Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / А-есеп Деңгейлік курс есебі

А-есеп Деңгейлік курс есебі

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Изей Нұржамал Жақсыбайқызы Мұғалім портфолиосы А-есебі

№ 59 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 3 деңгей

Астана қаласы 2014 жыл


А-есеп. Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда бағдарламаның Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексия


Мұғалімнің ойы

Тренердің ескертпелері

Оқыту кешенді үдеріс. Соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен көзқарастар бейімділіктің кешенді үйлесімі ретінде анықталған.(М.А.Н 15-16 б) Елбасымыздың ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстаған шақта ғана өркениет алға дамымақ,-деген сөзінің өзі мұғалімдерге үлкен міндет жүктеп отырғанының дәлелі десем артық айтқандық болмас. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушыларының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой пікірі бар жан-жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу менің басты міндетім. Осы аталған міндеттерді орындаған кезде білім берумен, білім алудағы өзгерістің болары сөзсіз.

Қазіргі таңда елімізде мұғалімдердің сауаттылығын көтеріп, біліктілігін дамытуда мемлекет тарапынан қолдау тауып, оң нәтижесін беруде.

Бұл, әрине мұғалімдер үшін өте тиімді әрі қуантарлық жайт. Осы орайда оң өзгерістен кемшін болмайын деген ниетпен Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының ІІІ деңгейлі (негізгі) курсына өтініш берген болатынмын, ондағы мақсатым жаңаша ойлай алатын, жаңа форматты, жан-жақты сыни көзғарасы дамыған мұғалім болу. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімді болуын және кәсіби шеберлігін қажет етеді. Әр ұстаз өзінің жұмысын шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, сабақты түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланса нәтижеге жетері сөзсіз. Бұл курстың да ерекшелігі өзгелерге қарағанда жаңалықтарға толы, жаңаша іс-әрекеттер жоспарланған.

ІІІ деңгейлік оқу курсының нәтижесінде мен көптеген мәліметтер алдым.Жеті модуль бойынша қалай оқыту қажеттігін үйрендім. Соның ішінде бірінші модульға тоқталар болсам, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді біз әрдайым жандандырып, жаңартып отыруымыз қажет. Қалай оқыту керек екенін түсінуіміз қажет. Өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау білім берудің негізі екені менің жүрегімде негізсіз сақталады. Себебі,мен күнделікті өмірден білім алып, білім алуды жас ұрпаққа үйретуім қажет....

Бірінші бетпе-беттен кейін мектепке тәжірибеге кеттік. Тәжірибеге барған кездегі мақсатым оқушылардың бойына кішкенеде болса білім алудың қаншалықты маңыздылығын, өміріне қажеттілігін түсінумен қатар, соны өмірде қолдана алуына септігімді тигізу еді.

Мен ағылшын тілінен беретін болғандықтан оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, танымдық қабілетін дамытумен қатар,оқушылардың пәніме деген қызығушылығын арттыру мақсатында «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін алғанды жөн көрдім. Шет тілі болғандықтан көп жағдайда оқушылар өз ойларын жеткізе алмай қиналып жатады. Сол себептен де өз тәжірибемде оқушылардың өзіндік ойлау, сұрақ қойып, шешімін бірлесе отырып айқындатып, сөйлеу қабілеттерін, ойларын жан-жақты жеткізуге қалыптастырғым келді. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін қолдануда «Қалай оқыту керек?», «Қалай оқытқанда нәтижелі болады?» деген сұрақтарға жауап іздей бастадым. Үш деңгейлі курсты меңгеру барысында көп нәрсеге мән беруді үйрендім. Барлық нәрсеге сыни көзқараспен жан-жақты ой елегінен өткізе отырып шешім қабылдау қажет екенін түсіндім. Менің басты ұстанымым «Әрбір бала бір жұлдыз, оны жарқырату менің басты міндетім» десем артық айтқандық болмас, осы орайда сыныбымдағы талантты және дарынды, көшбасшы болуға бейім балалардың қабілетін дамыта отырып оқыту еді, әйтседе сыныпта енжар балалар да жоқ емес, сол себептен сыныбымның қабілет қарымын зерттеу мақсатында өз сыныбымды тәжірибе алаңына алдым.

Осы оқыту негізіндегі басты ойға тоқталар болсам, оқушылардың білім алудағы үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін-өзі реттеуі, оқу нәтижелерін бағалауды игеруі еді. Оқушыларыммен жұмыс жасау барысында олардың пайымдаулары, көзқарастары мен білім деңгейлерін анықтап алу қажет болды. Оқушылардың нені игере алады, нені игере алмайтындығын бақылау мақсатында әртүрлі әдістерді пайдаландым. Оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде де өз қажетіне қолдана білу керек екенін түсінгенде ғана олардың оқуға деген ынтасы артатындығын байқадым.

Алайда оқушы тек қана жаттап алатын болса, онда ол сабақ аяқталған соң ұмытып қалатыны белгілі. Сондықтан олар өздері оқудың қажеттігін түсінуі қажет. Олар өздерінің алдына мақсат қойып, өз ойларын еркін айта білуі қажет. Оқушылар өз ойларын айта алғанда ғана, пікірлесе алады, оқуды түсінеді. Осы мақсатта мен олардың бейімділігіне қарай әрекет жасау керетігін білдім. Өз жұмысымды тиімді жоспарлау мен дұрыс мақсат қоя білгенде ғана, оқушыларды ынталандырамыз және де оқушылардың барлығын белсенді ете алатындығымды түсіндім.

Мен сабақ жоспарын құрған кезімде әріптестеріммен ақылдасып, талқылап барып құрастырдым.Сабақтың жоспарында мақсаты мен нәтижесі оқушыларға түсінікті етіп жазылды.

Алғашқы «Аңдар туралы» (About animals) сабағымды оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері арқылы ынтымақтыстық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «атом және молекула» тренингін ұйымдастырылуымен бастаған болатынмын.Осы жағдайда оқушылардың өзін-өзі реттелмеуі байқалды. Келесі сабақтарда реттелуі жақсы болатынына сенемін.Өйткені оқушыларға төтеннен келіп тренинг ұйымдастырып, топтарға бөліп абыр –сабыр болып жатқаны өте қызық болды.

Оқушыны оқуда белсенді ету үшін оның нені білетінімен, нені білмейтіндігіне көңіл бөлдім. Сыныпта оқушылар өздерін еркін ұстауы өте жақсы болды. Оқушыларды аңдардың суретімен топтастыра отырып, топқа бөлінгеннен кейін оқушыларда келіспеушіліктер кездесті, мен оларға мадақтау сөздерімді айта отыра күндегі сабақта әр топқа  ауысып отыратынына ескерту айтып бір жүйеге келтірдім. Оқушылар аңдар туралы ассоцация жасағанда оқытудың сыни ойлау модулі көрініс тапты. Мағынаны тани отыра мәтінмен жұмыс тапсырмалары берілді. Мәтінді түсініп оқып аудармасын жасап, таныс емес сөздерді түртіп алу еді. Сабақ барысында топтағы оқушылардың  іс-әрекетін көруге болады, топ ішіндегі кейбір  оқушылардың  берілген тапсырмаға  белсене қатысып отыруын, өз беттерімен жаңа материалды меңгерулерін,  жұпта және топ ішінде талқылауын бақыладым. Топтағы әрбір оқушы мәтінді жеке түсініп оқып, дәптерге таныс емес сөздерді түртіп алды. Содан кейін пікірлерін жұппен, топпен бөлісіп отырды. Ойларын топтың ішінде ортаға салды.Осы тұрғыда жұппен жұмыс жасау оң нәтижесін берді. Оқуды оқушылар жүзеге асырды. Үдеріске өздері қатысты.Тренинг өткізген кезде оқушылар белсенділік танытып, соның ішінде көшбасшылық көрініс тапты. Кейінгі сабақтарымда оқытуда бірінші баланың өзін-өзі реттелуіне жағдай жасадым. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқуға деген қызығушылығын арттырдым. Оқушылар сабақтың қортынды бөлімінде шығармашылықпен жұмыс жасап таңдап алған аңдар бейнесіне сипаттама берді. Соның ішінде «аң кейпіне еніп берші» деген сауалдарға оқушылар асқан шеберлікпен кейпін, даусын салып суреттегендері мені таң қалдырды. Оқушылар бірін-бірі бағалауда бір бірлерімен келіспеймін, келісемін деп пікір талас тудармады,себебі бір-бірлерін ынталандыру сөздері арқылы (сен суперсің, керемет, бриллиантсың) бағалап отырды, және менің бағалауымда осы іс-әрекеттер арқылы көрініс тауып жатты.Кері байланыс алынып,ішкі уәждарынан ескере отырып, ертеңгі сабақта нені?қалай? қайтіп? оқытып үйрету керектігін түсіндім.

Тиімділігі: ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылықтары оянады, жаңа сөздерді қайталауда және тілді жаттықтыруда тыңдау дағдылары қалыптасады.Топпен жұмыс жасауға үйрене отырып, бір- бірінің пікірімен санасады, диалогты қарым-қатынас орнайды.

Кедергілер: бірінші сабақ болғандықтан, оқушылар қалай реттелуі керек екендігі, досының пікірімен өзара келіспеушілік орын алды.

Кедергілерден шығу жолдары: келесі сабақта оқушылардың кері байланыстарын ескере отырып, топ ережесін құру, талапқа сай жасалынған ереженің мәнін түсіне отырып жұмыс жасау

Менің түйгенім: оқушылардың пікірлерінің құндылығы, топта жұмыс жасағанда бір-бірімен тығыз қарым қатынаста диалог орнайтындығы.Бұл ойым кейінгі іс-тәжірибемде үнемі қолданыс табатынына сенімдімін.

Екінші сабақтың тақырыбы: «Шөл дала мен ормандағы өмір» (Life in the desert and forest) бұл сабағымда сыни ойлануға берілген сұрақтарды қоя отырып сабақтың тақырыбын ашуды мақсат еттім. Сыни ойлану ақыл-ойдың жемісі екендігіне шүбәм жоқ екенін біле тұра оқушыларға бірнеше сұрақ қоюды ұйғардым. Is there any desert in Kazakhstan? Қазақстанда шөл дала бар ма? Is there any forest in Kazakhstan? Қазақстанда орман бар ма? What kind of animals live there? Онда қандай аңдар өмір сүреді? деген сауалдар болатын. Оқушылар белсенді түрде жауап бере отырып сабақтың барысына кірісті. Оқушыларға үйге жаңа сабақтан мәліметтер жинап келу болғандықтан болар, сабақтың қалай? өрістейтінінен хабардар болып қана қоймай,толықтай сабаққа дайындықпен келгені мені қуантты себебі, оқушылар өздерімен планшет,ноутбуктерін ала келген десе де болады. Осы орайда, қосымша ақпаратты ғаламтор желісінен іздеу шеберліктерін аңғардым.Топқа бөліну кезінде де оқушылардың өзін-өзі реттелуі байқалады. Зерттеуге алған С тобындағы оқушымнан белсенділікті көре отыра, мәтінді мазмұндауға бердім. Нысанаға алған С-тобындағы оқушыма қолдау көрсете отырып,мәтіннің қазақшасын түсінуге ықпал еттім.Мәтінді оқушылар жеке отырып оқып, түсініп кейін топта талқылауға көшті. Осы жағдайда олар сынып алдына шығып бірінің сөзін –бірі жалғастыра отырып, тапсырманы орындағанда сынып ішіндегі келесі топтарда тыңдау арқылы зейінін аударуы,сұрақтар қоя отырып жауап іздеуге талпынуын байқадым. Бұл дегеніміз Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» пен Райан мен Деки (2009ж) «ішкі уәж»(М.А.Н 34 б) қасиеттерінің ашылғандығын айқындайды. Бұл іс әрекетте нені үйреттім? Оқушылардың бойында сенімділік қалыптасты,өздігінен жұмыс жасауға бағытталды, оқушылар өздерінен нені талап етіп отырғанымды түсінді.Білім алуға деген машықтарын жоғарылата отырып,септігімді тигізумен қатар, оқушылардың бойына оқуға деген көзқарасын қалыптастырдым, ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолдау көрсеттім. Менің басты тәжірибе алаңындағы мақсатым оқушылардың білім-білік дағдыларының дамуына, танымдық қабілеттерінің қалыптасуына, тілге деген сүйіспеншілігін орнатуға, шығармашылықпен жұмыс жасай отыра бір-бірінің пікірін тыңдауға,қойған талаптарды түсінуге,жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс жасау қағидаттарын зерттеуге, орындаушылық міндеттерін түсінуге, нақты стратегияларды таңдауға үйрету.(М.А.Н 32 бет)

