Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Адамгершілік адам бойындағы асыл қасиет
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Адамгершілік адам бойындағы асыл қасиет

библиотека
материалов


«Адамгершілік адам бойындағы асыл қасиет»


Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа,кішіпейілдікке үйрене отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Кіріспе сөз:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар!

Қазақ халқы ертеден адамгершілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, жоғары бағалай білген.Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен.


Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік- адамның асыл қасиеті.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал балалар, сөз кезегі өздеріңде.


-Адамгершілік дегеніміз не?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)



Мұғалім: Адамгершілік туралы бірталай мағұлмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата – анаңның, өз Отаныңнын мақтанышы боласың. Алған мағұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік – асыл қасиет»атты сайысымызға кезек береміз.


1 тур: Сұрақтар:

1 Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?

2 Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

3 Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?

4 Сен өзің жіберген қателегеңді мойындай аласың ба?

5 «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?

6 Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

7 Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?


2 тур: Мақал-мәтел (Кім тапқыр)


1. Ашу-дұшпан,ақыл-дос,

(Ақылыңа ақыл қос.)


2. Әдепті бала- арлы бала,...

(Әдепсіз бала-сорлы бала)


3. Адалдық жүрген жерде,...

(Адамдық жүреді)


4. Асылдың бірі- ...(Адамгершілік)


5. Ала жіпті аттамағанның ...(абыройы биік.)


6. Адалдық - ...(ардың ісі.)


7. Ақылдың алдымен жүр...

(Ақымақтың артымен жүр.)


8. Өтірік айтып жағынғанша...

(Шынынды айтып жалын.)


9. Ауыз ашса сыр көрінеді,

(Есік ашса төр көрінеді.)


10.Ақылы жоқ басқа,адырайған көз бітеді,

(Дуасы жоқ ауызға,судыраған сөз бітеді.)


11. Сөйлесе ...(сөз әдепті.)


12 Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, ...

(жаман жігіт оңай істі күш қылар.)


3 тур: Сөзжұмбақ.


1 Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).

2 Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).

3 Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).

4 Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).

5 Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).

6 Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).

7 Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатігездік).



А Д А М

И Н Д И В И Д

С А Н А

Қ О Ғ А М

Ә Д І Л Д І К

Ш Ы Н Ш Ы Л Д Ы Қ

Қ А Т І Г Е З Д І К


4 тур: Жұмбақтас проблемалық жағдайлар:

1 жағдай: Сен өте асығыссың.Себебі сен сабаққа үлгеруін керек.Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің.Ол кісі құлап түсті,немересі қорқанынан жылап жіберді.Сен не істер едің?

2 жағдай: Үйде ешкім жок тек сен ғана есіктің қоңырауы соғылды.Сен барып қарасаң, қаладан келген туыс апайың.Саған анаң ешкімге есік ашпа деген.Сенің әрекетің?




5 тур: «Аяқталмаған тезис»

Жақсы өмір дегеніміз – бұл……………………………………………………………….

Адам болу дегеніміз – бұл………………………………………………..

Өмірдегі ең басты нәрсе — бұл……………………………………………………..

Қазіргі кезде …………………………………………….. өмір сүру мүмкін емес.

Досың көп болу үшін…………………………………………………..

Егер мен сиқыршы болсам, онда мен……………………………………………

Бос уақытым болса, мен………………………………………………………………

Адам бақытты болу үшін…………………………………………………………………..

Егер адамның кемшіліктерін байқасаң, онда……………………………………

Біз барлығымыз да……. ………………………………………………қарыздырмыз.

Мен өзімді …… ………………………………….кезде өте жақсы сезінемін

Мен өзімнің досымның жағымсыз істер жасап жатқанын көрсем….

Меніңше жақсылық пен жамандық……………………………..

Арсыз адамға өмір сүру әрқашан да…………………………………………..

Мен сыпайы адамды кездестірген сайын…… …………….деп ойлаймын.

Мен дөрекілікке жолыққан сайын……….деп ойлаймын.

Мені әрқашан………… ……………………..деген ойлар мазалайды.

Мен …………….. ……………………………………………….сайын қуанамын.

Мен өзімді ………………………кездерде аса бақытты сезінемін.

Мен ………………………………………….кездерде өзімнен- өзім ұяламын.

Неге барлық адамдар ………………………..болмайды екен.


Қорытынды: Бүгінгі «Адамгершілік — асыл қасиет» тақырыбында өткен тәрбие сағатымызды аяқтай келе барлықтарыңыздың бойында адамгершілік қасиеті болып, әрқашан өмірде сыйластықпен өтуге тілектеспін. Адамгершілік деген сөздің әрбір әрпінде өзіндік мағына бар сияқты Егер оны талдап көрсек адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер күн сәулесіндей шуағын төккелі тұрған сендердің бойларыңада осы қасиеттердің болуын тілер едім! Назарларыңызға рахмет.сау болыңыздар!!




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

«Адамгершілік адам бойындағы асыл қасиет» сайыс өткізілді. Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа,кішіпейілдікке үйрене отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.Сайыс бес турдан тұрды.Бес турда оқушылар өз белсенділіктерін таныта білді.Бірінші турда сұрақтар адамгершілікке байланысты.Екінші турда «Кім тапқыр»мақал-мәтелдер жалғасын табу.Үшінші турда «Сөзжұмбақ » шешу.Төртінші турда «Жұмбақтас проблемалық жағдайлар».Бесінші турда «Аяқталмаған  тезис».Бес турдан сүрінбей өткен оқушы жеңімпаз аттанды. Жеңімпаз оқушы марапатталды.Қатысқан оқушыларға алғас хат берілді.

Автор
Дата добавления 06.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров3844
Номер материала 475485
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх