1990310
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок География Рабочие программыАфрика материгінің халқы және елдері

Африка материгінің халқы және елдері

библиотека
материалов

География пәнінен сабақ жоспары №22 Тексерілді: ____________ _______

Сынып: 7 Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Күні

Күні:

Тақырыбы: Африканың халқы және елдері

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылар Африка материгінің халқы мен елдері жайлы түсінік алады.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Оқу нәтижелері:

Оқушылардың Африканың халқы мен елдері жөнінде түсініктері кеңейеді.

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Ресурстар:

Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, кескін карта, жұмыс дәптері 7-с, 7-сынып оқулығы, әдістемелік нұсқау 7-с, электрондық оқулық, интерактивті тақта, түрлі фигуралар («Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер), салынған парақшалар, плакат, маркер, смайликтер, стикерлер, бағалау парағы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар: жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтар, карта, атласпен жұмыс, «Кім көп біледі?», «крестиктер-нөлдіктер» ойыны, сәйкестік кестесі, суретті тап, интерактивті әдіс, топтық жұмыс, «он сұрақ» стратегиясы.

Сабақтың түрі: СТО арқылы дамыта оқыту

Сабақ барысы немесе жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Ұйымдастырушылық кезең: 1.Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу.

3.Балалардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Топқа бөлу. Топқа бөлу. Түрлі фигуралар «Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер) арқылы 2 топқа бөлу, топбасшылар тағайындалады (топбасшылар бағалайтынын ескерту).

ІІІ. Сергіту сәтін өткізу: «Бобер биі» клипі бойынша

ІҮ.Өткенді қайталау: «Кім көп біледі?» стратегиясы.

Өткен тақырыптар бойынша Африка материгі туралы кім көп білетіндіктерін төмендегі ұяшықтарға жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы анықтаймыз.

Географиялық орны. Жер бедері, пайдалы қазбалары

20

30

40

Климаты. Табиғат зоналары

20

30

40

Ішкі сулары.

20

30

40

Географиялық орны. Жер бедері, пайдалы қазбалары.

20 - Ең биік нүктесі? (Килиманджаро жанартауы)

30 – Жерорта теңізі жағалауы мен Гвинея шығанағы қандай пайдалы қазбаға бай? (мұнайға)

40 - Африканың шеткі нүктелері мен жағалауындағы теңіздерді көрсет!

Климаты. Табиғат зоналары

20 – Африканың ең ыстық жері? (Сахарадағы Әл-Азизия қаласы маңы +580С)

30 – Африканы 40%-ға жуығын алып жатқан табиғат зонасы? (Савнналар мен сирек ормандар)

40 - Сәйкестендір

 

Ұғымдар


Анықтамасы

1

Шұраттар

А

Бір өркешті жабайы түйе

2

Хамада

Ә

Шаң мен құмды боратып соғатын аңызық жел

3

Дромедар

Б

Шөлдегі ең құнарлы аудандар, мұнда құрма пальмалары өседі

4

Самум

В

Сахарада таралған тасты шөлдер

1-Б, 2-В, 3-А, 4-Ә.

Ішкі сулары.

20 - Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен? (Ніл)

30 – Уэд деген не? (кеуіп қалған өзен арналары)

40 – Суретке қарап анықта? Мына суретте Африканың қандай көлі бейнеленген? (Танганьика)

hello_html_mad18e56.png

Ү. Мағынаны тану: Африканың халқы және елдері.

Африканың халқы туралы не білеміз?(Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау). Олай болса біз Африканың халқы мен елдері туралы білімімізді тереңдетіп шыңдайтын боламыз. Ол үшін топпен жұмыс атқарамыз.

1-топ. Африка халқы

2-топ. Африка елдері тақырыптары бойынша оқулық мәтінін және карта, атласты пайдаланып жұмыс жасайды, ойларын плакатқа түсіреді, соңынан топтан баяндамашы шығып түсіндіреді, бір-біріне сұрақтар қояды.


ҮІ. Ой толғаныс:

1) «крестиктер-нөлдіктер» ойыны

1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа нөлдік қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Сұрақтар:

1 - Африкада қай нәсілдің өкілдері көп тараған? (экваторлық немесе негрлер)

2 – Пигмейлер деген кімдер? (Экваторлық ормандарды мекендеген материктегі аласа адамдар)

3 – Африканың ең ежелгі мемлекеттер? (Египет, Эфиопия)

4 – ХХ ғ басында Африкада қандай тәуелсіз мемлекеттер болды? (Либерия мен Эфиопия)

5 – Малагасийлер қай жерді мекендеді? (Мадагаскар аралын)

6 – Африкада қаншаға жуық тіл бар? (700-ге жуық)

7 – Марокко, Свазиленд, Лесото елдерінің мемлекеттік құрылымы? (Монархиялық басқару)

8 – Материктегі шаруашылығының даму дәрежесі ең жоғары мемлекет? (Оңтүстік Африка Республикасы)

9 – Материктің ең бойшаң адамдары? (Тутси мен химилер)

2) «Он сұрақ» стратегиясы (Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі)

1) бушмендер 2) Пирамидалар 3) 700 млн 4) Нилоттар

ҮІІ. Бағалау: топбасшылар бағалайды (Әр топтың басшысы топ мүшелерін бағалайды және неліктен олай бағалағанына түсінік береді).

ҮІІІ. Кері байланыс. Бүгінгі сабаққа байланысты көңіл күйлерін стикерге жаза отырып тақтадағы смайликтерге ілу арқылы білдіреді.

ІХ. Үй тапсырмасын беру: негізгі ұғымдар мен терминдер

Курс профессиональной переподготовки
Учитель географии
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Тақырыбы:   Африканың  халқы және елдері                    

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылар Африка материгінің халқы мен елдері  жайлы түсінік алады.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Оқу нәтижелері:

Оқушылардың   Африканың халқы мен елдері  жөнінде түсініктері кеңейеді.

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге  ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге  топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

 

 

Общая информация
ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку
26-28 октября 2019 I МЕЖДУНАРОДНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ «ИНФОФОРУМ» «Современные тенденции в воспитании и социализации детей» Подать заявку Очное участие Дистанционное участие Курс повышения квалификации (36 часов) + Сертификат участника “Инфофорума”
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
17 курсов по пожарно-техническому минимуму
Обучение от 2 дней
дистанционно
Удостоверение
Программы актуальны на 2019 г., согласованы с МЧС РФ
2 500 руб. до 1 500 руб.
Подробнее