Тиімділігі: нені үйрену қажеттілігін түсінеді, оқуға машықтанады, оқуға қызығушылығы оянумен қатар әр мақсатта топпен бірге жұмыс жасайды.

Кедергілер: екінші сабақта алғашқы болған өзін –өзі реттелмеуі болмағанмен, сыныптағы интер белсенді тақтаның қаламы жұмыс істемеуінен АКТ-ны қолдана отырып оқыту менің тәжірибемде қиындық туғызды. Әйтседе оқушыларда бұл тапсырмадан шығу жолдары тиімдірек болды. Олай дейтін себебім олар қандай да тапсырманы орындау қажет болса қолдарындағы ноут буктен, планшеттен, ғаламтор желісіне қосыла отырып сол мақсатқа жетті.

Кедергілерден шығу жолдары: интербелсенді тақтадан жұмыс жасай алмасақ та ноутбук, планшет I-phone, I-pad, сияқты АКТ құралдарын пайдалануға болатынын түсіндім.

Менің түйгенім: оқушылардың оқуға деген белсенділігінің жоғары болуы, қандай да бір ситуациядан шығу арқылы қалай оқу керектігін түсінуі, бір –біріне қарым қатынас кезінде сыйластық орнатуы, топта жұмыс жасағанда бір-бірімен тығыз қарым қатынаста диалог орнайтындығы.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің негізі әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Выготский, 1978ж,Удь 1998ж) білім алушылардың өзара байланысқа түсуі арқылы, өзінің түсінуін, білім алудағы мақсатын, өзіндік зерттеулерін айқындауы.(М.А.Н 12 б) Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын негізгі идеялар оқыту мен оқудың жаңа тәсілдеріне сайып келсе де, басты жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін» қарастырған. Осы мақсатты негізге ала отырып, үшінші сабағымды «Мұхитты мекендеген аңдар» (Animals in the ocean) тақырыбында жоспарлаған болатынмын.Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Яғни диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек қолданылады. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде қолданамыз. Әсіресе ағылшын пәні бойынша тіл дамыту кезінде немесе басқа тілді үйрену барысында көп көмегі тиеді. Ы. Алтынсарин: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды » деген. Сабақты бастамас бұрын «макаренно» музыкасымен би билеп дене қимылын жасату арқылы көңіл-күй сыйлай отыра оқушыларды шаттық шеңберіне шақырдым, топқа өзара санақ арқылы (1,2,3,4) топтаса келе, 3 топқа бөлінді.Оқушылардың енді қандай тапсырма болар екен деген ниетте бірлесе жұмыс жасайтындарына дайын болып отырғандарына іштей қуандым. Менің бойымдағы сенімділік күшейе түсе келе оқушылардың өздеріне деген сенімділіктерін айқындау мақсатында тапсырманы өз таңдауларына салдым. Әр сабақта белсене қатысып отырған оқушылар бір-бірлеріне кеңес берді, идеялармен алмасты, өз алдарына мақсат қоя отырып, өз пайымдауларын айтты, Әр топта мұхит әлеміндегі жануарлардан тың ақпарат көздерін іздестіру қажет екенін түсінді. Яғни оқушыларда дағды мен білім қалыптасты. Оқушылардың оқу үдерісінде қызығушылықпен белсене қатысқан кезде ғана жаңа материалды терең меңгеруіне жол ашылатындығын білдім. Жаңа тақырыптарды меңгеру барысында оқушылардың ойын дамыту үшін, деңгейлік тапсырмалар бердім. Осы деңгейлік тапсырмалар берген кезде, оқушылардығы ойлау деңгейі байқалып жатты, кей оқушылар ағылшынша сөйлеуге қиналды. Ал Анел деген оқушым өзінің тапсырманы орындап болғанын айтып, тағы да тапсырма беруін өтінді. Сол сәтте осы оқушының оқу деңгейі басқа оқушыларға қарағанда жоғары екенін байқадым. Осыдан кейін өзімнің қателігімді түсіне отырып мен күрделі тапсырмаларды дайындап қоюым қажет еді. Келесі сабақтарда баланың деңгейіне қарай тапсырманы күрделендіруге болатынын түсіндім. Келешекте қателігімді дұрыстай отыра деңгейі жоғары тапсырмаларды алдын ала дайындап қоямын дегенді өзіме ұстаным етіп қойдым.Сыныпта топпен оқытудың да өз нәтижесі бар екеніне көзім жетті.Топ ережесіне сүйене отырып, әр оқушы өз алдына мақсат қойып,жеке, жұппен, топпен бірлесе отырып оқу керектігін түсінді. Осы орайда, оқушыға сұрақ қоюдың үлгісі «бастама –жауап- кейінгі» нысаны бойынша(Мерсер,1995ж М.А.Н 41 б) әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында олардың орындауына уақыт бөліп, тыңдап, түсіністікпен қарап, бірін-бірі оқытуына мүмкіндік берген жөн. Сонда ғана оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белсенділігі артады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушының өздігінен меңгеріп, өзі үшін оқу керектігін түсінуі болып табылады. Оқушылар өз қолдарымен жасап көрсе, талқыласа, бір-біріне білім берсе көп жетістікткерге жетеді. Сабақ соңында оқушыларға рефлекцияны ынталандыру, өз ойларын қорытып айту, алған білімдерін қорытындылау үшін бердім. Жинаған ақпараттары бойынша мұхит аңдары ментуза, акула, сегізаяқ секілді жануарларды алып әр топ өз ойларын ортаға салды. Оқушыларда бір –бірімен бәсеке туындады, қажеттілігіне қарай топтар бір –біріне қолдау көрсетіп отырды. Бұның да өз кезегінде оқытуда көп көмегі тиді.

Сабағымның соңында оқыту мен қалай оқу керектігі жөнінде Барнс(1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететіндігін дәлелдеген.Яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу оқытудың диалог негізінде жүзеге асады. Сыныптағы бірлескен сұхбат оқуда үлкен пайда келтіретіндігі туралы дәлелдемелер бар (Мерсер мен Ходжкинсон 2008ж)Олар: тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік алады; өз идеяларының дәлелдеуіне көмектеседі;түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі; (М.А.Н 39 б)Осы талқылау барысында оқушылар нені, қашан,қалай сипаттау қажеттігін түсінеді. Осы аталған дәлелдемелер оң нәтижесін бергенде ғана сыныптағы оқудың маңыздылығы артатындығы белгілі. Мен тәжәрибе кезінде тізбектелген сабақтарымдағы бір модульдің соның ішінде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің көрініс тапқанын білдім. Маған қалай оқыту керек? Қалай оңай үйретуге болады деген сауалдардың жауабын мектептегі тәжірибе алаңында оң нәтижесін бергендей. Әйтседе уақыт тапшылығына байланысты оқушылардың ашылмаған қырларын зерттеу маған берілген алдағы уақытымның еншісінде. Өмір бойғы үздіксіз білім алудың басты қағидасы да осы жеті модульмен оқыту бағдарламасына сыйып жатқандай.

Қазіргі заманғы қарқындап дамып келе жатқан үздіксіз білім алу қажеттілігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Қорыта келгенде, оқуға үйрету оқушылардың қалай ойлайтынын әрі қарай қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Олар өздері оқудың әртүрлі әдістерін түсіну арқылы, яғни өздеріне сұрақ қоя отырып, білім алуға үйренеді. Мен іс-тәжірибе барысында осыған көз жеткіздім.











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1093
Номер материала ДВ-366499
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

4 месяца назад
өте жақсы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх