Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Ақдауыл хан" әдебиеттік оқу

"Ақдауыл хан" әдебиеттік оқу


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ақдауыл хан
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру. Ақдауыл хан туралы түсінікті қалыптастыру. Ой белсенділігін, жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекіліктер: Хандар суреттері

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Шаттық шеңберіне шақыру:
Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтеру)
Амандасып алайық (бір - бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір - біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей
Бестік баға алайық (бас бармақтарын көтеру)

2. Үй тапсырмасын тексеру. Байшұбар ат туралы бес жолды өлең жазып келу.

3. Жаңа тақырып:
а)- Қазір балалар біз сендермен біріншіден топқа бөлінеміз. Ол үшін мына жерде жатқан қағаздарды ала қойыңдар.(оқушылар келіп бір - бірден қағазды алады)
- Кімде қызыл бас киімдер 1 топ, ал көк бас киім 2 - ші топ болып бөліне қойыңдар.
- Балалар сендер топқа не арқылы бөліндіңдер?
- Ия бас киім арқылы.(тақтаға ілу) Қалай ойлайсыңдар бұл бас киімді кімдер киеді?
- Дұрыс айтасыңдар. Баяғы кезде хандар киген бас киімдер. Ал қазіргі кезде осындай бас киім мен шапанды аса құрметті адамдарға сыйға тартады.

ә) Хан дегеніміз кімдер? Ассоцияция құрыңдар.(қағаздар беру, жазғандарын қорғау)
б) Сонымен біз бүгін сендермен «Ақдауыл хан»деген мәтінмен танысамыз.

в)- Бұл мәтінді жазған Бердалы Рысбеков 1940 жылы мамыр айының 17 - сі күні Келес ауданы, Мақтабек Рахымов атындағы совхоз, Құрылыс елді мекенінде дүниеге келген. 1957 жылы «Ленин жолы»(қазіргі О. Есимов) мектебін бітірген соң, екі - үш жыл совхвозда жұмысшы болып істеп, одан Ташкенттің ауа - райын зерттеу техникумына түседі. Шығармашылықпен 1960 жылдан бастап айналысады. Бүгінгі таңда «Жалын», «Парасат» баспаларынан төрт жеке кітабы «Аппақ қар туралы ертегі», «Құмырсқаның баласы, құмыршақтың басынан кешкендері», «Тасқа айналған қыз», «Сиқырлы жүзік»атты кітаптары жарық көрді. Сондай - ақ Бердалы Рысбеков өлең, ән жазумен де шұғылданып келеді.

г) Мәтінді мұғалім оқып шығады.
ғ) Дәптермен жұмыс. Жаңа сөздерді дәптерге жазу.
Хан көтеру - Хан сайлау
Ат ізін үзу - Бармай, көрмей кету.

Сергіту сәті
д) Әр топқа мәтінді бөліп беру.(әр топ кезекпен алады)
Мәтінді оқып оның сыртындағы сұраққа дайындалып жауап береді.

е) Келесі екі топқа бірдей тапсырма 3 бөлімді беру. Оқушылар үнсіз оқиды. Балалар бұл бөлімді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?(оқушылар жауаптарын айтады)
- Ия, балалар Ақдауылхан туған жеріне барып ауруынан құлан - таза айығыпты. Осыдан соң өзінің туған жеріне жиі - жиі барып тұрыпты.
- Ақдауыл хан өзінің туған жері туралы не дейді?(бөлімнен тауып оқып беру)
- Енді сендер балалар өз туған жерлеріңе деген лебіздеріңді айта қойыңдар.
(Туған жер туралы тақпақ қыздар)

- Балалар сендерге тағы да тапсырма, мына жерде жатқан қағазды әр топтан бір оқушы шығып ала қойыңдар.

Әр топ өз тапсырмасын оқып береді
1 тапсырма: Бес жол өлең жазу

2 тапсырма: Мақал - мәтел жалғастыру(туған жер туралы)
- Балалар биыл қазақ хандығының құрылуына неше жыл болды?
- 550 жыл
- Қазақ хандығы туралы түсіндіре кету. Қазақ мемлекетінің іргесі Жәнібек хан мен Керей хан тұсында қаланған. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.
Қорытынды:
- Енді балалар сендерге мынадай тапсырма.
Егер мен хан болсам.............
Егер сендер хан болсаң не істер едіңдер? Өз ойларыңды жазыңдар.
Бағалау:


Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров252
Номер материала ДБ-001788
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх