Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері

Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән атауы: Биология

Сабақтың тақырыбы: Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Адам генетикасының ерекшеліктері мен адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері туралы түсінік беру.

  2. Дамытушылық: Адам генетикасы туралы түсінік қалыптастыру. Берілген тапсырманы орындауда еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін нақтылау, ойларын қорытындылауға, ұжымшылдыққа, шапшыңдыққа және уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Ж.Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы, презентация

қорғау, түсіндіру, семантикалық карта, жасырын сөздерді табу, постер қорғау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, бағалау парағы, таратпа материалдар.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Қорытындылау

  6. Студенттер білімін бағалау

  7. Үй тапсырмасын беру


I. Ұйымдастыру бөлімі

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Сабаққа дайындығын тексеру.

Топ студенттері 3 топқа бөлінеді. Топ мүшелері өзара ақылдасу арқылы өз тобына топ басшысын және бақылаушы тағайындайды. Топ басшысы – топтық жұмыстарды ұйымдастырады, бақылаушы – топ мүшелерінің тапсырмалардың орындалуына, белсенділігіне бақылау жүргізеді, бақылау парақшасын толтырады. Сабақ соңында бағалау парақшасына қорытынды жасалып, студенттер бағаланады.

Бағалау парақшасы

Студенттің

аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақты меңгеру

Жеке қасиеттер: сабақтағы белсенділігі, топта жұмыс жасау қабілеті т.б

Қорытынды ұпай

І деңгей тапсырмасы

ІІ деңгей тапсырмасы

ІІІ деңгей тапсырмасы

1








2








3








4








5








Бағалау критериі: Студенттерді сабаққа қатысу деңгейіне байланысты 1-ден-6 ұпай жүйесімен бағаланады.


II. Үй тапсырмасын тексеру

Презентация қорғау

(өткен сабақта берілген шығармашылық деңгей тапсырмасы бойынша топтардың дайындаған презентациясын қорғайды)

1-топ: Мутациялық өзгергіштіктердің пайдасы мен зияны.

2-топ: Мутагендердің қазіргі кездегі әсер ету.

3-топ: Харди-Вайнберг заңының маңызы.

III. Жаңа сабақ

- Елбасының «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі» делінген болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда адам генетикасының зерттеу әдістерін білу арқылы, өз денсаулығына қажетті әдісті пайдалана отырып зерттеулер жүргізу аса маңызды.

Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады.

  Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар:

  • Жыныстық жағынан кеш-пісіп жетілетіндігі;

  • Әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы;

  • Барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі;

  • Хромосома санының көп болатындығы;

  • Адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы

және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы.

  Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар туралы жоғарыда айтылды. Соған қарамастан, оның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар:

  • Генеологиялық әдіс.

  • Цитогенетикалық әдіс.

  • Егіздік әдіс.

  • Онтогенетикалық әдіс.

  • Популяциялық әдіс

  • Биохимиялық әдіс.

  Генеологиялық әдіс. Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын, оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Генеологиялық әдіспен көптеген аурулардың тұқым қуалайтындығы анықталған. Соның бірі — гемофилия. Осы ауру бойынша ағылшын королевасы Виктория әулетінің шежірелік сызбанұсқасы жасалған.

  Сонда Виктория мен оның зайыбы мұндай аурумен ауырмаған. Олардың арғы тегінде де ешкім гемофилиядан зардап шекпеген. Бірақ Викторияның ата-анасының біреуінің жыныс жасушасында мутация пайда болған болу керек. Соған байланысты королева Виктория гемофилияның генін тасымалдаушы болып, өзінің көптеген ұрпақтарына таратқан. Сөйтіп, Викториядан мутантты гені бар Х хромосоманы алған барлық ер жынысты ұрпақ гемофилиямен ауырған.

  Цитогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) цитогенетикалық талдау жасалады. Цитогенетикалық әдісті пайдаланып тұңғыш рет 1956 жылы Дж.Тийо мен А.Леван қалыпты жағдайда адамның дене жасушасында 22 жұп аутосомалар және бір жұп — жыныстық хромосомалар болатындығын анықтады. Бұл әдісті қолдану адамның дене және жыныс жасушаларында пайда болатын хромосомалық өзгерістерді байқауға мүмкіндік туғызады. Мұндай өзгерістер түрлі аурулардың тууына себепкер болады. Сондықтан бұл әдіс медицинада диагностикалық мақсатта қолданылады.

  Егіздік әдіс. Егіз болып туу - адам баласында жиі кездесетін құбылыс. Олардың екі түрі болады: бір жұмыртқалық және екі жұмыртқалық. Бір жұмыртқалық егіздер дегеніміз — бір жұмыртқа жасушасының бір сперматозоидпен ұрықтануынан екі зиготаның дамуы. Мұндай егіздер бір-біріне айнымайтын ұқсас болады. Ал екі жұмыртқа жасушаларының әр түрлі сперматозоидтермен бір мезгілде ұрықтануынан дамыған, мұндай егіздер бір-біріне онша ұқсамауы мүмкін. Осының ішінде бір жұмыртқалы егіздер аса маңызды жалпы биологиялық проблеманы, атап айтқанда, белгі-қасиеттердің дамып қалыптасуы үшін тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаның әсерін зерттеуде ыңғайлы материал болып табылады. Сонымен қатар егіздік әдіс адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларға (шизофрения, эпилепсия, гемофилия т.б) бейімділігін алдын ала анықтауға көмектеседі.

  Онтогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен адамның онтогенезі (жеке дамуы) барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар-жоғы анықталады. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларды соған жауапты рецессивті гендерден тұратын гомозиготалы организмнен ғана емес, аз да болса гетерозиготалылардан да байқауға болады. Сонымен онтогенетикалық әдістің маңызы – онтогенез барысында белгілі бір ауруды тасымалдайтын рецессивті гендерді анықтау арқылы болашақ ұрпақты ауыр зардаптардан алдын ала сақтандыру.

  Популяциялық әдіс. Бұл әдіспен түрлі тұқым қуалайтын өзгерістердің адам популяциясына таралу жиілігі зерттеледі. Адамның әр түрлі популяцияларында тұқым қуалайтын генотиптік өзгерістердің таралуы түрлі мөлшерде болады.

  Биохимиялық әдіс. Бұл әдіс адам генетикасын зерттеуде соңғы кездері кеңінен қолданылып жүр. Жалпы адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын өзгерістер жасушасындағы зат алмасудың бұзылуына тікелей байланысты. Олар сол жасушаның құрамына кіретін нәруыздар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар, липидтер және т.б. екенін белгілі. Бұл әдіс қазіргі археологиялық зерттеулерде де қолданылып жүр.

Қорыта айтқанда, қазіргі адам генетикасын зерттеуде, аталып кеткендей әр түрлі әдістер қолданылуда. Соған байланысты адамның генетикалық тұрғыдан толық зерттелген обеъектілер қатарына қосылатыны сөзсіз.


ІV. Сабақты бекіту

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары

І деңгей - репродуктивтік деңгей. Семантикалық карта (жеке жұмыс)

Зерттеу әдістері








Әдістер сипаттамасы

Генеалогиялық әдіс

Цитогенетикалық әдіс

Егіздік әдіс

Онтогенетикалық әдіс

Популяциялық әдіс

Биохимиялық әдіс

1

Сау және ауру адамның хромосома жиынтығына талдау жасау жүргізіледі.







2

Түрлі тұқым қуалайтын өзгерістердің адам популяциясында таралу жиілігін анықтау жүргізіледі







3

Адамда болатын түрлі аурулардың тұқым қуалауын, оның шыққан тегіне қарай зерттеу жүргізіледі







4

Адамның жеке дамуы барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар-жоғы анықталады.







5

Адамда болатын тұқым қуалайтын өзгерістерді жасуша құрамына зерттеу жүргізу арқылы анықталады







6

Адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігін алдын ала анықтауға көмектеседі.








ІІ деңгей - алгоритмдік деңгей. Жасырын сөздерді тап (топтық жұмыс)

Ц

И

Т

О

Г

Е

Н

Е

Т

И

К

А

Л

Ы

Қ

К

П

Ш

Б

Х

Т

М

Ш

К

Ж

Н

Б

Б

М

П

П

О

А

К

О

Р

Н

Ш

Ө

П

Г

Т

И

К

Ж

Я

Т

П

П

А

Ж

О

О

Н

З

Б

П

К

О

Т

П

О

Н

О

К

Г

Т

М

М

Б

Г

О

М

К

Х

М

А

Н

П

П

М

О

Ж

О

Ш

Г

Е

Н

Е

Т

И

К

А

Б

О

У

Е

П

Ы

С

Ж

К

Р

О

П

Ж

М

Н

Д

П

А

Л

Г

Е

Н

О

Л

О

Г

И

Я

Ш

И

М

А

Ш

Ж

Я

І

Ш

Ы

М

Б

К

І

Н

П

К

Я

А

М

М

Б

Ц

З

П

С

А

Ш

Т

Ш

П

Т

Я

Л

Т

К

Е

А

И

Д

Ж

Я

Н

К

Н

Т

Ү

Р

О

Ы

Н

А

Н

О

Я

І

П

К

А

А

Ж

І

М

К

Б

Қ

Ш

М

Д

Ж

Л

К

Б

Т

К

О

М

К

О

Г

Ш

М

К

Б

Е

Ш

Ы

Т

Ұ

Қ

Ы

М

Қ

У

А

Л

А

У

Ш

Ы

Л

Ы

Қ

Ж

П

О

К

М

А

О

П

Г

А

Ж

Ш

К

Ь

А

О


ІІІ деңгей - эвристикалық деңгей. Постер дайындау.

«Адам денсаулығын жақсартудағы біздің қосар үлесіміз» тақырыбында топтық жұмыс жасау арқылы постер дайындау


V. Қорытындылау – 3 минут

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»

(студенттер бүгінгі сабақта алған мәліметтерімен, бүгінгі сабақ жайындағы пікірлерімен бөлісу арқылы сабақты қорытындылайды)


VІ. Студенттер білімін бағалау – 2 минут

Студенттер білімі топ бақылаушылары бағалау парағына белгілеген ұпай сандары арқылы бағаланады.

  • Бүгінгі сабақта қойылған негізгі мақсат Адам генетикасының ерекшеліктерімен және адам тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері туралы түсінік беру болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда негізгі түсініктер алып, деңгейлік тапысырмалар орындау арқылы бірлесе жеттік деген ойдамын. Адам генетикасы туралы білімдерімізді одан әрі жетілдіре түстік.

VІІ. Үй тапсырмасын беру– 1 минут

  1. § 31 Адам генетикасы (А.Сартаева, М.Гильманов «Жалпы биология» қоғамдық-гуманитарлық бағыт, 160-165 бет)

  2. ІV деңгей - шығармашылық деңгей тапсырмасы «Қазіргі таңдағы адамдарда кең тараған тұқым қуалаутын аурулар» эссе жазу.



Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров403
Номер материала ДВ-498700
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх