - адамгершілік тәрбие берудің ошағы “Өзін - өзі тану” пәнінің  әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез - құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды өмір бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рақымшылдықтың, адамгершілік пен әділдіктің, шынайылылықтың дәнін себуге болады.      

 2010-2011оқу жылынан бастап “Өзін - өзі тану” пәні міндетті пән ретінде кіргізілді. 2013-2014 оқу жылынан бастап “Өзін - өзі тану” пәнін физика пәнімен  ықпалдастыра отырып,  сабақ беретін оқытушылар  өз сабақтарын әртүрлі әдіс - тәсілдерді кеңінен қолдана отырып, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру мақсатында өткізіп жатыр. Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру.  Ы. Алтынсарин негізін салған оқу-тәрбие үрдісіндегі қазіргі ақпараттандыру ғасырындағы жаңа білім жүйесінің өзегіне айналуы колледждің мемлекеттік білім беруді емес, сонымен қатар ол оқушының үлкен өмірге дайындайтын әлеуметтік орта қызметін атқаратынын көрсетеді. Казіргі  кезде рухани-адамгершілік тәрбиеге қатысты ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдай, ата-аналар мен оқытушылар арасында жүргізілген нақты тәжірибелі материалдарды зерделей келе, жасөспірімдерді рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде оқытушылардың ықпалы басым екенін байқадық. Ата-ана-колледж-оқушы үш тағаны берік болса, алынбайтын қамал жоқ.  Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту-рухани адамгершілік тәрбиесінің басты шарттарының бірі. Ол оқушылардың бар ықыластарымен жасаған жұмысының нәтижесін бағалап, ішкі түрткілерін оятып, талпындыруға көмектеседі.  Сондай-ақ, рухани адамгершілік тәрбиеде, алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса ғана оқытушы мен ата-ананың еңбегі жеміс бермек.

Осы аз ғана уақыттан бастап, біздер өз тәжірибемізді жинақтаудамыз. Жұмыс барысында арнайы дайындалған әдістемелік құрал-жабдықтарға жаңаша көзқараспен қарап, саралап, өз жетістігімізді қосып жұмыс жүргізудеміз.

Осыған орай педагогикалық тәжірибемде пәнаралық байланыстарды кіріктірілген сабақтарда оқушыларды қатыстыру арқылы жүзеге асырып отырамын. Физика пәнінде   денелерді олардың қозғалыстарын қарастырамыз. Қозғалыстағы дененің ізі-траекториясы қозғалыстың түріне қарай әртүрлі болып келеді. Мысалы, түзу сызықты бірқалыпты үдемелі қозғалыста-түзу сызық. Айналмалы қозғалыста шеңбер. Алдағы уақытта механикада біздер денелер қозғалысының жаңа түрін-ауырлық күші әсерінен болатын қозғалысты қарастыратын боламыз. Қай елдің тарихына көз салсақта халқының мәртебе мерейін көтерген, мақтанышына айналған дарын иелері, дана ғұламалары болған.

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс жасаймыз. Топ «Табиғатпен табиғи байланысым» деген қанатты сөзге түсінік береді. Табиғат құбылысы мен физикалық құбылыс екеуі егіз ұғым дейтін болсақ, тіршіліктің тірегі-табиғатқа қамқорлық жасау бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін айта келіп, қазақтың аса көрнекті ақыны, жазушысы, белгілі қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің «Жазғы далада» өлеңінен мынадай шумақтарды мысалға келтіремін:

 Қызғалдақ пен сарғалдақ

Араласып ұйысты

Желекті жас келіндей

Ұялып басын иісті,-деген шумағында физикада соққан желдің, яғни сыртқы периодты күштердің әсерінен болған еріксіз тербелістерді сипаттайды. Ал механикалық тербелістер тақырыбына

«Қара саздың шыбығын жел тербеген,

Жел тербеген шыбықты мен тербегем»-деген шумағында физикада соққан желдің тарапынан шыбықтың тербелісін, сыртқы периодты күштердің әсерінен болған еріксіз тербелісті сипаттайды. Физикада уақыт деген тақырыпты өзін-өзі тану пәнімен байланыс жасаймыз.  Оқушылар Уақыт- мезгіл пернесі деген қанатты сөзге түсінік береді. «Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп бас ұрамыз осы біздер қай жаққа асығамыз» дегендей уақыт біздің өміріміз. Уақыт өткір қылыш секілді. Уақыт өте құнды және шектеулі. Адамға бір рет қана берілуде, қайта айналып келмейтінін, біз үшін уақыттың құнды екенін  айтып байланыстырып кетеміз.

Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» пәнімен физика пәнінің ықпалдастыра оқытылуы, көзделген эмоционалдық тұрғыдағы ауқымды жүргізілген алуан түрлі іс-әрекеттері баланың адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым – қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез – келген оқу орнының  міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін - өзі тану» пәнінің басқа пәндермен ықпалдастыра оқытылуының маңызы   зор.  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану пәнін физика пәнімен ықпалдастыру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 393 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.05.2016 696
    • DOCX 29.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Игликова Ляззат Ермековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Игликова Ляззат Ермековна
    Игликова Ляззат Ермековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7302
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 215 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»