Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Рабочие программы / "Адами қарым – қатынас жасау ізгіліктері" 9-сынып

"Адами қарым – қатынас жасау ізгіліктері" 9-сынып


  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_169014f5.gif


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«ЫСТЫҚКӨЛ - 2016»

Халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестивалі,

ғылыми конференциясының ЕРЕЖЕСІ




Өтетін орны: Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл. Өту мерзiмi: 3-7 шілде, 2016 жыл.


Фестивальдiң мақсаты: Халықаралық достықты, көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ету, жасөспірімдерге рухани тың серпiн қалыптастыру, жас дарындарды халықаралық аренада таныту.

Қатысушыға қойылатын талаптар: фестивальге қатысушы балалардың жас ерекшелiктерi 7-18 жас аралығында болуы шарт. Қатысушылар вокал, би, күй, жыр-терме, көркем сөз, жанрлық қойылымдар, әзіл-сықақ және т.б. өнерлерімен байқауға түседі. Шығармаларды орындауға 3-5 минут уақыт беріледі.

Орындайтын шығармалардың тақырыптары: 1) Бейбітшілік немесе Отан туралы. 2) Еркін тақырып.

Қатысушы үміткерлер - жеке орындаушылар, топтар, ансамбльдер, оркестрлер тақырыпқа сәйкес екі шығарма дайындауы қажет. Бірінші шығарма міндетті түрде қазақ тілінде орындалады. Келесі шығарманы қай тілде орындау қатысушылардың өз еркінде. Шығармаларды өздерi еркін меңгерген аспаптардың сүйемелдеуімен (баян, домбыра, қобыз, скрипка т.с. аспаптар) орындай алады. Фонограмма болмауы тиiс.

Бағалау: Бағалау кезінде орындау шеберлігі; шығарманы көркемдік жеткізу - композициясы, мазмұны мен көркем образдың музыкалық үндестігі; көрінісі - киімі, орындау мәдениеті; артистизмі - көркем образды ашуы; әдеби тіл байлығы, сахна мәдениеті бағаланады.

Қазылар алқасы: Қазақстан Республикасының және көршілес елдердің мәдениет және өнер қайраткерлері, Халықаралық және республикалық конкурстардың Лауреаттары, тәжірибелі педагогтар.


Жеңімпаздарды марапаттау және Құрмет атақтарын беру:


Әр жанр бойынша: Гран-при (біреу). Бірінші орын (екеу). Екінші орын (үшеу). Үшінші орын (үшеу).


Жеңімпаздарға Халықаралық балалар фестивалінің Құрмет атақтарын беру, «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» (Планета мира) Халықаралық Бірлестігінің Дипломдарымен, Алғыс хаттарымен марапаттау қаралады.

Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.



ҰЙЫМДАСТЫРУ ТАЛАПТАРЫ


Үміткердің ұйымдастыру жарнасы - 90 (тоқсан) мың теңге, басқа мемлекет болғандықтан халықаралық есеп айырысу шартымен есептегенде 250 АҚШ доллары. Басқа мемлекетте жеңілдіктер бере алмаймыз, топ, оркестр, ансамбльдың әрбір мүшесіне жеке үміткермен теңдей ұйымдастыру жарнасы белгіленді. Үміткерлерге жанрларда қабілеттерін жан-жақты танытуға шек қойылмайды, Гала-концертте фестивальдан тыс номерлер көрсетулеріңізге рұхсат беріледі. Жетекшілердің, ата-аналардың жарнасы - 97 (тоқсан жеті) мың тг. (270 АҚШ доллары). Жарнаға Алматыдан Ыстықкөлге дейін жету, фестиваль аяқталғанша Пансионатта демалу, үш мезгіл тамақтану, Фестивальге және Ыстықкөл жағалауында Галаконцертке қатысу, және марапаттаулары, экскурсиялар, саяхаттар кіреді. Қатысушылардан туған өңірін, білім ұясын, талантын сипаттайтын естелікпен басқа өңірден келген жаңа досыңызбен алмасуды өтінеміз. Фестиваль баспасөзде жарияланады.

Балаларға келесі құжаттар қажет: 1) шетелдік паспорт немесе 2) Туу туралы куәлігі және жергілікті Миграциялық полициядан баланың фотосуретімен өзін және ата-анасын растайтын анықтама (справка-вкладыш); 3) Дәрігерден рұхсат, эпидаумақ анықтамасы;

Ұстаздардан / Ата-аналарға келесі құжаттар қажет: 1) Жеке куәлігі; 2) Жетекшілерге ата-аналары балаларын Ыстықкөлге апаруға рұхсат берген нотариалды сенімхат;


БАҒДАРЛАМА: 3-ші шілде: сағ. 10.00-18.00, қатысушылар мен қонақтарды тіркеу, кешкі сағ. 21.00-де автобустар керуені Ыстықкөлге жүреді, 4-ші шілде: пансионатқа орналасу, Ыстықкөлде демалу, шомылу, 5-ші шілде: Фестивальдың, Конференцияның I-ші бөлімі, Шолпан Ата қаласына экскурсия, Ыстықкөлде демалу, шомылу, 6-шы шілде: Фестивальдың, Конференцияның II-ші бөлімі, Ыстықкөл жағалауында Гала-концерт, Ыстықкөлге Белый параход - Ақ кемемен ұмытылмас саяхат, 7-ші шілде: Ыстықкөл жағалауында спорттық ойындар, демалу, Марапаттау Салтанаты. Кешкі сағ. 20.00-де автобустар қайтады. Алматыға жету уақыты - 8 тамыз, сағ. 10.00.


ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ: Алматы қаласы, Жандосов / Яссауи қиылысы

«БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Бірлестігі,


Аят Мәдібекұлы - 8 775 000 1827, 8 707 979 1827, 8 777 279 1927


Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Рабочие программы
Просмотров210
Номер материала ДВ-470749
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх