Инфоурок / Биология / Конспекты / "Адамның шығу тегі" тақырыбында 11класта пікірталас сабағы
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

"Адамның шығу тегі" тақырыбында 11класта пікірталас сабағы



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_72d69f0b.gifhello_html_40838eaa.gifhello_html_7c1e5f63.gifhello_html_m4ac5d449.gifhello_html_m695a8987.gifhello_html_58258ea9.gifhello_html_40838eaa.gifhello_html_m690702ba.gifhello_html_m575cd725.gifhello_html_m4459a504.gifhello_html_e51fb83.gifhello_html_mbe9c91c.gifhello_html_5484484c.gifhello_html_1435548c.gifhello_html_598fe5b7.gifОқушылардың адамның шығу тегі,тарихи даму кезеңдері,нәсәлдік ерекшеліктері,адам эволюциясының негізгі кезеңдері,антропогенездің қозғаушы күштері ,адам нәсілдері тақырыптарынан алған білімдерін тексеріп, жүйелеп, тереннен ойлау ,өздігінен жұмыс жасау,өз пікірін дәлелдеу қабілеттерін арттырып, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында 11-сыныпта өткізген дебат сабағын ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: «Адам қалай жаралған?»

Сабақтың ұраны: «Білекті-бірді жығар,

Білімді-мыңды жығар»


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.2-3минут

2. «Қызуғышылықты ояту» кезеңі

Адамзат деген-ұлы сөз,құрметті есім. «Адамнан үлкен ат жоқ,наннан үлкен ас жоқ» дейді халық даналығы.Адамзат-табиғаттың өзі жаратқан керемет көріністердің бірі.Оның үстемдігі,ақыл-ойының жүйріктігі, табиғаттың басқа тірі ағзаларынан әлдеқайда жоғары.Сана-сезім,ақыл-ой миллиондаған жылдар бойы эволюцияның қиын да қиыр неше түрлі кезеңдерінен өтіп, дами түсті.Адам ой ойлап,түсінікті сөз сөйлеп,саналы қоғам мүшесіне айналды.Адам саналы қоғам мүшесі болғандықтан оның тіршілігі ,табиғатқа көзқарасы, адамгершілігі, рухани байлығы, келешегі сол қоғамның құрылысына, материалдық тұрмыс-жағдайына сәйкестенеді. Осыған орай «Адам қалай? неден пайда болды?» деген сұрақтар туады.\тақырып алдын ала беріледі\

Сынып оқушылары 2-топқа бөлінеді:1-топ: «Материалистер»

2-топ: «Идеалистер».

«Материалистер»-адамның приматтардан пайда болғандығын жақтаушылар. Дарвиннің эволюциялық ілімін жақтап,адамның жануарлардан шыққандығын әр-түрлі дәлелдемелер келтіріп ,дәлелдеп береді.

«Идеалистер»-адамның приматтардан пайда болғандығын даттаушылар. Әр түрлі идеяға,аңыз әңгімелерге діни болжамдар жинақтап,адамның арғы тегі маймыл емес деген тұжырымды дәлелдейді.

G:\DCIM\100PHOTO\SAM_8592.JPGG:\DCIM\100PHOTO\SAM_8588.JPG







Сонымен ,адамзат қалай пайда болды?

Бірінші кезекті «Материалистер» тобына береміз.

1-оқушы: Сәлеметсіздер ме,құрметті қауым,қарсылас топ. Біздің топтын аты-Материалистер.Біз Дарвиннің эволюциялық ілімін жақтаймыз.Біздің ойымызша,адам маймылдардан пайда болды деген тұжырымды ұстанамыз.Олай болса ,критерийміз бен аргументімізді айта отырып , дәлелдемелерімізді келтірейік.

2-оқушы:Адамның шыққан тегі жөніндегі мәселе ерте кездерден-ақ жұрттың назарын аударып келеді.Ол туралы көптеген болжам,ой пікірлер айтылды.Солардың ішінде мына ғалымдарды атап айтқымыз келеді.

Карл Линней 1735жылы «Табиғат жүйесі» деген еңбегінде адамды сүтқоректілер класының приматтар отрядына ,төменгі және жоғарғы сатыдағы маймылдармен бір топқа жатқызды.Бұл ғылыми тұрғыдан әрі дұрыс,әрі орынды жүйе болатын.Себебі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, құрылысы күрделенеді ,балаларын сүтпен асырайды.Сонымен қатар түрліше құрылысты тистері:азу тіс,ит тіс,күрек тістер,дене қуысындағы көкет,құлақ қалқаны мен ортаңғы құлақтағы үш дыбыс сүйектері:төс, үзеңгі,балға тек сүтқоректілерге тән белгілер екенін көрсетеді.

Жан Батист Ламарк алғаш рет адамның ағашқа өрмелеп тіршілік ететін маймылдардан емес ,керісінше жерде жүруге бейімделген маймыл тәрізді ататектен шығып,маймылдар мен адам арасында өтпелі аралық форма болуы мүмкін деген батыл болжам айтты.

3-оқушы:Чарлз Дарвин 1871жылы басылып шыққан «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» атты еңбегінде : «Адам-тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғары,әрі соңғы буыны» деп көрсетті.Ол «Адам мен адам тәрізді маймылдардың арғы ата тегі бір»-деген тұжырым жасады.

Фридрих Энгельс 1896жылы «Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің рөлі» атты еңбегінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді.Ол «адамды адам еткен еңбек»деген қорытынды жасады.

4-оқушы:Адамзаттың пайда болу жолдарын мына сызбанұсқа бойынша көруге болады.Қазіргі кездегі жіктеу бойынша сүтқоректілер класының 4500-ден астам түрі 18 отрядқа топтастырылған.Соның бірі маймылдар отряды.Бұл отрядқа 223-ке жуық түрлер жатады.Адамның қолындағы бас бармақтың қалған төрт саусаққа қарама-қарсы орналасуы және саусақтарда жалпақ тырнақтың болуы,бұғана сүйектердің жақсы жетілуі, сәбилердегі сүт тістердің кейін тұрақты тістермен алмасуы адамның приматтар отрядына ,оның ішіндегі адам тәрізді маймылдар отряд тармағына бөлініп шығып,өз алдына адамдар туысын құрайды.Бұл туыстың қазіргі түрі-саналы адам\homo sapiens\

Адамның жануарлар дүниесіндегі орны

Хордалылар типі


Омыртқалылар тип тармағы


Сүтқоректілер класы

Приматтар отряды


Адам тәрізді маймылдар отряд тармағы


Адамдар туысы


Саналы адам\ homo sapiens\

Ендігі кезекті «Идеалистер» тобына береміз.

1-оқушы:Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар,қарсылас топ.Біздің топтың аты- «Идеалистер». Біз сіздердің пікірлеріңізбен келісе алмаймыз. Адам –приматтардан пайда болған жоқ. Адам-тіршілік өмірді жаратушы биік Құдырет, Алла Тағаланың мүлтіксіз сыйы. Демек,біздің критерийміз- адамның арғы тегі топырақтан жаралған. Адам Ата мен Хауа анадан тарағаның біз дәлелдеп береміз.

2-оқушы:Негізінде Дарвинизм нақтылы дәлелделген ғылыми жетістік емес,тек қана теориялық болжам,яғни осылай болуы мүмкін деген ой-пікір.Сіздерді Дарвинизм теориясынан бастау алған «Адам маймылдан пайда болды» деген пікірлеріңіз бір ғасырдан астам уақыт өтсе де,ғылыми түрде дәлелденіп ,нақтылық тұғырына жете алмады.Олай болса,бұл пікір тек қана болжам ғана.Дарвин теориясына жүгінсек: жан-жануар,өсімдік әлемі және жалпы жан иелері бір-бірінен пайда болды.Барлық жан иелерінің түпкі тегі біреу.Жан-жануарлар мен өсімдіктер уақыт өте келе бүгінгі пішіндері мен түрлеріне айналған.

-Дарвинизмшілдер айтыңыздаршы жоғарыда мен келтірген ұстанымда айтылғандай ,жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегі бір болуы мүмкін бе?

3-оқушы:Дарвин теориясының екінші ұстаныма жүгінсек:жануарлар мен өсімдіктер өмір сүріп,тіршілік бетінде қалу үшін өте үлкен күш жұмсап, күрес жүргізіп ,бір-бірімен шайқасуда . Бұл күресте ең күштілері тірі қалып,ұрпақтары көбейіп,уақыт озған сайын бір түрден екінші түрге ауысып,,өзгеруде.Ал,енді жан иелерінің бастауы болған кішкентай жасуша қалай пайда болды?Жансыз материя мен жанды нәрсенің арасында үлкен айырмашылық бар екені бәрімізге белгілі.Ал,енді жансыз бір зат қалай өз-өзінен сырттан басқа бір күштің әсеріңсіз жанды жасуша айналуы мүмкін?

Ал, енді біз сіздерге бір жасуша жүйесінің құпиясын,тіпті тіршіліктің қалай пайда болғанына нақты жауап бере аламыз. Ол - құдырет еш күмәнсіз Алла Тағала.

4-оқушы:Құран-ислам дінінің ең негізгі басты кітабы. Құранда 114 сүре бар.

Алла Тағала күллі әлемді алты күнде жаратты.Онда адам баласы мен жан-жануарлар,құстар мен балықтар ,түрлі жәндіктер өмір сүруі үшін бар қажетті нәрселерді пайда қылды.Сонан соң періштелерді де жаратты. Содан кейін Алла Тағала байтақ жерді мекен тұтуға Адам атаны және оның ұрпақтарын жаратуды ойлады да балшықтан Адам ата-Сапиолланы жасады.Оған Алла Тағала өзінің демінен дем үрледі,яғни жан берді. Сонымен ол тіршілік тынысына ие кәдімгі адам болды.Осы айтылғандардың барлығы Құранда айтылса бұдан артық қандай дәлел керек?

5-оқушы:Құрметті қарсылас топ ,қазір ғылымдардың барлығы Құранның ақиқат екенің мойындаған,содан мен сіздерге мысал келтірейін.

1969жылы 20-шілдеде адам алғаш рет Айға аяқ басты.Алғашқылар болып, «Аполлон-11»ракетасындағы астронавтар тобы- Олдринг, Коллинс,Армстронг айға ұшты. Айды зерттеу барысында олар түсініксіз құбылысқа куә болды.Олар жер бетінен ашық тұрған кітапқа ұқсас затты көрді.Келесі күні әнге ұқсас \Алладан басқа құдай жоқ\деген әуен естіді.Кейі 1983жылы ақпан айында 14жылдан соң Армстронг Египетке конференцияға барып айда естіген әуенің естіп,бұл қандай музыка? Деп сұрайды.Оған Египеттіктер күліп, бұл музыка емес Азан деп жауап береді.Сонда Армстронг «О,жаратушы Алла,мен сені жерден емес Айдан таптым.Айға аяқты сыйынбай бастым,бұдан былай сыйынатын боламын.Енді мені мұсылман деп санауларыңызға болады- дейді.

Екінші мысал,медицина тәжірибесінде адам ұрығының жатырда даму сатылары тек 17-ғасырда анықтала бастады,ал бұл теория 7-ғасырда Құран сүрелерінде жазылғанына кім таңданбас.

Мұғалім:Енді екі қарсылас топ бір-біріңізге сұрақтар қоюларыңызға болады.

Даттаушылар:Қазір маймылдардан адам неге пайда болмайды?

Жақтаушылар:Қазіргі кезде кей жағдайда түкті,құйрықты, көп емшекті балалардың туылуын немен түсіндіресіз?

Сабақтын екінші кезеңі «Білімді жүйелеу» деп аталады.

1-топқа тапсырма: Кестемен жұмыс.

Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері:

1

Анатомиялық


Құлақ қалқанының болуы

Ортаңғы құлақ 3дыбыс сүйек.

Көкеттің болуы

Сүт бездерінің болуы

Тістердің жіктелуі

Рудимент,атавизм.


2

Эмбриологиялық


Ұрықтанған жұмырқадан дамуы

Алғашқы кезеңінде желбезектің болуы

Миының балыққа ұқсауы

Клоакасының болуы

3

Генетикалық


Қан құрамының құқсастығы

Ауру түрлері ұқсас

Гендердің жиынтығы ұқсас

4

Палеонтологиялық


Қазбадан табылған адамның арғы ата тектері:австролопитек,питекантроп,синантроп, неандерталдық,кроманьондықтар.

5

Физиологиялық


Адам тәрізді маймылдар қуанады,ызаланады, ұрпағына қамқорлық жасайды.


2-топқа « Инсерт әдісі»арқылы тапсырма орындау .

\мәтін беріледі сол мәтіндегі ақпарат бойынша жұмыс жасайды.


Қорытындылау: Сонымен балалар, адамның шығу тегі туралы өз пікірлеріңізді ұтымды, өте тамаша дәлелдеп бердіңіздер. Бүгінгі сабақтың мақсаты жеңу емес, қатысу.

Бірақ мен адамның шығу тегі нақты маймылдан немесе топырақтан деп айта алмаймын, себебі біз көтеріп отырған мәселе әлі де болса зерттеулерді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан бұл сұрақтың жауабын уақыт еншісіне берсек.

Ендігі сөзімді ақын Мұқағали Мақатаевтың «Адам қайдан жаралған?» өленімен жалғастырамын.

Адам қайдан жаралған?

Осынау бір сұрақты,

Тапшылаймыз сан алуан,

Жауабы жоқ тұрақты.


Дейді біреу «Адамды жаратты Алла»,

Адам деген ұлы есім ,шыққан дара.

Арғы атасы адамның маймыл болар,

Адам адам еңбекпен ұққандарға.


Уғынамыз ғылымнан,

топшылаймыз діндерден.

Адам қайдан туылған,

тәйірі оны кім көрген.

Судан ба,әлде оттан ба,

Бардан ба,әлде жоқтан ба,

Маймылдан ба, пілден бе?

Әр нәрсеге үңілдік,

ұқсап бақтық әркімге.

Ақыры кеп жүгіндік,

ғұлама шал Дарвинге.


Мен адамнан жаралдым,

Ниетім жоқ айнуға.

Баласымын адамның,

Ұқсағым жоқ маймылға,

Кісі емеспін Адаммын!

-демекші адамзат деген ұлы сөз, құрметті есім. Сондықтан, адам деген атқа лайық болайық .Балалар, қалай ойласыздар адамның бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек? Оқушылар топтастырады


адам







Оқушылар кері байланыс береді, бағаланады.



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-045459

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>