Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
«Адамгершілік – адамның асыл қасиеті»
2 слайд
Сіздер адамгершілікті қалай түсінесіздер, әдеп нормаларын білесіздер ме, осы жөнінде өз ойларыңызды айтып көрсеңіздер.
3 слайд
Оқушылар адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?
4 слайд
Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік, рұқсат сұрау,кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық.
5 слайд
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?- деп сұрапты. «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен кейін түсінесің», - деді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп жолға шығады. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ,- деді балапан, - мен мейірімділіктің не екенін білуім керек» - дейді де әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан қыз баланы кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан, балапан, маған шарды алуға көмектесіп жіберші», - деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ»,- деді балапан, - мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді дейді. -Ал мен білемін. Менің анам әрдайым қайырымды адамдар туралы әңгіме айтады. «Маған да айтшы», – деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер»- деді қыз бала. Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы».-деді. «Қандай оңай?» деп таң қалды балапан.
6 слайд
Ал сіздер қалай ойлайсыздар? - Мейірімділік деген не? - Неге мейірімді болу керек? - Қалай мейірімді болуға болады?
7 слайд
“Жылы шеңбер” ойыны Балалар бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақанымыздың жылулығын сезіне отырып шеңбер құрап көршімізге “Мен сенімен бір сыныпта оқығаныма қуаныштымын себебі ...” (сен адал доссың), (сен қайырымдысың) – деп әрі қарай жалғастырып, жақсы сөздерді арнаймыз.
8 слайд
Адамгершіліктің алтын ережесі. - Уйде,мектепте, «Сәлем» , «Сәлеметсіз бе» , «Қайырлы түн» деген сияқты ізгі сөздерді ұмытпа. - Жасы кішілер үлкендерге сәлем беріп, ал үлкендер кішілерге қамқор болуы тиіс. -Әр күніңді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр. -Тыныштық сақтай білуге, нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен. -Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір. -Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп қадірлей біл. -«Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңда ұста.
9 слайд
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 653 114 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Корганбаева Арай Куанышовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.