Инфоурок Начальные классы Конспекты"Адамның асыл қасиеттері" тəрбие сағаты

"Адамның асыл қасиеттері" тəрбие сағаты

Скачать материал

                                                             ШҚО Өскемен қаласы

                                                                              Ұлан ауданының білім бөлімі

                                                                        Герасимовка орта мектебінің

                                                                       «Бастауыш сынып мұғалімі»

                                                    БАҚЫТ ГУЛЖАЗ

Тәрбие сағаты

Тақырып: «Адамның асыл қасиеттері»
Мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа , кішіпейілділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілік, инабаттылық, мейірімділікке үйрету.
Көрнекілігі: Абай ата суреті, әдептілік, адамгершілік, имандылық, парасаттылық туралы нақыл сөздер,
Әдіс – тәсілдер: Түіндіру, баяндау, талдау, сұрақ – жауап т.б.

Өтілетін орны: Сынып бөлмесі


Мұғалім:

-         Қайырлы күн  оқушылар! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын өз бойларыңда қандай жақсы қасиеттер бар айтып жіберіңдерші? (Балалар өз ойларын айтады).

-         Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Адамның асыл қасиеттері» жайында болмақ.

Кіріспе сөз

Әдепті адамдар, әдетте, арлы да иманды, қайырымды да, мейірімді келеді, айналасымен , ел-жұртпен сыйластыққа, ынтымақ -  бірлік пен татулықта өмір сүреді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адам баласы жолдастарымен, туыстарымен қарым - қатынас жасағанда, оның таныс еместігіне, алыс жақындығына, үлкен кішілігіне , қызмет дәрежесіне қарамай, кішіпейіл, әдепті болуы керкек. Бұл сенің адамгершілік борышың.

І.  Оқушылар жақсы қасиеттер жайында оқып өз ойларымен бөлісу.
Диана: Адамгершілік қасиетінің қайнары – сәлем беру, үлкенге сый –құрмет, кішіге ізеттілік көрсету екенін білеміз. Адамның әр күнгі іс - қимылы таңертеңгі сәлем мен жақсы лебіз. Адамгершілік – өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Әдептіліктің белгісі-сәлемдесу.


Эльдар : Қазақта “Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді”, деген аталы сөз бар. Өйткені сәлемдесу, амандасу адамның әрбір жан иелерінің бір-біріне ізет, сый құрметін көрсетеді.

 

Мансур: Әдеп, адамшылдық амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Сәлемдесу о заманнан құдайшылық, имандылық кісілік нышаны ретінде түсініліп, қабылданған.  (Мәтіндерді оқып, түсінгендерін айтады).

 

II. Нақыл сөздердің мәнін ашу.(Топпен жұмыс)

Мұғалім: Балалар, енді мына нақыл сөздердің мағынасын ашып көрейік жарай ма? Ол үшін төрт төрттен 3 топқа бөлініп алайық.
“Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі”,  “Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар”,  “Отбасы алтын ұям”.  
(Сыныптағы барлық балалар нақыл сөздер не туралы екендігін айтады, соңынан сұрақ – жауаптар арқылы толықтырып отырамыз).


ІІІ. Мақал-мәтел жарысы.
Мұғалім: Мақал – мәтелдің жалғасын тап.

1.Баланың ұяты әкеге...
(Қыздың ұяты шешеге)
2.Мектеп -білім ордасы...
(Ұстаз –мектеп тұлғасы)
3.
Бірлік болмай...
(Тірлік болмас).
4. Әке-асқар тау...
(Ана –ағып жатқан бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ.)
5.Жақсы адам-елдің ырысы...
(Жақсы жер-жанның тынысы)
6. Өз елің...(Алтын бесік)
7.Отан үшін отқа түс... ( күймейсің)
8. Халқын сүйген,(салтын сүйеді).
9. Ер ел үшін туады,(Ел үшін өледі)
10.досы жоқ адам (тұзсыз тағам).


ІV. Жақсы адамның қасиеттері
Мұғалім: Балалар, мына ұяшықтарда адамның жақсы қасиеттері жасырынған, сендер сол ұяшықтардың бірін таңдап, мағынасын ашуларың керек.

ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТІ        ТАЛАПТЫ                 АДАЛ       

ҚАЙЫРЫМДЫ             ПАРАСАТТЫ          ҚАЙРАТТЫ


V. Хат қоржыны

Мұғалім: Балалар, бізге өздерің сияқты бүлдіршіндерден хат кепті, олар біздің көмегімізге мұқтаж екен, оларға көмектесеміз бе?
1 – хат. Құрметті достар!
Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Менің қасымда жүргенде үй ішін айтып, нәрселер
ін, қылығын айтып мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
-   Достар қандай болу керек?
2-хат Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап-ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем “Сен сараңсың ” дейді. Мен не істеуім керек?

-         Біздің арамызда осындай балалар бар ма? т.б. сұрақ - жауаптар арқылы хаттардың мазмұнын талдаймыз.

 

VІ. Абай ата сөздері

-         Балалар, мына суреттерден кімді көріп тұрсыңдар?

-         Қандай шығармаларын оқыдыңдар?

-         Абай Атамыз «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» - деген екен, сол қасиеттерді  кім біледі.

-         Бес нәрсеге асық бол ...

Талап   Еңбек    Терең ой   Қанағат       Рақым

-         Бес нәрседен қашық бол ...
Мақтаншақ      Өсек  Өтірік  Еріншек     Мал шашпақ

-         Жарайсыңдар, менде сендердің Абай атамыз айтқандай бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық болатын, жақсы қасиеттерден үлгі алып, мектебіміздің, ата – аналарыңның  мақтанышы болуларыңа тілектеспін.

 

VII.Шағын шығарма жазу:

Келесі тәрбие сағатымызға дейінМейірімділік” тақырыбына шығарма жазып келу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Адамның асыл қасиеттері" тəрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 989 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.12.2015 6120
    • DOCX 44 кбайт
    • 81 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бақыт Гүлжаз Бақытқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бақыт Гүлжаз Бақытқызы
    Бақыт Гүлжаз Бақытқызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15756
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 115 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 143 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 826 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1114 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 273 человека

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 26 регионов

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе