Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Африканың географиялық орны, зерттелу тарихы, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздері (7-сынып)

Африканың географиялық орны, зерттелу тарихы, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздері (7-сынып)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Африканың географиялық орны, зерттелу

тарихы, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздері

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Африканың географиялық орнының ерекшеліктерін түсіну, ашылу тарихымен танысу, материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді картадан таба білу.

Дамытушылық:

Оқыту барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Ұжымдық қарым-қатынас, ынтамақтастық, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ

Сабақ әдісі:

Түсіндіру, дамыта оқыту, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі:

Оқулық, дүниежүзінің физикалық картасы, Африканың физикалық картасы, атлас, кескін карта, слайдтар.

Пәнаралық байланыс:

тарих, биология

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. «Миға шабуыл».

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

ІV. Жаңа сабақты меңгерту.

V. Оқушылар білімін бекіту.

VІ. Үйге тапсырма беру.

VIІ. Бағалау.

VIIІ. Қорытындылау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау.


ІІ. «Миға шабуыл»

«Кім көп біледі?» ойыны. Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка аясында сұрақтар беріледі, қай оқушы алдындағы жетонды бұрын көтеріп, дұрыс жауап берсе, сол оқушыға бір жұлдызша беріледі.


  1. Ең ылғалды жасыл материк. (О. Америка)

  2. Еуразияның аралдарымен қоса есептегендегі ауданы. (54 млн.км.кв.)

  3. Солтүстік Америка даласы. (Прерий)

  4. Картоп, жүгері отаны Оңтүстік Америка екенін дәлелдеген кім? (Н.Вавилов)

  5. Бразилия саваннасы. (Кампос)

  6. Әлемдегі ең биік сарқырама. (Анхель)

  7. Солтүстік Американың байырғы халқы. (Үндістер мен эскимостар)

  8. Жер шарында шауын-шашын мол түсетін аймақ. (Черапунджи)

  9. Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі. (Аконкагуа)

  10. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау. (Ключи шоқысы)

  11. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал. (Гренландия)

  12. Солтүстік Америка материгінің ең төмен нүктесі.(Өлі теңізі-86 м)

  13. Орталық Азия табиғатын зерттеген саяхатшылар. (Н.Пржевальский, П.Семенов, Ш.Уәлиханов)

  14. Мариан шұңғымасының тереңдігі. (11022 метр)

  15. Жер шарындағы суы мол өзен. (Амазонка)

Қорытынды жасап, кім қанша және қандай жұлдызша алғанын анықтау.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Балалар, сендер Африка туралы не білесіңдер? Теледидардан, кітаптан Африка материгі туралы естігендерің, көргендерің, оқығандарың бар шығар. Сол білгендеріңді мына кестедегі білемін бағанасына толтырыңдар.

hello_html_m1ce97a7a.png

( Кестедегі бағанасын толтырады, 1-2 оқушының жауабын тыңдау)

ІV. Жаңа сабақты меңгерту.

  1. Ой шақыру стратегиясы.

Ежелгі біртұтас материк Пангея туралы не білесіңдер?

Оның Африка материгіне қатысын түсіндіру.

Материктің географиялық орнының қандай ерекшелігі бар?


hello_html_m153020ec.png

Балалар, бүгін біз Африка материгі туралы білімімізді одан әрі толықтырамыз: «Африка» тарауын бастай отырмыз. Бұл тарауда материктің географиялық орнын, зерттелу тарихын, жер бедері мен пайдалы қазбаларын, климатын, ішкі суларын, табиғат зоналарын, халқы мен елдерін оқып білеміз. Бүгінгі сабақты тақырыбы – Африканың географиялық орны мен зерттелуі. Ең алдымен материктің географиялық орнын анықтауымыз керек. Ол жұмысты мына жоспарға сүйене отырып және карталарды пайдаланып жүргіземіз.

Африка – Жердің, Еуразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материк. «Афри » атауы Солтүстік Америкада, Карфагенде өмір сүрген тайпа атауы деген болжам бар.

Материктің ауданы аралдармен қоса алғанда 30,3 млн.км.кв., ал аралдарсыз – 29,8 млн.км.кв. Материктің көлемді бөлігі солтүстік жарты шарда жатыр, бірақ геологиялық дамуы мен табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шар материктеріне ұқсас болғандықтан оңтүстік жарты шардың материгі болып саналады. Материкті бастапқы меридиан батыстан қиып өтеді де, аз бөлігі батыс жарты шарда, көп бөлігі шығыс жарты шарда орналасқан. Солтүстік және оңтүстік тропик шеңберлері қиып өтеді, материктің көп бөлігі екі тропиктік аралығында жатқандықтан, материк аумағына күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка жер шарындағы ең ыстық материк.

2. Картамен жұмыс. (дәптерге жазып отыру)

  1. Материктің экваторға, бастапқы меридианға, тропиктік және поляр шеңберлеріне қатысты орнын анықтау.

  2. Материктің шеткі нүктелерін анықтау.

3. Материк жағалауындағы мұхиттар, шығанақтар, бұғаздар мен аралдарды

анықтау.

4. Материк жағалауындағы ағыстарды анықтау.

5. Материкке жақын (көршілес) материктерді анықтау.

3. Оқулықпен жұмыс. Материкті ашқан саяхатшылар.

Балалар, біз енді осы материкті ең алғаш зерттеген саяхатшыларымен танысамыз

  1. Тарих сабағында Африка материгінің қандай ежелгі мемлекеттерімен таныстыңдар?

  2. Африка мен оның жағалауында болып қайтқан қандай зерттеушілерді білесіңдер?

Еуропа дүние бөлігіне Африка материгі жақын жатқандықтан, еуропалықтар солтүстік жағалауына келіп, сауда-саттық жасап тұрған. ХV ғасырдың аяғына қарай бұл материкте еуропалықтар аяусыз тонау саясатын жүргізді. Олар материктегі халықты езіп-жаншып құлға айналдырды. Оларды еркінен тыс ұстап алып, алыс жатқан өз жерлеріне апарып жұмысқа салды. Бірақ осы материктегі халықты сыйлап, олардың мәдениетін, табиғатын құрметтейтін де саяхатшылар болды.

Тапсырма. Оқулық мәтінін пайдалана отырып, «Зерттелу тарихы» атты кестені толтыру. hello_html_m564cef25.png

V. «Ой-толғаныс». Сабақтың бекіту кезеңі оқушылар сәйкестендіру тестін шешеді, географиялық диктант жазады.


Сәйкестендіру тесті (Тақтада оқушы орындайды)

Шеткі нүктелері бойынша:

1. Солтүстігінде А) Альмади

2. Оңтүстігінде Ә) Эль-Абияд

3. Батысында Б) Рас-Хафун

4. Шығысында В) Ине.


Зерттелу тарихы бойынша: (Тақтада оқушы орындайды)

1. Әбу ибн Баттута А) көлдерін.

2. Васко да Гама Ә) Замбези өзені, Виктория сарқырамасы.

3. Давид Ливингстон Б) мәдени өсімдіктерін.

4. Генри Стенли В) Сомали, Тимбукту, Мали жерлерін.

5. Н.И.Вавилов Г) бүкіл құрлықты, Сомали түбегін.


hello_html_m3be8a2f8.png


VІ. Үйге тапсырма:

1. §43. Мәтінді оқу.

  1. Кестедегі «Білгім келеді» бөліміне материк туралы туындаған сұрақтарды жазып келу.

  2. Африка туралы қызықты деректер жинақтау.

  3. Кескін картаға аралдар, бұғаздар, шығанақтар мен теңіздерді, мұхиттарды

түсіру.


VІІ. Бағалау.


VІІІ. Қорытындылау.

Балалар, бүгін біз Африка материгі туралы көп мағлұмат алдық. Енді сабағымыздың басында толтырған кестенің «Білдім» бөлімін толтырайық.








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров217
Номер материала ДВ-368615
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх