Инфоурок География СтатьиАфрика материгінің географиялық орны.

Африка материгінің географиялық орны.

Скачать материал

Африка материгінің  географиялық орны.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Африка материгімен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу және экономикалық байланыстарын анықтау.

2.Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. 

3. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін, Отанын, жерін сүюге оны құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:   

Географиялық орны. Африка оңтүстік жарты шар материктері қатарына енгенімен, оның көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда жатыр. Екі тропик шеңберінің аралығында орналасқандықтан материкке күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка Жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік тропик шеңбері кесіп өтетін материктің ең енді бөлігіне Сахара шөлі сәйкес келеді.

Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстігін Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12 км-лік Гибралтар бұғазы жалғастырып жатыр. Ал материктің шығысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады.

Африка жағалаулары онша тілімденбеген, көбінесе таулы, тік беткейлі, ал материктік қайраң өте жіңішке болып келеді. Материк жэағалауында қолайлы қойнаулар аз, ірі шығанақтары-Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі түбек Сомали («Шығыс Мүйіс») орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшел, Маскарен аралдарының тобы жатады. Африканың батысында Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары мен Гвинея шығанағының аралдары орналасқан.

Атлант мұхитының сулары Африканың батыс жағалауын шайып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы арқылы Гвинея жылы ағысы өтеді, оған солтүстіктен Канар суық ағысы жалғасады. Гвинея ағысы оңтүстіктен суық сулар әкелетін Бенгел суық ағысымен араласып, тропик маңында күшін жояды. Жылы және суық ағыстар түйісетін Жасыл Мүйіс аралдары мен Ангола жағалауында мұхит суы тіршілікке өте бай келеді.

Жерорта теңізі жағалауы Сахарамен бірге жаз кезінде жоғары қысымды белдеу құрайтындықтан ыстық әрі құрғақ болады. Теңіздің материкке тигізетін қолайлы әсері тек қыста айқын байқалады. Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз аралығында Африка мен Еуразияны жалғастырып жатқан жіңішке Суэц мойнағы орналасқан.

Үнді мұхиты алабына енетін Қызыл теңіз тектоникалық терең жарылыста орналасқан. Ол Дүниежүзілік мұхиттың ең жылы және тұзды бөлігі, бұған теңіздің екі материктегі тропиктік шөлдер аралығында орналасуы және теңіз түбінде тұзды көлдерінің болуы әсер етеді.

Үнді мұхитының Сомали түбегі жағалауына Мадагаскар аралының солтүстігінен басталатын Сомали суық ағысы әсер етеді. Бұл жағалау экватор маңындағы орнына қарамастан Африкадағы ең құрғақ аудандар қатарына жатады.

Зерттелу тарихы. Африка туралы мәліметтер Еуразия халықтарына ерте кезден –ақ белгілі болған. Әсіресе оның Жерорта теңізі жағалауында орналасқан ірі мемлекеттері туралы тарихи-географиялық деректер ежелгі грек және рим оқымыстыларының жазба еңбектері мен карталарында көп кездеседі.

ХІV ғасырда мароккалық араб Әбу ибн Баттута Сомали түбегі аймағын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. 1497-99 жылдары Васко да Гама басқарған Португал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға қарай бағыт алған.

Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып-білуде ағылшын Давид Ливингстонның еңбегі өте зор.

ХІХ ғасырдың аяғында орыс ғалымы В.В.Юнкер Ніл өзені бойымен Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасап, материктің осы бөлігі туралы құнды мәліметтер жинады.

Жаңа сабақты бекіту:

1.     Африканың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар?

2.     Карта бойынша масштабты пайдалана отырып, Африканың 20ºш.б. бойымен ұзындығын және материктің Сахара шөліндегі ең енді бөлігін есептеңдер.

3.     Физикалық картаны пайдалана отырып, Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің ең терең жерлерін және су асты жоталарын анықтаңдар.

4.     Африка табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан қандай саяхатшыларды білесіңдер?

Қорытынды: Қазіргі кезде Африканың ұлттық парктері мен қорықтарында көптеген елдердің ғалымдарының қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ғаламшардағы табиғаты ерекше аймақтар ретінде ЮНЕСКО-ның шешімімен «Биосфера Алтын Қорына» енгізілген Сахара шөлі мен Мадагаскар аралы халақаралық ұйымдардың қатысуымен жоспарлы түдде зерттелуде.

Үйге тапсырма: §44-оқу. Кескін картаға Африка материгін түсіріп келу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Африка материгінің географиялық орны."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.08.2016 2098
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожабаев Сакен Кожахметович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожабаев Сакен Кожахметович
    Кожабаев Сакен Кожахметович
    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22498
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 442 человека

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 208 человек

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек